Нотариуста өндірістік тәжірибе



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Тәжірибе өту орны (нотариус) туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... . 5
2 Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері ... ... ... ... ... 6
3 Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... 9
4 Қазақстан Республикасының нотариаттық іс.әрекеттерді жасау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
5 Нотариаттық іс.әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері ... ... ... ... ... .. 18
6 Нотариуста өндірістік тәжірибе өту кезінде орындалған жұмыстың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша 3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту».., «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарла¬рының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» қажет деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ, Елбасының білім беру мен өндірістік тәжірибеден өту мәселесіне айрықша назар аударғаны аңғарылады.
Студенттің өндірістік тәжірибесі – жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін қалып¬тастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты – дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материал¬дарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды көздеуі.
Өндірістік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық-қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттігімен танысу;
- оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
- тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
- тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
- тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
- құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.
1. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы
2. Идрышева С.Қ. Қазақстан Республикасының нотариаты. – Алматы: Жеті Жарғы, 2013. – 184 б.
3. Әленова А.Х., Қосанов Ж.Х., Мадиярова А.С. Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды іске асыру ережелері. – Астана, 2007. – 158 б.
4. Бурибаев Е.А. Нотариат и нотариальная деятельность в Республике Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 2014. – 304 с.
5. ҚР нотариат. Құр.: Мырзалиева Ж.Т., Рахимберлина А.К. – Қарағанды, 2012. – 116 б.
6. Бидайшиева Ә.Б. Қазақстан Республикасының Нотариаты. – Алматы, 2006. – 72 б.
7. Рахметова Г.Р. Қазақстан Республикасының нотариаты. – Алматы, 2012. – 192 б.
8. Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту туралы ережесін бекіту туралы ереже, 2012 ж. 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен ҚР Əділет министрі бекіткен.
9. Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы ереже. 2012 ж. 31 қаңтардағы №32 бұйрығымен ҚР Əділет министрі бекіткен.
10. Нотариаттық куəліктердің, қаулылардың. нотариустермен куəландырған құжаттардағы жəне мəмілелердегі куəландыру жазбаларының нысан бекіту туралы ереже. 2012 ж. 31 қаңтарда №33 бұйрығымен ҚР Əділет министрі бекіткен.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Тәжірибе өту орны (нотариус) туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... .
5
2
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері ... ... ... ... ...
6
3
Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ...
9
4
Қазақстан Республикасының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
5
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері ... ... ... ... ... ..
18
6
Нотариуста өндірістік тәжірибе өту кезінде орындалған жұмыстың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша 3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.., Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарла - рының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту қажет деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ, Елбасының білім беру мен өндірістік тәжірибеден өту мәселесіне айрықша назар аударғаны аңғарылады.
Студенттің өндірістік тәжірибесі - жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін қалып - тастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты - дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материал - дарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды көздеуі.
Өндірістік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық-қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттігімен танысу;
оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.

1 Тәжірибе өту орны (нотариус) туралы жалпы сипаттама

Мен өндірістік тәжірибемді 29-шы мамырдан бастап 5-ші маусым аралығында Астана қаласының жекеменшік нотариусында өткізген болатынмын. Нотариус басшысы - Кадирсизова Шынар Камажановна. Мекен-жайы: Астана қаласы, Амангелді Иманов көшесі, 34 үй.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-əрекеттер жасайды:
мəмілелерді куəландырады;
шаруашылық серіктестіктерінін құрылтай кұжаттарын куəландырады;
мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
мұраға құқық туралы куəліктер береді;
ерлі-зайыптылардың жəне ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куəліктер береді;
мүлікті иеліктен алуға тыйым салады жəне салынған тыйымды алып тастайды;
құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердін дұрыстығын куəландырады;
құжаттарға қойылған қолдың түп нұскалығын куəландырады;
құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куəландырады;
азаматтың тірі екендігі фактісін куəландырады;
азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куəландырады;
құжаттардың берілген уақытын куəландырады;
жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке жəне заңды тұлғаларға береді;
ақшаны депозитке қабылдайды;
орыңдау қағаздарын жазады;
вексель наразылықтарын жасайды;
сақтауға құжаттар жəне бағалы қағаздар қабылдайды;
теңіз наразылықтарын жасайды;
дəлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Нотариус өзіне жүгінген жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделеріне сəйкес Нотариат туралы Заңда жəне Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріңде көзделген нотариаттық іс-əрекеттер жасауға, мəмілелердің, өтініштер мен баска да құжаттардың жобаларын жасауға, құжаттардың көшірмелерің жəне олардың үзінділерін əзірлеуге, нотариаттық іс-əрекеттер жасау мəселелері бойынша консультациялар беруге, жеке жəне заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мəліметтер талап етуге, ғылыми, педагогтік жəне шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға, техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

2 Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куəландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық ic-əрекеттерді жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мудделерін қорғаудың заң жүзеде бекітілген жүйесі.
Заңмен белгіленген жағдайлар мен шектеледі нотариаттық ic-əекеттер жасауға мыналардын құқықтары бар:
мемлекетік нотариат кеңселерінде жұмыс ететін нотариустар (мемлекетік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық ic- əрекеттер жасауға уəкілетті лауазымды адамдары;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
Заңмен нотариаттық ic-əрекеттер жасауға уəкілетті өзге де адамдар.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, Нотариат туралы Заңнан жəне Қазақстан Республикасынын нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан турады.
Нотариаттық қызмет - нотариустын жəне өзге де уəкілетті адамдардың Нотариат туралы Заңмен көзделген нотариаттық ic- əрекеттерді жасауы.
Заңға Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 13 қарашадағы № 302-1 Заңымен өзгертулер мен түзетулер енгізілді.
Нотариустар мен нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-əрекеттер жасағанда тəуелсіз болады жəне тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар Заңды жəне басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке жəне заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-əрекеттерінін құпиясын сақтауға кепілдік беріледі.
Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-əрекеттердін құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-əрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардын уəкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу жəне анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ əділет органдарына жəне Нотариат туралы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уəкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-əрекет туралы мəліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сəйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жəне лау- азымды адамдар нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға қажетті мəліметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мəліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасынын Əділет министрлігі бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан əрі - "Нұсқаулық") сəйкес жүзеге асырылады.
Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық əділет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Нотариустардың құжаттары заңдарда белгіленген тəртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Нотариаттық іс Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сəйкес жүргізіледі. Егер нотариаттық іс-əрекет жасауды өтінген адам іс жүргізілетін тілді білмесе, рəсімделген кұжаттардың мəтіндері оның өтініші бойынша Нотариат туралы Заңның 80-бабына сəйкес ақы төлеттіріп аударылып берілуге тиіс.
Жоғары заң білімі жəне əдетте заң мамаңдығы жонінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Əділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады.
Жекеше жəне мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі қүқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Нотариат туралы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың (2 жəне 3 тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық іс-əрекеттер жасауы не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы жəне сол іс-əрекеттерден табыс табуы заңдарға сəйкес жауапты болуға əкеп соғады. Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың комекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.
Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен жəне жауапкершілігімен орындауға құқылы. Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынақтан өтуінің тəртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді.

3 Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Əділет біліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілдік береді.
Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Əділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тəртібін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып табылады жəне ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тəртібі салық заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді жəне ведомствалық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мəліметтер жариялайды, онда:
- нотариустың тегі, аты, əкесінің аты;
- лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс- əрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері лицензиялау туралы заңдармен белгіленеді.
Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда отініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дəлелді шешім беріледі. Бас тарту туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық əділет органдарының, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.
Нотариус лицензиясының күші алты айға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда:
- нотариустың біліктілік емтиханына жіберілуге жəне лицензия беруге негіз болған құжаттарда жалған немесе қасақана бұрмаланған ақпараттар беру фактісі анықталғанда;
- нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда;
- нотариус паспорт деректері мен өзінің тұрғылықты жерінің өзгерістері туралы мəліметтерді, олар өзгерген жағдайда, аумақтық əділет органына бір ай ішінде хабарламағанда, тоқтатыла тұруы мүмкін.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар жойылған кезде лицензияның күші қалпына келтіріледі. Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезенде нотариаттық іс-əрекеттер жасалуына тыйым салуға əкеп соғады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің ведомствалық баспасөз органында жарияланады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Əділет біліктілік алқасының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда:
- мемлекеттік нотариус бірнеше рет тəртіптік жауапкершілікке тартылғанда;
- жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексін бірнеше рет бұзғанда;
- нотариус нотариаттық іс-əрекеттер жасалған кезде заңдарды өрескел не бірнеше мəрте бұзғанда;
- лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылмағанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.
Лицензия кері қайтарылып алынған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда:
- нотариус өз тілегімен өтініш бергенде;
- нотариус азаматтығын өзгерткенде;
- нотариус қайтыс болғанда;
- нотариус қылмыс жасағаны үшін сотталғанда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;
- нотариус заңдарда белгіленген тəртіппен іс-əрекет жасауға қабілетсіз деп танылғанда;
- денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кəсіптік міңдеттерін атқаруы мүмкін болмағанда (медициналық қорытынды негізінде);
- нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады.
Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық əділет органы еңгізеді.
Аумақтық əділет органы мен нотариаттық палата нотариус лицензиясының күші тоқтатылған нотариустан оның құжаттарын басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік архивке беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны қайтарып алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Нотариус лицензиясының күші тоқтатылуына байланысты даулар сот тəртібімен шешіледі.
Мемлекеттік нотариус қызметін аумақтық əділет органдары еңгізеді жəне жояды.
Мемлекеттік нотариустың нотариаттық іс-əрекеттері үшін аумақтық əділет органы мүліктік жағынан жауап береді.
Мемлекеттік нотариат кеңсесі аумақтық əділет органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды жəне осы орган бекіткен Ереже негізінде жұмыс істейді. Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан Республикасының аудаңдарында (қалаларында) орналасады.
Заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзінің азаматтык-құқықтық, жауапкершілігін нотариаттық іс-əрекеттер жасау нəтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандырған жəне аумақтық əділет органында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.
Нотариус:
- өзіне жүгінген жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделеріне сəйкес Нотариат туралы Заңда жəне Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріңде көзделген нотариаттық іс-əрекеттер жасауға;
- мəмілелердің, өтініштер мен баска да құжаттардың жобаларын жасауға;
- құжаттардың көшірмелерің жəне олардың үзінділерін əзірлеуге; - нотариаттық іс-əрекеттер жасау мəселелері бойынша консультациялар беруге;
- жеке жəне заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мəліметтер талап етуге;
- ғылыми, педагогтік жəне шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;
- техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
Нотариус:
- Заңның жəне Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құкықтық актілерінің талаптарына сəйкес нотариаттық іс- əрекеттер жасауға;
- азаматтарға жəне заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-əрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
- кəсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мəліметтерді құпия ұстауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тартуға;
- кəсіптік əдепті сақтауға;
- əділет органына жəне немесе нотариаттық палатаға өз іс-əрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-əрекетгер туралы мəліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кəсіптік əдеп талаптарын сақтамау мəселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Нотариустың:
- нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан басқа кəсіпкерлік қызметпен айналысуға;
- шарттарды жасасу, өзгерту жəне бұзу кезінде делдалдық қызмет көрсетуге;
- өкілді органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға құқығы жоқ.
Нотариаттық іс-əрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына сəйкес соттар карайды.

4 Қазақстан Республикасы нотариусының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі

Осы Нұсқаулық "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген құзыреттер шегінде нотариаттық іс-əрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың жəне жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан əрі - нотариустардың), соңдай-ақ нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жəне консулдық міндетті атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасы атынан нотариаттык іс-əрекеттер жасау тəртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-əрекеттер көзделуі мүмкін. Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Нотариус сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережемен белгіленеді. Нотариус көмекшісінін құқықтық жағдайы мен құзыреті нотариус пен көмекші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.
Нотариустың өз тегі, аты, əкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустың мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куəландыру жазбаларының мөртабандары жəне жеке бланкілері болады.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сəйкес жүргізіледі жəне Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сəйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс- əрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-əрекет жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс- əрекеттер жасаған кезде сақталады:
- мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;
- мұраға құқық туралы куəліктер бергенде;
- жұбайлардың жəне ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куəліктер бергенде;
- тіркеуге жататын жылжымайтың мүліктерді иеліктен алу жəне кепілге салу туралы құжаттарды куəландырғаңда;
- тұрғын үй құрылысы туралы шарттарды куəландырғанда.
Нотариаттық іс-əрекеттер нотариаттык кеңсенің үй- жайына, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-əрекеттер нотариат кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куəландыру жазбасында жəне нотариаттық іс-əрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде нотариаттық іс-əрекеттер жасалған орынның мекен-жайы жəне уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-əрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттық іс- əрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-əрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1)жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəліметтерді талап ету қажет болғанда;
2)құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3)басқа бір мүдделі адам куəландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні жəне өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тəртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
Нотариаттық іс-əрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы).
Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-əрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстаң Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы).
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-əрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куəландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-əре- кеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41- бабының 4-тармағы).
Нотариус нотариаттық іс-əрекет жасаған кезде нотариаттық іс-əрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты немесе жеке куəлігі бойынша жүргізіледі.
16 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасы (асырап алушылар) кəмелетке толмағандардың тууы туралы куəлігінің негізінде анықтайды. Кəмелетке толмағандардың жеке басы кəмелетке толмағандардың өздері ұсынған тиісті құжаттармен анықталады. Бұған қоса 14 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың жеке басын анықтау жəне басқа да заңды өкілдер (камқоршылар) арқылы жүзеге асырылады.
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-əрекет жасалуға тиіс.
Əскери қызметшілердің жеке басы əскери бөлімдер мен əскери мекемелердің командованиелері беретін əскери қызметшілердің жеке куəлігінің немесе əскери билетінің негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасында тұракты тұратың азаматтығы жоқ адамның жеке басы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған куəлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уакытша келген азаматтығы жоқ адамның жеке басы оның тұратын елінің кұзыретті органдары берген жəне белгіленген тəртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер бөлімдеріңде тіркелген, оның жеке басын куəландыратын жарамды құжаты бойынша анықталады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы жарамды ұлттық төлқұжаты мен Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған уақытша ықтияр хат бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетел азаматының жеке басы белгіленген тəртіппен тіркелген жарамды ұлттық төлқұжаты бойынша немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.

5 Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері.

Мəмілелерді куəландыруда жəне кейбір нотариаттық іс- əрекеттерді жасауда мəмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс- əрекет жасауға тілек білдірген басқа адамдардың қойылған қолдарының түпнұсқалығы тексеріледі.
Мəмілелерді куəландырғанда азаматтардың əрекет қабілеттілігі жəне мəмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың нотариаттық іс-əрекет жасау сəтіндегі құқық қабілеттілігі тексеріледі. Өкілмен мəміле жасау жағдайында оның өкілеттілігі тексеріледі.
Жеке тұлғаның əрекет қабілеттілігі жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілген жасы бойынша, сондай-ақ нотариуспен əңгімелесудің барысында анықталады.
Мəмілеге қатысушылардың кейбірінің жүйке ауруы немесе акыл-есінің кемдігі салдарынан өз əрекеттерінің мəнін түсіне алмауы немесе өзін-өзі билей алмауы немесе спирт ішімдіктеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Нотариустардың құқықтық дәрежесі
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Өсиеттерді куәландыру
Нотариаттық қызмет субъекьтілерінің пәндік дәрістер
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Өндірістегі мәмілелерді нотариалды куәландыру
Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Пәндер