А.опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы



І . Кіріспе
ІІ. А.Опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет
Тіршіліктің пайда болуы – бұл ерте заманнан адамзаты қызықтыратын мәселе. Ол ғылыми және философиялық жағынан қарстырылады. Қазіргі уақытқа дейін бірнеше жауаптары бар. Оларды барлығын екі топқа біріктіреді:
1) Биогенез – тіріден тірі дамиды
2) Абиогенез – өлі заттан тірі дамиды
Абиогенез - эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік – табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.
1. Горелов. А.А. «Қазіргі жаратылыстану концепциялары», «Центр», Мәскеу, 1997ж
2. Проф.В.Н.Лавриненко, проф.П.Ратникова «Қазіргі жаратылыстану концепциялары»,Оқулық,1997ж
3. Мукашев З.А. «Қазіргі жаратылыстану концепциялары», «Әділет», Алматы, 1998ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І . Кіріспе
ІІ. А.Опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Тіршіліктің пайда болуы - бұл ерте заманнан адамзаты қызықтыратын мәселе. Ол ғылыми және философиялық жағынан қарстырылады. Қазіргі уақытқа дейін бірнеше жауаптары бар. Оларды барлығын екі топқа біріктіреді:
1) Биогенез - тіріден тірі дамиды
2) Абиогенез - өлі заттан тірі дамиды
Абиогенез - эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны -- А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік - табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.

А.Опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен
пайда болуы теориясы
Александр Иванович Опарин (2 наурыз 1894 жыл, Ресей, Ярославль губерниясы Углич қаласы - 21 сәуір 1980 жыл, Мәскеу) - биохимик-ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1946). Мәскеу университетін бітірген (1917). Негізгі ғылым еңбектері өсімдік шикізатын өңдеудің биохимиялық негізін, өсімдік құрамындағы ферменттердің әсерін және Жердегі тіршіліктің пайда болуын зерттеуге арналған. Опарин биокатализ - азық-түлік өндірісі технологиясының негізі екенін дәлелдеді. Ол Жердегі тіршіліктің пайда болуы - көміртектік қосылыстар эволюциясының қорытындысы деп тұжырымдады; оны ғарыштық тұрғыдан зерттеумен шұғылданды. Опарин - тіршіліктің пайда болуын зерттеудің Халықараралық ұйымының президенті (1970 жылдан өмірінің соңына дейін) болды. Лениндік сыйлықтың лауреаты (1974) атанған.
Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады. Содан бері ол ең дұрыс және арнайы ғылым ретінде мойындаған тұжырым болып есептеледі. Тіршілік пайда болуы туралы әр түрлі концепциялар мен гипотезалар ішінде А.И. Опариннің концепцияның маңызы зор болды. А. И. Опарин 1970 жылдан бастап тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамды басқарды. Ғалымның жүргізген зерттеулерінің биікке көтерілген тусы 1950-1970 жылдар болды. А. И. Опарин коацерваттардың - сулы ерітіндідегі ағзалық заттардың тұрақты конгломераттарының (ұйығының) пайда болу мүмкіндігін сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар химиялық (ағзалық) заттардың құрам бөлігі бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін көрсете алады (карапайым жарғақшалардың түзілуі, ұдайы өсу қасиеті, энергетикалық алмасу). Сөйтіп коацерваттар протобионттар, яғни тіршілік жолашары деп атай бастады.
Оның негізгі еңбегі - Тіршіліктің пайда болуы 1924 жылдың өзінде-ақ жарық көрген болатын. Сол кездің өзінде бұл еңбекте Опарин гипотезасының негізгі идеясы қаланған болатын. Оның идеясының ең негізгісі - Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы -тірі материяның өлі материя қойнауында қалыптасуының узақ эволюциялық процесі.
Опарин химиялық эволюцияның жаңа идеясын ұсынды - күшті әсер етуші физикалық-химиялық факторлардың (температураның, ультракүлгін және рентген сәулелерінің, үлкен қуатты электр разрядтары мен атмосфералық қысымның) әсер етуінен кейбір бейорганикалық қоспалар органикалық тіршілік кірпіштеріне - амин қышцылдарына, нуклеозидтер мен нуклеотидтерге, қарапайым поли-сахаридтер мен химиялық энергияны сақтауға қабілетті АТФ молеку-лаларына өздігінен айналуы жүзеге асады. Клетка 70% оттегі, 17% көміртегі, 10% сутегі және 3% азоттан тұрады. Тіршіліктің негізін қурайтын бул химиялық элементтер әлемдегі ең тұрақты және көп таралған элементтердің қатарына жатады. Олар бір-бірімен оңай қосылыс түзеді және атомдық салмақтары да аз. Олардың қосылыстары суда жылдам ериді.
Ежелгі кембрийге дейінгі шөгінді жыныстарды химиялық және па-леонтологиялық жолмен зерттеу, әсіресе көптеген жобалық экспери-менттер күрделі органикалық қосылыстардың пайда болу жағдайын түсінуге көмектесті.
Тіршілік белгілі бір физикалық-химиялық жағдайларға байланы-сты (температура, судың болуы тағы басқа). Сонымен бірге тіршілік пайда болуы үшін температураның, ылғалдылықтың, цысымның, ра-диация деңгейінің, әлем дамуы мен уақыттың белгілі бір диапазоны болуы керек.
А.И.Опарин Тіршілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болу гипотезасы
Атмосферадағы оттегі эволюциясы
Жерде тіршіліктің дамуы
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Радиация және олардың түрлері
Пайдалы әсері
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Пәндер