Жұмыссыздық туралы. Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СОӨЖ
Орындаған: Студент Досыбек
2016 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Жұмыссыздық туралы
- Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Жұмыссыздықпен күрес
Қорытынды
Кіріспе
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін анықтайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Жұмыссыздық туралы
Жалпы, жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамасыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Енді сол-салдарларға тоқталсақ.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы
Қазақстандағы жұмыссыздық
Нарықтың қатынастар алғаш орнай бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатында ең маңызды міндеттердің бірі - еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде XX ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты -жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі жүйеден тұрады: 1. Өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады. 2. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады: жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі жұмыс берушілер есебінен болады. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі - жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жұмсалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «қамсыздандырулық төлем» болып саналады. Мұндай қамсыздандыру төлемі уақытша материалдық есеп қайтару ретінде кімдер алдын ала жарнама жасаса немесе олар үшін бұл жарнаманы басқалар жасаса, ол сондай-ақ, кімде-кім жұмыс істеуге ықылас білдірсе, қабілеті болса және жұмыс іздесе төленеді. Егер осы аталған факторлар болмаса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өзінің шын мәніндегі мазмұнын жоғалтады және ол төленуі тиіс емес. Егер де жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе, жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны болып саналады және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.
1. Жұмыспен қамтуды (жаңа жұмыс орындарын құру) кеңейтудің жағдайы мен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.
2. Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру.
3. Жұмыссыздарға жұмыс іздеуде ұтқыр қоныс аударуға мүмкіншілік тудыру.
Республикада Статистика жөніндегі агенттіктің ресми деректері бойынша көп жылдар бойы жұмыссыздар деп жұмысқа орналастыру органдарында есепке тұрған адамдар саны көрсетіліп, ол жыл сайын 250 мың адам немесе 3, 8-4, 0 пайыз шамасында болып келді. Мәселен, жұмыссыздардың жалпы саны 1996 жылы 970, 6 мың адам болды, ол экономикалық белсенді халықтың 13% -ын құрайды делінген, ал 1998 жылы 282, 4 мың адам ресми тіркелген, жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халыққа ) 4, 2% деп көрсетілген, 1999 жылы тиісінше 251, 4 мың адам және 3, 9%. Жұмыссыздық деңгейін аймақтар бойынша алып қарасаң, республика бойынша 10, 4%-бен салыстырғанда оның төменгі деңгейі Шығыс Қазақстан (7, 3), Солтүстік Қазақстан (8. 9) , Қарағанды (9, 2), Павлодар (9, 2) облыстарында және Астана қаласында, ал жоғарғы деңгей Қызылорда (13. 9) , Атырау (13, 9), Жамбыл (12, 7), Батыс Қазақстан (12, 5) облыстарында байқалады. 2000 ж. елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда бір пайзға (0, 2% -ға) төмендеді. Әдетте халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту үшін, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы ақпан айының басында бизнеспен айналысатын 103, 7 мың шағын кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде 78, 5 мың кәсіпорын (яғни 75% ) жұмыс істеп тұрғандар, соның ішінде 39, 9 мыңы белсенді түрде жұмыс істеп тұрғандар деп саналады. Жұмыссыздықтан арылудың тағы бір бағыты - импортты алмастыру саясатын парасатты жүргізіп, қазба байлықты игеріп жатқан салаларда соларға қажетті өнімді шеттен әкелмей, өзімізде шығару.
Жұмыссыздықпен күрес
Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz