Маркетинг жайлы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Компания туралы жалпы мағлұмат
  • Макроорта факторлары
  • Микроорта факторлары
  • Медиаорта факторлары

Қорытынды

Кіріспе

XXI ғасырда, яғни қазіргі заманда белгілі бір мақсатқа жету немесе белгілі мәселелерді шешу үшін құрылған ұйымдар өте көп. Ұйымдар адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылғандықтан, әрбір ұйымның өзіндік қолдану аясы, ерекшеліктері, өлшемдері және т. б. болады. Сонымен қатар әр қайсысының өз алдына стратегиясы, мақсаты болады, және де өзіндік саяси даму бағытын таңдай алады. Бірақ тәуелсіз бола отырып, әрбір ұйым сонымен қоса үлкен, динамикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол жүйе - кәсіпорынның маркетингтік ортасы.

Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:

  • Макроорта
  • Микроорта
  • Медиаорта

Компания туралы жалпы мағлұмат

Pixar Animation Studios (Пиксар Энимэйшн Студиос) немесе Pixar - компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. АҚШ, Калифорнияда орналасқан.

«Pixar» студиясын өзінің "Жұлдыздар соғысы" еңбегі табысты болған соң Джордж Лукас 1979 жылы құрды (ол кезде студия "Тһе Graphics Group" деп аталды да Lucasfilm кинокомпаниясының компьютерлік бөлімшесі болды) .

1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны Pixar деп атауды ұсынды.

2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7, 4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disney компаниясының алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.

"Ойыншықтар хикаясы", "Ойыншықтар хикаясы 2", "Қоңыздың өмірі", "Монстрлар корпорациясы" және "Ара ізденістер Немо" туындылары 2, 5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, «Pixar» студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.

Мультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, «Pixar» үшөлшемді компьютерлік графика саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Піхар РендерМан қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. РендерМан - жоғары сапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама "Титаник", "Матрица", "Сақиналар әміршісі" және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған.

Бас директоры - Эд Кетмелл, ал креатив бөлімін Джон Лассетер басқарады.

Макроорталық факторлар

Фирмаға әсер ететін маркетингтік орта факторларын рет-ретімен қарастырып өтейік.

Макроорта - кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.

Негізгі факторлар
Негізгі факторлар: 1. Демографилық фактор
Негізінен «Пиксар» киностудия болғандықтан, оның студияларының қай жерде орналасқандығы халық көп немесе халық аз қоныстанған жерде орналасқандығы біз үшін онша маңызды емес. Өйткені «Пиксар» студиясы қолмен ұстап, күнделікті тұтынатын материалдық өнім емес, руани, абстракциялық өнім анимациялық фильм өндіреді, түсіреді. Біз үшін ең маңыздысы ол компания ұсынған фильмдердің көрермендердің, яғни біздің көңілімізден шығу-шықпауында. Анимациялық фильмдер шығаратын болғандықтан, «Пиксар» көрермендерінің жартысынан көбі кішкентай балалар. Сол үшін олар сол бүлдіршіндердің көңілінен шығу үшін олар күннен - күнге жаңа хикаялар ойлап тауып, оларды түсіруде. . Негізгі студиясы АҚШ-та, Калифорнияда орналасқан.
Негізгі факторлар: 2. Экономикалық

Экономикалық факторлардың рынок субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. 1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны «Pixar» деп атауды ұсынды. 2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7, 4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disneyдің алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.

"Ойыншықтар хикаясы", "Ойыншықтар хикаясы 2", "Қоңыздың өмірі", "Монстрлар корпорациясы" және "Ара ізденістер Немо" туындылары 2, 5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, Піхар студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.

Негізгі факторлар: 3. Табиғи
Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстардың ұтымды пайдалану мәселелерін және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты. Бұл компанияның қоршаған ортаға тигізетін ешқандай зияны жоқ.
Негізгі факторлар: 4. Ғылыми-техникалық
Ғылыми-техникалық факторларды талдау барысында жаңа тауар өңдіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп, оның іске қосу жолдары жасалуы қажет. Мультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, «Pixar» үшөлшемді компьютерлік графика(3D) саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Pixar РендерМан қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. РендерМан - жоғарысапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама "Титаник", "Матрица", "Сақиналар әміршісі" және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған. Яғни Пиксар жаңа технологияны қолданып қана қоймай, оларды өздері ойлап тапқан.
Негізгі факторлар: 5. Саяси-құқық

Саяси-құқықтық фактор мемлекет органдарының талаптарын білу үшін және оларға бейімдеу қажет. Өз қызметін жүзеге асыруда СМЖ:

  • фильм сапасының жоғары болуы;
  • адам психологиясына кері әсер етпеуі;
  • белгілі бір сюжет бойынша болуы;
  • боғауыз сөздердің болмауы;
  • фильмге байланысты жастық шектеулердің болуы;

Сапа менеджменті жүйесі тек өнім сапасына қатысты емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Бұл - жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі үздіксіз бақылау. Яғни, «Pixar» компаниясы саяси-құқықтық нормаларға сай жұмыс істейді және өз фильмдерінің сапалылығына кепілдік бере алады.

Негізгі факторлар: 6. Мәдени
Кәсіпорынның маркетинг жұмысының нәтижесі мәдени факторларға байланысты. Қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы, іс-қимыл қатынастары маңызды мәдени фактордың көрсеткіштеріне жатады. «Pixar» компаниясының өнімін бүкіл дүние жүзі көретін болса, тұтынушылардың көңілінен шығу үшін фильмнің басында бір оқиғаны қозғап, соны ары қарай жалғастырады және де оның соңында кішкентай балаларға тәрбие беретін бір ой қалу керек. Және олардың жүріс-тұрысы, киген киімінен оның кім екендігін тануымыз керек.

Микроорта факторлары

Енді микроорта факторларына тоқталып кетейік. Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді.

Жабдықтаушылар
Бәсекелестер
Маркетинг делдалдары
Тұтынушылар

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Жалпы, «Pixar» бүкіл керекті құрал-жабдықтарды өздері өндіретін болғандықтан, бұл компанияға жабдықтаушылардың көмегі өте қатты қажет емес. Бірақ бір жабдықтаушысы бар:

  • The Walt Disney Company
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы «Сан-Фарма» компаниясының мысалында халықаралық маркетингтік қызметті талдау
Маркетингілік зерттеудегі ақпараттың рөлі
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Кәсіпкерлік қызметті дамытуда маркетингтің ролі туралы
МАРКЕТИНГТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ НАРЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ
Маркетингтік ақпарат жинау
Маркетингтің теориясы. маркетингтің мәні және қызметтері
Маркетинг – нарықтағы кәсіпкер тәртібінің ғылымы
МАРКЕТИНГТІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz