Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Қонаевтың еңбек жолына үнілу
1.1. Д.А.Қонаевтың еңбек жолы ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Д.А.Қонаевтың еңбек жолындағы алғашқы жетістіктері ... ... ... ... ...8
II. Қоғамға сыйлы Д.А.Қонаев
2.1 Мемлекеттік марапаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Қайраткер Зақаш Камалиденовтың естелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Бір ұлтты, бір халықты танып білу үшін кейде сол ұлттың, сол халықтың бір азаматын көріп көп нәрсе бағамдауға болады. Сондай бір халықтың өкіліндей адамның бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Д. А. Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. ХХ ғасырда Қазақстанда өмір сүрген мемлекет қайраткерлерінің ішінде Д. А. Қонаевтың орны ерекше бөлек. Ол қазақтың, республиканың атына көптеген игі істерімен абырой мен даңқ әкелді, дүниежүзіне танымал етті. Өткен уақыт қаншалықты күрделіде қарама-қайшылықты болғанымен, Д. А. Қонаевтың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттың мәдениетін дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының алдында сіңірген еңбегі талассыз. Оның өмір жолы тек бір азаматтың ғана емес, күллі бір ұлттың бір ғасырлық өмірбаянына айналғаны мойындамасқа болмайтын шындық. Сондықтан да, тәуелсіздік алғанымызды жалпақ әлем жер астынан жік шыққандай көрмей, көптен күткен заңды оқиғадай қабылдады. Сан ғасыр езгіге түсіп, сан ғасыр етек бастылық көріп қалған халқымыздың бас-аяғын жинап, арғы-бергіге назар аудара бастауы да сол Қонаев билік құрған кезеңнен басталғаны жұртқа мәлім. Д. А. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Өз халқының бір ғасырлық тарихының күретамырындай ұзақ та күрделі ғұмыр жолын кешті. Д. А. Қонаевты еске алған кезде – үлкен құрылыстар, өңделген рудниктер, зәулім қалалар және Қазақстан тыңын игеру істері көз алдымызда тұрады. Д. А. Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті, артында өшпес із қалдырған ірі тұлға. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев тарихтың төрінен зор орын алуы дау тудырмайды.Кемшіліксіз адам жоқ.Жұмыр басты пенде болған соң әр түрлі нәрсе болады .Қонаев өз заманының перзенті болған ірі тұлға.Ол кісінің артықшылығын да,кемшілігін де біз сол заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары айдан анық.Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам ».Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың есімімен тығыз байланысты .Бұл дарынды тұлға қазақ халқы арасында жарқырап жүрген бір ерекше жұлдыздай көрінген.Н.Ә.Назарбаевтың пікіріне қарағанда қазақ халқы Д.А.Қонаевты ХХғасырдағы ұлы даралардың ең үздік үлгілерінің бірі ретінде санайды.Демек,бұл жеке ел басшымыздың сөзі ғана емес,бұл-бүкіл халықтың сөзі.Шынында да,Қонаев халықтың қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері болды.
1. Елу жыл ел ағасы. – Алматы: «Санат», 2002.
2. Д.Қонаев Өтті дәурен осылай. – Алматы: «Санат», 1992.
3. Д.Қонаев Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: «Санат», 1994.
4. Р.Көмекова Ұлы адамнан ұлағат. – Алматы: «Айкос», 2000.
5. М.Акуев Рядом с первым. Алматы: «Санат», 2004.
6. Б.Тілегенов Тұйық өмірдің құпиясы. – Алматы: «Дәуір», 1992.
7. Дінмұхамед Қонаев және оның әріптестері. – Алматы, 2008.
8. О.Қауғабай Таңғажайып Қонаев. – Алматы: «Қазығұрт», 2008.

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы
№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Мамандығы: 05070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Ускенбаева Арайлым Тобы: ВТк-17-1
Тексерген: к.и.н., доцент Байдильдина С.Х
___________ _______________ _____ __________201__ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2017ж.
Мазмұны.
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Қонаевтың еңбек жолына үнілу
1.1. Д.А.Қонаевтың еңбек жолы ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Д.А.Қонаевтың еңбек жолындағы алғашқы жетістіктері ... ... ... ... ...8
II. Қоғамға сыйлы Д.А.Қонаев
2.1 Мемлекеттік марапаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Қайраткер Зақаш Камалиденовтың естелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
Кіріспе.
Бір ұлтты, бір халықты танып білу үшін кейде сол ұлттың, сол халықтың бір азаматын көріп көп нәрсе бағамдауға болады. Сондай бір халықтың өкіліндей адамның бірі - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Д. А. Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. ХХ ғасырда Қазақстанда өмір сүрген мемлекет қайраткерлерінің ішінде Д. А. Қонаевтың орны ерекше бөлек. Ол қазақтың, республиканың атына көптеген игі істерімен абырой мен даңқ әкелді, дүниежүзіне танымал етті. Өткен уақыт қаншалықты күрделіде қарама-қайшылықты болғанымен, Д. А. Қонаевтың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттың мәдениетін дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының алдында сіңірген еңбегі талассыз. Оның өмір жолы тек бір азаматтың ғана емес, күллі бір ұлттың бір ғасырлық өмірбаянына айналғаны мойындамасқа болмайтын шындық. Сондықтан да, тәуелсіздік алғанымызды жалпақ әлем жер астынан жік шыққандай көрмей, көптен күткен заңды оқиғадай қабылдады. Сан ғасыр езгіге түсіп, сан ғасыр етек бастылық көріп қалған халқымыздың бас-аяғын жинап, арғы-бергіге назар аудара бастауы да сол Қонаев билік құрған кезеңнен басталғаны жұртқа мәлім. Д. А. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Өз халқының бір ғасырлық тарихының күретамырындай ұзақ та күрделі ғұмыр жолын кешті. Д. А. Қонаевты еске алған кезде - үлкен құрылыстар, өңделген рудниктер, зәулім қалалар және Қазақстан тыңын игеру істері көз алдымызда тұрады. Д. А. Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті, артында өшпес із қалдырған ірі тұлға. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев тарихтың төрінен зор орын алуы дау тудырмайды.Кемшіліксіз адам жоқ.Жұмыр басты пенде болған соң әр түрлі нәрсе болады .Қонаев өз заманының перзенті болған ірі тұлға.Ол кісінің артықшылығын да,кемшілігін де біз сол заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары айдан анық.Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам .Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың есімімен тығыз байланысты .Бұл дарынды тұлға қазақ халқы арасында жарқырап жүрген бір ерекше жұлдыздай көрінген.Н.Ә.Назарбаевтың пікіріне қарағанда қазақ халқы Д.А.Қонаевты ХХғасырдағы ұлы даралардың ең үздік үлгілерінің бірі ретінде санайды.Демек,бұл жеке ел басшымыздың сөзі ғана емес,бұл-бүкіл халықтың сөзі.Шынында да,Қонаев халықтың қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері болды.
Тақырыптың өзектілігі: Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социялистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982). 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936-1942 жылдары Балқаш, Алтай, Риддер, Ленинагор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1952 жылы сәуірде Қазақстан ҒА президенті болып сайланды. 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы. 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сейілбек Әюдиев Димекеңнің елге жасаған жақсылығының бір тамшысы деп - Талас ауданында да жасаған шапағатын талдап айтқаны бар. Ақкөлдегі Мәдениет үйі, кәсіптік - техникалық училищенің көп қабатты ғимараты, оқушыларына арналған әйдік жатақханасы, совхоздардағы еңселі Мәдениет үйлері, көп қабатты мектептер, Ақкөлден Үшаралға дейінгі, Бостандықпен екі арадағы тас жолдар - осының бәрі жоспарда жоқ, қосымша салынған құрылыстар болды. Біз, совхоз басшылары барып, жобаларымызды көрсеткенде, барлығын Д.Қонаев өзінің көмекшісі Д.Бекежанов арқылы тікелей тапсырма беріп, қамқор болып отырды. - дейтін.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті :Димекең - өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол заманнан бөле-жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі - бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.
Неру Джавахарлал (1889 - 1964, бұрынғы Үнді мемлекетінің премьер- министрі) :Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық - қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент - Дінмұхамед Қонаев.
Асанбай Асқаров, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері: Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар. Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде үнемі батылдық пен көрегендік танытып отыратын тұлға болды.
Әбіш Кекілбайұлы, Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері:Оның өмір жолы тек бір адамзаттың ғана емес, күллі бір ұлттың бір ғасырлық өмірбаянына айналғаны мойындамасқа болмайтын шындық. Қалайық, қаламайық әлденеше он жылдар бойы көзқарақты дүние Қонаев аталған жерде Қазақстан, ал Қазақстан аталған жерде Қонаев бар деп ұқты. Бәйкен Әшімов, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері:Димаш Ахметұлы - өз халқының болашағы үшін көп еңбек сіңірген адал ұлы.
Ыбырай Жақаев, қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі: Жұрттың ішінде пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып
жұмысының мақсаты мен міндеттері - Д.А.Қонаквтың еңбек жолымен танысу,ол кісінің қазақ халқына тигізген пайдасын және атқарған қызметі туралы қосымша мәліметтер жинау. Қазақстанның өткен тарихындағы қуанышты кезеңдеріне ойша сапар шегу.Қазақстанның Д.А.Қонаевтың билік еткен кезенінің тарихына терен үнілу,ерлігін насихаттау.
1.1. 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатыныңҚоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, "Алтайполиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы - КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы - маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
1.2. Елдің индустриалды-аграрлық дамуы, жоғары технологияларды менгеру ғылым-білімнің алға басуымен тікелей байланысты болды. Сондықтан да,Д.А.Қонаев ең бірінші Қазақстан Ғылым Академиясының дамуына үлкен көңіл бөліп, үнемі қадағалап отырды.
Мәскеулік Ғылым академиясының бөлімшесі болып қалмай, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтетін, әлемдік кеңістікке шығаратын өзіндік қайнар болуын назарда ұстады. Жәй ғана атаққа ие емес, шынайы академик болған Д.А.Қонаев қызметшілердің біріне былай деген екен: Ғылым Академиясын аяқтамадық. Алма-тыда ғалымдар үйін салуды аса ыждаһаттылықпен ойластыру керек, -- деген. Бұл 70-ші жылдардың ортасы, бәрі Мәскеудің рұқсатымен шешілетін, қаржы тек Орталықтан бөлінетін қиын уақыт еді. Қаржы бөлінуді айтпағанда, вагондап арттырып жатқан мол металдың бірер тоннасын республиканың қажетіне Орталықтан сұрап алу қияметтің қиыны еді.
Димаш Ахметұлының қолдау көрсетуімен Алматыда гуманитарлық мәдени-ғылыми мақсаттағы объектілер тұрғызылды. Республика бойынша бой көтерген өндіріс орындары, өнеркәсіптік объектілер қаншама! Сол кезде Д.А.Қонаев территориялык-өндірістік кешендер құру теориясын негіздеп. дамытты. Ол ойластырған мүндай кешендердің ең алғашқысы -- Ертіс бойындағы орасан энергетика жүйесі Павлодар-Екібастұз кешені. Бұрынғы Кеңестер Одағынла ол кезде бар болғаны екі-Кузнецк (Сібір) және Донецк (Украина) көмір бассейіні болған. Д.А.Қонаевтың негіздеуімен, басшылығымен Қазақстанда ірі энергетикалык көмір қоры бар Екібастұз және Қарағанды көмір бассейіндері құрылды. Сөйтіп, Қазақстан Одақтағы көмір базасына айналды. Техникалық-технологиялык жағынан ол кісі өзі бас болып негіздеген айтулы Жамбыл фосфор кешені жасалды.
Металлург ретінле Д.А.Қонаев ерекше еңбек сіңіріп, Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігінің дүниеге келуін айтуға болады. Өйткені, түсті металлургия Қазақстанда ғана емес, өнеркәсібі дамыған елдердің баршасында басқа салалар үшін қаржы тартар көз болып табылады. Түсті металлургия сонау өткен ғасырдың 20-жылдарында жаңа министрліктер мен авиация, космонавтика, машина жасау сияқты өнеркәсіп салаларын құруға негіз болды. Сондықтан, Д.А.Қонаев бірнеше рет СОКП ОК-ның бюросында Қазақстанда түсті металлургия министрлігін құрудың қажеттілігін дәлелдеп бақты. Мұндай министрлік тек Мәскеуде ғана еді.
Осындай табандылықтың нәтижесінде түрлі-түсті металдың түр-түріне бай КСРО сынды орасан алып елде екінші министрлік республикамызда дүниеге келді. Министрлік құрылған алғашқы күннен бастап, өзінің нақты көмегін аямаған ол өзі қызметтен кеткенше бұл іске бас-көз болды. Түсті металлургияға қатысты технологиялық мәселелердің бәрін дерлік жақсы білетін Д.А. Қонаев ғылыми-өндірістік негізін қалаған Қазақстанның түсті металлургиясы әлемге белгілі.
Д.А.Қонаевтың республиканы дамыған аграрлы елге айналдыру мақсатындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Тынды игеру кезінде Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері төңірегінде ғалымдармен, мал және өсімдік шаруашылығы мамандарымен кездесіп, пікірлесіп отырды. Сол кездегі ауыл шаруашылығы Ғылым Академиясының президенті Медеубековпен жиі кездескен. Ауыл шаруашылығын дамытудағы ол кісінің ұстанған бағыты ауылдың шағын қалаларға ұқсас көрікті болуын, алыс елді-мекендердегі халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайы мен көрсетілген кызмет түрлері қаладағыдан кем болмауын көздеді.
Өткен ғасырдың 60-80-ші жылдары еліміздің мәдениеті мен өнерінің ерекше дамыған жұлдызды кезеңі болды. Осы кездері Алматыда, облыстарда, аудандар мен ауылдарда жаңа мәдениет ошақтары ашылып, театр мен концерттік ұжымдардың бұрын болмаған жаңа түрлері дүниеге келді. Өнерде жас таланттарымыздың қатары көбейіп, ұлттық өнеріміз әлемдік дәрежеге көтерілді. Бұл жылдары өнер ұжымдарының қатарына -- Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық оркестрі, қазактың тұңғыш циркі, Гүлдер, Дос-Мұқасан, Сазген, Шертер сияқты бет бейнелері өзгеше ансамбльдер келіп қосылды. Қарағандыда симфония оркестрі, Атырауда Дина Нүрпейісова атындағы халық музыка аспаптары оркестрі құрылды. Талдықорған мен Арқалықта қазақ театрлары, Теміртауда оперетта және неміс театры, Шымкент пен Ақтауда қуыршақ театрлары ашылды. Осылайша, республика бойынша көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны көбейіп, 300-ге тарта халық театрлары мен ән-би ансамбльдері халыққа мәдени қызмет көрсетті.
Бұл жылдары мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларының нығаюына баса көңіл аударылды. Оған Алматыдағы Республика сарайы, Орталық концерт залы, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлардың, Орталық тарихи музей, Қастев атындағы көркем сурет мұражайы, Ұлттық кітапхана, Қазақстан қонақ үйі, Медеу спорт кешені, теміржол вокзалы, Неке сарайы, Арасан ғимараттарының бой көтеруі айқын дәлел бола алады. Оған қоса ондаған облыс орталықтарында театр үйлері, аудандар мен ауылдарда мәдениет үйлері мен кітапханалар салынды. Қазақстан үкіметі тарапынан мәдениет саласына жыл сайын қажетті қаражаттар бөлініп тұрды. Өнер адамдары әртістер, драматургтер, композиторлар мен суретшілерге, олардың шығармашылық өнерінің шыңдалып өркендеуіне лайықты жағдай жасалды.
Міне, осы және басқа да көптеген іс-шаралар -- Д.А.Қонаевтың тікелей қадағалап отыруының арқасында іске асырылған жүмыстар.
Д.А.Қонаев республикадағы тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеп, жаңғырту істеріне ерекше мән берді. Ол кісі жыл сайын Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауй кесенесіне барып мінәжат етіп, оны қалпына келтіру жұмыстарына мұқият көңіл бөлді. Осыған орай арнайы үкімет қаулысымен Мәдениет министрлігінің жанынан Казреставрация құрылыс мекемесі ашылып, оның барлық облыстарда бөлімшелері құрылды. Соның нәтижесінде республика көлемінде мәдени ескерткіштерді жөндеп, жаңғырту істері жүйелі түрде қолға алынды.
Д.А. Қонаев жаңа өсіп келе жатқан жас таланттарға ерекше қамқорлық жасайтын. 70-80-ші жылдары Қазақстанның ондаған өнерпаз ұл-қыздары әлемдік аренаға шығып, бірінен соң бірі халықаралық конкурстарда жеңіске жетіп жатты. Мәселен, классикалык өнер саласында Ә. Дінішев, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкі-рова, Г. Қадырбекова, Г. Мырзабекова, апалы-сіңілі Нақыпбековалар, Р. Бапов, Р. Байсейтова, эстрада өнерінде Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, С. Шүкіров пен С. Қабиғожина, ұлттық ән-күй өнерінде Қ. Ахмедияров, Қ. Байбосынов, Ғ. Молдакәрімова, Ж. Кәрменов және басқалары өздерінің асқан орындаушылық шеберліктерімен әлем жұртшылығын таңдандырды.
Міне, осылардың әрбір жеңістеріне Д.А. Қонаев балаша қуанып, оларды жеке-жеке қабылдап, хал-жағдайларын сұрап, қажетті көмек көрсетіп, аталық қамкорлық жасап отырды.
Д.А.Қонаев әлемдік өркениетті терең біліп сезінетін, жеке өз басының мәдениет деңгейі биік жақсы адам еді. Сол жылдары Мәскеу мен Ленинград және Кеңес Одағының қалаларынан Алматыға белгілі театрлар мен концерттік ұжымдар гастрольге көптеп келіп жүрді. Сонымен қатар, одақтас республикалар арасында өзара әдебиет, өнер күндері жиі өткізіліп тұрды.
Осындай шаралардан кейін өнер шеберлерінің өкілдерін өзі үнемі қабылдаған. Ол кісі өзі көрген театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалардағы ойнаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz