Қазақстан тарихындағы Семей полигоны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.
1.1. Қазақстанның егемендік алу бастауында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстанның экономикалық стратегиясын әзірлеу. Дсұ ену . әлемдік экономикаға бірігу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Ең ірі реформалар
2.1. Қазақстан «2030» реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қазақстан «2050» реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі: Жоғары технологиялар ғасыры, ақпараттық ғасыр аталған ХХІ ғасыр жаппай жаһанданумен, экономикалардың бірігуімен, көші-қон процестерінің жандануымен, мәдени өзара кірігумен сипатталады. Бұл процестердің оң салдарларымен қатар, рухани өмірдің оңтайлануымен, дүниетанымдық және құндылықты дағдарыстың шиеленісуімен байланысты кері жағы да бар. Бұл жағдайларда, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында атап кеткендей, аса маңызды стратегиялық міндет – барлық қоғамды біріктіріп, табысының негізіне айналатын Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру: «Қазақстан –біздің жеріміз. Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабамыздың жері болған. Ол енді біздің ұрпақтың жері болмақ». Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеу процесінің тұтастығы мен бірізділігі тек егер ол елдің өткеніне құрметпен қарауды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін меңгеруге табиғи байланысты таралған жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүгінде Қазақстан – бұл бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болып табылатын дамушы ел. Тарих тұрғысынан алып қарағанда жас мемлекет болып табылатын Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал беделге ие, әлемдік саясатта толық құқықты белсенді субъект болып саналады. Мұның барлығы ел азаматтары үшін мақтаныш және қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз факт. Ел басына ауыр екіталай жылдары, мемлекеттілікті сақтау туралы сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік алып қана қоймай, сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм – Мәңгілік Елдің идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды. Осы жинақта ұсынылатын материалдарды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы роліне арналған куратор сағаттарын өткізуде кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://www.akorda.kz/kz/category/prezident
3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://alashainasy.kz/politic/nazarbaev-saylau-kun-kozne-jas-aldyi-67894/
4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://www.forbes.com/profile/dinara-kulibaeva/
5. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Назарбаев айтқан сөздері. Қазақстан Республикасының Президенті ресми сайтындағы Н.Назарбаевтың жеке парақшасы. Тексерілді, 8 қыркүйек 2012.
6. ↑ Мынаған өту:a b c «Ақмола облысы» энциклопедиясы
7. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://www.bbc.co.uk/news/world-asia-18055249

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ

№3 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстан тарихындағы Семей полигоны
Мамандығы: 05070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған: Зулмат Әлішер Тобы: ВТк-17-1
Тексерген: к.и.н., доцент Байдильдина С.Х

___________ _______________ _____ __________201__ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2017ж.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I.
1.1. Қазақстанның егемендік алу бастауында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
1.2. Қазақстанның экономикалық стратегиясын әзірлеу. Дсұ ену - әлемдік экономикаға бірігу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Ең ірі реформалар
2.1. Қазақстан 2030 реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Қазақстан 2050 реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жоғары технологиялар ғасыры, ақпараттық ғасыр аталған ХХІ ғасыр жаппай жаһанданумен, экономикалардың бірігуімен, көші-қон процестерінің жандануымен, мәдени өзара кірігумен сипатталады. Бұл процестердің оң салдарларымен қатар, рухани өмірдің оңтайлануымен, дүниетанымдық және құндылықты дағдарыстың шиеленісуімен байланысты кері жағы да бар. Бұл жағдайларда, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында атап кеткендей, аса маңызды стратегиялық міндет - барлық қоғамды біріктіріп, табысының негізіне айналатын Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру: Қазақстан - біздің жеріміз. Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабамыздың жері болған. Ол енді біздің ұрпақтың жері болмақ. Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеу процесінің тұтастығы мен бірізділігі тек егер ол елдің өткеніне құрметпен қарауды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін меңгеруге табиғи байланысты таралған жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүгінде Қазақстан - бұл бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болып табылатын дамушы ел. Тарих тұрғысынан алып қарағанда жас мемлекет болып табылатын Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал беделге ие, әлемдік саясатта толық құқықты белсенді субъект болып саналады. Мұның барлығы ел азаматтары үшін мақтаныш және қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз факт. Ел басына ауыр екіталай жылдары, мемлекеттілікті сақтау туралы сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік алып қана қоймай, сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм - Мәңгілік Елдің идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды. Осы жинақта ұсынылатын материалдарды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы роліне арналған куратор сағаттарын өткізуде кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолымен танысу, реформаларын насихаттау, атқарған жұмысымен танысу.
1.1. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихы ол қоғам өмірінің динамикалық жаңару уақыты. Бұл кезең жаңа экономикалық, саяси және құқықтық жүйелерді қалыптастыруда, әлемдегі дамыған елдердің тәжірбиесін және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып нарықтық қатынастарды және демократиялық институттарды құрудағы қызу жұмыстар кезеңі болды. Бұл жылдарда қазақстандықтар ең бастысы - халықтар арасындағы бірлікті және ынтымақтастықты жоғалтпай, демократиялық басымдылықтарға негізделген жоғарғы экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуге қол жеткізді . Тәуелсіздік жолына түсе отырып, Қазақстан халқы елдің болашағын өзінің тұңғыш Президентіне сеніп тапсырды. Қазақстандықтар әрқашанда Нұрсұлтан Әібшұлы Назарбаевтың жасампаз талантына сенім білдіретін. Уақыт бүкілхалықтық таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді. Жүріп өткен жолдарды еске ала отырып, Нұрсұлтан Әібшұлы былай дейді: Әрең дегенде уайыммен, ескі өмірлік құндылықтармен Қазақстан мемлекеттік меншіктен жеке меншікке, әкімшіл-әміршіл экономикадан - ойластырылған және оңтайлы жоспарлауға және менеджментке, нарыққа өтті. Өткен жылдарға қарай отырып, біздің әрқайсымыз елдің жүріп өткен жолын зерделейміз. Бұл уақыт оңай болған жоқ, дегенмен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуының сәтті қадамдары біздің Президентіміздің ауқымды ойларына сай келді. Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізу КСРО-ның 80-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық және саяси реформалардың құлауына әкеп соқты. XX ғасырдың соңында әлемнің саяси картасынан халық үшін шынайы драмаға айналған ірі империя - Кеңес Одағы жойылды. 70-ші жж. ортасында экономикадағы дағдарыс белгілері көрініс бере бастады: ғылыми-техникалық іргерілеу дамуының бәсеңдеуі; өндірістің жетекші салаларындағы құрал-жабдықтардың сапалық тозуы; инфрақұрылымдық салалардың негізгі өндірістен артта қалуы; жолы қиын аудандарға табиғи ресурстарды өндіруді ауыстыруы, кәсіпорында өндірілетін шикізаттың қымбаттауы, материалдық ресурстардың жетіспешулігі сияқты 27 ресурстық дағдарыс көрініс берді. Мұның барлығы еліміздің халық шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Көптеген шешілмеген қайшылықтарға толы кеңес жүйесі әлемдік экономиканың даму сипаты мен тенденцияларындағы жаһандық өзгерістерге объективті түрде дайын болған жоқ, 80-ші жылдардың басы мен 90-шы жылдардың соңында елімізде тараған және КСРО-ның құлауына әкеп соққан экономикалық дағдарыс ел басшылығы жүргізіп отырған көпжылдық тиімсіз экономикалық саясатпен байланысты болды. Бұл мемлекеттің экономикалық тозуына, өндірістің социалистік тәсілінің және барлық әлемдік социалистік жүйе беделінің түсуіне әкеп соқты . Сонымен, елімізде экономикалық дағдарыспен қатар идеологиялық және саяси дағдарыстар туындағандықтан, экономикада ғана емес, сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-саяси құрылғыларында түбегейлі, революциялық өзгерістердің объктивті қажеттілігі туындады. Сол кезеңдегі басшылық қоғамның саяси шыңын қайта құруға, кадрлық революция жасауға әрекет жасады, яғни, ешқандай құрылымдық өзгерістерсіз бюрократиялық жүйеге тиімділік келтіргісі келді. Алайда, мұның барлығы елді дағдарыстан шығара алмады. 1985 ж. СОКП ОК-ға М.С.Горбачевты бас хатшы етіп тағайындағанда КСРО-да қайта құру кезеңі басталады. Елде тоталитарлық саяси құрылыстың және әміршіл-әкімшіл экономиканың негізін қайта қарау процесі басталды. Ол дегеніміз: қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жылдамдатудың тиімді механизмін жасау; демократияның жан-жақты дамуы, құндылықтар мен жеке тұлғаны құрметтеудің тәртібін нығайту; бұйрық беру мен әкімгершіліктен бас тарту, жаңашылдықты марапаттау; ғылымға бет бұру, ғылыми-техникалық жетістіктерді экономикамен және тағы басқалармен біріктіру. Жалпы, қайта құру, ең алдымен, елдегі тоқырауды тоқтату үшін жүзеге асырылды. Алайда, төменгі тиімділік және өндіріс стимулдарының болмауы сияқты құбылыстар көрініс бере бастады. Осының бәрі елдің қалыпты даму қабілетін тежеді. Осыған байланысты елде қайта құрудың пайдалылығына және еліміздің партия-мемлекеттік басшылықтың оқиғалар ағымын өзгертуге қабілеттері жететіндіктеріне күмән келтірді: ол процесті жақсартуға белсенді әсер етуге қабілетті болмай шықты, яғни, М.С.Горбачевтың елді реформалаудың нақты және жүйелік жоспары болған жоқ, көптеген әрекеттердің (ішімдікке қарсы компания, ақша айырбастау, жылдамдату және т.б.) салдары қиын болып шықты . Жүйесіз ішкі саясат, ең алдымен, бей-берекет экономикалық реформалар қоғамның барлық салаларындағы дағдарыстың шиеленісуне және өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне алып келді. Қайта құру, үкіметтің мемлекеттік құрылымдарының, оның басшыларының өмір қойған негізгі шешімдерді тиімді шешуге дайын еместіктерін айқындады. Дамытпалы экономикалық дағдарыс еліміздегі саяси жағдайдың нашарлауына себеп болды. Орталық үкіметтің экономикалық жағдайды 28 жақсартуға қабілетсіздігін белгілей отырып, одақтас республикалардың, аймақтар мен аудандардың басшылығы аймақтардың өз орындарында экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге құқылы екендіктерін көрді. Көптеген республикаларда ұлтаралық қатынастар бірден шиеленісе түсті. Алайда, біздің Елбасымыздың дұрыс саясатының және оның көрегендігінің, сондай-ақ, біздің қоғамдағы өзара достық қарым- қатынастың арқасында кеңес үкіметі кезінде қалыптасып үлгерген Қазақстанда мұндай жағдай болған жоқ. Біздің Президентіміз атап өткендей: Жетекшінің беделін оның халқы мен елі көтереді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі ерекеше сынақ кезінде біздің халық өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете білді. Республика тұрғындары ынтыматастық пен достықтың рухын сақтай білді .... Н.А.Назарбаевтың өзі сол уақытты аса ынтамен еске алмайды, бірақ, оны ұмытпайды. 17.06.15ж. Казахстанская правда газетіне берген Бесславный конец смутной поры атты сұхбатында Назарбаев: Кеңес Одағының құлауын қайта құруды сәтсіз жүргіздің, Горбачевтың жетекшілік әдістерінің әлсіздігі, славян республикаларының жікшілдігі, Батыстың және басқа да көптеген себептердің әсері деп қарауға болмайды деп айтқан болатын. Кеңес Одағының құлауы - жалпы алғанда империя табиғатынан туындаған заңды нәтиже. Әрине, әртүрлі жағдайлар қолайлы тоғысқанда Кеңес Одағының тіршілік етуін сол мемлекеттік формада ұзартуға болатын да еді. Мүмкін, бұған мен де өз үлесімді қосар едім. Алайда, тарих дамуының өз заңдылықтары бар. Сондықтан, сол мемлекеттің құлауы кезінде маған ұсынылған қызметтерде жұмыс атқармағаным тағдырдың сыйы деп білемін. Менің барлық білімім мен іскерлігім ең қиын, ең ауыр тарихи кезеңде Қазақстанның мемлекеттік мүдделеріне бағытталды . Н. Назарбаев және басқа республикалардың бірқатар көшбасылары КСРО-ның конфедерацияға айналғанын бір ауыздан қолдады. Кеңестік Одақ бұрынғыдай қала алмайтын болды. Ол бір орталықтан басқаруға келмейтін ірі держава болатын. Біздің Елбасы қырағылықпен жаңартылған Одақ енді федерация түрінде қала алмайтындығын ескертті. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында өтіп кеткен уақытты аңсауды қою керектігін баса айтты. Тіпті қатты батыра айтты: Ешкімде қиялға берілмеуі керек. Қазақстан ешқашан ешбір аймақтың жүгенінде және ешқашан ешкімнің інісі болмайды. Ал, Горбачев Украина тәуелсіздігін жариялағаннан кейінде бұрынғы Одақты реформалау туралы, орталықтар мен республикалар арасында жаңа қарым- қатынасты орнату жайлы айтуды жалғастырды. Кеңес Одағы тек конфедерация түрінде ғана сақталуы мүмкін еді. М.С. Горбачевтың конфедерация туралы ойы қолдаусыз қалды, нәтижесінде федерация жоқ болды. Елдің бірлігін сақтай алмады. 29 КСРО-ны сақтап қалу мүмкін еместігі белгілі болғанда, Н. Назарбаев жаңа конференцияның өткізілуін және жаңа келісімге қол қойылуын талап етті, ол 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда жүзеге асты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы және Социалистік Республикалар Кеңес Одағының тоқтатылуы туралы декларацияға Одақтың бұрынғы 11 республикасының көшбасылары қол қойды. Бұл құжатта 1991 жылдың 1- ші желтоқсанында Қазақстан президенті лауазымына, кейін бүкілхалықтық сайлаумен сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың да қолы болды . Тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан КСРО республикаларының ішінде соңғы болып өзінің тәуелсіздігін жариялады, бұл дегеніміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының жүйелілігін білдіреді. Жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің егемендік алуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен және ісімен тығыз байланысты. Ерікті Қазақстанның барлық жетістіктері нық, арине, мұның бәрі өзінің терең стратегиясын жүзеге асырып, таңдалған жолдың нақтылығын сақтай алған біздің Елбасымыздың тұлғасымен байланысты. Тарих тұрғысынан қарасақ Қазақстанның тәуелсіздік жолдары - ол бар болғаны қас қағым сәт. Дегенмен, тәуелсіздік тарихының бұл кезеңі Қазақстан елін, қоғамын және халқын түпкілікті өзгерткен түбегейлі реформалардан, әлеуметтік өзгерістерден тұрды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолы заманалық тарихи оқиға болып белгіленді. Олардың қатарына қоғамдық жүйелердің ауысуы, жаңа мемлекеттің, басқару формаларының туындауы, жаңа әлеуметтік құрылымның, әлеуметтік стратификацияның және құрылымдық экономикалық реформалардың қалыптасуы жатады. Әлемдік масштабтағы мемлекеттік қайраткер, бүгінгі реформатор және әйгілі стратег Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен Қазақстанның жаңа тарихы тығыз байланысты. Біздің тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған Президент Назарбаев заң бойынша қазақстандық - феноменді сәтті даму жолының Авторы болып табылады.
1.2. Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара тәуелділік тұрақты ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. 2030 Стратегиясының әзірлемелерін ескере келе, 2050 жылға дейін ұлттың жаңа саяси бағытын құру керек. Қазақстан - 2050 Стратегиясы - біздің еліміздің жаңа даму кезеңіндегі алғашқы ұзақ мерзімді 2030 Стратегиясының жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономканы диверсификациялау бойынша міндеттер маңызды болып қалады және жаһандық тұрақсыздық пен табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат - Қазақстан - 2050-ді әзірлеуге себеп болды. Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену. 2050 жыл - бұл жай ғана символдық күн емес. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеп және қабылдап келеді. Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек: - Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту. - Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу. - Жеке кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан- жақты қолдау. - Жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру. - Білім беру және денсаулық сақтауда қазіргі заманғы және тиімді жүйелер құру. - Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын арттыру. 37 - Жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын орнату . Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні - жалпы қамтитын экономикалық прагматизм. Бұл дегеніміз: Бірінші. Экономикалық мақсаттылық пен ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерінің барлығын дерлік қабылдау. Екінші. Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең құқылы бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің жаңа нүктелерін жасау. Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық климат жасау. Инвестицияларлдың пайдалылығы мен қайтарымы. Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру . 2050 жылға дейін мына мәселелердің кезең-кезеңмен шешілуін қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады: - мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту; - бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану - тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске деген қатынас жеке меншік қаражат бөлу сияқты ұқыпты әрі ойластырылған болу керек. Басқаша айтқанда, бюджеттен бірде бір теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсификацияялау мен инфрақұрылымды дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоғысады. - өндіріс пен жаңа технологиялар саласында қолданылатын салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық басқаруды ырықтандыру мен кедендік басқаруды жүйелендіру саясатын жалғастыру керек; салықтық есеп беруді жеңілдетіп, минимумдау керек. Жақын бес жылда онлайн электрондық есеп беру режиміне көшу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру. Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы нарыққа отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек. Әлемдік экономикадағы қолайсыз жағдайды ескере отырып, Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторының 38 талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату керек және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет. Келесі міндет - инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсу мүмкіндіктерін кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел ішіндегі аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, пайданы мұқият есептеп, ой жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту маңызды болып табылады. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді, олардың нәтижесі ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау екі есе ұлғаяды. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе артады. Қойылған мақсаттар басты міндет - біздің экспортымыздың тек қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарыққа ғана өткізу міндетіне бағынышты болады. Инфрақұрылымды құру рентабельділік заңына бағынуы тиіс. Оны жаңа бизнестерді дамыту және жұмыс орындарын құру жолына қою керек. Қазақстан экономикасын дамытудың одан арғы міндеті - оны тиімді басқару. Еліміз бір тұтас корпорация ретінде жұмыс істейді, ал мемлекет оның негізі болады. Корпоративтік ойлаудың күші барлық процестердің бір тұтас ретінде қарастырылатындығында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай бизнесті - ойлауды үйренеді. Тиімділіктің басты критерийі - мемлекет қаражаттан түсетін қайтарым деңгейі. Еліміздің өндірістік әлеуетін неғұрлым жылдам арттыра алатын болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей ядролық полигоны туралы
Қазақстандағы атом полигондары
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Ядролық сынақтар хронологиясы
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау
Қазақстанның экологиялық проблеммалары
Семей полигоны. Ядролық зерттеу полигоны
Пәндер