Логистика түсінігінің анықтамасы


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

Тақырыбы:Логистика түсінігінің анықтамасы

Отандық және шетел экономикалық әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады, онда басқару объектісі материалдық ағымдармен шектелмейді. Сондай-ақ “банктік логистика”, “ақпараттық логистика” сияқты бірқатар басқа терминдер пайда болды. Логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырады.

Материалды ағымдарды басқару, басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады: шешім қабылдау; қабылданған шешімді жүзеге асыру. Материалды ағымдарды басқару бойынша дәлелді шешімдер қабылдау үшін белгілі бір білім қажет. Осы білімді жасайтын қызметті логистикаға жатқызады; сәйкесінше көптеген анықтамалар логистиканы ғылым немесе ғылыми бағыт ретінде пайымдайды: логистика - материалдық ағымдардың тиімділігін жоғарылатудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен тікелей байланысты пәнаралық ғылыми бағыт. Ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау; өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау; материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау; өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау; логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру; дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т. б. бірқатар мәселелер. Ғылыммен алынған білім материалды ағымдарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет. Сондықтан да анықтамалардың басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады: логистика-өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағымдарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты. Логистиканың негізгі объектісі - ішкі материалды ағымдардың схемасын, шикізаттың алғашқы көздерінен бастап соңғы тұтынушыға дейін, қарастырып өтейік. Бұл схемадағы материалдар қозғалысының бүкіл жолын екі үлкен учаскіге бөлуге болады: бірінші учаскіде өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер қозғалады; екіншіде - халық тұтынатын бұйымдар. Тізбек бойынша қозғалуына байланысты саналық құрамы өзгеріп отырады. Ең алдымен, шикізат көзі мен алғашқы өңдеуші кәсіпорын арасында, сондай-ақ түрлі өндірістер арасында жаппай біртекті жүктер қозғалады. Тізбектің соңында материалды ағымдар тұтынуға дайын әр түрлі тауарлар ретінде көрінеді. Кейбір өндіріс орындары ішінде материалды ағымдар бар. Мұнда цехтар арасында немесе цехтардың ішінде түрлі бөлшектер, жартылай фабрикаттар, дайындамалар орын ауысып отырады. Логистикалық процесс кезінде материалдық ағым кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік учаскілер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан соң дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі. Түрлі сапалы материалды ағымдарды басқару бойынша аталған қызмет түрлері логистиканың мазмұнын құрайды, оны логистикалық терминологиялық сөздік былайша анықтайды: логистика (logіstіcs) - шикізат пен материалдарды өндірістік кәсіпорынға дейін жеткізу үрдісінде, тұтынушының талаптарына сәйкес дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу үрдісінде жүргізілетін материалды және материалдық емес операцияларды, тасымалдауды, қоймалауды басқару, жоспарлау және бақылау туралы ғылым. Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретінде пайымдайды. Шаруашылық қызмет ретінде логистика келесі анықтамада ұсынылған: логистика - жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі. Логистика түсінігін осылай пайымдау көбінесе шетел әдебиетінде кездеседі. Материалды ағымдарды басқарудың негізгі объектісі ретінде бөліп қарастыру экономикалық үрдістерді жеңілдетеді. Бірақ мұндай жеңілдік жүктердің қозғалысын, шикізаттың бірінші көзінен бастап барлық аралық үрдістер арқылы соңғы тұтынушыға жеткенге дейін іштей бақылаудың мақсаттарын қоюға және оны шешуге мүмкіндік береді. Бірқатар факторлардан абстракциялау және зерттеу мен басқарудың негізгі объектісі ретінде материалды ағымдарды бөліп қарастыру үлгілеу есептерінің шамаларын қысқарта отырып, ішкі логистикалық тізбектерді жобалауға, олардың жүру тәртібін зерттеуге және болжамдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық процестерді ресми зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен, логистиканың Америка, Франция, Германия, Ресей ғалымдары мен тәжірибелі мамандары қалыптастырған анықтамаларын келтіріп көрелік:

Логистика- бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Логистика - өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта қажетті өнім көлемін алуға бағытталған түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы туралы ғылым.

Логистика - шығындар тұрғысынан тиімді және үнемді материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау операцияларын, сондай-ақ солармен байланысты клиенттердің талаптарына сәйкес, өндіріс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткізу жөніндегі ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым.

Логистика - уақыт пен кеңістіктегі өнімді жеке тарату үрдісі туралы ғылым.

Логистика - жабдықтаудың, өткізу мен тасымалдаудың, өзара байланыстары мен өзара әрекеті жөніндегі ғылым.

Логистика - кәсіпорынға түсетін, сонда өңделетін және осы кәсіпорыннан шығатын материалдық және сәйкес ақпараттық ағымдарды жоспарлау, басқару және бақылау.

Логистика- өндірістік-тасымалдау жүйесінің барлық элементтерінің өзара әрекеті туралы ғылым.

Логистика - өндіріс құралдарын жабдықтауды, өткізуді және бөлуді кешенді зерттейтін өндіріс және бөлуді тиімді ұйымдастыру туралы ғылым.

Логистика - экономика саласындағы бір бағыт, оның шеңберінде өндірістегі, тасымалдаудағы материалдық және ақпараттық ағымдарды басқарудың кешенді жүйелерін жасау және енгізу мәселелері, сұранысты толық және уақытында қанағаттандыру үшін бөлу мәселелері шешіледі.

Логистикалық орталық туралы түсінік.

Дүние жүзінде логистикалық операциялардың көбі логистикалық орталықтарда жүзеге асады. Логистикалық орталықтардың екі түрі болады.

1. Региональды логистикалық орталықтар(«мультимодальдық(руздық терминалдар») - ірі, жақсы жабдықталған кәсіпорын, басқа кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін арналған. Олардың қызмет көрсету спектрі өте кең, сондықтан региональды логистикалық орталықтың қызмет көрсететін көптеген бөлімшелері болады. Региональды логистикалық орталықтар әдетте әртүрлі компаниялардың тапсырысы бойынша жүктерді жаппай қайта өңдеу кезінде мамандырылады.

2. Компанияның логистикалық орталықтары. Олардың құрылымы кәсіпорынның мөлшері мен профильіне байланысты. Ұсақ кәсіпорындарда бұл мамандар - логистиктердің шағын тобы мен екі - үш комьпютер. Ірі фирмаларда бұл Интернетке шығатын локальды торапқа біріккен, көп санды штаты және айтарлықтай санды техникасы бар бөлімше. Логистикалық орталықтар құрудың негізгі қиыншылығы жоғары мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты. Осы себепті көптеген кәсіпорындар (әсіресе шағын кәсіпорындар) анық орталықтарды құрмауды жөн көреді, региональды логистикалық орталықтардың қызметін пайдаланады. Логистикалық орталықтың өзегі оның информациялық - аналитикалық орталығы болып табылады, ол онда реттелетін барлық информациялық, қаржылық және материальдық ағымдарды басқаруды жүзеге асырады. Логистикалық орталықтардың негізгі бөлімшелеріне жатады: • ірі қоймалық ғимараттар, жүктерді артуға, түсіруге және жиынтықтауға бейімделген құралдар; • ашық контейнерлі алаңдар; • вагондарды тікелей қойманың жүк түсіретін алаңына және контейнерлі алаңдарға жетуін қамтамасыз ететін темір жол станциясы; • теңіздік немесе өзендік порт; • автомашиндерге жүк тиегенде және түсіргенде күтетін алаңшалар; • халықаралық стандарттағы контейнерлерді тасымалдауды қамтамасыз ететін, авто- және электрожүк тиегіш машиналар паркі; • жүк тиеудің горизонтальды тәсілі үшін бейімделмеген, кемелер үшін қолданатын крандардың паркі; • қосымша бөлмелері бар әкімшілік ғимарат; • байланыс қызметі; • материальды құндылықтардың сақталуын және логистикалық орталықтың қызметкерлері, сондай-ақ олардың клиенттерінің қауіпсіздігін т. б қамтамасыз ететін қауіпсіздік қызметі; Региональды логистикалық орталық құрудың негізі болып келесі шарттарды орындайтын транспорттың, терминалдың, экспедитордың кез-келген түрінің есептеуші және информациялық орталықтары атқарады: • сыртқы сауданы тасымалдауды комплексті информациялық сүйемелдеуді қажет ететін өтей алатын пайдаланушылардың бар болуы; •желіге шығу үшін байланыс линиясы мен тораптың болуы жане пайдаланушыларды қосу; • деректер базасы, администраторлар, программисттер ұжымының болуы; •логистикалық деректермен алмасу үшін ұлттық логистикалық орталықтармен өзрара байланысу және т. б. Халықаралық транспорттық-логистикалық жүйемен жүзеге асатын негізгі логистикалық мақсат - өндіру және тұтыну режимдерін өнімді қайта өңдеу және үлестіру, сақтау, шекаралық және кедендік талдамамен, транспорттық заттарды берудің сервисті режимімен келісу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарату логистикасы
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Материалдық ағым туралы түсінік
Көлік логистикасындағы ақпараттық технологиялар
Маркетинг қызметінің саласы
Логистикалық модельдеу
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Кәсіпорындағы логистика
Автоматтандырылған объектіні зерттеу
Жеткізу тізбегін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz