Қазақстан териториясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері



1.тарау. Мәдениет теориясы.
Қазақстан териториясындағы ертедегі көшпенділер
мәдениеті мен өнері.
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы
болған негізгі қалалар. Отырар.
Тараз.
Түркістан.
Түрік қағанаты және тағы басқалар мемлекеттік
құрылымдардың пайда болуы.
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениеттi қазiргi кезеңде түсiну оның дағдарысын, адам мен табиғат арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу мүмкiндiгiне жол ашылды.
Сөз жоқ, мәдениеттанушы, ең алдымен мәдени қызметтiң нәтижелерiмен ( мәдени шығармашылықтар тақырыбымен, өнiмдерiмен - мысалы, музыкамен, сурет өнерiнiң туындыларымен) айналысады, сондай-ақ музыкатанушылар, өнертанушылар қандай теориялық позицияны ұстанатындығына тәуелсiз, мәдениет рухын (менталитетiн, мәдени парадигманы) игеруге бет бұрғанда мәдениет танушыларға айналады. Бұл жағдайда екiншi – мәдениеттің коммуникативтiк тобы пайда болады (қарым-қатынас жасау деңгейi, бiлiм беру және тәрбиелеу институттары). Ең соңында, оның ядросы, архетипi-мәдени шығармашылық қызметінің құрылымы.
Мәдениеттану философиядан бөлiнiп шығып, өзiнiң зерттеу тақырыбына ие болады, « мәдениет археологиясына » көңiл аударады, оның генезисiн, жұмыс iстеуiн және дамуын анықтайды, мәдени мұрагерлiк және тұрақтылық тәсiлдерiн, мәдени даму « кодын » ашады. Ол келесi функцияларды қамтамасыз етедi:
- мәдениетi, оның ауызша және символдық қабықшада жасырынған базалык негiздерiн сақтау;
- мәдениеттiң, жанару, инновация институттарының қалыптасуы;
- мәдениет трансляциясы – мәдениеттiң заттану әлемi индивидтiн социаризациясы мен мәдениеттiң даму әлемi ретiнде.
Барлық үш деңгей форма құрудың кең спектрiн сипаттайды (ғылым, техника, өнер, дiн, философия, саясат, құкық, экономика және т.б.), бұл сонымен бiрге қызмет құрылымының, бейнесiн, мәдениеттi тұтастығын анықтап көрсетуге мүмкiндiк бередi және оның жетiстiктерiн суреттеуден тұрмайды, бiрақ осындай тұтастықты жаңғырту проблемасын қою мен концептуальды шешудi болжайды. Мәдениеттанудың мiндетi – мәдениет « генетикасын » құру ол нақты көркемдік iске асырудың тарихи – мәдени процесiн ғана түсiндiрiп қоймай, мәдениеттердiң әртүрлi типтi модельдерiн жаңғыртып, оларға салыстырмалы талдау жүргiзуге мүмкiндiк берер едi.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Байланыс дәріс сабағы
6 сағат
1-тарау. Мәдениет теориясы.
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа
ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология,
әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың
ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениеттi қазiргi кезеңде түсiну оның дағдарысын, адам мен табиғат
арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi
уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi
туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу
мүмкiндiгiне жол ашылды.
Сөз жоқ, мәдениеттанушы, ең алдымен мәдени қызметтiң нәтижелерiмен
( мәдени шығармашылықтар тақырыбымен, өнiмдерiмен - мысалы, музыкамен,
сурет өнерiнiң туындыларымен) айналысады, сондай-ақ музыкатанушылар,
өнертанушылар қандай теориялық позицияны ұстанатындығына тәуелсiз, мәдениет
рухын (менталитетiн, мәдени парадигманы) игеруге бет бұрғанда мәдениет
танушыларға айналады. Бұл жағдайда екiншi – мәдениеттің коммуникативтiк
тобы пайда болады (қарым-қатынас жасау деңгейi, бiлiм беру және тәрбиелеу
институттары). Ең соңында, оның ядросы, архетипi-мәдени шығармашылық
қызметінің құрылымы.
Мәдениеттану философиядан бөлiнiп шығып, өзiнiң зерттеу тақырыбына
ие болады, мәдениет археологиясына көңiл аударады, оның генезисiн,
жұмыс iстеуiн және дамуын анықтайды, мәдени мұрагерлiк және тұрақтылық
тәсiлдерiн, мәдени даму кодын ашады. Ол келесi функцияларды
қамтамасыз етедi:
- мәдениетi, оның ауызша және символдық қабықшада жасырынған
базалык негiздерiн сақтау;
- мәдениеттiң, жанару, инновация институттарының қалыптасуы;
- мәдениет трансляциясы – мәдениеттiң заттану әлемi индивидтiн
социаризациясы мен мәдениеттiң даму әлемi ретiнде.
Барлық үш деңгей форма құрудың кең спектрiн сипаттайды (ғылым,
техника, өнер, дiн, философия, саясат, құкық, экономика және т.б.), бұл
сонымен бiрге қызмет құрылымының, бейнесiн, мәдениеттi тұтастығын анықтап
көрсетуге мүмкiндiк бередi және оның жетiстiктерiн суреттеуден тұрмайды,
бiрақ осындай тұтастықты жаңғырту проблемасын қою мен концептуальды шешудi
болжайды. Мәдениеттанудың мiндетi – мәдениет генетикасын құру ол
нақты көркемдік iске асырудың тарихи – мәдени процесiн ғана түсiндiрiп
қоймай, мәдениеттердiң әртүрлi типтi модельдерiн жаңғыртып, оларға
салыстырмалы талдау жүргiзуге мүмкiндiк берер едi.
Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарына кiргiзiлген мәдениеттану оқу
пәнi ретiнде мәдениеттану мектептерiн, бағыттарын, әлемдiк және отандық
мәдениеттiң теориялары мен тарихын қарастырудан тұрады.
Ол өзара әрекет ететiн элементтерден құралатын және басқа
жүйелермен, қоғаммен өзара байланыста және үнемi дамуда болатын, күрделi
iшкi кұрылымы бар жүйе ретiнде мәдениет туралы бiлiмнiң дербес, логикалық
негiздерге, интеграцияланған жиынтығы түрiнде болады.
Мәдениеттану тақырыбы жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени
процесстерiнiң объективтi заңдылықтары, “тiрi” ескерткiштер және
материалдық пен рухани мадениеттiң құбылыстары, адамдардың мәдени
қызығушылығы мен қажеттiлiктерiнiң пайда болуын, қалыптасуын және дамуын
басқаратын факторлар мен алғышарттар болып табылады.
Мәдениеттану объектiсi әртүрлi табиғи жүйелердегi мәдени өмiр,
негiзгi мәдени- тарихи типтердi ерекшелiктерi мен жетiстiктерiн айқындау,
қазiргi әлеуметтiк мәдени ортада тенденциялар мен процесстердi талдау болып
табылады.
Мәдениеттану ғылымының маңызды проблемаларының қатарына әлемдi және
отандық мәдениет теориясы мен тарихының маңызды маселелерi жатады.
“Мәдениет” сөзi тек XVIII ғасырда тұрақты түрде қолданысқа енiп кең
тараған. Алайда бұл сөз рим антикасында пайда болды, ал латын тiлiнде
“агромәдениет” дегендi бiлдiрген, яғни жердi өндеу, өсiру, егу. Бұл
бастапқы мәнi уақыт өте келе басқа, адамның жеке қасиеттерiмен байланысты
мағынаға ие болады. Ағарту заманы тарихта қалған XVIII ғасырда мәдениет
уғымы тек рухани мәдениет болып шектелiп калады. Адамның бiлiмдiлiгi,
окығандығы және тәрбиелiлiгi басты болады. Мұнда бiлiм шешушi роль
атқарады, алайда сол кезде бiлiмнiң қажеттiлiгi, бiрақ мәдениеттi болу
үшiн ол жеткiлiктi шарт емес екендiгi айқын болды.
Мәдениет туралы ғылым – мәдениеттануға келсек, ол кешiрек, бiздiң
ғасырда қалыптасты. Әрине, мәдениет одан бұрын да зерттелдi. XIX ғасырдың
ортасына дейiн онымен философия мен тарих шұғылданды, одан кейiн басқа
ғылымдар – этнография, философия, антропология қосылды.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын
тарихшысы Э.Тайлордың “Первобытная культура” (“Ертедегi мәдениет”) (1871ж.)
кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеулер
негiзiнде ертедегi (алғашқы )мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп
(әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “abima” өмiр бастауы, тiрi зат,
жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның коршаған ортамен қатынасы бойынша оның
бүкiл практикалық тәжiрбиесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына
сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эвалюцияшыл ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi
кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен
өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету
жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ
эвалюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен
анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды:
“Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен,
өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам
мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениетiң жалпы теориясын кұры
мүмкiндiгi мен кажеттiлiгi бiр қайта ұғынылған жоқ. “Мәдениеттануды” кұру
әрекет не талаптанған алғашкы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы
ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу
кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли
Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану
терминін қолданудың негізін қалады. ( Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай
аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк
кұбылыстардың ерекше класын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен
кейiн тұрады: “Мадениет”өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда
бұл парадоксалды болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей
объектiсi адам емес, мәдениет
болады .
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат коғамына тәуелсiз,
дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде
қарастырады. Мәдениетте ол ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi
белгiлеп көрсетедi:
-біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның
техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б.
қолдануын сипаттайды;
-екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез – құлық
типтерінен, туыстық жүйелерден эканомикалық, саяси, әскери, эстетикалық
және т.б. қатынастардан тұрады;
-үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі
білім түрлерінен құралады;
Қазіргі уақытта 500-ден астам анықтама бар. Зерттеушілер жүзден
астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды былай топтастырды;
-суреттейтін анықтамалар, олар өзінің негізінде Э.Тайлордың мәдени
антропологиясының негізін салушы тұжырымдамасынан шыққан. Мұндай
анықтамалардың мәні мынандай: мәдениет – бұл қызметтің, сенімдердің барлық
түрлерінің жиынтығы,оған адамның жасаған барлық нәрселері (кітаптар,
картиналар және т.б.), табиғатқа және қоғамға бейімдеу жолдарын білу, тіл,
дәстүр, этикт жүйесі, этика, дін кіреді;
-тарихи, қазіргі кезеңге адамзат дамуының бұрынғы кезеңдерінен
жеткен дәстүрлер мен әлуметтік мұраның ролін айқындайды, яғни мәдениет
тарихи даму нәтижесі болып табылады және барлық жасандыдан, адам қолынан
шыққан заттан және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын құралдан, символдан,
ұйымнан, жалпы қызметтен, көзқарастардан,сенімнен құралады;
-нормативті, яғни қабылданған ережелер мен нормалардың мәніне көңіл
бөлетін. Мәдениет – бұл әлуметтік ортамен анықталалын, индивидтің өмір
салты.
-Құндылықтар: Мәдениет – бұл адамдартобының материалдық және
әлуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет – ғұрыптары, мінез
құлық реакциялары,
-психологиялық, адамның нақты проблемаларды психологиялық деңгейде
қалай шешетіндігінен шығады. Мәдениет – адамдардың табиғи орта мен
экологиялық қажеттіліктерге ерекше бейімделудің барлық нәтижелерінен
жинақталады,
-әлеуметтік – педагогикалық: мәдениет бұл адамның биологиялық мұра
(генетикалық) ретінде алатын емес, үйренетін мінез – құлығы (әлуметтендіру
процесінде ие болады);
-құрлымдық, ұйымдастыру немесе модельдеу моменттерінің маңыздылығын
белгілеп көрсетеді. Мәдениет – алуан түрде өзара байланысқан нақты белгілер
жүйесі, Адамның негізгі қажеттіліктерінің маңына ұйымдастырылған,
мәдениеттің материалдық және материалдық емес белгілі мәдениет ядросы
(моделі) болатын әлуметтік институттарды құрады,
идеологиялық; мәдениет – бұл ерекше әрекеттердің көмегімен
индивидтен индивидке ауысатын идеялар ағыны, символдық,мәдениет – бұл
белгілер мен символдарды қолданудан тұратын немесе оған байланысты болатын,
әртүрлі феномендер (материалдық заттар, әрекеттер, идеялар, сезімдер)
ұйымы.
Жеке авторлардың еңбектерінде мәдениет әртүрлі көзқарас жағынан
қарастырылады.
Көптеген ағартушы – философтар, мысалы, неміс ақыны және философы
Ф.Шиллер мәдениетті ішкі, рухани байлығын сөз ете отырып, адамдағы
адамшылық дәрежесі ретінде түсінген. Ф.Ницше мәдениетті халықтың өмір стилі
ретінде анықталған. Жоғарыда айтылған Л.Уайт оған дәстүрлер призмасынан
қараған. Орыс философы Н.Бердяев үшін мәдениет “халықтың тірі тағдыры” ,
“адам мен адамзаттың заңды жолы”, “шығармашылық пен бостандықты жүзеге
асыру ретінде” болған.
Басқа орыс ойщылы Н.Рериктің тұжырымында “Мәдениет – светті
құрметтеу”. Мәдениетадамға деген махаббат. Мәдениет – света қаруы.Мәдениет
– құтқару жолы. Мәдениет – бұл қозғалтқыш. Мәдениет – бұл жүрек.
Ресей философы В.Библер “пирамида тәрізді линза – мәдениет” туралы
жазады, оның шыңы адамтағдырын өздігінен қалыптастыру мен өздігінен
өзгертудің ұйымдасқан актісіретінде адамдық мәннің өздігінен бүлінуі болып
саналады.

Қазақстан териториясындағы ертедегі көшпенділер
мәдениеті мен өнері.
(Ежелгі қазақ өнері)
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия
даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы
игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жаынгер елге
айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран,
парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия
даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек
етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне
жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар,
массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері қазақстан
территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады.
Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи
деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал
аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең
бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы –Авестада көрініс береді.
Кітапта ирандықтармен талай тарихи шайқастарда сынға түскен дэвтар
немесе дайлар туралы бірсыдырғы баяндалған1. (Әбдуали Төлебиев “Өнер Өрісі”
44бет).
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі
тайпа “тұрларды” да атап өтеді. Ал осы “турларды” ежелгі гректер
массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дәлірек
негіздесек қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан
аймағын танып білеміз. Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір
тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып
кетен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің
ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен
қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып
отырды. Массагеттер жауынгер, тайсалмас тарлан. Көшпенді де еркін, ержүрек
халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық
жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей қайта өздеріне айықпас соққы
беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз
аттарын қалдырып отырды.
Соның бірі, әйгілі әйел патша –Томарис. Массагеттер патшасы Томарис
өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп,
әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот
өзінің әйгілі “Тарих” шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынандай дәйекті
келтіреді: “Парсыларды женгеннен кейін массагеттер һадишасы Томарис
торсыққа толтырып қан құйғызып: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің
қансын!”- деп, оған Кирдің басын салдырған.
Әлемнің жартысын жаулап алып, төрткүл дүниеге қаталдығымен, жойқын
жаугершілігімен Мәшһүр болған Кир және одан кейінгі “жеңілмес” патшалар:
Дари, Ескендір Зұлқайнар массагеттер даласына келгенде таулары шағылып,
кері қайтып отырған. Қайсар-батырлықтың арқасында сақ-скиф, массагеттер кең
байтақЕвразия даласын ешкімге бермей жайлап жатты. Көшпенділер мәдениеті
мен өнер өзінің жаулары мен жақтастарын таңдандырып, құндылығымен жарты
әлемге мәшһүр болды. Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі
шығысқа да, батысқа да үлкен әсер етті. Әсіресе “аң бейнелі” әдіспен
әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметпен
қарауына мойын ұсынылды. Ертедегі эллиндік және қытай шеберлері
көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз байларына сіңіруге тырысты.
Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қолы құйма әдістері ең
жоғарғы жктістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл
заттар куә. Соның бірі –Украин археологтары талқан скиф қорғанының әр
түрлі алтын әшекей заттары. Заттар “толстая магила” қорғанынан шыққан,
ішіндегі ең бір құндысы –“пектораль”- алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік
соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына
құрылған. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын,
оның қасіретін бедерленген, ол жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр
шерткен. Екінші бір айта кетерлік дүние – Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан
табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша таралмаған.
Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп,
өрнектелген.
Әңгімелеп өткен екі өнер туындысында да жан-жануар мен адам бейнесі
аса бір терең білімділікпен нақыштанған. Осындай дүниелергеКубандағы
адыгей ауылы – Улаптан табылған римон ыдысты жтқызуға болады. Мұнда нәзік
жасалған ыдыстың төменгі бөлігі, пырақ аттық басына ұласып қиял-ғажайып
композицияға (құрылымға) айналған. Ыдыс алтынмен апталып, күміспен қапталып
бедерлеме әдісімен айшықталған. Аң тәсілді скифтік өнер туындылары “ғажайып
ыдыстар” ежелгі парсы, Орта Азия, Қазақстан және Сібірден де көптеп
табылуда.
Б.э.д. ҮІІІ-ІІІ ғасырлардағы сақ-скиф, совромат одақтастарының саяси
ымыралылығы скиф – сібірлік хайуанат тәсілінің гүлденуіне себепші болды деп
атап көрсетті белгілі археолог-ғалым Кемел Ақышев (Қазақстанның көне
алтыны). Олардың хайуанат әдісіндегі дүниелерді шабыттана жасауды бейбітшіл
өмір сүру ой-толғауынан және діни сеніммен туындаған қасиет еді.
Көшпенділердің “аң бейнесі” стилінің шығу төркіні әріде жатыр, бұл өнер
өзінің бастауын “бұғы тастар” бедерлеме суретінен алады. “Бұғы тастар”
қорымының Қазақстанда пайда болуы б.э.д.ІІ және І мыңжылдықтардың арасы,
дәлірек айтқанды қоло және темір дәуірлерінде. Қазір бізге белгілі сондай
қорымдар Шу-Іле тауының оңтүстік – батысындағы Таңбалы шатқалы, Шығыс
Қазақстан облысының Қарашаш өзенінің бойындағы Бұғытас қорымы. Қорымның
тасқа қашалған аң бейнелері Кейінгі дәуірдегі скифтік хайуанат стилінің
дамуына үлкен серпіліс тудырғанын көрсетеді. Оны жартастағы бұғы бейнесі
мен Шығыс Қазақстан облысының Шілікті қорғанынан шыққан алтын қатырмадан
соғылған бұғы кейіпінің ұқсастығынан көруге болады. Шіліктіден табылған
алтын бұғы бейнесі әсем де сұлу, ырғақты иірімдермен көмкеріліп
нақышталған, көрген адамды өзіне тартып қызықтырылады.
Қорған қазынасының ішінен тек осындай бұғы бейнесі ғана емес, сонымен
бірге көптеген қиял-ғажайып аң түрлері табылған. Олардың көбі алтын мен
асыл тастардан тұрады. Сондай өнер туындысы қыранның стилизациялы тұрқы.
Мұнда қыран құстың тек басының ғана бейнелеуіне қарамай, оның бар табиғи
болмысын сол арқылы көрсете білген. Құстың көз ұясына көзілдір тас
қондырылған. Осы жерден табылған ғажайып балық бейнесі де өзінің
ерекшелігімен көз тартады. Тұтастай алғанда Шіліктіден табылған хайуанат
тәрізді кейіпкер әр алуан мифологиядағы дүние бөлісіне сәйкес келеді. Құс,
жоғарғы жақ – аспан; жыртқыш және жай аңдар – орта тұс; жылан мен балық –
төменгі жақ (жер асты өмірі). Яғни ежелгі адамдардың түсінгі бойынша,
тіршілік ғалам үш бөлікке бөлінген, оны жоғарыдағыдай шартты аң
бейнелерімен көрсетуге тырысқан. Ал кейіннен мелекеттік құрылыс дами
бастаған соң, сақ-скифтерде мұндай кейіптер жаңа ұғымға сайып,үстемдіктің,
өктемдіктің белгісін танытатын болды.Осыған қарамай алтын бұғы бейнелері
көшпенділер әлемінде шуақты күн нұрының, бақытты,бейбітшіл өмірдің символы
ретінде қала берді.
Бүкіл Евразиялық байтақ даласын күн шуақты – алтынды “аң тәсілді”
өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес
мұралар қалдырды. Соның бірі әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген,
біртума ескерткіш Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” кейіпі жерленген
мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған киім киісіне қарағанда,
оның анау-мынау адам емес, патша сарайы қызметшісі немесе бір тайпа елдің
көсемі екеніне шүбә келтірмейсіз. Алтын адам кімі – сирек кездесетін
ғажайып өнер туындысы. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-
бабамыхдың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің
алтын тұғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құрылған қапсағай
сауыт, қанашшы тұлпар (пырақ) мен архар бейнесі қондырылып, алтын
жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлер – озық ойлы,
талантты шебердің қолынан шыққан құдіретті туынды емес пе?.
Әлем мәдениетіне қайталанбас, эстетикалық талғамы зор өнер стилін
әкелген сақ-скиф тайпа бірлестіктері басқа елдердің өнерінің дамуына игі
ықпалын тигізді.
Көшпенділер өнерінің шуағы бір шеті Қытайға , екінші шеті ертедегі
Иберияға (Испания) дейін жетті. Сол дәуірде скиф-сақ тайпалар
бірлестіктерінің ішіндегі аландар, совраматтар, сарматтар ежелгі грек,
Римге дейінгі жерді жайлап, тіпті кейде сол өңіргеөз үстемдіктерін жұргізіп
те отырған.
Кейіннен сақтарды безендіру ағымының ықпалынан полихромдық өнер ағымы
пайда болды. Полихромдық ағымда негізінен екі бағыт қатты дамыды; оның
біріншісі – дәнекерлеп жасаған ұяларға түрлі – түсті тастар орнатылады,
сонымен бірге әсем түйіршіктер мен жыртырлаған сымнан өрнектер жасалды,
екініш бағыттағыларда фон (түс-қабыршық) болмайды дәнекерленіп жасалған
қоршауларға асыл тастар орнатылады. Осы екі бағытта жасалған әшекей заттар
Қазақстанның кең байтақ даласында көптеп табылуда. Көбінесе, солардың
ішінде; сәукеле, шекелік, жүзік, сырға белдік, қын, қылыштың сабы т.б.
заттар кездеседі. Табылған олжалардың ішіндегі көңіл аударарлық дүние
Қарағаш шатқалындағы (Ақмола уезі) бейіттен табылған мүйізді аждаваның
кейпі. Күмістен өрілген әшекей ұштығына домалақ асыл тастар орнатылған және
түйіршектерден құралған шоқ-шоқ гүлді өрнектермен көмкерілген.
Әр халықтың ғасырлар бойы жинақтап қалыптастырған мәдениеті мен өнері
сол елдің өзіндік паспорты (құжаты) сияқты. Соған қарап-ақ ол халықтың
қаншалықты дамыған өркениетті ел екенін, тарихын топшылап, көңіл сарайында
таразылап білуге болады.
Жалпы адамзат тарихына көз жіберсек, “көшпенділер” деген атпен
әйгіленген сақ-скиф тайпа бірлестіктеріне кіретін халықтар өмірі мен
мәдениеті еске түседі. Тақырыбымыздың басында атап өткеніміздей, міне осы
көшпенді бабаларымыз кезінде біршеті Қытай, екінші шеті Солтүстік мұзды
мұхит бір жағы батыс Европаны басып өтіп, Мысырға дейін көшіп-қонып, әр
дәуірде билік құрып, үстемдік еткен. Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің
мәдениетіне , өнеріне тигізген әсері ұшан-теңіз. Бүкіл әлем халықтарының
өнерінде, әсіресе сәулем саласында тайға таңба басқандай көшпенділер
ықпалының табы, стилі сезіледі. Көшпенділердің сол мәдени ықпалын қаншама
жылдар бойы ұлыдержавалық саясат жасырып-жауып айтпай келді, тек соңғы
кездерде ғана сең сөгілгендей болды. Тарихи шындықты қалай да бұрмалап,
бүркемеленгенмен, бәрібір түнекті жарып шығып, өз орнын табады, солай болды
да.

Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы

болған негізгі қалалар. Отырар.
Отырар – қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі.
Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі оңтүстік қазақстан
облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар
қаласы туралы көшпеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Тарихи
деректерге үңілер болсақ, Отырар кезіндеФараб деген атпен де белгілі
болғанға ұқсайды. Алғаш сол аймақтың аты Фараб атанып, астанасы Отырар
болған, ал кейіннен қаланың өзі де Фараб атанған (ҮІІІ ғасырда). Сонымен
бірге қала ІХ ғасырдың басында Тарбан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
Қазақ қоғамындағы билердің ролі
Алтын адам туралы дерек
Ұлттық кіим үлгілерінің көшірмелерін жасау
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстан көшпелілердің және арғытүріктердің мәдени мұрасы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Көк - Тәңір сөзінің баламасы
Пәндер