Бақ үшін мәліметтер, түрлі ақпарат тасымалдаушыларға қолданылатын цензура


Алматы энергетика және байланыс университеті

Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар факультеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Математикалық моделдеу және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

№ 1 есептеу-графикалық жұмыс

Пәні: Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

Тақырыбы : БАҚ үшін мәліметтер, түрлі ақпарат тасымалдаушыларға қолданылатын цензура.

Мамандығы : Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған : Төлбасы Д. Н. Тобы : ВТк-14-1

Қабылдаған : аға-оқытушы Оразаева А. Р.

Сынақ кітапшасының нөмірі :142233

« » 2017ж.

(бағасы) (қолы)

Мазмұны

Кіріспе3

Объектіні сипаттау4

Объектінің қорғалуы жайлы анализ6

Қауіп түрлері6

Қауіптердің пайда болу өзгешелігі6

Информацияны рұқсатсыз алу арналарының класстары7

Қауіптердің пайда болу көздері7

Информация тұтастығының бұзылу себептері8

Потенциалды болуы мүмкін қаскүнемдік іс - әрекеттер8

Информацияны қорғаудың класын анықтау9

Қорытынды10

Әдебиеттер тізімі11

Кіріспе

Қазіргі кезде жеке және топтық, объективті және субъективті, материалды және идеалды ақпараттық технологиялар мен байланыстар интегралданған ғаламдық кеңістік бірінші орында тұр. Осы жерде бір ақпараттық кеңістікте орналасып, ішкі және сыртқы, яғни «өзінікі» және «өзгенікін» ажырата білу мүмкіндігін қалай сақтауға болады деген сұрақ туындайды? Осылар арасындағы демаркациялық шекараны тұрғызу таоалаптарын анықтау керек. Мұндай шекараның жойылуы немесе қандай да бур ел оны сақтай алмауы қауіптіліктің жаңа түрі - ақпараттың қауіптілігіне алып келеді.

Ақпараттық қауіпті танытудың көптеген түрлері бар: шынайылықты ауыстыратын виртуалды әлемдердің құрылуы, адамдардың сана-сезімі және қарым-қатынасын басқару, ақпаратты сығу немесе т. б. мәселелер арқылы құндылықтар мен мақсаттарды ауыстыру және т. б. Ақпараттық қауіптің осы және басқада түрлерінің танылуы жеке тұлғаның ақпараттағы қажеттіліктеріне негізделген, яғни шындық пен өтірікті, қажетті мен қажетсізді ажырата білу қажеттілігі. Осылайша, ақпараттық ортада, тұрмыс пен сана-сезімнің өзара әрекеттестігі қайтадан өзекті мәселеге айналып отыр. Оларға қазіргі кезде технологиялар, программалар және т. б. жатады.

Объектіні сипаттау

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т. б.

БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.

Цензура - дегеніміз, шығарманың белгілі бір қалыптан ауытқымауын бақылап електен өткізіп отыру десек болар. Кешегі КСРО кезінде қандайда болсын жазба мемлекет ұстанған саясат аясынан аспау керек болды, міне осы жерде цензура өз қызметін жақсы атқарды. Мен өзім цензураны қолдайтын сияқтымын, шығармаға қысым түрінде емес әрине, сол шығарманың мәдениеті болып, анайылықтан сақтау жолында болса деймін. Қазір біздің мемлекетте де цензура өз қызметін атқаруда, бірақ әлсіз сияқты. Цензура әлемге әлі интернет аты мүлдем таныс емес уақыттарда да болған, ал енді интернетцензура өз жемісін бере қоймас деп ойлаймын.

Объектінің қорғалуы жайлы анализ Қауіп түрлері

Қауіп дегеніміз - ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуына әкеліп соғатын жағдайды айтамыз. Ақпараттың кауіпсіздіктің қаупі ақпараттық жүйелердің әртүрлі кезеңдерінде және қайнар көздерінде пайда болуы мүмкін. Ақпараттық қауіпті жүзеге асыру әрекеттері жүйелерге жасалған ақпараттық шабуыл немесе жай ғана шабуыл деп аталады.

Мемлекет пен қоғамның байланыс құралдарына деген қажеттілігі келесі сәттерге тәуелді: оның қоғамдағы қызметі мен ролі, сияси құрылымдар саны мен сапасы (мыс. саяси партиялар) ; саяси шешім қабылдау тәсілдері (мыс. автократиялық не демократиялық) ; мемлекет көлемі (мыс. үлкен не шағын) және т. б. БАҚ дамуына әсер етуші факторлар. Бұрынғы дәуірлердегі мемлекеттерде байланыс құралдарына деген қажеттілік шектеулі болды. Оның ролін жаушылар, курьерлер мен тыңшылар, қаңғыбастар атқарып отырды. Олар ақпаратты көбіне ауызша, тек кейбір мемлекеттік маңызды ақпараттар (мыс., король жарлығы не сатраптың билеушіге хаты) ғана жазбаша таратып отырды. Көптеген аумағы шағын мемлекеттер мен қалалар қауіп туралы ескерту, халық жиынын шақыру немесе аса маңызды саяси, діни оқиғалар туралы хабарлау үшін биік мұнараға орнатылған қоңырауларды пайдаланды. Көптеген ғасырлар бойы саяси және азаматтық байланысқа деген қажеттілік пошта арқылы атқарылып келеді.

Қауіптердің пайда болу өзгешелігі

Қауіптердің пайда болу өзгешелігі ақпараттық қауіпсіздіктің объектісіне қауіптің ықпал ету тәсілдері арқылы бөлінеді, сондай-ақ ақпаратқа әсер етудің тұрақсыздығы арқылы.

БАҚ саяси әсері, оның үкімет пен қоғам назарын аударатын пікірталас тақырыптарын таба білуінде. Қазіргі әлемде БАҚ үшін ең қажеттісі көпшілік назары, бұған ие болмаған БАҚ бақталастыққа шыдамай жойылып кетеді. Сол себепті хабар тақырыптарын таңдар кезде кез-келген БАҚ төмендегі жалпы ұстанымдарды басшылыққа алады:

1) Азаматтар үшін тақырыптың маңыздылығы мен құндылығы. Осыған сәйкесті БАҚ хабарларының көбі азаматтар қауіпсіздігі, терроризм, экологиялық қауіп және т. б. туралы болып келеді.

2) Фактілер ерекшелігі. Осыған сәйкесті қатігез қылмыс, жарылыс сияқты оқиғалар күнделікті оқиғалардан анағұрлым көп хабарланады.

3) Фактілер жаңалығы. Тұрғындар назарын әлі белгісіз оқиғалар аударады. Бұл жаңа саяси партия, экономика дамуының соңғы көрсеткіштері және т. б. болуы мүмкін.

4) Саяси жетістік. Осыған сәйкес мақалалар мен хабарларда мемлекеттер, партиялар мен саяси лидерлердің жетістіктері баса көрсетіледі. Саясатта, өнерде, спортта жеке адамдар құбылысын баса көрсету нарықтық қатынастардағы БАҚ қажеттілігінің бірі. 5) Жоғары қоғамдық мәртебе. Бұған сәйкес ақпарат көзінің қоғамдық мәртебесі жоғары болған сайын, алынған ақпарат дәл, әрі сенімді болып саналады. Сол себепті әдетте БАҚ саяси, экономика, ғылым және т. б. салаларда жоғары мәртебеге ие адамдардан сұхбат алуға тырысады.

Информацияны рұқсатсыз алу арналарының класстары

Рұқсат етілмеген қол жеткізу - қызметкердің лауазымдық өкілеттілігінің бұзылуы кезіндегі ақпараттарға рұқсат, бұл ақпаратқа рұқсаты жоқ адамдар тарапынан көпшілікке рұқсат етілмеген ақпаратқа рұқсат.

Сондай-ақ, басқа жағдайларда рұқсат етілмеген қол жеткізу деп - қызметтік міндеттерді атқаруды асыру кезінде, рұқсаты жоқ ақпаратқа енуді айтады.

БАҚ ақпарат таратуының екі негізгі әдістері бар: рет-ретімен тарату және үзік тарату. Рет-ретімен тарату әдісі негізінен баспасөзде пайдаланылады. Мыс., саясат не экономика туралы мақалалар газеттің бірнеше саны бойына рет-ретімен жарияланады. Үзік (фрагменттік) тарату әдісін көбіне телеарналар пайдаланады. Ақпаратты бөліктеп, жедел тарату көптеген азаматтар бойында осы оқиға туралы бір жақты пікір қалыптастырады. Бұл тележурналистерге адамдар санасын бақылауға мүмкіндік береді. Себебі толық емес ақпарат алған адамдар әдетте тележурналист сөзіне сенеді.

Өмір тәжірибесі дәлелдегендей БАҚ әртүрлі мақсаттарға қызмет атқара алады. Адамдар бойында әлеуметті әділеттілік, бостандықты құрметтеу ұстанымдарын да қалыптастыра алады және сол сияқты басқаларды жек көру сезімдерін оятып, сенімсіздік пен қорқыныш та себе алады.

Қауіптердің пайда болу көздері

Ақпарат қауіпсіздігінің қаупін тудырушылар - қауіп көздері болып табылады. Қауіптің пайда болу көздері ақпарат қауіпсіздігінің бұзылуының әлсіздігін тиімді қолдануы мүмкін, сондай-ақ зиян келтіретін қандай да бір жүйе әдсіздігін тудыратын көздердің зиянды емес әрекеттері. Қауіп көздері ретінде субъектілерде және сондай-ақ объектілерде болуы мүмкін. Және осы қауіп көздері қорғалған ғимараттың ішінде - ішкі қауіп көздері, сондай-ақ ғимараттан тыс - сыртқы қауіп көздері.

БАҚ-тың іс-әрекеттеріне байланысты барлық проблемаларды заң жүзінде атқарушы биліктің құзыретінен алып, арнайы қоғамдық ұйымға беру туралы ұсыныстар айтылуда. Бұл әлемдік озық тәжірибеде кездеспейтін және еліміздің ішкі тұрақтылығына нұқсан тигізуі мүмкін жаңалық. Атқарушы биліктің міндеті қабылданған заңдар шеңберінде мемлекет жұмыстарын орындау, заңды және жеке тұлғалардың арақатынасын реттеу, тиісті инфрақұрылымды дайындау болып табылады. БАҚ-ты атқарушы биліктің қарамағынан шығарып, «қоғамдық» ұйымға бағындыру практикада мүмкін емес. Ал, Қазақстан сияқты күрделі трансформациялық процестер қарқынды жүріп жатқан алуан этникалық топтар уә мәдениеттерді, тілдер уә діндерді қамтитын, әлемдік деңгейдегі қақтығыс аймақтарының кіндігінде орналасқан мемлекетте бұл қадамның қауіпті нәтижелер беруі әбден мүмкін.

Информация тұтастығының бұзылу себептері

Ақпараттық қауіпсіздіктің қорғалуын сараптаған кезде, объектінің қорғалуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың біріне - ақпараттың тұтастығының бұзылу себептері жатады.

Ақпарат тұтастығы - ақпараттың бұрмаланбаған кездегі жасалған ерекшеліктері.

Ақпарат тұтастығының бұзылу қаупі - Ақпараттық жүйелердегі сақталған әлдебір ақпараттың мүмкіндіктерінің түрленуіне байланысты қауіптер жатады. Ақпарат тұтастығының бұзылуына әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін - қызметкерлердің әдейі жасалған әрекеттерінен бастап құрылғының істен шығуына дейін.

Ақпарат тұтастығының бұзылу себептері:

  1. Субъективті әдейі жасалған
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
Журналистика-әлеуметтік ұғым
Журналисттердегі сөз бостандығы
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
Жарнама түрлері және жарнама таратушы құралдар
БАҚ түсінігі
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
БАҚ-ң саясатта алатын орны
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz