Қоғамдағы ішкі және сыртқы әлеуметтік жағдайлар


- Қоғамдағы ішкі әлеуметтік жағдайлар
Халықаралық қауымдастықта Қазақстанның беделі өсіп, салмағы артуда. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады. 1991 жылы 16-желтоқсанда Жоғарғы Кеңес “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заң қабылдады. Онда « . . . жеке адамның құқықтары мен бостандықтары өтімділігін мойындай отырып азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды», -деп әлемге паш етті. Бұдан кейін Қазақстан халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретінде нық басып кірді. Қазір мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, 1995 жылдың аяғында 115 мемлекет танып, 100 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.
Дүниежүзілік адамзат қауымдастығында салмақты орын алып, халықаралық қатынаста Қазақстанның үлесі арта түскенмен оның ішкі саясиәлеуметтік жағдайы күрделі дағдарысқа ұшырады. Соған байланысты, әрі нарықтық қатынастарға өту кезеңі көптеген әлеуметтік проблемаларды тудырды. Экономикалық реформаны жекешелендіру, купандандыру сияқты әдіспен жүргізу халықтың көпшілігінің өмірлік тәжірибесіне қайшы келіп, оның өмір сапасын және тұрмыс күйін нашарлатты. Бұл елдегі әлеуметтік жағдайды шиеленстіріп жіберді. Тек, 1993 жылдың 11 айында инфлятция 1680 протцентке өсіпкетткен еді. Азық-түлік ай сайын қымбаттап келді. Жекешелендірудің I-кзеңде /1991-1992/ халық кедейленді. 1996 жылғы сауырде Қазақстан халықтары Ассамблеясынығң үшінші сессиясында осы кезенді Президент Н. Ә. Назарбаев былай сипаттады: «. . әбден қилы кеткен, тіпті ақшаның өзі шын мәнде ешқандай құны болмаған экономика еді. Инфляция жабық нысаннан ашық нысанға көшіп, баға барлық қолданылып жатқан шараларға қарамастан әкімшілік бақлаумен шығып кеткен болатын».
1996 жылы елде 559 кәсып орын толық тоқтап, 1129 кәсыпорыншынара кідіріп, 410 кәсыпорын толық емес режимммне жұмыс істеген. Соның салдарынан ресми тіркелген жұмыссыздар саны 282, 4 мын болған. Кентау мен Жанатаста өндірістің тоқтап қалуы ондағы жұмысшылардың жылдап жалақы алмауына соқтырды. Ал ол халықты аштыққа соқтырып, олар наразылықпен ұйымдасқан түрде көшеге шығуға мәжбүр болды. Экономикалық дағдарыселде қылмыстық әрекеттерді молайтты. Мәселен, 1992 жылы қайғылы жағдайлардан 18494 адам, соныңм ішінде зұлымдар қолынан 5783 адам қаза тапқан. Ал 1993жылы онымен салыстырғанда кісі өлтыру 17 проценке, қасақана қастандықпен өлтыру 24 проценке өскен. Қылмысттың небір сұлқиялық түрі кең етек жаюда. Әсыресе, мылтық қолдану өсуде. Бір ғана Ақтөбе облысының ішкі істер басқармасының мәлметі боиынша, мылтық жұмсаумен қылмыс жасау 4 есе өскен. Бұрынғы одақтас республикалардың ішінде бірінші болып халыққа мылттық ұстауға рұқсат еткен Қазақстан Үкіметі болды. Бұл өзінің қайғылы нәтижесің көп күттірген жоқ .
Қылмыстың көлемі мен қанпезерлік түрлерінің өсуімен қатар, қылмысты әректтер жолына жастардың көптеп түсуі қасіретті ахуал. 1993 жылы кәмілетке жетпеген балалар 13 мыңнан аса қылмыс жасаған. Жасөспірім қылмыскерлердің үштен бірі кәсіби-техникалық училищенің, ал 28 проценті-мектепте оқушылары.
Жалпы жұмыссыздық, қымбатшылық каптиалистік құрылыстың серігі. Өйткені, бизнесменге капиталын молайту үшін өндірісті интенсивтендіру арқылы жұмыс қолын азайту пайдалы. Ал өндірілген өнімді қаншалықты қымбатқа сатса, соншалықты пайда келтіретіні анық .
Соңғы 5-6 жылда бізде бағаны дүниежүзілік денгейге дейін көтереміз, нарықтық реформа осыны қажет етеді деп қуат көзі, өндірістік заттардан бастап азық-түлік, тұтыну қызметі аясына дейін шарықтан қымбаттауы сол капиталистік үстем державалар қойған бағаның талабына сай келеді.
Нарықтық қатынасқа өтпелі кезеңнің бір ауыр әлеуметтік салдары-елімізде жұмыссыздық өсе түсуі болып отыр. Мәселен, 1996 жылы 559 кәсіп орын толық тоқтап, 300 мың жұмысшысы бар 1129 кәсіп орын шінара кідіріп, 410 кәсіпорын толық емес режиммен жұмыс 282, 4 мың болған. 187 мыңнан аса жұмыскерлерге демалысқа шығуға мәжбүр болған. Ал олардың 80 протценттен астамы төлемсіз дем алған.
Қазақ ұлтының 70процентіндей ауылдық жерде тұратынын ескерсек, «ауыл жағдайыды» негізінен солар басынан кешіріп отыр. Ауылдағы әлеуметтік ахуалдың ауырлығы Парламенттің назарын ерекше аударып, онда сенатор Тасбай Симамбаевтың басқаруымен «Ауыл» деген депутаттық топ құрылды. Т. Симамбаев өзінің «Панорама» газетіне берген сұқбатында ауылдағы «мектептер6 аруханалар6 балалар бақшасы, тағы басқа әлеуметтік объектілері тағдырдың тәлкегіне тасталды», -деп көрсетті.
1992-95 жылдары ауыл шаруашылығы тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарының бағасы орташа есеппен 27 мың есе, жанар-жағар майдікі-56 мың есе, электр қуаты-65 мың есе өссе, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4 мың есе ғана өскен. Осының салдарынын аталған жылдары ет өндіру 40 процентке, сүт-20, жұмыртқа-55 протцентке азайд. Жалпы қоғамдық өнімді өндірудегі ауыл шаруашылығының үлесі 1989 жылғы 24, 4 проценттен 1995 жылы 11, 4 процентке дейін төмендеді.
Нарықтық қатынасқа өтпелі кезең елдегі демографиялық ахуалды да ауырлтып жіберді. Тұрмыстың ауырлығынан некеге тұру азайып, ерлізайыптылардың ажырасуы көбейе түсті. 1989 жылы некелер саны 165, 4 мың болса, 1997 жылы 101, 9 мың ғана болған. Ал ажырасушылар коэффициенті 2, 8-ден 2, 3 дейін кеміген /1000 адамға шаққанда/. Соның әлеуметтік салдары балалардың тууын азайтып, 1988 жылы 407, 1 мыңнан 1997 жылы 232, 7 мың сәбиге төмендеуіне дейін әкелді. Халық өсімі рейтінгі жағынан Қазқстан 1992 жылы әлемдегі 64 орнынан 1998 жылы 93-ші орынға жылжыды.
- Елдегі саяси ахуал
Елдің саяси жағдайы оның әлеуметтік-экономикалық ахуалымен тығыз байланысты. Тұйықтан шығару жолын іздеп, жаңа сапалы өмір салтын іздеп, жаңа сапалы өмір салтын жаңа әділетті қоғамдық қатынастарды орнату үшін күресі заңдылық. . Қазақстандағы саяси лидерлердің талпыныстары, ел дәулетін реформалау-саяси-әлеуметтік қатынастардың жаңа моделін оранту жолындағы ізденіс амалдары, Қазақстан өміріндегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық проблемалар жөніндегі жасалған айқындамалар, ісқимыл қақында бағдарламалар да бар. Солай болғанмен жоғарыда аталған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев түпкі мақсат пен болашақ қоғам туралы пікірін айқындай түсті. Онда ол: « . . . қазіргі заман капитализм мен социализмнің егісімен емес, қайта олардың өзара кірісіп, қосылуымен сипатталмайтын басшылыққа, алуымыз керек», -деп қоғамдық жүйенің артықшылықтарын, сынаған тәжірибелерін ескере отырып, жаңа қоғамдық құбылыстың моделін құрудың қажеттігін тұжырымдайды. Бұл, әрине, әр елдің дағдайын көп көріп, көп зерттеп, көп толғанып барып жасалған тұжырым екені айқын. Оған бартын жолбелестерін алу үшін қоғамның барлық әлеуметтік топтарының қауымдаса түсуі, ұлттар ұлыстардың қатарының бірге түсуі-басты шарт. Президенттің барлық саяси әлеуметтік әрекеті де осыған бағытталған. Бұл әрине, бірден-бір дұрыс саясат. Олар саясат, біздіңше, ең алдымен қазақ ұлтының табиғи мінезінің кеңдігіне, оған біреудің-нәсілдік, діни, дәстүрлік айырмашылықтарына бола жаттықпен қарау сезімінің жат екендігіне сүеніп жүргізіліп отыр. Қазақстан саясаты көп ұлтты, көп нәсілдік тәкәпарлықтан, ұлы державалық менмендіктен тазара алмай жүрген орыс топтарының әрекеттері қоғамдағы тұрақтылыққа қанжар сілтегенмен бірдей. Олар біріншіден, орыстар Қазақстанда қудалануда деген жалған лақаптар таратып, ұлтаралық назарлықты қоздырады. Олар мұндай өсекті өздерінің Кеңес Одағы кезінде пайдаланған артықшылықтарын көксегендіктен таратады. Шындығында орыстар мемлекетті басқару құрлымының барлық буында жауапты жұмыстарда отыр. «Қазақстан апартейд мемлекетіне айналуда», орыстардың «құқығы бұзылуда» деп байбалам салып жүрген орыс құрамының тәкәпар тобы халықтар арасында болыпжатқан миграциялық табиғи процесінің өзін өзінің айналдырып береді. Мәселені, тып-тыныш еді делінетін 80-жылдарының өзінде Республикадан жыл сайын орта есеппен 80-100 мың адам көшіп кетіп жататын. Ал 1993жылы Қазақстаннан 170мың орыстар қоныс аударса 46, 6 мыңдай орыстар көшіп келген. Келуші орыстар легі лол айып, 1994жыл олардың саны 55мыңға жетті 1997жылы да 50мыңнан аса орыстар қайтып оралды босқындар проблемасы деген саяси-әлеуметтік қасрет Қазақстанда жоқ. . Ұлттардың жанжақты өсіп-өркендеуі және ұлтаралық қатынастарды нығайту үшін Қазақстанда 3ске асырылып жат0ан шараларды мына массалар ғана айқын көрсете алады
Мектептерде сабақ он сегіз тілде жүргізіп, Республикалық ақпарат құралдары алты тілде шығарылады. Әрбір оболыста орыс драма театры бар. Онымен қатар бес ұлттық театр жұмыс істейді. Білім беру жүйесіндегі 8300-ден астам мектептің 3080-де орыс тілінде, 2800-де қазақ тілінде, басқаларында өзге ұлыстар тілінде сабақ жүргізіледі. Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің 270мыңдайы, яғни 78% орыс тілінде оқиды. 1993-1994 оқу жылдарында абитуренттерінің 73%-ті жоғарғы оқу орындарының оырс бөлімдеріне қабылданды. Қазақтардың 98% астамы орыс тілінде сөйлей алатын болса, орыстардың жарты протцентті жана қазақ тілінде сөйлей алады. Бұхаралық ақпарат құралдарының 70% орыс тілін падаланады.
Келтірілген мысалдар Қазақстанда ұлт аралық проблеманың, соның ішнде «орыс тілді халықтар проблемасы» дегенінің жоқ екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының коститутциясы: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халық . . . өзімізді еркіндік, тендік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам» құрамыз деп жария етті. Ата заңымыздың бұл қағидасы мүлтіксіз іске асуда. Бұл Қазақстан Республикасы халықтары ассамблиясының жұмысынанда көрініс табуда.
Қос азаматтықты жане орыс тіліде де мемлекеттік мәртебе беруді талап етушілер де жоқтан проблема жасап жүргендер. Шынында ұлтаралық бірлікті нығайта түсуге бағытталған Қазақстандағы тыңғылықты, байсалды саясат бұл айтылып жүрген мәселесін шиеленістірмеу мақсатымен Қазақстан басшылығы жаңа шаларалар жасады.
1995 жылдың 20-қантарында қол қойылған Ресей Федерациясына тұрақты тұруға келген Қазақстан азаматтардың және Қзақстанда ұрақтануға келен Ресей Федерациясы азаматтары азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы, онымен қатар сол екі елде тұрақтап тұратын әр мемлекет азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы құжаттардың қабылдануы проблеманы осалдатты.
Қазақстан қоғамының шешіле қоймаған тағы бір проблемасы- ол мемлекетке өзінің мемлекеттік атын берген қазақ ұлтының ана тілінің қолдану аясының тарылып, өзінің мемлекеттік тіл мәртебесіне саи келмеи отырғандығы. Қазақстан Республикасының коститутциясында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі» - деп салтанаты түрде бекітілсе де әлі шешілуін күтудег проблема болып қалып отыр. Оған рухан мәдениеттнің жаңа, нарықтық қатынасқа өту жағдайында күйзеліске ұшырауы, саяси мәдениеттің жетілмеуі қосылып проблеманы күрделеніріп жіберді . 1995 жылы қабылданған Конституция орыс тілінің ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінін жойып, оған мемлекеттік ұйымдарда ғана қазақ тілімен қатар ресмилік мәртебе беруі Қазақ тілінің проблемасын шешуге біраз жағдай туғызды.
Жаңа қоғомдық қатынастар жағдайына өту кезеңде Қазақстанның алдында тұрған күрделі саяси- әлеуметтік проблема оның экономикалық, саяси егемдігін нығайту.
Елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайту үшін біраз істеу тындырылуда . Ең алдымен ішкі мүмкіндіктерді халық игілігіне қызмет еткізу үшін табиғат байлығын игерудің көзі ізделуде. Республиканың Батыс өңірінде мұнай мен газдың бай қорын падалануды тез шешу мақсатында осы өндіріс саласында бай тәжірибесі мен мүмкіндігі бар АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясымен шарт жасасып, «Тенгизшевройыл»өндіріс компаниясы жұмысқа кіріс . Бұл Қазақстан - АҚШ бірлестігі алғашқы үш жылда-ақ Қазақстан 805 млн. Доллар пайда түсіру керек. Оның ең бірі пайдалысы- Атырау облысындағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға, жергілікті халықтан жұмыс күшін тартуға, олар, жоғары еңбек ақы төлеу арқылы тұрмыстық жағдай деңгейін көтеруге себебін тигізетіндей .
Осы сияқты әлеуметтік - экономикалық мақсаты көздеген мұнай контрактасы Францияның «Эльф - Нефтигаз» фирмасы құралды. Сонымен қатар Павлодар трактор зауыты, Ақмола машина жасау зауаттары халық шаруашлығының ішкі сұранымен өтейтін құрал- саймандар шығаратын етіп қайта құрылды.
- Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басты бағыт-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдермен біртұтас экономикалық кеңестік орнату. Бірақ мұнда да біраз түсінбестіктер мен қиыншылықтарды жеңуге тура келеді. Қазақстан өзінің ежелгі тарихи көршісі Ресеймен көптеген салада экономикалық келісімдер жасады. Бірақ ол толық орындалмай келеді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев 1995 жылғы 16-желтоқсанда жариялаған мақаласында: «Қазақстан мен Ресейдің бір-бірімен өзара қарым-қатынасында проблемаларда кездесіп отыратыны және олардың жиі-жиі күрделі болатыны да өзінен-өзі түсінікті»-деп деп ашық жазды.
Ондай проблемаларды шешуге Қазақстан жағы ылғи ұмтылыс жасаумен келеді. Оның бір көрінісі 1996жылы 27 сәуірде қабылданған әҚазақстан Ресей бірлескен /Алматы/ декларациясы» болды. Бұл екі ел президенттері қолымен жариялаған декларация шын мәнінде тарихи құжат болды. Онда: «Егемендікті, тәуелсіздікті силау, аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық принциптерін ақтау негізінде интеграцияны тереңдету Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады», -деп баса көрсетілді.
Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы жалпы алғанда тұтақтылықпен сипатталады. Оның егемендігі жарияланасымен саяси реформа жоғарыдан басталып жүргізіле бастады. Мемлекет басшысы бұрынғыдай Жоғары Кеңес төралқасының төрағасы емес, бүкіл халық сайлағанпрезидент болатын болды. Өкімет үш бұтақтан: Жоғары Кеңес, Президент және Жоғары Соттан тұру көзделеді. Бірақ, 1993 жылдың 28 қаңтарында қаболданған конституция заң шығарушы орган мен атқарушы өкімет билігінің функцияларын, шегін айқын, жеткізе жіктеп бере алмады. Жоғары Кеңес өзіне бөлінген заң шығару функциясымен қатар бақылау функциясы да иеленіп кетуге талпыныс жасады. Бұл келеңсіздік бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституцияның қабылдануына әкеліп соқтырды. Ол «Қазақстан Республикасы-Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет», деп жариялады. Жаңа Ата Заң негізінде палаталы /сенат, мәжіліс/ Парламент сайлауы 1995 жылы 5 және 9 желтоқсанда өткізілді. Орталық сайлау коммиссиясы сайлаушылардың белсенділігін аттап көрсетті. Сайлау тізіміне жазылғандардың 79, 84 проценті дауыс беруге қатысқан.
Парламент сайлауында тоғыз партия қатысып, өз өкілдерін өткізді. Оның ішінде Халық бірлігі парпиясынан-2 депутат, Демократиялық партия-12, шаруалар одағы-7, жастар одағы мен инжинерлер одағы-үшеуден, Қазақстан комунистік партиясынан-2 депутат саиланды. Парламенттің жоғары палатасы-Мәжіліске-67 депутат сайланды. Олардың 101-і еркек, 13-і әйел, Бір депутаттың ғана жоғарыдан төмен бөлімі бар.
Қазақстанның көп ұлттық сипаты оның жаңа сайланған парламентінің құрамынан да айқын байқалып тұр. Оған алты ұлттың өкілдері депутат болып сайланған. Оның ішінде 74 қазақ, 34 орыс, 3 украйындықтар бар. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа құрамының сайлануы, ішкі және сыртқы реакцияшыл күштерідің әлеуметтік ахуалды шиеленістіруге деген әрекетіне қарамастан, демократияның жеңісі, жаңаландыру саясатының жеңісі, болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz