Қоғам және оның философиялық ерекшеліктері жайлы



1. Қоғам және оны зерттеудің методологиялық негіздері.

2. Қоғамдық қатынастар.

3. Қоғамның қозғаушы күштері.

4. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қоғам ежелгі дүниеде мектептен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның мінез – құлқымен түбегейлі ерекшеліктілігін көрсетеді. Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез – келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік. Күнделікті өмірде қоғам ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілерде қоғамынан бастап қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен – жайы, өзін - өзі толықтыру, өзін - өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.
Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ. Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға байланысты, атап, айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан тым абстрактілі болуымен, қоғам әр түрлі бағытта қарастырылатын аса күрделі, көп қабатты, көп жақты құбылыстығымен, қоғам тарихи ұғым болғандықтан ортақ анықтама оның дамуының барлық кезеңдерін қамту мүмкіндігімен, қоғам әр түрлі ғылымдардың қолданатын категориясы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынада қолданған сайын оған түсініктеме беру қажеттігімен байланысты.
Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығын, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін - өзі өндірумен, өзін - өзі толықтырумен, өзін - өзі реттеумен және өзін - өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б қоғам мағынасында айтылады. Бұл жерде қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.
Қоғамның құрамды элеметтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер, әлеуметтік өзара қимыл - әрекеттер және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір –бірімен өзара тығыз байланыста болып, қоғамда ерекше орын алып, рөл атқарады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті – қоғам құрылымын анықтау, оның ең маңызды элеметтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралдық, жүйелік сапаны тудырады. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам – ол өзінің жеке заңдары бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.
1. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. Алматы - 2001
2. Раев Д. С. Социология тарихи қалыптасу кезеңдері. Алматы-1999
3. Ақиқат. № 6. 1999

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қоғам және оның философиялық ерекшеліктері

1. Қоғам және оны зерттеудің методологиялық негіздері.

2. Қоғамдық қатынастар.

3. Қоғамның қозғаушы күштері.

4. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қоғам ежелгі дүниеде мектептен бұрын пайда болды. Сырт көзге
ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз
қоғамның мінез – құлқымен түбегейлі ерекшеліктілігін көрсетеді.
Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның
құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез – келген
механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты,
орнықты және мейлінше тығыз өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын
бірлестік. Күнделікті өмірде қоғам ұғымы жиі айтылып, әр түрлі
мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл
адамзатқа дейін және кітап сүюшілерде қоғамынан бастап қазақстан
қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам
ретінде адамдардың ортақ мекен – жайы, өзін - өзі толықтыру, өзін -
өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі
түсіндіріледі.
Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ.
Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға
байланысты, атап, айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан
тым абстрактілі болуымен, қоғам әр түрлі бағытта қарастырылатын
аса күрделі, көп қабатты, көп жақты құбылыстығымен, қоғам тарихи
ұғым болғандықтан ортақ анықтама оның дамуының барлық кезеңдерін
қамту мүмкіндігімен, қоғам әр түрлі ғылымдардың қолданатын
категориясы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу
әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең
және тар мағынада қолданған сайын оған түсініктеме беру
қажеттігімен байланысты.
Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін
болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығын, өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен
өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және
тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін - өзі өндірумен, өзін - өзі
толықтырумен, өзін - өзі реттеумен және өзін - өзі дамытумен
сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің
негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда
болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада
француз, жапон, т.б қоғам мағынасында айтылады. Бұл жерде қоғам
деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін
нақты қоғам түрі түсіндіріледі.
Қоғамның құрамды элеметтеріне адамдар, әлеуметтік
байланыстар мен әрекеттер, әлеуметтік өзара қимыл - әрекеттер және
қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар,
қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б.
жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір –бірімен өзара
тығыз байланыста болып, қоғамда ерекше орын алып, рөл атқарады.
Сондықтан әлеуметтанудың міндеті – қоғам құрылымын анықтау, оның ең
маңызды элеметтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара
байланыстары мен әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі
қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде,
әлуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды.
Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара
байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол
тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралдық, жүйелік сапаны
тудырады. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам – ол өзінің жеке заңдары
бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.
Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі
принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым
т.б. ұғымдарын сараптап білу қажет. Жүйе деп өзара бір – бірімен
байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген
элементтердің жиынтығын айтады. Элемент деп отырғанымыз – объект.
Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді.
Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешқашан өмір сүре алмайды.
Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және
тәртіпті белгілерін қабылдайды. Сөйтіп, элементтердің белгілі бір
жиынтығы кез – келген тұтасқан жүйенің мазмұнды жағын қалыптастырады.
Алайда, элементтердің құрамы тұтастықтың қасиеттерін анықтай
алмайды. Жүйе объектісінің ерекшеліктерін, нақты қасиеттерін
анықтауда құрылымды, яғни тұтас жүйенің ішкі ұйымдастырылуын білу
аса маңызды. Құрылым – бұл жүйенің ретке келтірілуі, ұйымдастырылуы.
Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар
мен өзара әрекеттерінің тәсілі.
Құрылымдық байланыстар – элементтердің жүйеде алатын
орнымен анықталады. Сондықтан да құрылымның дамуы басты
элементтердің екінші қатардағы, айталық, таптар, ұжымдар, лидерлер,
т.б. элементтермен өзара әрекетіне көрінеді. Құрылымдық элементтердің
өзара әрекеті және олардың дамуы көптүрлі болып, интеграциялық
сапаға ие болады, соның нәтижесінде жүйелік байланыстар көбейеді.
Әрбір жүйе өзіне басқа да элементтердің арасындағы
байланыстарды қосып алуы мүмкін, сондықтан да оларды жүйешелер деп
атайды.
Әлеуметтік жүйе – тұтастықты құрастыратын жүйе болып
саналады, оның негізгі элементіне адамдар, олардың арасындағы
байланыстар, әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар
менөзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи
процесс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан да әлеуметтік
жүйе қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету
саласының жемісі болып табылады. Әлеуметтік жүйені үш негізгі
мәселе тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, онда, біріншіден,
әлеуметтік жүйе индивидтердің бірлестігі ретінде зерттеліп, қайсыбір
ортақ жағдайлар олардың өзара әрекетінің негізіне алынады, мысалы,
қала, село, еңбек ұжымдары, т.б.; екіншіден, әлеуметтік жүйе
әлеуметтік ұстанымдардың иерархиясы іспетті қарастырылады, бұлар
индивидтердің бірлесіп істеген қызмет процесінен көрінеді және содан
әлеуметтік қызметтері келіп шығады; үшіншіден, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парасат майданы
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Әл - Фараби философисы және шығыстық перипатетизм
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия және дүниетаным жайлы
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Экономикалық теория. Қазақстан Республикасының жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Пәндер