Мәдениет әлеуметтануы және оның аса маңызды құрамдас бөліктері



1. Жалпы мәдениет әлеметтануының дамуы
2 . Мәдениет әлеуметтануының негізгі атқаратын қызметтері
3. Мәдениеттің синтетикалық нысаны
4. Мәдениет әлеуметтануындағы маңызды мәселесі,адамдардың бағалануы
5. Мәдениет қоғамының өміріндегі маңызды рөлі
Мәдениет - ол парасатты адамға тән материалды обьек- тілермен ажырамас байланыста қаралатын жүріс-тұрыс . Мәдениет тілден, ойлардан, сенімдерден, дәстүрлерден, заңнамалардан, институттардан, құралдардан , технологиялардан,өнер шығармалары- салт – жырлардан, рәсімдерден тұрады. Яғни адамдардың бірінші табиғаттан алып жасалған “екінші табиғаты” - адамдардың өзі тұратын әлемі. Мәдениеттің дамуы адамның үйренуі мен келесі ұрпақтарға жеткізу қабілетіне байланысты. Мәдниет жеке тұлғалар-ды қоғамда өмір сүруге дайындайды, әлеуметтендіреді. Қоғамдағы қабылданған ережелерді мойындаған ол өз жүріс-тұрысын мәдени үлгілерге бағындырыды. “ Мәдени үлгілермен, шартты таңбалардың мәнді жүйелермен себептелінбеген адамның мінез-құлқұ мүлдем басқарусыз болар еді, ол өз-өзінен ойға сыймайтын қылықтарға және ұстатпайпын сезімдерге бой беретін еді “. Гирц мәдениетті шартты таңбалардың – нышандардың жүйесі ретінде қарайтын осы шартты таңбалардың интерпритациясын – талдап беруін,түсіндіруін іздеп табу керек дейді.
Әлеуметтік өмірді мәдениетсіз елестету мүмкін емес. Рухани мәдениеттің ықпалымен жан-жақты дамыған және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігін арттыру қажет. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді,өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді. Рухани мәдениет материалды мәдениетпен дамиды.
Адамдар өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын әлеуметтік әрекеттер барысында жасайды, оның бөлшектерін қолдайды және өзгертеді. Мәдениеттің әлеуметтік зерттеуі осы өзгермелі ортаны тұлғалардың меңгеруі, зерделуі және өзгертуі күрделі. Мәдениеттің социологиялық талдауы адамдардың мәдени обьектілерді игерудің пайдаланудың және жасаудың нысандары мен тәсілдерінің қоғамдағы әлеуметтік және аумақтық үлестірілуін зерттеуге мүмкіндік береді.
1.Икенов А.И, Жүсіпова А.Д “ Әлеуметтану негіздері ”
Алматы, Экономика, 2004 ж. 151-163 бет.
2.“Cоциология”. Ред. Ә.Х Тұрғынбаев
Алматы, 2001 ж. 85-93 бет.
3.Волков Ю.Г, Добренков.И, Нечипуренко В.Н,Попов А.В
“Социология”. Москва ., 2000 . с. 60-81
4. Яковлев А.М. “Социальная структура общества”
Москва, “ Экзамен”. 2003 . с. 17
5. Филиппов Ф.Р. Социология образования
Москва. Наука, 1998. с.153

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе:

Мәдениет - ол парасатты адамға тән материалды обьек-
тілермен ажырамас байланыста қаралатын жүріс-тұрыс . Мәдениет тілден,
ойлардан, сенімдерден, дәстүрлерден, заңнамалардан, институттардан,
құралдардан , технологиялардан,өнер шығармалары- салт – жырлардан,
рәсімдерден тұрады. Яғни адамдардың бірінші табиғаттан алып
жасалған “екінші табиғаты” - адамдардың өзі тұратын әлемі.
Мәдениеттің дамуы адамның үйренуі мен келесі ұрпақтарға жеткізу
қабілетіне байланысты. Мәдниет жеке тұлғалар-ды қоғамда өмір сүруге
дайындайды, әлеуметтендіреді. Қоғамдағы қабылданған ережелерді
мойындаған ол өз жүріс-тұрысын мәдени үлгілерге бағындырыды. “ Мәдени
үлгілермен, шартты таңбалардың мәнді жүйелермен себептелінбеген
адамның мінез-құлқұ мүлдем басқарусыз болар еді, ол өз-өзінен ойға
сыймайтын қылықтарға және ұстатпайпын сезімдерге бой беретін еді “.
Гирц мәдениетті шартты таңбалардың – нышандардың жүйесі ретінде
қарайтын осы шартты таңбалардың интерпритациясын – талдап
беруін,түсіндіруін іздеп табу керек дейді.

Әлеуметтік өмірді мәдениетсіз елестету мүмкін емес. Рухани
мәдениеттің ықпалымен жан-жақты дамыған және әлеуметтік белсенді
тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігін арттыру қажет. Мәдениетті игеру
барысында адам өзін танып жетілдіреді,өйткені ол адамдардың шығармашылық
қызметінде жасалынатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын
меңгереді. Рухани мәдениет материалды мәдениетпен дамиды.

Адамдар өздерінің әлеуметтік және мәдени ортасын әлеуметтік
әрекеттер барысында жасайды, оның бөлшектерін қолдайды және
өзгертеді. Мәдениеттің әлеуметтік зерттеуі осы өзгермелі ортаны
тұлғалардың меңгеруі, зерделуі және өзгертуі күрделі. Мәдениеттің
социологиялық талдауы адамдардың мәдени обьектілерді игерудің
пайдаланудың және жасаудың нысандары мен тәсілдерінің қоғамдағы
әлеуметтік және аумақтық үлестірілуін зерттеуге мүмкіндік береді.

Мәдениет әлеуметтануы және оның аса маңызды

құрамдас бөліктері

Жоспар:

1. Жалпы мәдениет әлеметтануының дамуы

2 . Мәдениет әлеуметтануының негізгі атқаратын қызметтері

3. Мәдениеттің синтетикалық нысаны

4. Мәдениет әлеуметтануындағы маңызды мәселесі,адамдардың бағалануы

5. Мәдениет қоғамының өміріндегі маңызды рөлі

Мәдениет әлеуметтануы

“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп
табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен
болатын табиғи обьектідегі барлық өзгерістер түсіндіріледі. Кейінірек
мәдениет сөзі жинақталып
қорытылды,сөйтіп адам қолымен жасалғанның
барлығы атала басталды.Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда
жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат”
ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін
қамтиды. Бұл-мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.

Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшілігі
бар,генетикалық жолмен берілмейтін,адамның өмір сүру ортасы мен өзара
әрекеттесуінің құралдары,амалдары, нысандары,үлгілері мен бағдарламалардың
жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның
нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар,
сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған
адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен
сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін
және табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің обьектілері деп қазіргі қоғамда
өмір сүретін меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет
обьектілерінің жасау мен жеткізу,мәдениет өмірдегі тұрақты және
өзгермелі процестер,әлеуметтік факторлар мен механизмдердің
байланыстырушылары айтылады. Бұл тұрғыда әлеуметтану кең таралған, тұрақты
және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік
қоршауларымен жалпы қоғам мүшелері қатынастарының уақыт бойынша қайталанып
отыратын көп түрлі нысандарын, қауымдастық мәдениетінің даму
деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму серпінін зерттейді.

Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың
негізгілері; ғылыми-танымдық, білім беру және ,тәжірбиелік қызметтер.
Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени
процестердің өзгерісіне немесе қолдауыну, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік
факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін
заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз
етеді.

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға
бағытталған. Оның мақсаты – қазіргі қиын әлеуметтік мәдени жағдайда
олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен
негіздеуге көмектесу.

Тәжірбиелі қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың
мақсаты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару.Әлеуметтануда мәдениет
бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара
әрекеттесудің нәтижелері мен процестеріне көзқарас тұрғысынан
қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен
әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам
мүшелерінің өзінің әлеуметтік мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді
қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.

Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылық-танымдық
жүйе болып табылады. Құндылық – бұл осы немес қоғамды заттардың қасиетін,
қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы.
Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субьект деп ұғыну
нәтижесінде олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында
қалыптасады. Әлеуметтік субьектінің құндылық жүйесіне әр түрлі
құндылықтарды жатқызуға болады:

1.Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы өмірдің,
мақсаты мен мәні туралы ойлар);

2.Әмбебап: а) виталды (өмір,денсаулық,жеке қауіпсіздік, тұрмыс-
жағдай ,отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп,т.б); ә) қоғамдық
мойындау (еңбексүйгіштік ,әлеуметтік жағдай,т.б); б) өзара тұлғалық
қатынас (адалдық,ризалық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз
бостандығы,еркіндік ұлттық, егемендік,т.б);

3.Партекулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу;ә) фетишизмдік (
құдайға сену, абсолютке ұмтылу)

Құндылықтар қатынастар өзінің жеке өмір сүруін әлеуметтік норма
көрінісінен табады. Әлеуметтанудағы норма
дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық көрініс
процестерінің шынайы өмір сүретін типі түсіндіріледі. Жалпы қабылдаған
норманы көрсететін шынайы мінез-құлықтың обьективті және субьективті
аспектілері болады. Обьективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен
қажеттіліктерге мазмұны мен нысаны сәйкес келетін сыртқы қылықтар мен
айқындалады. Субьективінде нормативтік мінез-құлықтың идиологиялық
және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке-дара санада ұсынылған
деп айқындалады.

Мәдениеттің синтетикалық нысаны ырым, әдет-ғұрып,салт-дәстүр
сияқты мінез-құлық үлгілері болып табылады. Ырым бұл өзіне осы немесе
басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды нормалар мен құндылықтарды іске
асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің
нышандық-таптаурын жиынтығы. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және
басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен
бірге әсерленушілігі болып жатады.

Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы
және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтар қоғамының
үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы , жартылай
саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны өте
көп. Жабайы қоғам өзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал
қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны көбейе түсуде.

Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа
жазбаша немесе ауызша түрде тасмалдау, жеткізу, қолдау және сақтау
процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің негізгі элементтері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Орта деңгей теориясы
Жеке тұлға және саясат
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Пәндер