Аддективті мінез-құлық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Аддективті мінез-құлық ерекшеліктері.
Орындаған: Өтелбаева Б. А.
Тобы: ПиП-509
Тексерген:Жақпаров
Семей 2017 жыл
Тұлғаның аддиктивті мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері
Аддикцияны немесе тәуелділікті зерттеу барысында (ағылшын тілінде addiction-тәуелділік) бірнеше ғылымдар орын алады, оларға психология, әлеуметтану, медицина ғылымдары жатады. Шетелде жиырма бірінші ғасырда осы ғылымдардың тоғысуынан жаңа - аддиктология деген тәуелділікті зерттейтін ғылым қалыптасты. Қазіргі таңда аддиктология төмендегідей тәуелділіктің түрлерін зерттейді: нашақорлық аддикциясы (сонымен қоса токсикомания), ішімдік, темекіге деген аддикция, компьютерлік, ойындық (компьютерлік ойындарға тәуелділік), еңбекке деген тәуелділік, экзотикалық тағамдарға, махаббаттық және жыныстық (бұл екі түрлі көріністе), адамдарға, заттарға және оқиғаларға тәуелділік және көптеген басқа түрлерін қамтиды.
Заманауи зерттеулерде аддиктивті мінез-құлықтың үш мәселелік өрісін айқындауға болады: 1) аддикцияның пайда болу себебін зерттеу; 2) аддиктивті мінез-құлықтың динамикасын зерттеу; 3) аддиктивті мінез-құлықты түзету мәселесі.
Аддиктивті мінез-құлықтың пайда болу себебтерінің ішінен тұлғааралық қарым-қатынасты ерекше орынға қойса болады. Тұлғааралық қарым-қатынастағы рөлдердің бұзылысы туралы В. Н. Мясищев көрсетіп кеткендей, қарым-қатынас - тұлғаның көп қырлы тұстарын айқындайды және сол арқылы қалыптасады, дамиды.
Заманауи аддиктология кез-келген аддиктивті мінез-құлықтың формасының аспектісі - тұлғалық қарым-қатынастың бұзылысы деп қарастырады. Психологиялық сөздікте көрсетілгендей, аддиктивті мінез-құлықтың анықтамасында - бұл мінез-құлықтың формасы ең алдымен тұлғалық қатынастың редукциялық жүйесімен сипатталады. Аддиктивті мінез-құлық - (ағылшын тілінде addiction - бейімділік, латын тілінде addictus-құлдық берілген) - деструктивті мінез-құлықтың ерекше формасы, арнайы психикалық күйді өзгерту арқылы шындықтан кетумен көрініс табады.
Эпидемиялық модел бойынша дамып отырған тәуелділіктің дәстүрлі түрлері наркотиктік (токсикоманияны қоса), алкоголдік немесе темекі тәуелділіктерімен күрес құралдарын іздеу және жетілдірумен қатар, тәуелділік туралы кеңірек түсінік қалыптастыруға деген айқын тенденция байқалады. Шынайы өмірден сананың жағдайын өзгерту жолымен «кету» әдістерінің алуан түрлілігі жайлы мәселе қойылады. Сананың өзгертілген жағдайлары жайлы мәселе психологияда кеңінен танымал.
Аддиктивті іс-әрекеттің мәні, шынайы өмірдегі жағдайлардан қашуға талпынып, адамдар қауіпсіздік, тепе-теңдікті қалпына келтіру иллюзиясын беретін жағдайға өзінің психикалық жағдайын жасанды түрде өзгертуге тырысады. Аддиктивті іс-әрекеттің фармокологиялық және фармокологиялық емес сипаттағы түрлері бар. Олардың аддиктердің ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағылардың да денсаулығына (физикалық және психикалық) қауіпі зор. Олар тұлға аралық қатынастарға айтарлықтай зиян келтіреді.
Аддиктивті мінез-құлық - интенсивті эмоциялардың дамуымен сүйемелденетін, өзінің психикалық жағдайын кейбір заттарды қабылдап немесе өз зейінін тұрақты түрде белгілі бір заттарға немесе белсенділіктерге (қызмет түрлеріне) шоғырландыру арқылы өзгерту жолымен шынайы өмірден қашуға тырысудан көрінетін деструктивті іс-әрекет формаларының бірі. Бұл үрдістің адамды өзіне тартып алатындығы соншалық, ол оның өмірінің өзін де басқара бастайды.
Аддиктивті тұлға өз ұмтылыстарында мәселеден құтылудың - жан сақтаудағы өзінің әмбебап, бірақ, біржақты тәсілін іздейді. Аддиктің табиғи бейімделушілік мүмкіндіктері психофизиологиялық деңгейде бұзылған. Бұл бұзылыстардың бірінші белгісі психологиялық ыңғайсыздық (дискомфортты) сезімі. Психологиялық комфорт әртүрлі, ішкі және сыртқы себептерден бұзылуы мүмкін. Өмірде әрқашан көңіл-күй бір түсіп, бір көтеріліп отырады, бірақ, бұл жағдайларды индивидтер әртүрлі қабылдап оларға әртүрлі жауап береді. Біреулері тағдыр тәлкегіне қасқая қарсы тұрып, болып жатқан істер үшін өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдаса, басқалары көңіл-күйі мен психофизикалық тонусының қысқа уақыттық және болар болмас өзгеруін басынан әрең өткізеді. Мұндай адамдардың фрустрацияны бастан өткізуі төмен болады. Олар психологиялық комфортты қалпына келтіру тәсілі ретінде психикалық жағдайын жасанды өзгертіп субъективті жағымды эмоциялар алуға ұмтылады. Осылайша, мәселенің шешілгендік иллюзиясы пайда болады. Шындықпен күресудің мұндай тәсілі адамның іс-әрекетінде бекіп, шындықпен қарым-қатынас жасаудың тұрақты стратегиясына айналады.
Аддикция және тәуелділік терминдері отандық ғылым үшін айтарлықтай жаңа терминдердің бірі - бұл терминдер осыдан он жылдай бұрын А. Е. Личко мен Н. Я. Иванов құрастырған «қазіргі заманғы американдық психотерапевтикалық терминологиясы сөздігінде Ресейде қабылданған өзгешеліктерімен» қолданылды дейді. Шет елдерде олар айтарлықтай кең қолданылады. Терминологиялық келіспеушілік жағдайында бір авторлар аддикцияны ауыру ретінде ал тәуелділікті іс-әрекеттің ілеспелі формасы ретінде түсінеді, басқалары қарама-қарсы ойды ұстанса, үшіншілері бұл терминдерді айырмайды немесе оны ретімен жасамайды.
Ресей мамандарының арасында тәуелділіктің психологиялық формаларының өзіндік жеткіліктілігін (аддикцияны) Ц. П. Короленко біртіндеп жақтап жүр. Ол Н. В. Дмитриевамен бірге былай дейді - «Аддиктивті іс-әрекеттің элементтері - шындықтан, өзінің психикалық жағдайын өзгерту жолымен кететін кез-келген адамға тән. Аддикция мәселесі психикалық жағдайының өзгеруіне байланысты шындықтан қашуға ұмтылу өмірге басып кіретін басты идеяға айналып шындықтан кетуге апаратындай санада басымдық пайда бола бастайды. Олар химиялық емес аддикциялардың келесі түрлерін талдаған: құмар ойындарға (басқаша айтқанда гемблинг), жұмысбастылық аддикция, ақша жұмсағыштық аддикция, басқа адамдармен қарым-қатынастағы аддикция, ургенттік (үнемі уақыт жетіспеушілік) аддикция. Аддикцияның тартымдылығы - оның ең аз қарсыласу жолынан тұратындығы. Аддиктивті жүзеге асырулардың әртүрлі нұсқаларын қолданып қандай да бір заттарға немесе әрекеттерге қадала қарау арқылы өз мәселелері жайлы ойламай, үрейлерін ұмытып, қиын жағдайлардан құтылуға болады деген субъективті әсер пайда болады.
Көңіл-күйді аддиктивті механизм бойынша өзгерту ойы, әртүрлі аддиктивті агенттер көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық жағдайды өзгертетін заттар: алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, улы заттар жатады. Көңіл-күйді жасанды өзгертуге сондай-ақ, қандай да бір белсенділіктер түріне: құмар ойындар, компьютер, тәттіге құмарлық, тоя тамақтану немесе ашығу, жұмысқа құмарлық, ритмикалық әуендерді ұзақ уақыт тыңдауға құмарлық септігін тигізеді.
Аддикцияның күйретушілік сипаты, аддиктивті жүзеге асыру тәсілі, құралдан біртіндеп мақсатқа айналады. Қиын жағдайларда күмән мен уайымды анда-санда ұмытып, сейілу адам баласының бәріне қажет нәрсе, бірақ, аддиктивтілік жағдайында ол өмір сүру стиліне айналып, осы процесте адам нағыз шындықтан тұрақты қашу қармағына түседі.
Аддиктивті мінез-құлықтың жүзеге асуы достықты, махабатты, белсенділіктің басқа түрлерін ауыстырады. Ол аддикттің өмірдегі тепе-теңділікті сүйемелдеуге қабілетсіз болатындай, белсенділіктердің басқа формаларына кірісе алмайтындай, адамдардан қарым-қатынас жасағаннан ляззат ала алмайтындай, бірдеңемен айналыса алмайтындай, босаңсый алмайтындай, тұлғаның басқа жақтарын дамыта алмайтындай, біреудің мейіріміне, қайғысына ортақтасу және эмоционалды қолдауын жақын адамдарына да білдіре алмайтындай дәрежеде уақытын, күшін, энергиясын және эмоциясын жұтады.
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жалпы адамзат тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім мен қызмет тәсілдері игеріледі және тұлға қалыптасады. Аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен бірге, қарым-қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар адам өзін-өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым-қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды. Қарым-қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz