«Barakat invest» ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. «BARAKAT INVEST» ЖШС туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... . 4

1.1. «BARAKAT INVEST» ЖШС.н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру мен басқару негіздері ... ... ... ... 9
2.
«BARAKAT INVEST» ЖШС.нің экономикалық.қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.1. Кәсіпорынның персоналын басқару және ұйымдастыру ... ... ... ... 15
2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.
«BARAKAT INVEST» ЖШС.нің маркетингтік басқарылуы және стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
3.1. Құрылыс саласындағы кәсіпорында кадрлық әлеуетті дамытудың бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
3.2. Қызметкерлерді басқарудың ақпараттық жүйесі және стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
Жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі – бұл студенттің өндірістік тәжірибеден өтуі. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін қалып¬тастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты – дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материал¬дарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды көздеуі.
Өндірістік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық-қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттігімен танысу;
- оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
- тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
- тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
- тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
- құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.
1. Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент : оқулық / К. Б. Бердалиев ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2011. - 312 б.
2. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізу: теориясы, әдістемесі мен жетілдіру жолдары. Монография. – Астана, 2017. -124 б.
3. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері. – Ақтөбе, 2012. – 214 б.
4. Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жақсартудағы экономикалық әдістер. –Ғылыми-практикалық конференция. – Шымкент, 2016. – 255б.
5. Баймұхашева М.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. – Атырау, 2013.
6. Нурпеисова, А. К. Кəсіпорын экономикасы жəне кəсіпкерлік құқықтың негізгі аспектілері. Оқу құралы. - Алматы: LEM, 2012 - 336 б.
7. Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б. Маркетинг және менеджмент негіздері: Оқулық. 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2011. - 320 б.
8. «BARAKAT INVEST» ЖШС-нің Жарғысы.
9. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. Учебник. - 6-е изд. - М. : Питер, 2010. - 448 с.
10. «BARAKAT INVEST» ЖШС құжаттары.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.
BARAKAT INVEST ЖШС туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .
4

1.1. BARAKAT INVEST ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5

1.2. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру мен басқару негіздері ... ... ... ...
9
2.

BARAKAT INVEST ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

15

2.1. Кәсіпорынның персоналын басқару және ұйымдастыру ... ... ... ...
15

2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3.

BARAKAT INVEST ЖШС-нің маркетингтік басқарылуы және стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22

3.1. Құрылыс саласындағы кәсіпорында кадрлық әлеуетті дамытудың бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22

3.2. Қызметкерлерді басқарудың ақпараттық жүйесі және стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
35

Кіріспе

Жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі - бұл студенттің өндірістік тәжірибеден өтуі. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін қалып - тастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты - дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материал - дарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды көздеуі.
Өндірістік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық-қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттігімен танысу;
оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.

1. BARAKAT INVEST ЖШС туралы жалпы сипаттама
1.1. BARAKAT INVEST ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі

Мен өндірістік тәжірибемді Астана қаласында BARAKAT INVEST ЖШС-інде өткізген болатынмын. Бұл кәсіпорынның басшысы - Словянова Нина Этбуловна. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 13 үй. Байланыс телефондары: 8(707)2790996, 8(702)4741895, 8(702)1698998.
Кәсіпорын бетон және темірбетон өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорын Жеке кәсіпкерлік туралы Заңға сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Бетон және темірбетон құрылыстың барлық саласында қолданылады. Басқа материалдармен салыстырғанда олардың жетістіктері көп. Конструкцияның жұмыс істеу уақыты, ағаш, металл және басқа материалдардан өндірілген бұйымдар мен конструкцияларға қарағанда әлдеқайда ұзақ. Олардың ірі жетістігі сол, материалдың (құм, шағыл,су) көп бөлігі ( 80-90% массасынан) - жергілікті материалдар; бастапқы материалдар мен дайндау әдістердің негізінде, әр түрлі физика-химиялық қасиеті бар бетон мен темірбетонды алуға болады; бетон мен темірбетоннан кез келген пішін мен өлшемдегі ( ірі өлшемді, жұқа қабырғалы, күмберздер мен оралмалы қабыршақтар) бұйымдар мен конструкцияларды өндіруге болады.
Қазір кәсіпорын зауыты темір бетон шығарумен айналысады. Келешекте, қабырға панельдері, цокольды блоктар мен темір бетонды құдықтар шығару жоспарлануда. Зауыт жаңа технологиямен жұмыс жасайды. Солардың бірі бетонға құйылатын жаңа қоспа. Ол оны 16-18 сағатта қатырып, дайындап шығарады.
Жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорынның мүмкіндігі зор. Тек мемлекеттік тапсырыс қана емес, жеке тұлғалардың қалауына сай түрлі пішімдерге тапсырыс бере алады. Әркім өз қалауынша 6,10, 12 метрлік бетон плиталар дайындата алады.
Кәсіпорынның артықшылықтары:
Бетон өнімінің кең, ауқымды ассортименті;
Өлшеудің екі есе бақылануының нәтижесінде төленген құнның кепілдігі;
Elcon заманауи автоматтандырылған зауытының жарамсыз немесе ақауларды жоюы;
Қызметкерлердің өз жұмысының кәсіпқой мамандары;
Өнімді жылдам жеткізу үшін өз автопарктері бар;
Сапа бақылау үшін өзіндік лаборатория бар;
Бетонның тұрақтылығын 28 күн бақылап кепілдік береміз;
Сайтымыздағы қолдау қызметі кез-келген сұрақтарды шешуге көмек береді.
BARAKAT INVEST ЖШС-нің басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметін талдау. Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.
Кәсіпорын шеңберіндегі ұйымдық құрылымның мақсаты жекелеген бөлімдер мен бөлім өкілдері арасында нақта өзара байланыс орнату,басқару ережелері негізінде жауакершілік пен құқықтарды, билік үстемділігін бөлу болып табылады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы мен оның басқару модельдері өзгеріссіз, тұрақты құрылым емес, керісінше нарық талаптары мен ұйым ішіндегі өндірістік -- әкімшілік ауытқуларға сай икемді, бейімделгіш механизм.
BARAKAT INVEST жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Кәсіпорынныңең жоғарғы басшысы бас директор болып табылады. Оған бағынышты ірі 7 бөлім бар (Сурет-1). Әр бөлімді бас менеджер басқарады. Жобалар бойынша, өндіріс, өндірісті оптимизациялау, маркетинг және тасымалдау, стратегиялық жоспарлау, құқық, қоғаммен байланыс, адам ресурстарын басқару, қаржы бөлімдері.

Сурет - 1. BARAKAT INVEST ЖШС құрылыс кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы.

Директор - кәсіпорынның барлық түрдегі қызметін басқарады. Жасалған жобалар мен қабылданған шешімдерде шешуші нүктені қойып, фирманың тағдарына деген үлкен жауапкершілікті мойнына алады.
Бас бухгалтер - бухгалтерия бөлімінің дұрыс, рационалды қызмет етуі мен 1С Бухгалтерия компьютерлік бағдарламасы негізінде кәсіпорын дебитті және кредитті балансын қадағалайды. Сонымен қатар қызметкерлердің жалақысы есептемесі, мемлекеттік міндетті төлемдер мен өзге де шығындар ағымын реттейді. Ресурстардың жетіспеушілігі мен ұрлықты болдырмау мақсаттында әр айдын соңында мүліктік ревизия жасайды. Бір сөзбен түйіндегенде, кәсіпорынның барлық қаржылық операцияларын дұрыс жүргізілуін қадағалайды.
Менеджер -- қызметкерлерді бөлімдер қажеттілігіне сай жоспарлау, жасалған жоспар негізінде жұмысқа қабылдау,еңбек нәтижесін бағалау, кәсіпорын аясында қызметкерлерді ынталандыру тетіктерін ойластыру,ұжымдық мәдениет пен рухты қалыптастыру,әр жеке қызметкер жөнінде деректер жинап, архивтеу және болашақ басқарушы кадрлар резервін ойластыру, мамандардың кәсіби дәрежесін жоғарылату мақсатында оқу курстарын ұйымдастыру, жұмыс орнындағы санитарлық - гигиеналық шарттардың сақталуын қадағалау, мемлекет талаптарына сай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. бойынша шешімдер қабылдайды.
Құқық бөлімі өзге бөлімдерден біршама ерекше. Яғни өзге бөлімдер кәсіпорын кеңсесінде тұрақты орын иеленіп, оның негізгі және көмекші қызметімен шексіз байланыста болса, бұл бөлім бір заңгер маманнан құралып, тек құқықтық мәселелерді шешуге қажеттілік туғанда ғана сағаттық кеңес беруге шақырылады. Бұл құқықтық бөлім шығындарын әлде қайда қысқартып, жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыруда.
Бухгалтерия, яғни мекеменің қаржылық шығыстары мен кірістерін ортақ балансқа біріктіріп жалпы қаржылық ахуалды сараптаумен аайналысады. Бөлім аясында бас бухгалтер және көмекші бухгалтер қызмет етеді. Мекеме шеңберіндегі барлық қаржылық операцияларды іске асырып, экономикалық тұрақтылықтың негізгі айнасы ретінде болып келеді.
Экономикалық бөлім басшысы - кәсіпорынның өнімді өткізу және маркетингтік саясатын ойластыру, жарнама және қоғаммен байланыс шараларын ұйымдастыру, жалпы маркетингтік жоспар құру т.б. жөніндегі мәселелерді шешеді.
Осы және өзге бөлімдерді есепке ала отыра біз өзге бөлімдер басшылары жоғарыдағыдай қызметтерді атқарады деп тұжырымдай аламыз.

1.2. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру мен басқару негіздері

Кәсіпорынның басқару құрылымын қалыптастыру процесі - бұл, ең алдымен ұйымды адамдар ұжымы ретінде құру процесі. Сондай-ақ басқару құрылымын құру - бұл өндірістік құрылым қызметін жақсарту құралы, яғни, басқару объектісін жақсарту.
Өндірісті басқару үшін жүйелі тәсіл жедел функцияларын жүзеге асыратын өндіріс жүйесі ретінде компанияның өндірістік қызметі мен оның өндірістік және бизнес-бірліктер қарауды көздейді. Операциялық функциясы сыртқы клиенттерге берілген өндірілген тауарлар мен қызметтердің әкеп сол іс-әрекеттер кіреді.
Өндірістік кәсіпорынның дамуын басқару - оның тиімділігін арттыру, өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мақстаында өндірістік процестің саналы бақылау болып табылады.
Өндірісті басқару үнемі төмен құны және жоғары өнімділігі икемді және бейімдеу, шағын көтерме және жаппай өндірістің жаңа түрін экономикалық жүйелерді, жаңа буын адаптивті өндірістік жүйелерді құру аясына бағытталған болуы тиіс.
Өндірісте басқару қызметінің негізгі мақсаттарының бірі - өндіріс тиімділіг арттыру, мұндай инвестицияларды қайтаруды ұлғайту сияқты факторларға негіздледі және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Құрылыста қолданылатын темірбетон конструкциялары екі әдіспен дайындалады: тікелей объектіде (құймалы) және зауыттар мен полигондарда (құрастырмалы) қалыпталады.
Сом денелі конструкцияларды жасау үшін алдымен қалып жинастырылады. Қалыптың іш жағы бетон қоспасы жабысып қалмауы үшін майланады, осыдан кейін арматуралы каркас орнықтырылады және бетон қоспасы төселеді. Ашық ауада 7-10 тәулік қатайған соң, егер конструкция қоспасы беті қыздырылатын болса, онда 26-30 сағаттан кейін қалып ажыратылады. Қыс айларында температура 3-4°С жеткенде цементтің гидратациялану процесі тыйылады. Егер қатаймаған бетон мұзданса, конструкцияның соңғы беріктігі 50-60% дейін азаяды.
Құрастырмалы темірбетон элементтері арнайы зауыттарда немесе механикаландырылған алаңдарда (полигондар) дайындалады. Құрастырмалы темірбетон элементтерінен тұрғызылған ғимараттардың құндылығы, құймалы темірбетонды ғимараттарға қарағанда едәуір қымбат.
Арматуралы каркастарды дайындау. Темірбетон конструкцияларын дайындау кезінде әдетте арматуралық каркастар пайдаланылады. Дәнекерленген арматуралық каркастар көбінесе тұрғын және қоғамдық ғимараттарды тұрғызуда қолданылады. Кішігірім құрылыс объектілерінде, әсіресе, құймалы бетондарда арматуралы каркасты дайындау қолмен құрастыру әдісі арқылы іске асырылады. Мұндай әдісті жақын арада механикаландырылған арматуралық цехтар болмаған жағдайда қолданады. Бұл ретте өлшемдері бірдей арматураны каркаста жұмсақ болатты сыммен біріктіреді.
Механикаландырылған арматуралық цехтарда арматуралық сымдарды түзетіп кеседі, ал диаметрі 14 мм дейінгі арматуралық өзектерді арнайы машиналарда бөлшектейді.
Арматуралық торлар мен каркастарды, арматураларды тікелей бірнеше нүктеде дәнекерлеуге мүмкіндік жасайтын, нүктелі дәнекерлейтін жабдықтарда дайындайды. Ол үшін торлы схема бойынша орныққан арматураларды қиылысу нүктелерінде қысып жақындастырады және олар арқылы ток жіберіледі.
Нәтижесінде осы қиылысқан нүктелерде жоғары температура пайда болады және ұзақтығы 0,5 секунд уақытында арматураның сыртқы қабаты балқиды және пісіп бір-біріне жапсырылады.
Дайындалған арматуралық торлар мен каркастар қалыпқа орнықтырылады, бетон қоспасын төсеу арқылы темірбетонды бұйымдар мен конструкциялар қалыптасады.
Құрастырмалы темірбетон конструкцияларын дайындауда жұмысшы арматураларды тиімді пайдалану мақсатымен, оларды бетон қоспасын төсер алдында алдын ала кернейді. Арматураны кернеу темірбетон конструкцияларының майысуға беріктігін арттыру үшін өте үлкен маңызы бар.
Алдын ала кернеудің мағынасы мынадай: жұмысшы арматуралық өзектер бетон қоспасын төсерден бұрын тартылады және қалыпқа бекітіледі. Осыдан кейін қалыпқа бетон қоспасы төселеді. Қазіргі уақытта темірбетон зауыттарында арматураны алдын ала кернеудің бірнеше әдістері қолданылады:
1. Болатты арматура электртермиялық әдіспен кернеледі. Арматура электр тогымен қыздырылады және осы жағдайда тартылады. Кернелген арматураны тез арада төсейді және қалыпқа бекітеді. Салқындау кезінде қатты бекітілген арматура кернеледі. Содан соң бетон қоспасы төселеді.
2. Арматуралы өзек домкраттың жәрдемімен кернеледі. Мұндай жағдайда арматураның бір ұшы қалыпқа бекітіледі, ал екінші ұшы домкраттың жәрдемімен тартылады. Ең соңында қалыпқа бетон қоспасы төселеді.
3. Темірбетонды арқалықтар мен фермаларды өндірістік жағдайында дайындау кезінде, олардың ішінде арнайы тесіктер қалдырылады. Болатты арматуралар осы тесіктер арқылы жіберіледі және домкратпен тартылады. Ең соңында тесіктер насостың жәрдемі арқылы цементті ерітінділермен толтырылады.
Алдын ала кернелген арматуралы темірбетонды бұйымдар мен конструкциялар дайындау 20-30% болатты арматураны 50-60% бетон қоспасын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Өндірістік қондырғы жабдықтардың тізімі:


рс
Қондырғылар мен құрал-жабықтарың аталуы
типі
Салмағы, тн
Қозғалтқыш
Қысқаша техникалық сипаттама
Cаны

типі
қуаты, кВт

1
2
3
4
5
6
7
8
1
Тербелгіш (виброалаң)
машинасы
СМЖ
200Б
8
АО-2-52-2
13

3
2
Бетон
жайғастырғыш машинасы
СМЖ
166А
11

20
Негізгі өлшемдері: 62000 х 6300х 3100
2
3
Шұңқыр камералары
СМЖ
129 М
1,6

40
Қыздыру Т =400°С
17
4
Көпірлі кран Q=20тн

20

32

2
5
Өздігінен жүретін арба
СМЖ 216
4,85
ГМЖ -40
3,2

6
Майлағыш дайындағыш қондырғы
СМЖ 18

28
q=75 л.

7
Бетон
таратқыш машинасы
СМЖ
166А
11

20
Габарит размері: 62000 х 6300х 3100

Темірбетонды бұйымдарды зауыт жағдайында дайында технологиялық процесс, ал темірбетонды бұйымдар соңғы өнім болып табылады және олар МемСТ және ТЖ талаптарына жауап беруі тиіс.
Темірбетонды бұйымдарды өндіру кезінде кіріс, операциялық және қабылап алу бақылаулары жүргізіледі.
Кіріс бақылау ретінде зауытқа келіп түсетін және ұялы бетонды өндіруге қажетті шикізаттық материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасын бақылауды айтады.
Операциялық бақылау дегеніміз бұл белгілі бір операцияларды орындау кезіндегі технологилық процесстерді бақылауды айтады.
Қабылдау бақылау дайын бұйымның сапасын бақылау үшін қолданылады және оның нәтижесінде бұйымды қолданушыға жіберу жайлы қорытынды жасалады. Қабылда бақылауының негізгі мақсаты бұйым сапасының МемСт талаптары мен бұйымды өндіру жобасына жауап беру деңгейін анықиау болып табылады.
Сапалы темірбетонды бұйымдарды өндірудің негізі, өндірудің барлық кезеңдерінде және барлық технологиялық процестерді (дайындық кезеңі, бұйымдарды қалыптау, автоклавта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу)операциялық бақылау болып табылады.
Бұйымдар цехтарда ең жоғарғы дәлдікпен өндірілуі тиіс.
Дайын темірбетонды блоктарды бақылау өз ішіне қалыптарды және олардың өлшемдерін тексеру, және сыртқы түрін тексеруді қамтиды. Бетонның беріктігі бойынша нақты маркасының жобалық маркасына сәйкестілігі тексеріледі. Бетонның тығыздығы мен ылғалдылығы тексеріледі.
Техникалық бақылау бөлімі дайын бұйымдарды қабылдау және ақаулардың себебін анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіпорынның жұмыс істеу аймағында микроклиматына мынадай факторлар әсер етеді:
* шаң-тозаңдардың бөлінуі.
* қалыптау цехында: будың және жылудың бөлінуі.
Осындай теріс факторларды болдырмау үшін, жұмысшылардың жұмыс істеу технологиялық процесстеріне әсер етулері үшін мынадай жағдайлар жасаған:
* цементке пневмотранспортерлерді пайдалану, ол цемент тасымалдағанда шаңды болдырмайды.
* жабдықтардан шығатын газдар мен шаңдарды шығарып жіберу үшін қондырғы бар.
* жылу қондырғыларын, құбырларды жылуоқшаулағышпен оқшаулау.

2. BARAKAT INVEST ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы
2.1. Кәсіпорынның персоналын басқару және ұйымдастыру

Персоналды басқарудың қазіргі замандағы тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс -әрекеті негізінде нақты адамды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады.
Персоналды басқару - іс-әрекеттің функционалды ортасы, оның мәселесі - кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорын персоналды бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық-заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.
Персонал қызметінің функциясына кадрлар жинақтау, іріктеу, бөлу және түсіндіру, карьераны, кәсіби жоспарлау, тәртіпті бақылау, денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, лауазым бойынша жылжу мен жұмыстан шығару келіссөздерін жүргізу, шағымдарды қарау, еңбек дауларын шешу кіреді.
BARAKAT INVEST ЖШС-нің өндіріс бөлімінің жұмысшы құрамы төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте-1).
Кесте-1.

рс
Мансап атауы
Тариф, разряд.
Жұмысшылардың
саны

Барлығы

І
ІІ

1
Бетоншы
ІV
1
1
2
2
Бетоншы
ІІІ
1
1
2
3
Бетоншы
ІІ
1
1
2
4
Бетонжайғастырғыш машина операторы
ІV
2
2
4
5
Краншы
V
2
2
4
6
Такелажшы
ІІІ
2
2
4
7
Арматурашы
V
2
2
4
8
Жылумен өңдеуші
ІІІ
1
1
2
9
Өздігінен жүретін машинаның моторисі
ІІ
1
1
2
Барлығы:

26

Өнеркәсіптің жұмыс режимі жылдың жұмыс күні санымен, тәуліктегі сменалар санымен және жұмыс сменасындағы жұмыс сағатымен анықталады. Цехтағы негізгі агрегаттардың жұмыс түрін, сменалық жұмысты, құрал - жабдықтардың өтпелі және жобалық жөндеу үшін қажетті уақыт резервін және де темірбетон және бетон бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптерді техникалық жобалау нормаларын ескере отырып, келесі жұмыс режимін қабылдаймыз:
1. Жылдағы тәулік саны -365
2. Мейрам күндері мен демалыс күндерінің саны -103
3. Жылдық есептік тәуліктер саны -262
4. Апталық жұмыстың ұзақтығы, тәулік -5
5. Тәуліктегі жұмыс сменаның саны -2
6. Ылғалды жылумен өңдеудің жұмыс сменасының саны -3
7. Шикізат пен материалдарды қабылдау және
бұйымдардың шығарылуы:
А) темір жол көмегімен -3
Б) автокөлікпен -2
8. Жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат -8
9. Негізгі технологиялық қондырғыны пайдалану коэффициенті:
255262≈0,95
Негізгі техникалық құрал - жабдықтардың жұмыс уақытының жылдық қоры агрегат - ағымды технология үшін - 255.
Басқарушылық персоналдар үшін жоспарланып отырған жағдайлар төмендегінше: жатақханамен қамтамасыз ету, көлік мәселесін шешу, іс-тәжірібиелік білімін артырудағы өтем ақысын төлеу, ғылыми жұмыстармен айналысуға көмек көрсету. Колективтің әлсіз топтарын болдырмау үшін әрбір персоналдың квалификациясын жоғарлатуға мүмкіншілік беру, еңбек тәжірбиесі мол жұмысшылармен жаңадан жұмысқа орналасқан жұмысшылардың арасында тәжірібие алмастыру және т.б.

2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттігін кешенді түрде бағалау. Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруға тиіс. Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорынның жылдық эксплуатациялық шығындары есептеледі:
Эжыл=ФОТ+Нс+М+Сэл+А+П+Н,
мұнда ФОТ - еңбек ақысы қоры (негізгі және қосымша жалақы), мың теңге;
Нс- әлеуметтік салық, мың. теңге;
М- материалдарға, қосалқы бөлшектерге, жөндеуге шығындар, мың. теңге;
Сэл- электр энергиясы шығындары, мың. теңге;
А - амортизациялық есептеулер, мың. теңге;
П- басқалау әкімшілікті - басқарушы және экслуатациялық - шаруашылықтық шығындар, мың. теңге;
Н - қосылатын шығындар, мың. теңге;
Кішігірім бір объектінің жұмыскерлеріне кететін шығындарды еспетейміз. Бұл объектіде 13 адам қызмет етеді (Кесте-2).
Кесте-2.
Мансап атауы
Жалақысы, теңге
Адам саны
Бетонжайғастырғыш машина операторы
60000
1
Аға электромеханик
45000
1
Краншы
40000
4
Арматурашы
35000
1
Жөндеу қайта қалпына келтіру бригадасы инженері
50000
1
Бетоншы
40000
4
Жүргізуші
28000
1
Барлығы:
538000
11

Бұл жұмыскерге орташа жалақы тең:
ЗПср=
мұнда V - жұмыскерлер жалақылары жалпы саласы, 538 мың теңге. N - объект жұмыскерлер саны, 13 адам.
ЗПср==41,38 мың. теңге;
Жыл бойына жалақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Astana Invest ЖШС - нің қызметінің сипаттамасы
Өндірістік айналым қоры
Шағын кәсіпорындардың қызметін басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Қаржы мамандығы бойынша есеп
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Қор нарығындағы брокер - дилерлік қызметтің теориялық аспектілері
Кәсіпрынның қаржылык жагдайы талдаү
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
Кәсіпорынның экспорттық әлеуетін бағалау әдістемесі
Пәндер