Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері



Кіріспе
І бөлім. Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
1.1 Мектепке дейінгі балалардың қиялының даму ерекшеліктері
1.2 Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру
ІІ БӨЛІМ. Мектепке дейінгі балардың қиялына ертегі әңгімелердің ықпалы
2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.
2.1.Мектепке дейінгі балалардың қиялына ертегінің ықпалы
2.2.Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегі әңгімелер арқылы дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі: Балабақша жасындағы балаларды жан – жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рөлі зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне ерте заманнан-ақ өзінің жиып –терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс -тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата –ана мен тәрбиешілердің басты міндеттері.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың ақыл – ойын дамытуға аңыз – әңгімелерді, ертегілерді оқудың маңызы зор. Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі-ертегілер болып табылады.
М.Мухина өз еңбегінде: «Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетігінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай»,- деген болатын. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың қиялын ерте кезден бастап дамыту қажет.

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық
процесі, қиялдың дамуы.
Зерттеудің пәні: психология
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы әртүрлі әдістерді қолдана отырып дамытуды анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
 Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытудың жолдарын қарастыру
 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуларын ертегі арқылы анықтау
 Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы дамыту жолдарын қарастыру
Зерттеудің ғылыми болжамы: сабақ барысында мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы дамытса, болашақта балалардың қиялының дамуына, сөздік қорларының мойлаюына көз жеткіземіз.
1. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
3. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы., 2011
4. Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997
5. «Қазақтың ұлттық ойындары» Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
6. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана: 2016. 40 – бет.
7. Молодой учёный Международный научный журнал. № 1 (105) / 2016
8. Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова «Балалар психологиясы» Алматы, 2012.
9. Ниязбекова Ф., Сансызбайқызы М. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000 жыл
10. Құсаинов А.Қ. «Баланың дамуы» Алматы. Рауан, 2000.
11. Қайролдаева А.Н. «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық педагогикалық әрекетін ұйымдастырудың жаңа амалдара/ Білім көкжиегі. 2015. -№9
12. Шырақбаева Н.С. «Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудағы жекеменшік балабақшаның рөлі» / Отбасы және балабақша. -2014 №5
13. Меңжанова А. «Мектеп жасына дейінгі балаларжы көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу/ методикалық құрал/ Алматы: Мектеп 1987. -119б.
14. Біз мектепке барамыз: мектепке дейінгі ересек жастағы (5жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасының әдістемелік құралы/ Алматы: Арман-ПВ, 2013. -287б
15. Оспанова Г.Н. «Мектепке дейінгі мекемеде оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау. Отбасы және балабақша. 2014, №6
16. Кобдикова А.К. «Мектепке дейінгі ұйымда арт – педагогиканы қолдану негізінде баланың шығармашылығын дамыту/ Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану. 2013 -№5

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І бөлім. Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
1.1 Мектепке дейінгі балалардың қиялының даму ерекшеліктері
1.2 Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру
ІІ БӨЛІМ. Мектепке дейінгі балардың қиялына ертегі әңгімелердің ықпалы
2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту.
2.1.Мектепке дейінгі балалардың қиялына ертегінің ықпалы
2.2.Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегі әңгімелер арқылы дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Балабақша жасындағы балаларды жан - жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рөлі зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне ерте заманнан-ақ өзінің жиып - терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Бала естігенін айтады, көргенін істейді - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс -тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеттері.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы - мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі - ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз - әңгімелерді, ертегілерді оқудың маңызы зор. Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі-ертегілер болып табылады.
М.Мухина өз еңбегінде: Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетігінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай,- деген болатын. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың қиялын ерте кезден бастап дамыту қажет.

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық
процесі, қиялдың дамуы.
Зерттеудің пәні: психология
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы әртүрлі әдістерді қолдана отырып дамытуды анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
+ Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытудың жолдарын қарастыру
+ Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуларын ертегі арқылы анықтау
+ Мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы дамыту жолдарын қарастыру
Зерттеудің ғылыми болжамы: сабақ барысында мектепке дейінгі балалардың қиялын ертегілер арқылы дамытса, болашақта балалардың қиялының дамуына, сөздік қорларының мойлаюына көз жеткіземіз.

І бөлім. Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы

Адамның миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі - қиял деп аталынады. Сонымен қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процесі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетеді. Қиял дегеніміз -- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: ... барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын, өзіндік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата - анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизмі болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенімен де, баланың өмірден көрген - білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі. С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып - білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

1.1 Мектепке дейінгі балалардың қиялының даму ерекшеліктері

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мысалы, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың құшағында, -- деп жазады М. Жұмабаев, -- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті;
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл -- қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял -- мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу -- адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.
Қиял алғашқы және ол балалар санасының бастапкы түріне жатады, соның нәтижесіңде адам санасының өзге түрлері пайда болады дейтін көзқарас бұл ілімді жасаушы З. Фрейдтің айтуынша баланың психикалық әрекетін реттеп отыратын екі түрлі принцип бар. Оның -- бірі -- бала талабын қанағаттандырып, одан рахат табуы, екінші -- шындық болмыс. Бала дамуының бастапқы кезіңде алғашқы принцип негізгі және оның психикасындағы үстемдік етуші талап.
Егер бала өзінің қимыл-қозғалыстары арқылы бір нәрседен рахат тауып тілегін қанағаттандыратын болса, ересек адамдардың сөзімен айтқанда, оны сол алдыңғы жасаған іс-әрекетінің жемісі деп ұғынады. Пиаже бес айлық қыз баламен мынадай тәжірибе жүргізген. Бөбек қолындағы қалам мен қаңылтыр қорапты соғып, одан шыққан дыбысты естиді. Бөлменің бір бұрышында тығылып тұрған зерттеуші бөбек соққан сайын оған жауап ретінде құстың дыбысын шығарған. Бөбек еңді корапты бір-ақ рет соғып, жауап күткен. Оған құс жауап береді. Бөбек дыбыстың қайдан шыққанына түсіне алмайды. Ол тағы да қорапты соғады. Бірақ оған жауап болмайды. Бұған наразы болған бөбек ашу шақырып қорапты жиі-жиі өзге жағынан соғады. Бөбек өзінің қылығымен кездейсоқ дыбысты естіп, өзінін қорапты соғуынан пайда болған дыбыс екен деген түсінікте болады. Пиаже өзінің тәжірибелерін онан әрі қарай жалғастырып бөбектің қылығын зерттеуді өзге бір автордын зерттеу әдісін қолдану арқылы байқап көреді. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, онын өзімшілдігі (эгоцентрлігі) соғұрлым күшті болатындығы анықталады. 7 жасар баланың дербестігі 10 жастағы балаға қарағанда әлдеқайда басым. Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешілік -- балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Балабақшадағы бүлдіршіндер сюжеттік ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын -- бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасауға, құрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жайт. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі.
Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: "Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес" деп тегін айтпаса керек. Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бұрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор. Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте ұқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегенің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді қайта құру, жанғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы ұғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бұрын санамызда елестету мен ұғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс. Кейде құр қиялдану, мұңдануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бұл - теріс пікір. Қиял - психикалық құбылыс. Ал қиялдану мен мұңдану - көңіл күйі. Көніл-күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық құбылыстарда қатысады. Баланың қиялға берілуі үлкен адамдарға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл атқарады, қиялдың жиі көрініс беру арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі.
Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түсті де қиял түріне жатқызады. Бұл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс -- психикалық процесс емес. Ол ұйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық құбылыс. Қиялы көп, ойшыл адамдарды қияли деп те сөгеді. Міне, осының бәрі қиялдың өмірдегі маңызын төмендетуден туған. Қиял иесі өзіміз. Ол бізге бағанышты, пәрменді немесе әлсіз болуы да өзімізге байланысты. Бізге қиялдану емес қиялдау керек. Қиял өзінен-өзі пайда болмайды. Қол қусырып отырғанға жуымайды. Қиял адамның дүние тануынан, оның жасайтын әрекеттерінен, еңбегінен, алға қойған мақсаттарынан туады да, оған қызмет етеді. Қиялда сайып келгенде бір-ақ формула бар ол - еңбекті сүю. Сонда қанатты қиял, жүректе асыл арман орнайды. Бұл үшін бүкіл өмір бойы оны дамыту, меңгеру, өзіңе дарыта білу қажет.


1.2 Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.
Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді.
Педагогикалық технология - педагогтің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясының мақсаты: мектеп жасындағы балаларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымнан бір пікірдің біреуін таңдап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:
1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау. Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді. Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану. Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда Егер де мен... стратегиясын қолданылады. Бұл стратегия бойынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып Егер де мен Алтын балық болсам ... деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.
3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Бауырсақ ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда Ой шақыру стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.
4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.
Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы - білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Мысалы: Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі бойынша білім салаларымен байланыста ЖИГ СО - ұжымдық оқыту стратегиясын қолдануда әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды.
ЖИГ СО - ұжымдық оқыту стратегиясы. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегияны қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Балалар 5 баладан тұратын 5 топқа бөлінеді. Бұл жанұя топтар деп аталпды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5-өз алдына жұмыс тобынан құралады. Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі бойынша 5 топқа білім салалары бойынша төмендегідей тапсырмалар беріледі. Жұмысты бастамас бұрын балаларға жұмыс тобында тапсырманы жақсы орындау қажеттілігі ескертіледі. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша жанұя мүшелерінің жұмысы арқылы білім салаларының өзара байланысы орнады.
ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:
- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;
- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру - балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.
Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі:
Денсаулық білім саласы бойынша:
:: Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.
:: Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.
:: Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.
Қатынас білім саласы бойынша:
:: Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.
:: Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.
:: Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.
Таным білім саласы бойынша:
:: Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, үлкен, кіші, немесе биік, аласа деген ұғымдарды қалыптастырады.
:: Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
:: Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Баланың қиялы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Мектепке дейінгілердің оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер