Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары


«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» тақырыбында орындалған дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Дипломдық зерттеуі білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психологтің бастауыш сынып оқушыларында орын алатын шамадан артық эмоционалды зорлану жағдайында жүрген балаларға психологиялық көмек көрсету мәселері талданған.
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде эмоционалдық кері әсерді зерттеудің қалыптасуы, балаларда орын алатын шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері және бастауыш сынып қушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар туралы теориялық қағидалар талданған. Теориялық зерттеу нәтижесіне сүйене отырып шамадан артық эмоционалдық зорланудың орын алуына негіз болатын себептер, көрініс беру ерекшеліктері, бұл эмоционалдық жағдайдың мінез ауытқуларымен байланыстылығы талданған. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайын зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып олардың эмоционалдық жағдайын коррекциялау, темпераментінің ерекшеліктерін басқару мінез ерекшеліктерін талдау арқылы балардың эмоциаоналдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік бар екені дәлелденген. Шамадан артық эмоционалдық зорланудың түрлері мен себептерін анықтауға арналған психодиагностикалық және түзетуге пайдаланылатын психокоррекциялық жинақталған.
Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 бөлім. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Эмоционалдық кері әсерді зерттеудің қалыптасуы . . . 6
1. 2. Балаларда орын алатын шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері . . . 19
1. 3. Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар . . . 25
2 бөлім. БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЗОРЛАНУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2. 1. Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық жағдайын
зерттеу нәтижелері . . . 34
- Бастауыш мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық
жағдайын коррекциялау . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
ҚОСЫМШАЛАР . . . 69
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Психологияда балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық тұрақсыздықтар көптен бері зерттелінуде. А. Адлер /15/, Л. С. Выготский /28/, Л. А. Орбели /45/, Г. Селье /85/, Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейг, К. Роджерс /45/, Ө. Тлеуқабылұлы /76/, К. Юнг /97/, В. Франк /91/, Ф. Перлз /25/, Изард /44/, З. Фрейд /90/ Э. Фромм /92/, Қ. Жарықбаев /40/ т. б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық зорланудың пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін агрессияның айќын дәлелдемелері арќылы түрлері көрсетілген. Оқушылардың мектеп табалдырығынан аттауымен байланысты көптеген жаңалықтарды меңгеруімен байланысты, бала өміріндегі кризистік даму кезеңдерімен байланысты орын алатын қиындықтар олардың мінез-құлқының кейбір көрсеткіштерінің шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. Осы құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеушілер К. Леонгард, Л. В. Личко, Р. Д. Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т. б. жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Аталған зерттеулер нәтижесін оқушылардың шамадан артық золаруын болдырмау және осы жағдайдан шығару барысында тиімді пайдалану жолдары анықталған.
Оқушыларда шамадан артық зорлану орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақарабын «Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі : білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні : мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы : оқушылардың шамадан артық зорлануының себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.
Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлануының алдын алу және коррекциялаудың ерекшеліктерін анықтау және коррекциялық әдістерді пайдалану жолдарын үйрену.
Зерттеу міндеттері :
- мектеп жасындағы балалардың психоэмоционалдық дамуының ерекшеліктері проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- оқушыларда орын алатын шамадан артық эмоционалды зорлануының түрлерін және себептерін анықтау;
- психоэмоционалдық зорлануға стресс, мазасыздану, депрессия жағдайында болудың әсерін анықтау және дмагностикалау;
- психоэмоционалдық зорланудың балаларды агрессивтілікке, мазасыздану жағдайларына алып келуін дәлелдеу;
- мектеп психологінің балаларда кездесетін шамадан артық эмоционалдық зорлану ерекшеліктерін коррекциялау.
Зерттеу базасы : Шымкент қаласындағы Н. Ондасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.
Ғылыми зерттеу әдістер . Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» әдістемесі бойынша өлшем жүргізу, балалардың депрессиясын анықтау тестері және басқа әдістемелер көмегімен зерттеу, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері . Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Н. Ондасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының психоэмоционалдық жағдайлары зерттелініп, эмоционалдық зорлану жағдайында жүрген балалар анықталды. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді, дипломдық жұмыс жазылды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 бөлім. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Эмоционалдық кері әсерді зерттеудің қалыптасуы
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды /38/. Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т. б. ) . Олар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен - грек тілінде күшті деген мағнаны білдіреді) эмоция деп аталады, ал адамды күшінен айырылтып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.
Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлуын психологияда стресс (стресс - ағылшын тілінде шамадан тыс зорлану деген мағнаны білдіреді) деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінуі мазасыздану кезеңі деп аталады. Ағзаның күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуіне байланысты оны жеңуге күш салу, немесе зорлану кезеңі деп аталады. Адам сырттан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндей қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің бұл ерекшеліктерінің барлығы нақты әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеттіліктері мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында, өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Сезімнің қораш, селқос, солғын болуы іске кедергі жасайды. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік - оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кезде ата-бабалаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін атайды. Мысалы, қатты ашуланған адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп бұлығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тұрс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Бұл мысалдан жабайы адамдардың өздерінің алдында тұрған жауларымен айқасқа түсейін деп тұрған адамның қабілетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан соң жауымен айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамдар қылығына ешқандай сыйысымсыз сипатта болады. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениетке түседі, үйлесімді бола бастайды.
Адамның эмоциялық жағдайы оның темпераментімен байланысты екенін, стресс жағдайының адам өмірінде маңызы өте үлкен екеніне қазіргі кезде көбірек көңіл бөлінуде. Оған тоқталардың алдында бұл ауыртпалық туралы түсінік қазақ халқының арасында ежелден болғанына назар аударалық. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде стресс туралы, «Ұшынымдар» - деген тақырыппен, көптеген деректер келтірілген. «Алланың өзіне жазған тиесілі несептік ризыған тергегі адамзатының әрбірінің өмірлеуі біркелкі болмаулығы шарт. Кейде өтерден «Шопан үсті боз торғайға ұйалық» болмақ. Кейде бұл өтерден ойпыл-тойпыл, астан-кестен болып, ел басына лан туылып, қыз қатын, шаңырағы отын болмақ»-деп көрсеткен.
Эмоциялық шокты - «ұшықтық сілейме»-деп Тлеуқабылұлы былай сипаттайды: « . . . әуелі тұрса тұрған күйі, отырса отырған беті, жатса жатқан қалпы бежірейген күйі қатып қалған тақылетті болмағы шарт. Алыстан айғайлағанды қойып, жанына барғаныңды сезбейді. Тіпті түртсең қозғалым, қарау тақылетті пенделік тіл алысымдық ұштасымдылық көрсетуге шамасы келмек емес, жетпек емес» деп сипаттама берген.
Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» /76/ еңбегінде тұлғадағы қандық аңғақтық бейімдер» - деген тақырыппен адам организмінің алты конституциялық түрін ажыратқан:
«1) қандық аңғақтық ысқытық бейім; 2) қандық аңғақтық суықтық бейім; 3) қандық аңғақтық қоюлық бейім; 4) қандық аңғақтық буылмалық бейім; 5) қандық аңғақтық уылмалық бейімі (нілсіз бейім деп те атаулық) ». Осы сипаттарды қазіргі тілде келтірентін болсақ, оны былай көрсетуге болады:
- Қаны ыстыққа бейімі. Дене бітімі енгезердей, өңі шиедей қызыл, сабырлы, көп сөйлемейтін, аз күлетін ешкіммен сырласпайтын, сызданып сөйлейтін, ұстамды келеді. Бұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша флегматиктерге жақын.
- Қандық аңғақтық суықтық бейімі. Қараторы өңді, қара толықшалаулық ынтық сөйлемеліктері, менікі ғана жөн деуліктері, білгірлікті біліктілік, көрсетімшіл, «сөйлемділік таласқы кеуде қарағай деулік тақылеттілер» - дегенінен өңі қараторы қара, денесі толықша, сөзшең, менікі ғана жөн дейтін, білгірлігі мен біліктілігін көрсете білетін, өзіне сенімді адамдарды ұғамыз. Бұларды Гиппократтың «сангвиниктеріне» жатқызуға болады.
- Қаны сұйықтыққа бейім. Өң әлпеті әртүрлі, көзі шатынап, терісіне симай әрнәрсеге соқтыққыш, қараптан қарап тұрып ашушаң, басқаның сөзін аңдитын, басынан сөз асырмайтын, кекшіл, болымсыз нәрсе үшін өш алуға бейім, басқа адамды өлтіруге аңсары ауғыш, төбелесуге жақын тұратын, артын ойламайтын адам. Бұл Гиппократтың «холеригіне» жақын.
- Қаны қоюлыққа бейім. Үйден көп ұзақ шықпайтын, үйкүшік, шілденің ыстығында қаңтардың суығындағыдай үстінен киімін тастамайтын, суық тисе жалпағынан түсетін, маңдайы жіпсіп терлесе жадырайтын. Іс-әрекеті аз адамдар. Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жақындау келеді.
- Қаны буылмалыққа бейім. Өң-әлпеті әртүрлі түсті болса да, соңынан сұрланыңқы болып, көз жанары солыңқырайды. Әдетте диагноздың тура тұжырым жасау мүмкіншілігі болмаса, көп сезілмейтін, кенеттен талықсып кетіп, ақыл-есінен айырлатын адамдар. Кейбіреулері не болса соған тез ренжиді. Бұдан біз Өтекең бабамыз қояншық дертімен ауыру сипаттамасын беріп отырғанын аңғарамыз.
- Қаны уыттылыққа бейім. Өңі аққудай, көз аңсары солыңқы, кейбірінің өңі тоқтыққан, үп еткен желге ұшып кетердей арық, бет әлпеті жып-жылтыр, кейбіреулерінде өрмекші торлары тәріздес әжімдер байқалады. Қолмен ұстағанда бұлшық еттері болбыр, жүріп-тұруға еріншек, дауысы тым әлсіз. Кейбіреулерінің қан тамырлары қанаса, оны тоқтату тым қиын болып, организмде ауыр бүліністер туындатуына әкеледі. Мұрны қанау, басы ауырғыш, қатты семіру, мәңгүр болып орнынан қозғалмау сияқты белгілерімен көрінетін қанның шіруі мен сөлдің нілсізденуіне бейім. Бұдан біз автордың қуалайтын ауруларға бейімділігі бар адамдарды сипаттап отырғанын ұғамыз.
Абай еңбектерінде адамгершілік сапалардің жетекшілерінің бірін жүрек сезімі деген. Сезім адамның іс-әрекетінде үлкен орын алатындығын көрсете отырып, сезімді жүрек қасиеті, ол - адамның өмір сүруінің басты шарты, ол тамырлармен қан жүргізеді, ол - жанның тұрағы, мекені, онсыз өмір жоқ деп көрсетеді /76/. Эмоционалдық көңіл күйінің жағдайында адамның бет әлпетінен байқалатын қимылдар мен физиологиялық өзгерістерге үлкен көңіл бөлді.
Жылы сөз бен күшті сезім адамның физиологиялық әрекетіне әсерін тигізетінін Абай Евгений Онегин мен Татьянаның хаттарында тамаша көрсеткен.
Білектей арқасында өрген бұрым» деген өлеңінде:
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе, -
Деп ақын сезімнің адамның тұла бойына тигізетін әсерін көрсеткен. Мұнда Абай адамның сезімдері сыртқы қоздырғыштардың, яғни сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының адамға тигізетін әсері арқылы пайда болатындығын көрсетіп отырғаны байқалады.
Абай кейбір өлеңдері мен өнеге-үлгі сөздерінде жеке сезімдер құбылыстарына қысқаша түсінік береді.
Қуаныш - адамға сергектік пен күш-қуат беретін жағымды сезімдердің бірі. Ол көбінесе жастыққа тән сезім болып табылады.
Адам қартайған сайын, онда жағымсыз сезімдер көбейеді. Алайда адал еңбек ету адамға қашанда қуаныш, бақыт ікеледі.
Күлкі - адам қуанышының айқын көріністерінің бірі болып табылады. Күлкі - адамға қажетті нәрсе, бірақ пайдасыз, орынсыз күлкі зиянды болып табылады. Сондықтан орнымен ғана күлу керек. Күлкі адамның рақаттанып, ләззат алуынан туғанда ғана жақсы (орынды) күлкі болып табылады. Ал біреудің қайғысына күлуге тіпті де болмайды, қайта ондай адамның қайғысына ортақ болып, жәрдемдесу керек. Қулықпен сүрген өмір - өмір емес, тек тіршілік етіп жүру ғана. Сондықтан өз еңбегі мен күшіне сүйеніп, адал өмір сүру керек. Еңбек адамға қашанда бақыт ала келеді. Міне, бақыт күлкісі ғана шын жақсы күлкі бола алады.
Қайғы. «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады».
Абай ашуды қайратпен байланысты талдайды: «Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл» - дейді. Егер ашулы адам айқайлап, дауыс көтеріп, шаптығып кететін болса, оның өндіретіні шамалы болады, қайта ашулы адам үндемей, сазарып отырып алса, міне, сондай адамнан сақтану керек: оның арты жамандыққа соқтықтыруы мүмкін. «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны; егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ», - деп жазады. Дүниеде ешнәрсе, соның ішінде зұлымдық, жамандық та мәңгі емес екенін еске сақтай отырып, оған қарсы күресу керек. «Жамандықты кім көрсейді? Үмітін үзбек қайратсыздық, дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас: жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің, қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», - дейді Абай.
Ұят. Абай ұяттың екі түрі бар (надандықтан болатын ұят, абыройға сыйысымсыз іске ұялу) деп көрсетеді де, олардың әрқайсысын сипаттап, ұялу және деген нәрсе адамгершіліктің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады: ұят адамның табиғатына зиянын тигізеді деп түсіндіреді. «Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ, әншейін жолығысудан ұялған секілді, . . . ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын көрсетіп, шешілмегендік қалып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық, надандық.
Шын ұят ақылға, абыройға, бойға теріс бір іс секілді болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі: ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанда, көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі ұялған адамды есіркегендіктен болады: «Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен разым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі ақылға, абыройға, абыройы бойға теріс, адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәсіпке еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болды. Мұндай ұят қылық қылғандығын бөтен кісі білмесе де өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысынға түсесің. Мұндай ұятты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретін кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болады. Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да», деп Абай сезімге бөленгендегі адамның күй-жағдайы ерекше ішкі кернеуге алып баратынын көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz