Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитті ұйымдастырудың әдістемесі және оларды жетілдіру жолдары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитті ұйымдастырудың әдістемесі және оларды жетілдіру жолдары»

Мамандық: 6М050800 «Есеп және аудит»

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша Экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертация

Ғылыми жетекші

.

«___» 2015 ж.

Астана, 2015

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер
3
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
3: 4
Нормативтік сілтемелер: Белгілеулер мен қысқартулар
3: 5
Нормативтік сілтемелер:
3:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе . . .
3: 6
Нормативтік сілтемелер:
3:
Нормативтік сілтемелер: 1
3: Міндеттемелер есебінің әдістемелік негізі . . .
10
Нормативтік сілтемелер: 1. 1
3: Кәсіпорынның есеп жүйесіндегі міндетемелер есебінің алатын орны мен мәні . . .
10
Нормативтік сілтемелер: 1. 2
3: Міндеттемелердің түсінігі мен бағалануы және олардың әдістемелік негіздері
21
Нормативтік сілтемелер: 1. 3
3: ХҚЕС-нда кредиторлық борышты есептеудің әдістемелік негіздері
25
Нормативтік сілтемелер: 1. 4
3: Міндеттемелер есебінің ішкі аудитінің теориялық негіздері
32
Нормативтік сілтемелер:
3:
Нормативтік сілтемелер: 2
3: «ЕҰУ» ШЖҚ РМК-нің ұйымдастыру-экономикалық және қаржылық сипаттамасы мен міндеттемелері есебінің жағдайы . . .
39
Нормативтік сілтемелер: 2. 1
3: «ЕҰУ» ШЖҚ РМК-нің ұйымдастыру-экономикалық және қаржылық сипаттамасы . . .
39
Нормативтік сілтемелер: 2. 2
3: Кәсіпорындағы міндеттемелерді қаржылық есептің элементі түрінде ұйымдастыру . . .
55
Нормативтік сілтемелер:
3:
Нормативтік сілтемелер: 3
3: «ЕҰУ» ШЖҚ РМК» -нің міндеттемелер есебінің аудиті және жетілдіру жолдары . . .
71
Нормативтік сілтемелер: 3. 1
3: «ЕҰУ» ШЖҚ РМК» міндеттемелер есебінің қозғалысын бақылаудағы ішкі аудитті ұйымдастыру
71
Нормативтік сілтемелер: 3. 2
3: Кәсіпорындағы міндеттемелер есебін талдау . . .
73
Нормативтік сілтемелер: 3. 3
3: Кәсіпорындағы міндеттемелер есебін жетілдіру жолдары . . .
82
Нормативтік сілтемелер:
3:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды . . .
3: 86
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 88
Нормативтік сілтемелер: Қосымшалар . . .
3: 91

Нормативтік сілтемелер

Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған:

  1. Қаржылық есеп беру туралы № 2 стандарт, Қазақстан Республикасы каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы №217 бұйрығымен бекітілген.
  2. ХҚЕС № 7 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
  3. № 9 «Шетел валютасындағы операциялар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына методикалық нұсқаулар, (Қазақстан Республикасының қаржы Министірлігі бекіткен, 1997 жылдың 21 мамырында), (05. 02. 03 жылы Қазақстан Республткасының қаржы Министірдігінің енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен № 44)
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2006 жылдың 2 маусымындағы № 266 банктік шоттарды ашу, жүргізу, жабу ережелерін бекіту туралы қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 08. 10. 03 жылы енгізген өзгертулер мен толықтыруларымен)
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2000 жылдың 25 сәуіріндегі № 179 ҚР территориясында төлем құжаттрын қолдану туралы және қолма - қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы ережелерді бекіту туралы қаулысы ( ҚР ҰБ Басқармасының 24. 01. 04 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен)
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелері», 20. 04. 2006 жылдан. №115
  7. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде жəне банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын жəне банкноталарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы.
  8. Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 1998 ж. 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері (өзгерістермен және толықтырулармен) ».
  9. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау»;
  10. 2003 жылдың 13 мамырынан № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (10. 02. 2011ж. жағдайына өзгертулер және толықтырулармен)

Анықтамалар

Осы диссертацияда келесідей терминдер тиісті анықтамалармен пайдаланылған:

Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.

Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі.

Төленуге тиісті табыс салығы - бұл салықпен қамтылатын табыстан есептелген және есептік кезеңде төлеуге жататын салық сомасы. Ақша- бұл кассадағы және банктегі шоттарда бар нақты ақша. Ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілген дейінгі салымдар жатады.

Кредиторлық берешек - бұл кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға немесе азаматтарға міндеттемелері сомасы.

Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары- бұл - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі.

Бухгалтерлік есеп шоттары-біртекті шаруашылық операцияларын топтастыру және ағымдағы есебін жүргізу үшін арналған. Шаруашылық қаражаттарының және олардың құралу көздерінің әрбір түріне және жеке шот ашылады.

Бухгалтерлік есеп - білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.

Бухгалтерлік шоттар - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі

Бухгалтерлік баланс - қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.

Есеп беру- деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруаіылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Ұзақ мерзімі инвестициялар- еншілес серіктестіктерге инвестициялар; тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар егер олардың (бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле отырып.

Табыстар - бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай - ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.

Белгілеулер мен қысқартулар

CVP-талдау (Cost - Volume - Profit analysis)

ҰҚЕС - Ұлттық қаржылық есеп стандарттары

ҰК - Ұлттық компания

ҰБ - Ұлттық банк

ҚМ - Қаржы министрлігі

ҚР - Қазақстан Республикасы

ХҚЕС- Халықаралық қаржылық есеп стандарттары

ҚР АК -Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

ЖК - Жеке кәсіпкер

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЗТ - заңды тұлға

КҚСМ - кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

КТС - корпоративті табыс салығы

ӘКК - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар

ЖТС - Жеке табыс салығы

ҚРҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚР СК- Қазақстан Республикасы Салық кодексі

ҚҚС - Қосылған құн салығы

АХС- Аудиттің халықаралық стандарттары

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Дт - Дебет

Кт - Кредит

Тг - Теңге

% - пайыз

Мың тг. - мың теңге

КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектігі , кәсіпорынның қаржылық жағдайының әр түрлі көрсеткіштермен сипатталуында. Соның ішінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие өтеу қабілеттілігі көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық есептілігінде көрініс таба отырып, оны қолданушы - инвесторлар, банктер, серіктестер мен акционерлердің және т. б. назарын аударады.

Қазіргі кезде шаруашылық жүргізуде, уақытылы, толық және нақты экономикалық ақпарат беретін, ретке қойылған есеп жүйесінсіз басқару мүмкін емес.

Өнім өндіруде, еңбек құралын сатуда, бюджетке төлемдер мен сақтандыру органдары мен басқа да төлемдер мен салықтандыру органдары мен басқа да төлемдерді анықтағанда, уақытылы және дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есептің маңызы орасан зор.

Кәсіпорындар арасында болатын, жан-жақты есептесулер ақшаның көмегімен іске асырылады.

Оның көмегімен таза кіріс алу мақсатында жұмсалған өндірістік босалқылар алынады. Соның арқасында, айналым қаржылары тоқталмай, өндірістің қызмет нәтижесінде аяқталатын процеске ықпалы зор. Сол себепті есептесулерді ұйымдастырудың және ақшалай қаржылардың есебін зерттеудің актуалдылығы ерекше.,

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектілер бухгалтерлік есепке ерекше мән береді. “Бухгалтерлік есеп”, “Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндеттемелер туралы” заңның негізінде бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарының негізінде құрылады. Қазіргі кезде Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі, Халықаралық бухгалтерлік стандартқа сай жүргізіледі.

Есептің мәліметі субъектілердің, олардың құрылымдық білімдерінің басқару жұмыстарына, олардың қаржылық есеп беруіне, экономикалық жобалауға, ағымдағы жоспарларға пайдаланылады.

Барлық есеп айырысуларда ақша қаражаты қолданатындықтан, шаруашылық жүргізу кезінде қор айналымын қалыпқа келтіру, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қызметті жоғары дәрежеде жүргізу үшін кәсіпорын бухгалтериясындағы барлық есеп айырысулардың дұрыс және уақытылы жүргізілуі маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу барысында туындайтын берешектер қысқа және ұзақ мерзімді қордың көбеюіне не азаюына әкеледі. Ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен ликвидтілігіне әсер ететін дебиторлық және кредиторлық борыш ретінде танылады.

Кредиторлық берешек - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Кредиторлық берешек - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады [1] .

Кредиторлық берешек сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Берешекті реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзеге асырылады:

  • ақшалай қаражатпен төлеу;
  • активтерді табыстау;
  • қызмет ұсыну;
  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
  • міндеттемені капиталға аудару.

ҚР азаматтық кодексінің 16 тарау 268 бабына бойынша мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi [2] .

Кредиторлық берешек ағымдық (қысқа мерзімді кредиторлық берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі. Кредиторлық берешек кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізбеу үшін оны бақылап, талдау керек.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның есебін ұйымдастыруды жетілдіру мен оларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.

Диссертациялық жұмыстың осы көрсетілген мақсатынан шыға отырып оның келесі негізгі міндеттерін белгілеймін:

  • міндеттемелердің экономикалық мәнін анықтау;
  • міндеттемелерді мойындау өлшемін анықтау;
  • кәсіпорындағы міндеттемелер есебін ұйымдастырумен танысу;
  • міндеттемелер бойынша есеп айырысуды, ішкі бақылау жүйесін

анықтау және оның эффектілігіне баға беріп, талдау;

  • ақпараттың заңға және нормативтік құжат талаптарына сай бухгалтерлік есептілігінде көрініс табу тәртібін және оның оларға сай келуін бағалау.

Міндеттемелерді талдау келесіні қамту керек:

  • міндеттемелердің сомасы және кредиторлар саны бойынша

динамикасы мен құрылымын талдау және бағалау;

  • қаржылық және есеп беру тәртіп ережелерінің сақталуын тексеру;
  • мерзімі өткен кредиторлық берешек сомаларын анықтау, олардың пайда

болуына әсер еткен факторларды анықтау,

  • жоспарланған міндеттемелердің көлемінен нақты кредиторлық

берешек көрсеткіштерінің ауытқуын анықтау, сонымен қатар осы ауытқуға әсерін тигізген факторларды анықтау;

  • қаржылық тұрақтылықтың өсуіне әсер ететін қорларды табу;
  • міндеттемелердің өсуіне, есеп айырысуларды реттеуге байланысты

жоспар құру.

Диссертациялық жұмысты жазу барысында бухгалтерлік есеп сұрақтарын реттейтін қазіргі нормативтік құжаттар, экономикалық әдебиеттер, қаржылық есептілік, сонымен қатар дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша мерзімді баспасөз басылымдарыды қолдандым.

Зерттеу объектісі болып «ЕҰУ» ШЖҚ РМК табылады. Университет қызметінің басты міндеті ұлттық және халықтық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы, кәсіпкерлік қалыптасуы үшін білім алуына барлық жағдайлар жасау.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері, заңдық және нормативтік құжаттар, отандық және шетел экономист-ғалымдардың еңбектері, кәсіпорынның нақты мәліметтері және басқа да көздер пайдаланылды.

Тақырыптың ғылыми зерттелуі . Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитін жүргізу тәртібінің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: Дюсембаев, К. К. Кеулімжаев, М. С. В. К. Радостовец, С. С. Сатыбалдин, К. Ш. Ержанов, Ф. С. Сейдахметова, Ж. С. Толпаков, Ф. С. Кокенова, Ә. Ә Әбдіманапов А. А. Галымжанов, К. Т. Тайғашинова және тағы басқалар.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы. Бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып ұйымның міндетемелер есебі мен аудитін экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру және халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес құру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр.

Өткізілген зерттеуді топшылай отырып, бірқатар жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:

  • міндетемелер есебін құру және ұсынудың тиімділігін арттыру мақсатында, ХҚЕС - тің сақталуын қадағалау, жаңа технология мен әдістер мүмкіндіктері және бағыттары анықтау;
  • жұмыс тақырыбын толықтай ашу негізінде ұйымның міндетемелердің мәнін, түрлерін, негізгі қалыптасу көздерін, олардың бөліну механизімін, міндетемелер есебін жоспарлай және болжай білу тәртібін, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты мақсаттары мен қызметтерін, сондай-ақ ақша қаражаттарының дифициті және бос кредиорлық берешектерді тиімді жұмсау, яғни кредиорлық берешектерді оңтайландыру мәселелері қарастыру;
  • міндетемелер есебі қатынастарын басқару жүйесіндегі ақша механизмін функционалды элементі ретінде қолдануды ұсыну.

Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы -д иссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері міндетемелер есебі саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты зерттеуге маңызы бар деп танылды. Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарының ең негізгі тармақтары қаржы ресурстарын жеткілікті өзіндік қамтамасыз ету мүмкіншілігін арттырудағы индикативтік жоспарлар жасауға әзірленуде кеңінен пайдалануға болады.

Жұмыстың әдістемелік нұсқалары болып мыналар табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі, шетелдік және отандық экономистердің ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылымдар және - «ЕҰУ» ШЖҚ РМК нің бастапқы мәліметтері. Статистикалық мәліметтер еңбек өнімділігін анықтау үшін және жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтайды.

Диссертациялық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша кредиторлық борыш пен оны талдаудың теориялық аспектілері және ХҚЕС-нда кредиторлық борышты есептеудің әдістемелік негіздері келтірілген. Екінші бөлімде «ЕҰУ» ШЖҚ РМК-нің техника-экономикалық ұйымдастырылуына сипаттама, кәсіпорынның негізгі қызмет түрі, жарғылық капиталы, қаржылық жағдайы, баланс активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымы сипатталған. Сондай-ақ «ЕҰУ» ШЖҚ РМК-де кредиторлық берешек есебін жүргізу тәртібі мен операциялары көрсетілген. Үшінші бөлім кәсіпорынның міндетемелерін талдауды, оның құрамы мен құрылымын, соңғы жылдардағы құрылымдық өзгерістерін талдауды, міндетемелер есебін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Жұмысты жазуда есеп сұрақтарын экономисттер еңбегін регламенттейтін заң және заң актілері, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын (ХБЕС) еңгізу сұрақтары бойынша практика есебі, 1 ІAS Халықаралық қаржылық есептілігінің «Қаржылық есеп беру»; 19 ІAS Халықаралық қаржылық есептілігінің «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар», 23 ІAS Халықаралық қаржылық есептілігінің «Қарыздар бойынша шығындар» стандартын және «ЕҰУ» ШЖҚ РМК қызметі туралы нақты ақпаратты қолдандым.

1 Міндеттемелер есебінің әдістемелік негізі

1. 1 Кәсіпорынның есеп жүйесіндегі міндетемелер есебінің алатын орны мен мәні, түсінігі

Кәсіпорындармен, мекемелермен және салық органдарымен туындайтын шаруашылық байланыстар кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ететіндіктен, олар кез келген ұйым қызметінің қажетті шарты болып табылады.

Жабдықтаушылар шығаратын өнімдерді жеткізу кәсіпорынға сатуға арналған өз тауарларының қорларын толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың жиынын қолдауды қамтамасыз етеді Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі, оның қаржылық жағдайы, сондай-ақ Қоғам байланыстардың одан әрі қалыптасуы көп жағынан жабдықтаушылармен есеп айырысулардың қаншалықты уақтылы және толықтай жүргізілетініне, сондай-ақ сатып алушылармен есеп айырысулар жағдайына байланысты болады. Дұрыс есептелген салық міндеттемелері Қазақстан Республикасының бюджетін толықтырады.

Уақтылы, толықтай жүзеге асырылмаған төлемдер өз міндеттемелерінің төлеміне ақша қаражаттарын дер кезінде аудармағаны үшін айыппұлдардың, өсімпұлдардың туындауына әкеледі. Бұл кәсіпорынның тек қаржылық жағдайын ғана нашарлатпайды, сонымен қатар оның басқа кәсіпорындармен өзара байланыстарын әлсіретеді.

Әйтсе де “міндеттемелер” түсінігін оқуға кіріспей тұрып, бухгалтерлік есеп, ондағы пайдаланылатын түсініктер секілді ҚР Азаматтық кодексінің [2], ҚР “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Заңының нормаларына, бухгалтерлік есеп стандарттарына және оларға әдістемелік ұсыныстарға сүйенетінін еске түсіру керек.

ҚР Азаматтық кодексінде “міндеттемелер” түсінігін бір тұлғаның (борышкердің) екіншісінің пайдасына белгілі бір іс-әрекеттерді қалай да жасау міндеттемелері ретінде берілген: мүлікті табыстау, жұмыстарды орындау, ақша қаражаттарын төлеу және т. б., не болмаса белгілі бір әрекеттерден тартыну, ал кредитордың борышкерден өзінің міндетінің орындалуын талап етуге құқығы бар. ҚР Азаматтық кодексінің 7 бабының ережелеріне сәйкес азаматтық міндеттемелер заңнамамен қарастырылған негіздерден, сондай-ақ ол қарастырмаған болса да, бірақ азаматтық заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасына қарай азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудыратын, жеке және заңды тұлғалардың іс - әрекеттерінен туындайды.

Бұған сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

- келісім - шарттардан және заңнамамен қарастырылған өзге мәмілелерден, сондай-ақ онымен қарастырылмағанымен, заңнамаға қайшы келмейтін мәмілелерден;

- заңнамаға қарай азаматтық-құқықтық салдарлар туғызатын әкімшілік актілерден;

  • азаматтық құқықтар мен міндеттерді бекіткен сот шешімінен;
  • заң актілерімен тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау мен сатып алу нәтижесінде;
  • заңнама азаматтық- құқықтық салдарлардың болуын байланыстыратын оқиғалардың себебінен туындайды.

Міндеттемелер өткен мәмілелер мен өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге, ең алдымен, банктердің ұзақ мерзімдінесиелері мен ұзақ мерзімді қарыздары жатады. Олар, әдетте, жаңа техниканы енгізу бойынша шығындарға, өндірісті кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат тұратын құрал - жабдықты сатып алуға және басқа мақсаттық бағдарламаларға 1 жылдан артық мерзімге беріледі.

В. К. Радостовецтың, [3] пікірі бойынша, кәсіпорынның ел территориясы мен шетелдерде банктерден алған отандық және шетел валютасында әртүрлі ұзақ мерзімді несиелердің күйі туралы ақпаратты жалпылау үшін, және оларды алу мен өтеу үшін операциялардың есебі үшін 3010 “Банк қарыздары”, 3020 “Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы” және 3000 бөлімшенің “Қарыздар”, 3050 “Басқалар” қолданылады. Оларға “Ұзақ мерзімді карыздар” мен “Қысқа мерзімді қарыздар” аралық шоттары бөлімшенің 1060 “Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа шоттардағы ақша”, 1040 “Шетел валютасындағы ағымдағы, корреспондеттік шоттардағы акша”, 1030 “Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша”, 4120 “Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредтиторлык берешек”, 4110 “Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша - ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар сомасы беріледі.

Қарыздарды ресми мәртебесі бар банктер мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттарында коммерциялық келісім - шарттық негізде несиеге қабілетті ұйымдарға береді.

Банктің қарызы - бұл банк сыйақы төлемімен белгілі бір мерзімге клиентке соманы беруге немесе бөлуге міндеттенетін келісім - шарт.

Банктен тыс мекемелерден қарыз - бір тарап “қарыз беруші” - екінші тарапқа “қарыз алушыға” - қайтарымдылық шарттарында белгілі бір кезеңге қарызға ақша немесе материалдық қорлар беретін келісім - шарт.

Банктен тыс мекемелерден қарыз ажыратылады:

- өтемақылық - отандық валютадағы қарыздың орнына шетел валютасындағы қарыз;

- бекітілген - бекітілген уақыт кезеңіне бекітілген пайыз.

Банк қарыздарының келесі түрлерін ажыратады:

- қысқа мерзімді - бір жылға дейін, бірақ екі жылдан артық емес уақытқа;

- орта мерзімді - бірден үш жылға дейін;

- ұзақ мерзімді- үш жылдан жоғары.

Ортамерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуы мақсаттарына қолданылады.

Несиелеудің келесі түрлері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің мақсаты мен міндеті
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі, iшкi аудиті мен талдауы
Ішкі аудит
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
Астанателеком ҚТО Бухгалтерлік есеп және есептілік
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру
Аудит жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері
Өндірістік шығындардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz