Терең сораптық штангалық қондырғы



Штангалы ұңғымалы сораптар (ШҰС) көмірсутекті сұйықтарды (сулануы 99%-ға, абсолютті тұтқырлығы 100 Па•c-қа, механикалық қоспалары 0,5%-ға, қабылдауындағы еркін газ 25%-ға, күкіртті сутек 0,1%-ға, судың минералдылығы 10г/л-ге жəне температурасы 130оС-ге дейін) сорып жер бетіне шығаруға арналған.
ТМД елдерінің (бүкіл мұнай өндіру көлемінің 16,3%-на таман) əрекет ететін ұңғымалар қорының 2/3 бөлігі (66%) ШҰСҚ-мен игеріледі. Ұңғыма шығымы тəулігіне 10 кг-нан бірнеше тоннаны құрайды. Сораптарды ондаған метрден 3000 м-ге дейінгі тереңдікке, ал кейбір ұңғымаларда 3200-3400 м тереңдікке түсіреді.
Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ):
– жер үсті жабдығы: теңселмелі-станок (СК), саға жабдығы;
– жер асты жабдығы: сорапты-компрессорлы құбырлар (СКҚ), сорапты штангілер (СШ), штангалы ұңғымалы сорап (ШҰС) жəне қиын жағдайларда қондырғының жұмысын жақсартатын түрлі қорғаныс құрылғылар.
Ұңғымада плунжерлі немесе поршеньді сорап орнатылады.
Ол штангалар тізбегі арқылы жер үсті жетегінің көмегімен
қозғалысқа келтіріледі.
Штангалы тереңге түсірілетін сорапты қондырғы (3.1- сурет) ұңғымалы сораптан (салынатын немесе салынбайтын типті), сорапты штангалардан, планшайбаға немесе құбырлы алқаға ілінген сорапты-компрессорлы құбырлардан, сальникті тығыздауыштан, сальникті (жылтыратылған) штоктан, теңселмелі-станоктан, фунтаменттен жəне үштармақтан (саға жабдығы) тұрады. Ұңғымалы сораптың қабылдауында газды немесе құмды фильтр түрінде қорғаныс тетігі орнатылады.
Бірақ түсіру тереңдігінің шектелуі жəне мұнай шығымының аз болуы штангалы сораптардың кемшілігі болып табылады.
Сораптың жұмыс істеу принципі
Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде сору клапаны 13 сұйықтың əсерінен ашылып, соның нəтижесінде сұйық сорап цилиндріне өтеді
Осы кезде тоғыту клапаны 10 сорапты құбырдағы сұйық бағанасы қысымы əсерінен жабық тұрады.
Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде плунжер астындағы сұйық қысымы əсерінен сору клапаны 13 жабылады, ал тоғыту клапаны 10 ашылып, сұйық цилиндрден плунжер үсті кеңістігіне өтеді.
Сорапты ұңғымалардың саға жабдығы құбыраралық кеңістікті, СКҚ-ң ішкі қуысын саңылаусыздандыруға, ұңғыма өнімін бұруға (отвод) жəне СКҚ тізбегін ілуге арналған (3.2- сурет).
Саға жабдығы саға сальнигінен, үштармақтан, айқастырмадан, тиекті краннан жəне кері клапандардан тұрады. Саға сальнигі сальник басы көмегімен жылтыратылған штоктың шығысын саңылаусыздандырады жəне өнімнің үштармақ арқылы өтуін қамтамассыз етеді. Үштармақ СКҚ муфтасына бұралады. Шарлы қосылыс сальникті штоктың СКҚ осімен сəйкес келмеген жағдайдағы сальник басының өздігінен қондырылуын қамтамассыз етеді, тығыздауыштың (набивка) біржақты тозуын болдырмайды жəне тығыздауышты ауыстыруды жеңілдетеді.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Терең сораптық штангалық қондырғы

Орындаған: Амангельди Жасулан
Қабылдаған: Нұрман Айдана


Қызылорда, 2016ж
Штангалы сорапты қондырғының жұмыс
істеу приципі
Штангалы ұңғымалы сораптар (ШҰС) көмірсутекті сұйықтарды (сулануы 99%-ға, абсолютті тұтқырлығы 100 Па·c-қа, механикалық қоспалары 0,5%-ға, қабылдауындағы еркін газ 25%-ға, күкіртті сутек 0,1%-ға, судың минералдылығы 10гл-ге жəне температурасы 130оС-ге дейін) сорып жер бетіне шығаруға арналған.
ТМД елдерінің (бүкіл мұнай өндіру көлемінің 16,3%-на таман) əрекет ететін ұңғымалар қорының 23 бөлігі (66%) ШҰСҚ-мен игеріледі. Ұңғыма шығымы тəулігіне 10 кг-нан бірнеше тоннаны құрайды. Сораптарды ондаған метрден 3000 м-ге дейінгі тереңдікке, ал кейбір ұңғымаларда 3200-3400 м тереңдікке түсіреді.
Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ):
- жер үсті жабдығы: теңселмелі-станок (СК), саға жабдығы;
- жер асты жабдығы: сорапты-компрессорлы құбырлар (СКҚ), сорапты штангілер (СШ), штангалы ұңғымалы сорап (ШҰС) жəне қиын жағдайларда қондырғының жұмысын жақсартатын түрлі қорғаныс құрылғылар.
Ұңғымада плунжерлі немесе поршеньді сорап орнатылады.
Ол штангалар тізбегі арқылы жер үсті жетегінің көмегімен
қозғалысқа келтіріледі.
Штангалы тереңге түсірілетін сорапты қондырғы (3.1- сурет) ұңғымалы сораптан (салынатын немесе салынбайтын типті), сорапты штангалардан, планшайбаға немесе құбырлы алқаға ілінген сорапты-компрессорлы құбырлардан, сальникті тығыздауыштан, сальникті (жылтыратылған) штоктан, теңселмелі-станоктан, фунтаменттен жəне үштармақтан (саға жабдығы) тұрады. Ұңғымалы сораптың қабылдауында газды немесе құмды фильтр түрінде қорғаныс тетігі орнатылады.
Бірақ түсіру тереңдігінің шектелуі жəне мұнай шығымының аз болуы штангалы сораптардың кемшілігі болып табылады.

Сораптың жұмыс істеу принципі
Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде сору клапаны 13 сұйықтың əсерінен ашылып, соның нəтижесінде сұйық сорап цилиндріне өтеді
3.1-сурет. Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғының (ШҰСҚ) сұлбасы; 1 - СКҚ, 2 - штангалар тізбегі; 3 - саға жабдығы; 4 - балансир басы;
5 - балансир, 6 - тіреу; 7 - редуктор; 8 - электрқозғалтқыш; 9 - тереңдік сорап; 10 - тоғыту клапаны; 11 - плунжер; 12 - пайдалану тізбегі; 13 - қабылдағыш (сорғыш) клапан
. Осы кезде тоғыту клапаны 10 сорапты құбырдағы сұйық бағанасы қысымы əсерінен жабық тұрады.
Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде плунжер астындағы сұйық қысымы əсерінен сору клапаны 13 жабылады, ал тоғыту клапаны 10 ашылып, сұйық цилиндрден плунжер үсті кеңістігіне өтеді.
Жер үсті жабдығы

Сорапты ұңғымалардың саға жабдығы құбыраралық кеңістікті, СКҚ-ң ішкі қуысын саңылаусыздандыруға, ұңғыма өнімін бұруға (отвод) жəне СКҚ тізбегін ілуге арналған (3.2- сурет).
Саға жабдығы саға сальнигінен, үштармақтан, айқастырмадан, тиекті краннан жəне кері клапандардан тұрады. Саға сальнигі сальник басы көмегімен жылтыратылған штоктың шығысын саңылаусыздандырады жəне өнімнің үштармақ арқылы өтуін қамтамассыз етеді. Үштармақ СКҚ муфтасына бұралады. Шарлы қосылыс сальникті штоктың СКҚ осімен сəйкес келмеген жағдайдағы сальник басының өздігінен қондырылуын қамтамассыз етеді, тығыздауыштың (набивка) біржақты тозуын болдырмайды жəне тығыздауышты ауыстыруды жеңілдетеді.
3.2-сурет. Штангалы сорапты қондырғысына арналған саға жабдығы
1 - тізбекті ернемек (фланец), 2 - планшайба, 3 - СКҚ, 4 - тіреуіш муфта, 5 - үштармақ, 6 - сальник тұрқысы(корпус), 7 - жылтыратылған шток,
8 - сальник басы, 9 - сальник
Теңселмелі-станок (3.3-сурет) ұңғымалы сораптың жеке жетегі болып табылады. Теңселмелі-станоктың негізгі тораптары - жақтау (рама), төрт жақты қиылған пирамида түріндегі тіреу, бұралмалы басы бар балансир, балансирге шарнирлі ілінген шатундары бар траверса, кривошипі жəне қарсы салмағы бар редуктор.
Теңселмелі-станоктың тербелу санын өзгертіп отыру үшін, электрқозғалтқыштың ауыспалы шкивтер жиынымен жинақталады, яғни реттеу дискретті болып келеді. Белдікті тез ауыстыру жəне керу мақсатымен электрқозғалтқыш бұралмалы шана тəріздес (рамада) жақтауда орнатылады.
Теңселмелілі-станок темірбетонды іргетасқа орнатылған (рамада) жақтауда монтаждалады. Балансир бастиегін керекті орында (жоғарғы шеті) тағайындау (фиксациялау) тежегіш барабан (шкив) көмегімен жүзеге асады. Ұңғыманы жер асты жөңдеу кезінде көтергіш-түсіргіш жəне тереңдік жабдықтардың кедергісіз өтуін қамтамассыз ету үшін, балансир басы бұралмалы немесе ашылатын (откидная) болып келеді. Балансир басы доға бойымен қозғалатындықтан, оны саға штогымен жəне штангалармен жалғау үшін иілімді арқанды алқа 17 қарастырылған. Ол плунжерді сорап цилиндріне отырғызуды реттеуге немесе плунжерді цилиндрден шығаруға, сонымен қатар жабдық жұмысын зерттеуге арналған динамографты орнатуға мүмкіндік береді.

Балансир басының қозғалу амплитудасын (саға штогының жүріс ұзындығы) айналу осіне қатысты кривошип пен шатунның байланысқан жерін ауыстыру (кривошип саусағын басқа саңылауға ауыстыру) арқылы реттейді.
Балансирдің бір толық жүрісі кезінде теңселмелі-станокқа түсетін жүктеме бірқалыпсыз болып келеді. Теңселмелі-станок жұмысын теңгеру үшін балансир, кривошип немесе балансир мен кривошипке қарсы салмақ орнатады. Сонда теңгеру сəйкесінше балансирлі, кривошипті (роторлы) немесе аралас деп аталады.
Басқару блогы апатты жағдайларда (штангілердің үзілуі, редуктор, сораптың бұзылуы, құбыржолдарының жарылуы жəне т.с.с.) теңселмелі-станок электрқозғалтқышын басқаруды, сонымен қатар электрэнергияның берілу үзілісінен кейін СК-ң қайта қосылуын қамтамасыз етеді.
Теңселмелі-станоктарды балансир басындағы жүк көтергіштігі бойынша 2 т-дан 20 т-ға дейін шығарады.
Жер асты жабдығы
Штангалы ұңғымалы сораптар. Сораптарды СКҚ тізбегіне бекіту əдісі бойынша салынбалы (НСВ) немесе салынбайтын (НСН) болып бөлінеді.
Салынбалы (құбырлы) сораптарда цилиндрді сору клапанының ершігімен ұңғымаға СКҚ арқылы түсіреді. Плунжерді тоғыту жəне сору клапандармен ұңғымаға штангімен түсіріп, цилиндр ішіне енгізеді. Плунжер арнайы шток көмегімен сору клапанының шаригімен байланысқан. НСН кемшілігі - оны ұңғымада жинау, қандай да бір қиындықтарды жою мақсатымен жер бетіне шығару уақыттың ұзақтылығы мен қиындығы.

Салынбалы сораптарды толығымен жер бетінде жинайды жəне ұңғымаға СКҚ ішіне штангаларда түсіреді. НСВ үш негізгі тораптан тұрады: цилиндр, плунжер жəне цилиндрдің құлыпты тірегіші.
Құбырлы сорапта цилиндрін ұңғымадан шығару бүкіл жабдықтың (штангілер мен клапандар, плунжер жəне СКҚ) жер бетіне шығарылуын қажет етеді. Бұл құбырлы жəне салынбалы сораптардың негізгі айырмашылығы болып табылады.
Салынбалы сораптарды қолдану кезінде ұңғыманы жөңдеуде көтеру-түсіру операциялар уақыты 2-2,5 есе кемиді. Соның нəтижесінде жұмысшылар еңбегі жеңілдейді. Бірақ құбырлардың берілген диаметрінде салынбалы сораптың өнімділігі салынбайтын сораптың өнімділігінен əрқашан кем болады.
Салынатын сорап штангаларде түсіріледі. Ол алдын ала СКҚ-да түсірілетін құлыпты тіреуішпен бекітіледі (тығыздап отырғызу арқылы). Сорап ұңғымадан тек штангілер тізбегін көтеру арқылы шығарылады. Сондықтан салынатын сораптарды үлкен тереңдікке түсіру кезінде жəне шығымы аз ұңғымаларда пайдаланған жөн.
Салынбайтын (құбырлы) сорап - СКҚ-ға жалғанған жəне олармен бірге ұңғымаға түсірілетін цилиндр. Ал оның плужерін штангалар арқылы көтеріп-түсіреді. Сол себептен құбырлы сораптарды тереңдігі аз, шығымы жоғары жəне жөңдеу аралық кезеңі үлкен ұңғымаларда қолдану керек.

Сорапты штангі сорап плунжерінің ілгері-кейінді қозғалысын жүзеге асыру үшін арналған. Штанга шеттерінде қалыңдатылған бастиектері бар дөңгелек қималы өзек түрінде болып келеді (3.6-сурет).

3.6-сурет. Сорапты штанга мен жалғағыш муфта

Игерудің қалыпты жағдайы үшін, штангалар (денесі бойынша) диаметрі 16, 19, 22, 25 мм жəне ұзындығы 8 м болатын мықталған болаттардан жасалады.
Плунжерді сорап цилиндріне дұрыс отырғызу мақсатымен штангалар тізбегінің ұзындығын реттеу үшін, ұзындығы 1; 1,2; 1,5; 2; 3 м болатын қысқартылған штангалар (футовкалар) бар. Штангалар муфталармен жалғанады. Сонымен қатар олар құбыр сияқты (сыртқы диаметрі 42 мм, қалыңдығы 3,5 мм) болады.
Қазіргі уақытта коррозияға тұрақтылығы жоғары жəне электрэнегияны тұтыну 20%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін əйнекпластикті сорапты штангалар шығарылады. Сонымен қатар үздіксіз "Кород" штангалары (барабанға оралған, қимасы - жартылай элипсті) қолданылады.
Ерекше штанга - штангалар тізбегін арқанды алқамен байланыстыратын жылтыратылған саға штогы. Оның беті жылтыратылған. Ол бастиексіз жасалады, ал шеттерінде стандартты бұрандасы бар. Коррозиядан қорғау үшін оны бояу, цинкпен қаптау, т.с.с. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Скважиналық штангалық сораптар
Штангалы терең сорапты қондырғы
Штангалы терең сорапты қолдану
Өндіру ұнғыларын бұрғылаудан
«№1 МГӨБ бойынша электроортадан тепкіш сораптық қондырғының қышқылмен өңдеу тиімділігі
Электро ортадан тепкіш сорапты қондырғының жіктелуі
Шыңырауды штангасыз сораптармен пайдалану
Фонтанды мұнай ұңғымаларындағы қабаттық қысымды анықтау
Мұнайды ұңғымен өндіру
Штангалы терең сорапты қолданумен таңдап алу және өндіру ұңғыларының оптималдық технологиялық жұмысын таңдау
Пәндер