Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ
№3 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Алматы қаласы: тарихы және бүгінгі жайы
Мамандығы: 05070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Сейттанова. А Тобы: ВТк-17-1
Тексерген: к. и. н., доцент Байдильдина С. Х
«» 201__ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2017ж.
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Алматының көне кезден қазіргі танға дейінгі тарихы
1. 1. Патша үкіметінің құрамына енгенге дейінгі көне заманнан басталған Тарихы . . . 6
1. 2. Патша үкіметінінң құрамына енгеннен кейінгі бастан кешкен тарихы . . . 8
II. Алматы қаласының қазіргі замандағы орны
2. 1. Эканомикасы мен Өнеркәсібі . . . 11
2. 2. Мәдениет және спорт жетістіктері . . . 13
Қорытынды . . . 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 16
Кіріспе
Алматы қаласы орнында бұрын көне қоныс болғаны баяғыдан белгілі. Кезінде шығыстанушы ғалым Василий Бартольд «16-ғасырда Алматы қаласының түбінде екі ханның ірі шайқасы болған» деп жазған. 1929 жылы қорымды қазу кезінде 1-ғасырда соғылған теңге табылған. Ғалымдар қала орнында 1-ғасырдан бастап бірнеше қоныс болған деп жорамалдайды. 1930 жылдары газеттер бұл фактілердің бәрін жазған.
Бұл деректер кейін де ашық жарияланды. 1960 жылы туристерге арнап шығарылған «Алматы және оның төңірегі» деген буклетте: «Осыдан 100 жылдан көп бұрын - 1854 жылы мұнда қазақтардың ежелгі қонысы Алматының орнына орыстар Верный әскери бекініс салған» деп жазылған.
Бірақ көпке дейін Алматы қаласының тарихы 1854 жылдан басталады деп жазылып келді.
2000 жылдары жағдай өзгере бастады. 2004 жылы әкімдік қаланың 150 жылдығын салтанатты түрде атап өтеді деп хабарланды. Бірақ ақпарат құралдарында ғылыми дәрежесі бар авторлардың «қаланың 150 жыл емес, 1000 немесе одан да көп жылдық тарихы бар» деген мақалалары жариялана бастады. Ақыры қаланың 150 жылдығы ресми мерекеленбегенімен, ақпарат құралдары Алматының өткені туралы көп мақала жариялап атап өтті.
Шамамен 2004 жылдан бастап қаланың 1000 жылдық тарихы бар деген болжамды негіздеу үшін қызу жұмыс басталды. Академик-археолог Карл Байпақов жуырда өткен «Алматының мәдени жасы - 1000 жылдық тарихы» деген дөңгелек үстелді «талай жылға созылған дискуссияның қорытындысы» деп атады. 2008 және 2010 жылдары да бұл тақырыпқа халықаралық екі конференция арналған.
Алматы - Жетісу аумағының манызды точкасы сол жердің маржаны.
Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға сапалы және жылдам қызмет көрсетті.
Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны - 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 2-ға дейін өсті.
Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті.
Тақырыптың өзектілігі: 1921 жылға дейін - Верный деп аталынған. Орта ғасырларда - Алмату (Алмалы) ) -Қазақстанның ең үлкен мегаполис қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 703 500 адам тұрады (2016) . Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18. 8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Академик Карл Байпақов. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.
саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, Алматының жасы 1 мың жылдан кем емес деген ұйғарым жасауға болады.
Академиктің айтуынша, Алматы пайда болды деп болжанған 10-11-ғасырлар мұсылман ренессансы дәуірі болып, Шығыста әл-Фараби, Бируни, ибн-Сина, Омар Хайям сияқты мәдениет пен ғылым қайраткерлері өмір сүрген. Осы кезеңде шарықтап дамыған қала мәдениеті астанасы Алматы болған Жетісу өлкесін де қамтыған.
Ол замандағы қаланың келбетін Талғар қаласының (Алматыдан 25 шақырым жердегі) күнгей шетінен қазылған Талхир қалашығына қарап болжауға болады. Карл Байпақовтың айтуынша, бұл екеуі - егіз қала. 14-ғасыр мен 15-ғасырдың басындағы шапқыншылық кезінде Алматы қаласы қатты құлдыраған.
Ғалымның Азаттық тілшісіне айтуынша, біздің заманымызға дейінгі 3-ғасырдан біздің эрамыздың 6-ғасырына дейін тіршілік еткен Алмарасан қонысын қазу кезінде жаңа деректер табылған. Байпақовтың айтуынша, археологтар орта ғасыр дәуіріне тән архитектуралық стиль мен қала салу мәдениеті белгілерін байқаған.
Ғалым Ресейден келген қоныстанушылар пайдаланған суармалы егіншілік жүйесі мен қолөнер дәстүрі жалғастығын орта ғасырдағы Алматы мен Верный бекінісінен өсіп шыққан қала арасындағы сабақтастықтың дәлелі деп есептейді.
Археолог Жәкен Таймағамбетов. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.
Таймағамбетовтің айтуынша, жаңа деректер табылса, Алматының тарихы 1 мың жылмен де шектелмей, бұдан да көне қала болып шығуы мүмкін.
Архитекторлар одағы төрағасы Сергей Мартемьянов Алматының жас шамасын өзге тәсілмен есептеуді ұсынады.
- Қаланың жас шамасын 1854 жылдан бергі деп те, 1000 жыл деп те көрсетпегеніміз жөн сияқты. Оның орнына жұрттың санасына «Алматы - ежелгі тарихы бар көне қала» деген ойды сіңіре берген дұрыс. Сонда бұл зиялы қауым қолдаған нағыз мемлекеттік шешім болады, - дейді.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша қабылданған қарарда «Ежелгі Алматының орнында 1854 жылы салынған Верный (Алматинск) - Алматы қаласы - Алматы тарихының жаңа парағын ашқан қаланың 1000 жылдық тарихының маңызды бөлігі» деп жазылған.
Мақсаты мен міндеті: Қазақстанның аса манызды стратегиялық орны Алматы қаласының тарихын зерттеу. Ғалымдардын қаланың тарихы туралы пікірлерін оқу. Тарихқа терен үнілу және дүние жүзіндегі Алматының қазіргі рөлін анықтау.
1. 1. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы - Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді. Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы - Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында. Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барыс жатады. Тау баурайы дәнді дақылдар алқабы, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер, жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га-дан астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады. Қала 170 шаршы км-ден астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің алқабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді. Алматы - елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылыАӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды. Басты қала құндылықтарының бірі - Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар. 28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан. Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А. Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген. Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы - Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған. А. Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей - республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км қашықтықта орналасқан.
Көне тарихы
1. Б. з. д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
2. Б. з. д. 7 ғ. -б. з. д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы - Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердің орталығы болған.
3. Б. з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған.
4. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхемде алғаш рет қаланың аты аталынады.
5. Алматының 2, 5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен Іле Алатауының етегінде Алмату қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғыс хан шапқыншылығынан қираған Алмалык,, Алмату қалалары туралы жазады. Мухаммед Хайдар Дулати және Шараф ад-Дин Йезди өз шығармаларында Алматуды атап кеткен. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырларда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екібасқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251-59 жылы француз королі IX Людвигтің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген "Жетісу құрбандық табағы", ғажайып "Қарғалы тәтісі" бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді.
Орта ғасырлар кезінде
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай. Бүкіл Жетісу жері Моғолстан мемлекетінің территориясында болды.
Қазақ хандығы кезінде
1560-1564 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді. Қазір бұл жер - Алматы облысы, Самсы теміржол бекеті.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. Зерттеуші М. Тынышпаевтың дерегі бойынша Аңырақай шайқасы туралы дерек Пішпек және Әулиеата уезінің қазақтарының жадында жақсы сақталған.
1. 2. 1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.
КСРО құрамында
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деген жаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түрксіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 жылдың 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1-мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
1930-1935 жылдары темірлі құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материадцардан салынған байланыс үйі, ішкі істер министрлігінің клубы, Түрксіб темір жолы басқармасы, "Алатау" кинотеатры, т. б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6, 5 млн сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2, 9 млн сом, коммуналдық шаруашылыққа 2, 2 млн сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы м жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Соғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры (1941), ал 1950 жылы Қазақстан ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы - 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жылдары Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жылдары Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971жылдар аралығында қалада 1400 шаршы м мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы м баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Қайта құру кезеніңде
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т. б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат - Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
Тәуелздік кезеңі
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz