«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1.1. Дүние жүзіндегі альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II.ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ
2.1. Альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2. Күн энергиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Жел энергиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4. Гидроэнергетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5. Биоэнергетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қазақстан аумағы 2 724,900 мың км-ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Алмания, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Республиканың халқы 16 млн адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздыгы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан.
Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі, климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Күндік радиация солтүстікте жылына бір шаршы сантиметрде 100 калл, оңтүстікте 160 калл-ға тең. Жергілікті желдер: Сайқан және Ебі желдері. Сайқан Жоңғар қақпасы арқылы өтетін Сібір антициклонынан жылдамдығы 10-15м/сек. суық желдер. Ебі –жылы жел, кейде желдердің жылдамдықтары 40-70 м/сек дейін соғады. Орманды дала және дала зоналарында жылы мезгілде жауын-шашын мөлшері 275 мм-ге (жылдық жауын-шашынның 80%), шөл зонасында 50мм-ден аз (35-40%). Таулы аймақтарда 600 мм-ге дейін. Іле Алатауының 1500-3000м абсолюттік биіктерінде жауын-шашын мөлшері жылы мезгілдерде 650-700мм, Алтай тауының беткейлерінде кей жылдарда 1600мм-ден асады.Қазақстан аймағында қыста құрғақ континентті, арктикалық, полярлық ауа массалары және Сібір антициклондары қалыптасады. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Жағрапиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
1. А.Трофимов Некоторые вопросы развития электроэнергетики Казахстана //Энергетика, Рынок, Интеграция. Сб. докладов. Алматы, 1998, с. 62 66.
2. А.А. Крашенников Перспектива использования нетрадиционных источников энергии //Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, №1. С.48 -52.
3. А. БЕЙБАРСОВ, 19.11.2004. http://www.kubhost.com
4. А.Е. Викторов, JI.A. Нечаев, JI.H. Чернокнижная Перспективы использования солнечной энергии в народном хозяйстве Казахстана.
5. А.А. Ильиных Основные направления гелиофикации сельскохозяйственного производства Казахской ССР //Тезисы докладов. Использование ВИЭ в практике народного хозяйства республики. Фрунзе: Илим, 1988. С.17 - 20.
6. Атлас энергетических ресурсов СССР /под ред. А.В. Винтера. Т II, выпуск 16, 1937.
7. Агроклиматический справочник по Жамбылской области. JI: Гидрометео-издат, 1974, 116 с.
8. Б.М. Маринушкин Проблема развития нетрадиционной энергетики // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, № 1. С. 115 117.
9. Б.М. Маринушкин Энергию ветра на службу народному хозяйству //

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ

№3 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Экспо - 2017 Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы.
Мамандығы: 05070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған: Райхан.М Тобы: ВТк-17-1
Тексерген: к.и.н., доцент Байдильдина С.Х

___________ _______________ _____ __________201__ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1.1. Дүние жүзіндегі альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ
2.1. Альтернативті энергия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2. Күн энергиясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3. Жел энергиясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.4. Гидроэнергетика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.5. Биоэнергетика ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20

КІРІСПЕ
Қазақстан аумағы 2 724,900 мың км-ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Алмания, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Республиканың халқы 16 млн адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздыгы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан.
Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі, климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Күндік радиация солтүстікте жылына бір шаршы сантиметрде 100 калл, оңтүстікте 160 калл-ға тең. Жергілікті желдер: Сайқан және Ебі желдері. Сайқан Жоңғар қақпасы арқылы өтетін Сібір антициклонынан жылдамдығы 10-15мсек. суық желдер. Ебі - жылы жел, кейде желдердің жылдамдықтары 40-70 мсек дейін соғады. Орманды дала және дала зоналарында жылы мезгілде жауын-шашын мөлшері 275 мм-ге (жылдық жауын-шашынның 80%), шөл зонасында 50мм-ден аз (35-40%). Таулы аймақтарда 600 мм-ге дейін. Іле Алатауының 1500-3000м абсолюттік биіктерінде жауын-шашын мөлшері жылы мезгілдерде 650-700мм, Алтай тауының беткейлерінде кей жылдарда 1600мм-ден асады.Қазақстан аймағында қыста құрғақ континентті, арктикалық, полярлық ауа массалары және Сібір антициклондары қалыптасады. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Жағрапиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте (6467 км) Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1460 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 380 км, Өзбекстанмен - 2300 км және Қырғызстанмен - 980 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт кыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жоңғар Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді. Республика шекарасы кей жерлерде Каспий және Арал теңіздерінде, Алтай және Тянь-Шань тауларында табиғи шепке сай келеді. Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ - нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152 - ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ - ның 103 мүше - мемлекеті дауыс берген , ал Бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.
2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы Болашақтың энергиясы деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және жасыл технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ атты Жолдауында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына енетін 10 креативтік идеяны анықтады. Соның ішінде: Энергетикада - ЭКСПО - 2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналды. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамиды - деп айқын да нақты көрсетті.
Зерттеудің мақсат-міндеттері: Альтернативті энергетика саласын дамыту, дәстүрлі энергетиканың экологияға келтіретін зиянын кемітіп, табиғат ресурстарынан сарқылмас энергия алу жолында жүргізілген EXPO көрмесінің өткізілуінің мақсатын зерттеу.

1.1. Дүние жүзіндегі альтернативті энергия. Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси, экологиялық және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ дәстүрлі табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның - сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және дәстүрлі емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану. Бұл ғылыми жобада электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері қарастырылады. Жер астынан алынатын отын түрлерінің азаю салдарынын жаңартылып отыратын энергия түрлері қолдануда -- бұл энергия формалары өзінің жиналған қорымен шектелмеген. Осындай типті энергияның қолдануы энергия қорының азаюына әкелмейтінін білдіреді.

Дүние жүзіндегі альтернативті энергия көздерінің көрсеткіші
Мемлекет
Энергия көзі Твт-с
Дүниежүзілік %
Қуаттылық
Жалпы өңдеудің %
Қытай
397
12,6
108
15,9
Канада
364
12,1
67
57,9
Бразилия
337
11,4
69
83,7
АҚШ
290
9,7
94
6,5
Ресей
175
6,3
44
18,3
Норвегия
137
3,9
27
98,9
Жапония
86
3,3
45
7,8
Индия
100
3,0
35
14,3
Венесуэла
75
2,5
14
73,9
Швеция
73
2,1
16
39,6
Франция
95
3,2
24
13,3
Қалғандары
960
33,1
304
13,9
Барлығы
2994
100,0
836
16,4
1.2. Қазақстандағы альтернативті энергия. Қазақстанның энергетика саласына қарастырылып отырған инвестиция шамамен 7 млрд. долларды құрайды. Еліміздің энергетика саласына қарастырылып отырған салымдар Индустрияландыру картасының аясындағы барлық инвестицияның 10% жуығын құрайтын болады, Қазақстанның Даму банкінің талдаушылары энергетикалық салаға қатысты жасаған өз шолуларында осындай мәлімет келтірді. 2000 жылы басталған Қазақстанның экономикалық дамуы электр энергиясына деген сұраныстың ұлғаюына себеп болды. Атап айтқанда, 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 82,6 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 30% көп. Айта кету керек, Индустрияландыру бағдарламасының аясындағы инвестициялар энергетикалық нысандарды қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалады, сондай-ақ жаңа қуат көздері мен инфрақұрылымдардың құрылысына бағытталады.
Жылу сияқты дәстүрлі энергия көздері энергетикалық жобаларды қаржыландырудың перспективалық бағыттары болып қалуда. Оған қоса, жел және күн қуатымен жұмыс істейтін электр стансалары, шағын ГЭС-тер сияқты даму әлеуеттері үлкен және жаңартылатын энергия көздерін де естен шығаруға болмайды. Pure Nature EnergyGmbH (PNE) еуропалық компаниясы Қазақстан нарығында неміс компанияларының бірқатар мүдделерін қарастыратын шағын гидроэнергетикалық станциялардың құрылысына 1 млрд евро инвестиция жасауды жоспарлап отыр. Pure Nature Energy GmbH (PNE) еуропалық компаниясы Қазақстан нарығында неміс компанияларының бірқатар мүдделерін қарастыратын республикадағы гидроэнергетикалық кластерлерді дамытуға ниет білдіріп отыр. Аталған бастаманың шеңберінде 10 жылдың ішінде PNE қуаттылығы 5-тен 60 мВт-қа дейін жететін шағын гидроэнергетикалық станциялардың құрылысына 1 млрд евро инвестиция жасауды жоспарлап отыр.
2.1. Альтернативті энергия. Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі -- бұл қауіпсіздік мәселесі, әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр. Бірінші кезекте мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық міндеті шешілуде, мемлекеттің өзінде инвестициялар жасалып, жұмыс орындары пайда болуы тиіс. Электр энергетикасын дамыту экономиканың өзге салаларын дамытуға мұрындық болмақ, қажетті бастапқы энергия ресурстарының, бірінші кезекте арзан көмірдің барлығын ескерер болсақ, елімізде энергия сыйымдылығы аз, экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына ықпал етпек. Болашақта энергия балансына жел, күн, шағын ГЭС энергиясының зор әлеуетін тарту және атом энергетикасын дамыту негізін құру жоспарланып отыр. Альтернативті энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде-де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30 - 35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстандық энергетика ассоциациясы электр энергетикасы саласын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған жоспары негізінде электр энергиясын дамыту бағдарламасын іске қосуды ұсынады, әрі бұл қадамды дағдарыстан шығудағы басым бағыт деп жариялайды. Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, Ұлттық қор және Самұрық-Қазына ҰӘҚ есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік кепілдіктің маңызы жоғары болмақ. Сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында электр энергетикасы саласындағы заңнаманы реформалау қажет деп есептеймін. Инвестиция -- саланы дамытудың негізгі шарты. Ірі энергетикалық жобаларды тек энергия кәсіпорындарының өз қаражаты мен тарифтерді шекті мөлшерде көбейту есебінен жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан қалыптасқан осындай проблемаларды шешу Ғылыми Технологиялық Революция заманында өте өзекті. Әрине дәстүрлі энергия көзін пайдалану біздің толық электр энергиясына деген сұранысымызды шеше алмайды. Менің ұсынарым ол басқа да дамыған елдер тәжірибесіндегідей альтернативті энергия көзін пайдалануды дамыту. Мәселен, Жапония 833 МВт, АҚШ 153 МВт және Германия 353 МВтқа альтернативті энергия қорын ұлғайтып үлгерді. Осы елдер тәжірибесіндегідей үлгі алып, салаға жаңа мамандар тартып, елдегі жетекші энергетика компанияларын альтернативті энергияға деген қызығушылықтарын арттырып және шетелдік әрі отандық инвестициялардың тартылуына қолайлы жағдай жасау арқылы біз отандық балама энергия көзін жаңғырта аламыз. Ол әрине мемлекетке, отандық энергетика өндіретін компанияларға және қарапайым халыққа өте тиімді болар еді. Себебі Қазақстан электр энергетикаға әлі де болса тәуелді. Қазақстанның әрбір азаматы күн сайын Қор компанияларының қызметтерін пайдаланып отыр. Мәселен, электр энергиясын пайдалану, телефонмен сөйлесу, көлікпен жол жүру және жанар-жағармай құю, қалалардың араларында ұшақпен ұшу, несие мен сақтандырулар секілді жайттарсыз қазіргі кезеңді көзге елестету қиын. Айта кететін нәрсе осы операциялардың еш біреуі электр энергиясынсыз жүзеге аспайды және толықтай біздің қажеттілігімізді қанағаттандырa алмайды. Сондықтан, осы мәселені яғни альтернативті энергия көздерін пайдалануды қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі деп есептеймін.
2.2. Күн энергиясы. Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл сәуле шығару аймағы. Қазақстан республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. Халық шаруашылығы, металлургия, ауылшаруашылық, энергетика саласында күн энергиясын пайдалануға болады. Қытайда 18 қабаттан тұратын, тек қана күннен қуат алатын ғимарат былтыр қолданысқа берілді, әрине, мұндай жағдайды бізде де жасауға болады. Себебі, жер температурасының жылуы Батыс елдерін айтпағанның өзінде, Қазақстан және Ресей секілді миниралды ресурстарға бай елдердің де табиғатына әсер етіп отыр. Қысқасын айтқанда, күн сәулесі - сарқылмас болашақтың энергиясы. Күн энергиясын пайдалануға бізде қолайлы жағдай бар. Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Географиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті. Әсіресе еліміздің оңтүстік аймағына энергияның осы балама көзін пайдаланған әлдеқайда ұтымды болар еді. Стэнфорд университетінің бір топ ғалымдары, күн энергиясын электроэнергияға жарататын құрылғының жаңа типін қоғам көпшілігінің назарына ұсынды. Жаңа күн түрлендіргішінің прототипі былай жұмыс істейді: күн сәулесі электрондарды қоздырады, ал, жылу бұл электрондар вакуум арқылы басқа электродқа секіріп шығуына итермейледі. Сөйтіп, электроқуат пайда болады. Конструкция, сондай-ақ, артық жылуды бу қозғалтқышына жібереді де, күн энергиясының 50% электроқуатқа жаратады. Мұндай көрсеткіштер, қазірде қолданып жүрген, күн батареялардың көрсеткшінен екі есе артық. Кремний күн батареяларының басым бөлігі, батареяға түсіп тұратын, күн сәулесінің 20 пайызын ғана электроқуатқа жаратады. Күн энергиясын пайдаланудың мұндай тиімсізділігін оңай түсіндіруге болады. Батареяның белсенді элементтері тек белгілі бір алабтың күн спектрін сезеді. Фотондардың бұл алабқа сәйкес келмегендігі, электроэнергиясының емес, жылу энергиясының пайда болуына ықпал етеді. Сөйтіп, потенциалды энергияның көбі текке кетеді. Қисынсыз шығындарды болдырмау үшін, күн энергиясының бірнеше спектрін пайдаға жарата алатын құрылғыны жасап көруге болады. Нақты шешім - бұл көпқабатты күн батареяларын ойлап табу. Мұндай батареялармен күн энергиясының 40 пайызын түрлендіруге болады. Бірақ, шынына келетін болсақ, мұндай қондырғылар, кәдімгілерге қарағанда, едәуір қымбат болмақ. Жылу және күн энергиясының түрлендіру принциптері әртүрлі, сондықтан олар бір мезетте электроқуатқа айналмайды. Неғұрлым температура жоғары болса, соғұрлым жылу энергиясының түрлендірілуі тиімді болады. Ал, жоғары температуралар күн батареяларын құртып тастайды. Үнемі қатарлас жүретін, бұл электроқуат көздерінің пайдасын бір мезетте іске жарату үшін, Стенфорд университетінің зерттеушілері термоэмиссиялық түрлендіргішіне назарын аударды. Оның жұмысы термоэлектрондық эмиссияның әсерінде негізделеді. Қондырғының құрамында, шағын аралықпен бөлінген, екі электрод бар. Катод жылынғанда (жиі жағдайда катодты цезийден жасайды) оның электрондары қоздырылады да, бос кеңістікті секіріп өтіп анодқа секіріп шығады. Нәтижесінде, сыртқы тізбегінде электрикалық тоқ пайда болады. Мұндай түрлендіру жоғары температураларда орын алады. Цезийдің әсерінен. Стенфорд тобы катодты жасау үшін, цезийді емес, тек жылумен ғана емес, жарықпен де жұмыс жасайтын, жартылай өткізгіш материалдан шығарылған тілімшені пайдаланды. Осының арқасында, түрлендіруге әкеле алатын, температуралар біршама төмендеді. Прототиптен өнеркәсіптік үлгісіне дейін жету үшін құрылғы ұзақ жол өту керек екенін, жоба авторлары жақсы түсінеді. Бірақ, қазірдің өзінде мұндай батареялардың болашағы бар деуге болады.
2.3. Жел энергиясы. Жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі
Көрме ұйымдастыру арқылы еліміздің туристік әлеуетін жарнамалау
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Энергияның альтернативалы көздерінің классификациясы
КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫ НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТРЕНДТЕРІ
ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
БАҚ және саяси сана
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
Пәндер