Юрген хабермастың коммуникативтік әрекет теориясы



1. Юрген Хабермас
2. Ю. Хабермастың пікірінше
3. Батыстың дамыған қоғамдарында кейінгі онжылдықта дамыған тартыстардың өзіндік ерекшеліктері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
1. Юрген Хабермас- белгілі әлеуметтік ойшыл, қазіргі марксизмнің белгілі көшбасшыларының бірі, Франкфурктің Неомарксистік институтының директоры. Әлеуметтанудағы Хабермас идеясының орны оның идеяларымен және еңбектерімен анықталады. Оның жұмыстарының ішінде «коммуникативтік әрекеттер теориясы» атты 2 томдық еңбегі іргелі зерттеу болып табылады. Бұл еңбекте әлеуметтану классиктері Макс Вебер, Джордж Герберд Мид, Эмиль Дюркгчейм және Толкот Парсонс, Карл Маркс, Макс Хоркхаймер және Теодор Адорно мұралары мұқият талданады. Жұмыс теориялық сипатта болғанымен, Хабермас алғы сөзде былай дейді:
«Әрине, бұл ұсынып отырған еңбектің астарында қазіргі заман тарихының ауаны жасырылған . Алпысыншы жылдардан бастап, батыс қоғамы батыстық ақыл ойдың сынға ұшырайтын халіне тақалды. Бұл елдердегі ішкі қатынастардың бір қалыпқа түсуі және жалпы көпшіліктің молшылығын (әсіресе Германияда) көздеген мемелекеттік саясат әлеуметтанушылық және мәдени қиындықтардың өсуіне соқтырды. Біз сондай ақ кең ауқымдағы нарықтық қатынастардың тұрақсыздығын мойындай түсудеміз. Бұрын мұны тежеуге болғанымен, толық бақылауға ала алмағанбыз. Бұл құбылыстар жайлы теориялық пікірталастар батыс дәстүрі мен рухының терең негіздерін қозғайды».
Осылайша өзінің теориялық еңбегімен Хабермас ашық саяси мақсаттарды көздейді. Ең алдымен, ол екі лагерге көңіл аударады. Біріншіден, «Қайтсе де экономикадағы жіне қоғамдағы жаңғыртудың капиталистік үлгісін сақтауға тырысатын » - «консерваторларға» қаратып айтады. Хабермастың пікірінше, «ХІХ ғ. аяғынан бастап белгілі бір себептермен нарықтан мемлекеттке немесе, керісінше, көшкен, яғни бұл мәселелерді ақша мен билік арасында қақпақылдап отырған кезде бұл мәселелерге қайта-қайта оралып, жаңа идеялар табу қиын». Екінші жағынан, ол «өсімнің сыншылдарымен» де келіспейді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Юрген Хабермастың коммуникативтік
әрекет теориясы
1. Юрген Хабермас- белгілі әлеуметтік ойшыл, қазіргі
марксизмнің белгілі көшбасшыларының бірі, Франкфурктің Неомарксистік
институтының директоры. Әлеуметтанудағы Хабермас идеясының орны оның
идеяларымен және еңбектерімен анықталады. Оның жұмыстарының ішінде
коммуникативтік әрекеттер теориясы атты 2 томдық еңбегі іргелі
зерттеу болып табылады. Бұл еңбекте әлеуметтану классиктері Макс
Вебер, Джордж Герберд Мид, Эмиль Дюркгчейм және Толкот Парсонс, Карл
Маркс, Макс Хоркхаймер және Теодор Адорно мұралары мұқият талданады.
Жұмыс теориялық сипатта болғанымен, Хабермас алғы сөзде былай дейді:
Әрине, бұл ұсынып отырған еңбектің астарында қазіргі заман
тарихының ауаны жасырылған . Алпысыншы жылдардан бастап, батыс қоғамы
батыстық ақыл ойдың сынға ұшырайтын халіне тақалды. Бұл елдердегі
ішкі қатынастардың бір қалыпқа түсуі және жалпы көпшіліктің молшылығын
(әсіресе Германияда) көздеген мемелекеттік саясат әлеуметтанушылық
және мәдени қиындықтардың өсуіне соқтырды. Біз сондай ақ кең ауқымдағы
нарықтық қатынастардың тұрақсыздығын мойындай түсудеміз. Бұрын мұны
тежеуге болғанымен, толық бақылауға ала алмағанбыз. Бұл құбылыстар
жайлы теориялық пікірталастар батыс дәстүрі мен рухының терең
негіздерін қозғайды.
Осылайша өзінің теориялық еңбегімен Хабермас ашық саяси
мақсаттарды көздейді. Ең алдымен, ол екі лагерге көңіл аударады.
Біріншіден, Қайтсе де экономикадағы жіне қоғамдағы жаңғыртудың
капиталистік үлгісін сақтауға тырысатын - консерваторларға қаратып
айтады. Хабермастың пікірінше, ХІХ ғ. аяғынан бастап белгілі бір
себептермен нарықтан мемлекеттке немесе, керісінше, көшкен, яғни бұл
мәселелерді ақша мен билік арасында қақпақылдап отырған кезде бұл
мәселелерге қайта-қайта оралып, жаңа идеялар табу қиын. Екінші
жағынан, ол өсімнің сыншылдарымен де келіспейді. Олар экономика мен
әкімшіліктегі мінез құлық жүйесінің күрделілігінен бас тартып, қайтсе
де қазіргі заманғы қоршаған ортаның тазалығы үшін күресушілер
тарапынан шығатын бұл сын ең маңызды нәрсені назардан тыс қалдырады:
Монетарлық әкімшілік күрделіліктің өсімін шектеу өмір сүрудің қазіргі
заманғы нысанынан бас тарту емес. Құрылымды бөлшекті дүниеде жүйенің
күрделенуі туралы ұғымға сыймайтын мүмкіндік бар.
Сондықтан Хабермастың ойынша, қозғалыстың қазіргі заман жаққа
алған бағытын сақтау керек. Хабермастың теориясы бойынша, бір бірімен
түйісетін мәселелердің үш кешенін талдаудан мынадай қорытынды шығады.
Біріншіден, коммуникативтік ұғымдылық өз мағынасы бойынша күмәншіл,
бірақ ол конгнивті инструменталды санаға қарсы тұра алады. Екіншіден,
қоғамды екі ұшты түсіну өмірлік дүние мен жүйелік дүниенің қарым
қатынасын теориялық түсіндіруден гөрі басымдау. Ақырында қазіргі заман
теориясы әлеуметтік зерттеу түрлерінің барлығын түсіндіреді. Осылайша
коммуникативтік мінез құлық теориясы қоғамдағы өмірлік байланыстарды
ұғындыру мүмкіндігін тудыруға тырысады.
2. Қоғамдық теориялардың қазіргі қоғамды талдаудағы іргелі
мәселесі-бұл әлемнің ұтымдылығы қаншалықты артты, егер бұл осылай
болса, оның мәні қандай деген мәселе болды. Вебердің пікірінше, Батыс
Германиядағы мақсаттылықтың артуы қоғамның мәдени және әлеуметтік
салаларының мән мағынасы төмендеп, жұтаңдауына соқтырды. Хабермас
Вебермен ішінара келісе отырып оның бір ғана ұтымдылық нысанымен тым
әуестеніп кеткенін, соның салдарынан мәдни және әлеуметтік салаларда
ұтымдылықтың өзге түрін көріп отырғандығын айтады. Вебердің пікірінше,
қазіргі қоғамның өзіндік ерекшелігі ол құндылықты салаға бөлінеді
ғылым, мораль мен құқық, сондай ақ өнер салалары. Хабермас бұл үштік
бөліністі өзінің әмбебап прагматикасына негіздейді. Хабермастың
пікірінше, бұл әр түрлі талаптану мен шындыққа негізделеді.
Ғылым – ақиқатқа талаптану мен, мораль - адалдықты, өнер -
шыншылдықты қалауымен құралады. Хабермастың пікірінше, коммуникативтік
ұтымдылық – бұл осы үш саладағы ұтымдылық. Бірақ олар бір бірінен
өзгешеленгенде әр саладағы өз талпынысына байланысты ерекшеленеді.
Қазіргі қоғамда ғылым моральдан, мораль өнерден бөлектенгеніне
қарамастан, барлық салаларда ақиқат, адалдық, шыншылдық сияқты
талпыныстарды қорғайтын дәлелдер табуға болады. Яғни бұл үш сала да,
Хаберместың пікірінше, коммуникативтік тұрғыдан ұтымды болады.
Телеологиялық әрекет – бұл жеке тұлғаның өзінің алдына қойған
мақсаты үшін әрекеттенуі, бірақ, адам телепатиялық әрекетін басқа
адамдардың да мақсаттарымен санаса отырып құруға мәжбүр. Хабермас
сондықтан телеологиялық әрекетті екі түрге – құрал саймандық және
стратегиялық әрекеттерге бөледі. Нормативті реттеуші әрекет түсінігі,
керісінше, қоғамда қалыптасқан ережелер мен құндылықтар жүйесінен
шығады. Бұл жерде жеке тұлға ең алдымен қоғамда қабылданған
ережелермен сәйкестеніп, үйлесімді әрекет жасайды. Үшінші –
драматургиялық әрекет ұғымын Хабермас Ирвинг Гофманның драматургиялық
әлеуметтануынан алады. Бұл түсінік жеке тұлғаның бет бейнесін ашатын
әрекет. Осылайша әрекет етуші жеке тұлға өзінің субъективтік әлемін
көрсетеді. Мінез құлықтық түсінік объективтік әлемге байланысты емес,
әр түрлі субъекті әлемдерінің өзара әрекеттестігіне құрылады.
Дүниедегі құбылыстар дәстүрлі институттардың (шіркеу немесе билік
иесі) бақылауынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме дебат
Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны
Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық фактор
ГАНС АЙЗЕНК: ТҰЛҒАЛЫҚ ТИПТЕР ТЕОРИЯСЫ
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері
Электронды ақпарат құралдары
Гидрология туралы түсініктер мен зерттеулер
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына үлес қосқан шет елдік және отандық ғалымдардың теориялары мен еңбектеріне қысқаша шолу
Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы мен түрлері
Пәндер