Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Қ.И.Сатпаевтың ғылымның дамуына қосқан үлесі.
1.1. Қ.И.Сатпаевтың өміріне қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қ.И.Сатпаевтың жеткен жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
II. Қ.И.Сәтбаев ұлы тұлға
2.1. Қ.И.Сәтбаевтың ғылымнан басқа жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2.Қ.И.Сәтбаевтың тікелей араласуымен іске асқан шаралар ... ... ... ... ... ... .9
2.3.Қ.И.Сатпаевтың музыкаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Халық даналығы «Көп өмір сүргеннен емес, көп біліп, көп көргеннен сұра» дейді. Шындығында, сексенге келіп селкілдеп отырса да, халқына бір тиын пайда тигізбей, өз жеке қарқан басының қамымен өткендер де, елуге келіп елпілдеп жүрсе де халқы үшін қызмет етіп, атақ-даңққа бөлегендер де бар. Бірақ, өкінішке орай, әдетте алғашқыларынан соңғылары аз болады. Тегі «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» деген осы болар. Кезінде «Ақыл жастан, асыл тастан» дегендейін отыз жасында орда бұзып, қырық жасында ел басқарған Қаныш Имантайұлы да осындай жан болған. Ол туралы көзінің тірісінде де, кейін де замандастары мен кейінгі толқын ізбасарлары жақсы пікір, ой-толғамдар айтып, жазып жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай мол рухани мұра қалдырған. Енді солардың қайсыбіріне тоқталып көрелік.
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір енді басталған кез. Қазақстан ол кезде Кеңес одағының құрамына енген және сырт әлемге көбіне бейтаныс 15 республиканың бірі ғана еді. 1947 жылы кеңестік делегацияның құрамында Лондонға Қаныш Сәтпаев барған екен. Сапар барысында қазақ баласын алғаш көрген Ұлыбританияның алғашқы саясаткері Уинстон Черчиль зор денелі Қаныш ағаға қарап, «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» – деп сұраса керек. Сонда Қаныш Сәтпаев «О не дегеніңіз, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын», -деп жауап берген екен. Ойы мен ісінде, тіпті қалжың сөзінде жүрегі әркез халқым деп соққан, туған жерін шексіз сүйіп, оған шексіз берілген. Қаныш Сәтбаев міне, осындай жарқын мінезді біртуар азамат еді. Қаныш Имантайұлын, біз, негізінен ірі ғалым, мемлекеттік қайраткер ретінде танимыз. Рас. Мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмыр кешті. Қазақстан өндірісінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Заманында халқы да, мемлекет басшылығы да ғалымның еңбегін жоғары бағалап, сан рет марапатталды. Қайнап жатқан ғылыми және мемлекеттік міндеттердің арасында Қаныш аға қазақ үшін маңызды тарих, әдебиет, этнография, математика, музыка, тіл білімі, театрды, ғылым мен өнердің басқа салаларын дамытуға зор үлес қосты.
үлкен іс қалдырды; біріншісі – Жезқазған, екіншісі – Қазақстан Ғылым Академиясы, үшіншісі – геологиялық ғылым
1. Ш.Қ.Сәтбаева. Сәулелі әулет. Алматы, 1996.
2. М.Қ.Сәтбаева. Қаныш Сәтбаев. Алматы, 1989.
3. Сәтбаев оқулары «Қаныш шаңырағы» баспасы Теңдік- 2010 жыл
4. Энциклопедия «Баянаула өңірі»
5. «Аңыз адам» № 13(19) шілде 2012 жылғы саны
6. «Қ.И.Сәтбаевтың ғұмырын ғылымға бағыштап, мұрасы мирас болған ғалым»
7. «Бала Қаныш»
8. Шәкәрім атындағы СМУ ХАБАРШЫСЫ. №3, (55) 2011..ISSN 1607 – 27

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы

№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып:Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан
Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Мамандығы: 05070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған: Райхан Мұхаммеджан Тобы: ВТк-17-1
Тексерген: к.и.н., доцент Байдильдина С.Х

___________ _______________ _____ __________201__ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2017ж.

Мазмұны.
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Қ.И.Сатпаевтың ғылымның дамуына қосқан үлесі.
1.1. Қ.И.Сатпаевтың өміріне қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қ.И.Сатпаевтың жеткен жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
II. Қ.И.Сәтбаев ұлы тұлға
2.1. Қ.И.Сәтбаевтың ғылымнан басқа жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2.Қ.И.Сәтбаевтың тікелей араласуымен іске асқан шаралар ... ... ... ... ... ... .9
2.3.Қ.И.Сатпаевтың музыкаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе.
Халық даналығы Көп өмір сүргеннен емес, көп біліп, көп көргеннен сұра дейді. Шындығында, сексенге келіп селкілдеп отырса да, халқына бір тиын пайда тигізбей, өз жеке қарқан басының қамымен өткендер де, елуге келіп елпілдеп жүрсе де халқы үшін қызмет етіп, атақ-даңққа бөлегендер де бар. Бірақ, өкінішке орай, әдетте алғашқыларынан соңғылары аз болады. Тегі жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар деген осы болар. Кезінде Ақыл жастан, асыл тастан дегендейін отыз жасында орда бұзып, қырық жасында ел басқарған Қаныш Имантайұлы да осындай жан болған. Ол туралы көзінің тірісінде де, кейін де замандастары мен кейінгі толқын ізбасарлары жақсы пікір, ой-толғамдар айтып, жазып жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай мол рухани мұра қалдырған. Енді солардың қайсыбіріне тоқталып көрелік.
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір енді басталған кез. Қазақстан ол кезде Кеңес одағының құрамына енген және сырт әлемге көбіне бейтаныс 15 республиканың бірі ғана еді. 1947 жылы кеңестік делегацияның құрамында Лондонға Қаныш Сәтпаев барған екен. Сапар барысында қазақ баласын алғаш көрген Ұлыбританияның алғашқы саясаткері Уинстон Черчиль зор денелі Қаныш ағаға қарап, Қазақтардың бәрі сіздей алып па? - деп сұраса керек. Сонда Қаныш Сәтпаев О не дегеніңіз, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын, -деп жауап берген екен. Ойы мен ісінде, тіпті қалжың сөзінде жүрегі әркез халқым деп соққан, туған жерін шексіз сүйіп, оған шексіз берілген. Қаныш Сәтбаев міне, осындай жарқын мінезді біртуар азамат еді. Қаныш Имантайұлын, біз, негізінен ірі ғалым, мемлекеттік қайраткер ретінде танимыз. Рас. Мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмыр кешті. Қазақстан өндірісінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Заманында халқы да, мемлекет басшылығы да ғалымның еңбегін жоғары бағалап, сан рет марапатталды. Қайнап жатқан ғылыми және мемлекеттік міндеттердің арасында Қаныш аға қазақ үшін маңызды тарих, әдебиет, этнография, математика, музыка, тіл білімі, театрды, ғылым мен өнердің басқа салаларын дамытуға зор үлес қосты.
үлкен іс қалдырды; біріншісі - Жезқазған, екіншісі - Қазақстан Ғылым Академиясы, үшіншісі - геологиялық ғылым

Тақырыптың өзектілігі: Қаныш ағаның өмірі мен қызметін зерттеп білу қажеттігі тех тарихи, иә академиялық ізденістер тұрғысынан, ұлағатынан сусындап, шөлімізді қандыру үшін ғана емес, ұрпақтардың сабақтастығы деп аталатын қасиетті ұғымнан, көмескі тарта бастаған ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымыздан туындаса керек. Қ.И. Сәтбаевтың сан қырлы қасиеттерін айта берсек, талай құнды еңбектерге татырлық өнегелі материалдар тауып, жалғастыра беруге болады.
Біз осы ғылыми зерттеуімізде, негізінен, Қаныш Сәтбаевтың азаматтық адами келбетін, жеке басының қасиеттерін ашуға, сол арқылы музыкаға, әнге деген құштарлығының биігіне шығып, ел аузында қалуының себептерін ашуға тырыстық. Қаныш Имантайұлының көзін көрген адамдарды сөзге тартып,әртүрлі газет-журнал, оқулықтардан мәліметтер жинастырып, сараладық. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу нысаны болуға әбден лайық, ғылым саласындағы өзекті мәселелердің бірі деп білемін.(9
Тақырыптың зерттелу деңгейі:Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Қаныштың әкесі Имантай -- ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын...
Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М.А.Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) "Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша лекцияларын құмарта тыңдады... Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың дала жұмыстарына қатысты..."
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 60 жылдығы ,жазушы Әуезовтің мақаласы. Ж. Айталиев және П. Аворовпен бірге жазған. Вестник Академии наук Казахской ССР журналының 1959 жылғы 4-санында орысша басылған. Мақала Сәтбаевтың туғанына 60 жыл толуына арналған. Онда авторлар ол кезде қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қазақ КСР Ғылым академиясының Геология институтының директоры, аса көрнекті ғалымның қызметі мен лауазымдарын атаудан бастап, аса ірі ғалым-геолог пен мемлекет қайраткері Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың аты біздің елде ғана емес, одан әрі шет аймақтарда терең құрметке бөленгенін мақтанышпен жазған. Одан әрі ұлы ғалымның қысқаша өмірбаяны мен ғылыми, қоғамдық, мемлекеттік, ұйымдастырушылық қызметіне сипаттама берген.
1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма? деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік деп жауап беріпті. Осы бірауыз сөзден ғалымның дене бітімі ғана емес, жан-дүниесінің, халқын сүйген жүрегінің де ірі екенін байқауға болады.
Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстаннан осындай жоғары деңгейге қазақтардан әлі ешкім көтерілген жоқ"

Зерттеудің мақсат-міндеттері: ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Қаныш Сәтпаевтың музыка өнерінде қалдырған мұрасымен ашып көрсету. - зерттеу жқмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады.
* Қ. Сәтбаевтың өмір жолы, еңбектері туралы мәліметтер жинастыру;
* Қ. Сәтбаевтың қызметіне қатысты зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау;
* Қ. Сәтбаевтың музыкаға деген қызығушылығының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау;
* Қ. Сәтбаевтың өзі сүйіп тыңдаған әндер жинағының дискін жасау.

1.1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) - Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, Атбастүстімет тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соныңа дейін осы қызметті атқарғаны бәріне мәлім.
1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма? деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік деп жауап беріпті. Осы бірауыз сөзден ғалымның дене бітімі ғана емес, жан-дүниесінің, халқын сүйген жүрегінің де ірі екенің байқауға болады.
1.2 Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.
1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.
Академик ҚИ.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.
Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып сайланды.
1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді.
1946 жылы 1 маусымда КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы (қазіргі ҚР Ұлттық ғылым академиясы) ашылуы республика өміріндегі аса көрнекті оқиға болды. Академияның түңғыш толық мүшелері болып 14 адам - Қ.И.Сәтбаев; М.О.Әуезов; Ә.Б.Бектұров; Н.Т.Сауранбаев т.б. бекітілді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев академия президенті ретінде ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге үлкен мән беріп отырды.
Ол өзі негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясының 1946-1952 және 1955-1964 жылдар аралығында 16 жыл басқарды, ал геологиялық ғылымдар институтына үш жылдық үзілісті қоспағанда 1941-1964 жылдар үздіксіз жетекшілік етті.
Қаныш Имантайұлының пайдалы кендердің болжам карталарын құрастырудың методологиялық теориялық негіздерін айқындауға қосқан үлесі зор.
1958 жылы Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарға Орталық Қазақстанның кешенді металлогениялық және болжам карталарын жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді. Сол елуінші жылдардың өзінде-ақ кешенді металлогениялық болжам карталарды өндіріске енгізуге айтарлықтай нәтижелер берді: Сарыарқа аймағында қара, түсті, сирек металдардың жаңа кендері ашылды. Ашылған кендер мен руда белгілерінің 90%-і айтылмыш болжам карталардың негізінде анықталды.
Қ.И.Сәтбаев сол кездегі Кеңес елінің жоғарғы марапат белгісі Ленин орденінің төрт рет иегері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Алайда осындай атақ-дәрежелерге қарамастан Қ.Имантайұлы әкімшілдік-әміршілдік жүйе орнатқан қоғамдық тәртіпке сенімсіз адам болып та саналған..
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары - Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған - Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.
Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі
Археологиясындағы орны мен қызметі
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
Пәндер