Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері
2) Жарақаттардың талдау әдістері
3) Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке қою
III Қорытынды
Жарақаттың себебі:
1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа — терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ — қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.
Жарақаттанушылықтың түрлері:
1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік)
2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық)
3) балалы
4) тұрмыстық
5) спорттық
6) көшелік
7) әскерлік
8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
1. "Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
2. Jump up ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері

Орындаған: Амангельди Ж.
Қабылдаған: Ташимова А.

Қызылорда, 2016ж
Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері
2) Жарақаттардың талдау әдістері
3) Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке қою
III Қорытынды

Кіріспе

Жарақаттың себебі:
1. Экзогендік факторлар -- сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
2. Эндогендік факторлар -- іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа -- терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ -- қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.
Жарақаттанушылықтың түрлері:
1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік)
2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық)
3) балалы
4) тұрмыстық
5) спорттық
6) көшелік
7) әскерлік
8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.

1. Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері

2. Жарақаттардың талдау әдістері

Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар. Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі -- зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен

3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке қою

Жеке салалар мен ұйымдардағы жазатайым оқиғаларды тексеру Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө Бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Жазатайы оқиға - зардап шегуші тарапынан ниеттің болмауы кезінде адам организміне сыртқы күштердің аяқ астынан және зиянды бір рет әсер етуі.
Заңнамада әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы ескеріледі. Егер жарақат алу қызметкердің еңбек міндеттемелерін орындаумен байланысты болса және кәсіпорын кінәсі бойынша болса, соңғысы материалды жауапкершілік артады.
Өндiрiстiк жарақат - өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған,
еңбек ету қабілетінен айырылуына әкеп соққан, қызметкер денсаулығының
зақымдануы.
Себептерiне қарай:
* жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс орнын, өндiрiстiк жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б. әзiрлеу мен тәртiпке келтiру кезiнде;
* жұмыс уақыты iшiнде жұмыс орнында немесе iссапар уақытында не сол жерде болуы еңбек немесе жұмыс берушiнiң не жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты өзге де мiндеттерiн атқарумен байланысты болған басқа жерде;
* қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуi нәтижесiнде;
* жұмыс уақытында, iс-әрекетi қызмет көрсететiн объектiлер арасында жүрiп-тұрумен байланысты қызметкердiң жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмысорнына бара жатқанда;
* жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
* жеке көлiгiнде, жұмыс берушiнiң оны қызмет сапарларында пайдалану
құқығына жазбаша келiсiмi болса;
* жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өзiнiң немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңiндегi, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау немесе жұмыс берушiнiң мүддесiне өзiнiң жеке бастамашылығы бойынша өзге де әрекеттер жасау кезiнде;
* жұмыс орны немесе iссапар уақытында оның денесiне зақым келгенде не еңбек немесе қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердi қасақана өлтiрсе және осындай жағдайларда жарақаттары мен денсаулығына келтiрiлген өзге де зақымдар өндiрiстiк (кәсiби) ретiнде жiктеледi әрi ресiмделедi.
Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен немесе оны көрген адам жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға,
ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.

Жұмыс беруші (оның өкілі):
- тез арада зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
- авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
- жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
- өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
- ауыр жазатайым оқиға немесе өлімге әкеп соғатын жазатайым оқиға туралы зардап шегушінің туысқандарына тез арада хабарлау;
- ұйымдастыру және тиістілермен қамтамасыз ету, уақытылы тексеру және
материалдарды рәсімдеу бойынша өзге қажетті шараларды қабылдау.
Барлық жоғарыда көрсетілген әрекеттер жазатайым оқиға болған жерге
тәуелсіз кез-келген жұмыс берушімен жүргізіледі.
Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға немесе қызметкердің
денсаулығына өзге зақымдаулар туралы тез арада және жазбаша түрде хабарлайды:
- еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне,
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңының 3-тармағында анықталған қауіпті өнеркәсіп объектілерін болған жазатайым жағдайлар кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі жергілікті органдарға;
- ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне (кәсiподақтар);
- сақтандыру ұйымымен тиiстi шарт бар болса, сақтандыру ұйымына;
- Мемсанэпидқызметтiң жергiлiктi органдарына кәсiби ауру немесе улану
жағдайлары туралы дереу хабар бередi.
Арнайы тергеуді талап ететін жазатайым оқиғалар туындаған кезде, яғни:
* Ауыр немесе өлімге әкелетін жазатайы оқиғалар;
* Зардап шегуші жарақатының ауырлығына тәуелсіз екі және одан да көп
қызметкерлермен бірге болған топтық жазатайым оқиғалар кезінде;
* Асқынған кәсіби аурулардың топтық жағдайында, жұмыс беруші тез арада хабарлайды:
- жазатайым оқиға өткен жер бойынша құқық қорғау органына;
- өндірістік немесе ведомстволық бақылаушы және қадағалаушы құқықтық органдарға.
жазатайым оқиғаны тексерудi ұйымның басшысы оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағат iшiнде құратын, құрамында:
төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелерi - ұйымның еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы, қызметкерлердiң уәкiлеттi органының өкiлi немесе зардап шегушiнiң сенiмдi өкiлi (келiсiм бойынша) бар комиссия жүргiзедi.
Кәсiби немесе қатты кәсiби ауру (улану) жағдайы орын алса, комиссияның тексеруiне Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi қатысады.
Қатты кәсiби ауру (улану) жағдайларын жеке тексерудi Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсiби патология орталығының өкiлдерi жиырма төрт сағаттың iшiнде, ал созылмалы кәсiби ауру жағдайларын - хабар алынған сәттен бастап жетi күннiң iшiнде жүргiзедi.
Мыналар:
- ауыр немесе өлiмге апарып соқтырған жазатайым оқиғалар;
- зардап шегушiлердiң жарақаттарының ауырлығына қарамастан, екi және одан да көп қызметкерлердiң бiр мезгiлде басынан кешкен топтық жазатайым оқиғалар;
- қантты кәсiби ауырудың топтық жағдайлары (уланулар) арнайы тексеруге жатады.
Өндiрiстiк тапсырмаларды (қызметтiк немесе шарттық мiндеттерiн) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкермен, оның iшiнде өндiрiстiк тәжiрибеден өтiп жүрген, жалпы бiлiм беру мектептерiнде, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқып жүрген адамдармен болған жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушінің және зардап шегушінің өкілетті өкілдерінің қатысуымен сол оқиға болған аумақтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Өнеркәсіптегі жарақаттану болжамы бойынша көздерді талдау
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Пәндер