«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
: Кіріспе . . .
: 4
:
:
:
: 1
: Шағын кәсіпорындарда ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері . . .
: 8
: 1. 1
: Шағын кәсіпорынның мәні, маңызы және экономикадағы рөлі . . .
: 8
: 1. 2
:

Шағын кәсіпорындардағы жеңілдетілген есепті ұйымдастырудың

әдістемелік негіздері . . .

: 19
: 1. 3
:

Шағын кәсіпкерліктегі жеңілдетілген салық есебін

ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .

: 26
:
:
:
: 2
: «DIDA COMPANY» ЖШС-НЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕНСАПАЛЫ ЕСЕП АҚПАРАТТАРЫН ҚҰРУ . . .
: 33
: 2. 1
: Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты . . .
: 33
: 2. 2
: Шағын кәсіпорында есептің жеңілдетілген жүйесі бойынша салық есебін жүргізу тәртібі . . .
: 40
: 2. 3
: Шағын кәсіпкерліктегі қаржылық есепті ұйымдастыру
: 52
:
:
:
: 3
: Шағын кәсіпорындағы ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары . . .
: 60
: 3. 1
:

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорынға халықаралық

қаржылық есеп стандарттарын енгізудің мәселелері . . .

: 60
: 3. 2
:

Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген

жүйесі

: 66
: 3. 3
: Шағын кәсіпорындағы басқару есебінің ерекшелігі және оның элементтерін енгізу жолдары . . .
: 71
:
:
:
:
: Қорытынды . . .
: 79
:
:
:
:
: Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . .
: 85
:
:
:
:
: Қосымшалар . . .
: 87

Нормативтік сілтемелер :

  1. Қаржылық есеп беру туралы № 2 стандарт, Қазақстан Республикасы каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы №217 бұйрығымен бекітілген.
  2. ХҚЕС № 7 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
  3. № 9 «Шетел валютасындағы операциялар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына методикалық нұсқаулар, (Қазақстан Республикасының қаржы Министірлігі бекіткен, 1997 жылдың 21 мамырында), (05. 02. 03 жылы Қазақстан Республткасының қаржы Министірдігінің енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен № 44)
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2006 жылдың 2 маусымындағы № 266 банктік шоттарды ашу, жүргізу, жабу ережелерін бекіту туралы қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 08. 10. 03 жылы енгізген өзгертулер мен толықтыруларымен)
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2000 жылдың 25 сәуіріндегі № 179 ҚР территориясында төлем құжаттрын қолдану туралы және қолма - қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы ережелерді бекіту туралы қаулысы ( ҚР ҰБ Басқармасының 24. 01. 04 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен)
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелері», 20. 04. 2006 жылдан. №115
  7. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде жəне банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын жəне банкноталарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы.
  8. Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 1998 ж. 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері (өзгерістермен және толықтырулармен) ».
  9. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау»;
  10. 2003 жылдың 13 мамырынан № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (10. 02. 2011ж. жағдайына өзгертулер және толықтырулармен)

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диссертацияда келесідей терминдер тиісті анықтамалармен пайдаланылған:

Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар.

Ақша қаражатының эквиваленті (баламалары) - ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдары

Актив - ұйымның иелігіндегі құндылық бағасы бар құқығындағы жеке қаражаттар және мүліктері. Активтер немесе шаруашылық қаражаттары болашақта экономикалық пайда алып келетін олжа ретінде қарастырылады.

Ағымдағы міндеттемелер - қысқа мерзімдегі несие мен берешектер; ұзақ мерзімдегі несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық берешек (төленуге тиісті қаражаттар мен вексельдер, алынылған аваныстар, салық бойынша міндетті берешектер, төленетін дивиденттер, өзге де кредиторлық берешектер), төленуге тиісті есептелінген шығыстар, алдағы кезеңнің шығыны және басқалары.

Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары- бұл - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі.

Бухгалтерлік есеп - білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.

Бухгалтерлік шоттар - шаруашылық қаражаттары мен оның қорлану көздерімен жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды ақшалай негізде көрсету, ағымдағы бақылау және топтастырудың тәсілдері.

Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы - кәсіпорынның шаруашылық қаражаттарды жинақтап топтастыру тәсілі. Ұйымның қаражаттары бухгалтерлік балансында ақшалай үлгіде екі топта көрініс табады. Алғашқысы мекеме қандай қаражатпен иеленеді, екіншісі қандай қорлану көздерден құралғанын қарастырады. Кәсіпорын бухгалтерлік балансының екі бөлігі тең болуы тиіс.

Есеп берушілік - анықталған мерзімде (ай, квартал, жыл) кәсіпорындардың, өндірістік - шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер жүйесі.

Еңбек ақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.

Есеп беру деп - бұл шаруашылық субектісінің өткен кезеңіндеі қаржылық - шаруашылық іс әрекетін кешенді түрде қарастыратын барлық мәліметтер жүйесі болып табылады. Есеп беру үрдісін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Табыстар - кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижелері.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

CVP-талдау (Cost - Volume - Profit analysis)

ҰҚЕС - Ұлттық қаржылық есеп стандарттары

ҰК - Ұлттық компания

ҰБ - Ұлттық банк

ҚМ - Қаржы министрлігі

ҚР - Қазақстан Республикасы

ХҚЕС- Халықаралық қаржылық есеп стандарттары

ҚР АК -Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

ЖК - Жеке кәсіпкер

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЗТ - заңды тұлға

КҚСМ - кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

КТС - корпоративті табыс салығы

ӘКК - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар

ЖТС - Жеке табыс салығы

ҚРҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚР СК- Қазақстан Республикасы Салық кодексі

ҚҚС - Қосылған құн салығы

АХС- Аудиттің халықаралық стандарттары

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Дт - Дебет

Кт - Кредит

Тг - Теңге

% - пайыз

Мың тг. - мың теңге

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі және мәселелердің зерттелу дәрежесі. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі дүниежүзілік елдердің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын кәсіпкерлік әлеуметтік проблемаларды шешудегі негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Елбасының жолдауында атап өтілгеніндегі, тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде елімізде атқарылған реформалардың бәрі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі Қазақстан экономикасы әлемдік дағдырыстан шағын кәсіпкерлікті қолдау арқылы шыға алатынымызды елбасының жолдауында атап өтілген [1] . Бұл біздің экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізілуде. Шағын кәсіпкерлік дамуының бірден бір көзі ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебін дұрыс және нақтылы ұйымдастыру болып табылады. Шағын кәсіпорындардың және де сауда фирмаларының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізіп Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес ұйымдастыру арқылы экономикамызда түйіні шешілмеген көптеген мәселелерді шешуге, экономиканы тұрақтандыруға және экономикалық дағдарыстан шығуға мүмкіндік туындап, ұлттық экономиканың өсуіне өз ықпалдарын тигізеді. Шағын кәсіпорындардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді болып келеді. [2] .

Қазіргі таңда Шағын кәсіпорындардағы есепті дұрыс әрі нақтылы ұйымдастыру үшін есеп саясаты құрылуы қажет. Көптеген кәсіпорындарда есеп саясаты ережелерге сай құрылмаған немесе мүлдем жоқтың қасы. Сонымен қатар Шағын кәсіпорындар үшін өзекті мәселелердің бірі салық есебінің дұрыс жүзеге асырылмауы. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2015 жылы қабылданған Салық Кодексіне сәйкес Шағын кәсіпорындар салық саясатын міндетті құру қажет болған [3] . Осыған байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік мамандардың біліктілігіне сай дұрыс ұйымдастырылумауда.

Шағын кәсіпорын Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын бизнес субъектілерін дамыту және есебін дұрыс ұйымдастырудың ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман -ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Алиев М. К., Айманова Л. Б., Айтжанова Ж. Н., Дүйсембаев К. Ш., Ержанов М. С., Ержанов А. К. ., Жақыпбеков С. Ж., Кеулимжаев К. К., Миржакыпова С. Т., Нарибаева К. Н., Радостовец В. К., Сатмурзаев А. А., Сатубалдин С. С, Сейдахметова Ф. С. Тажибаев С. Д., Тайгашинова К. Т., Тулешова Г. К. сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктегі бухгалтерлік есепті халықаралық қаржылық есептілік стандартына сай ұйымдастыру мәселелерін талдау, экономикалық субектілердің қаржылық - шаруашылық қызметі туралы сапалы есеп ақпараттарын құруға бағытталған, шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесін өңдеуден тұрады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:

  • Бухгалтерлік есептің мақсаты үшін «Шағын кәсіпорын» түсінігін нақтылау;
  • Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінің құрылымдық - логикалық схемасын өңдеу;
  • Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесіндегі есеп саясатын құрудың қағидалары мен кезеңдерін негіздеу;
  • Салалық ерекшеліктерін есепке ала отырып шағын кәсіпорындардың әртүрлі типтері үшін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінің бейімделу нұсқамаларын өңдеу.
  • Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру мәселелерін қарастыру.

Зерттеу пәні Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жүйесі элементтерінің мазмұны мен өзара байланыстылығы болып табылады.

Зерттеу обеъктісі. Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын бизнестің есебін халықаралық қаржылық есептілік стандартының талабына сай жүзеге асыру.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - шағын бизнес субъектілерінің есебін халықаралық қаржылық есептілік стандартының талабына сай жүзеге асыруды талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик- экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің, Статистикалық агенттіктің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті құқықтық қажаттамалары, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерң, кәсіпорынның нақтылы мәліметтері және өзге де көздер қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

  • жеке кәсіпкер мен жеке меншік базасында шарушылық субектілері ретінде жеке құрылатын, бухгалтерлік есептің мақсаты үшін «шағын кәсіпорын» түсінігі нақтыланды;
  • әртүрлі топтағы қызығушылығы бар пайдаланушыларды әлеуетті және бекітілген ақпараттармен қанағаттандыру, ресурстар шығындары, мерзім және сапалы есеп ақпараттары көзқарастарымен тиімдірек алуға болатын сәйкесінше топтар бойынша жинақталған, есеп саясатының қажетті және толық элементтер жиынтығынан тұратын әртүрлі салалардағы шағын кәсіпорындар үшін ұсыныстар негізделген;
  • бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесінде сенімді және қажетті ақпаратты дайындауға негіздейтін шағын кәсіпорынның есеп саясатының құрылымдарының кезеңдері мен қағидалары көрсетілді;
  • бухгалтерлік есептің жеңілдетілген үлгісіндегі есеп регистрлерінің аз тізімі мен жетілдірілген сипаттамасы шағын кәсіпорын субектілері үшін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша қарастырылған типтік ұсыныстардан айырмашылығы әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізгі талаптарын ескеретін бухгалтерлік есептің үлгілері ұсынылған.
  • Шағын кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланып халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану бойынша ұсыныстар негізделген.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер.

1. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын кәсіпорынды дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады.

Шағын кәсіпорын - нарықтық экономиканың маңызды элементi негізінде қарастырылады, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы Ұлттық өнiмнiң құрлымы мен сапасын анықтайды.

2. Шағын кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесі шағын кәсіпорындардың типтеріне байланысты оның элементтері жеңілдетілген жүйеге негізделген, қаржылық және салықтық есебінің жүйе ішіндегі ақпараттық бірлік ретінде анықталады. Оның негізгі тағайындалуы екі өзара байланысқан кезеңдер негізінде жеткізілетін шағын кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметтері туралы сапалы есеп ақпараттарын құру болып табылады: жоспарлау - есеп саясаты және тәжірибелік өткізу - есеп ақпаратының өмірлік циклі.

Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесінің сапалы элементтері ретінде, отандық ғалымдармен ұсынылған оның реттелу сапасын анықтайтын есеп жүйесінің элементтері қарастырылған: әдістеме, әдіс, ұйымдастыру, технология. Сонымен қатар оның есептік ақпаратының сапасын тікелей анықтайтын, шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің жеңілдетілген жүйесінің элементтері ретінде шағын кәсіпорындардың есептік ақпараттарының (бастапқы тіркеу, жалпылама, есептілік, сақтау) өмірлік циклі анықталды және негізделді.

3. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындар үшін есеп саясатының маңыздылығы және оның көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Есеп саясатының ережелері мен тұжырымдамалары негізінде жүзеге асырылатын қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т. б. көрсеткіштер белгіленеді.

4. Қызметтің әртүрлі саласындағы шағын кәсіпорындар үшін есеп саясатын құру бойынша ұсыныс бухгалтерлік есептің үлгілерінің дамуын талап етеді, осыған байланысты диссертациялық зерттеуде әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар үшін бухгалтерлік есептің нысандарының дәйектемелері көрсетілген.

5. Шағын кәсіпорындардағы қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарайғы дамытуды ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесінде құрылған ақпараттардың салыстырмалылығын, шынайлылығын және сапасын көтеру мақсатында бағыттар бойынша жүзеге асырылған.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Әртүрлі типтегі шағын кәсіпорындар қызығушылығы бар пайдаланушыларды тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін сапалы есеп ақпараттарымен қамтамасыз ететін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесін құруға өңделген ұсыныстар мен ұсынымдар мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпорындар, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 2 жұмыс жарияланған, соның ішінде 2 ғылыми мақала тезистік баяндамалар халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияларда жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 18 кесте, 6 сурет келтірілген.

1 Шағын кәсіпорындарда ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН

бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық

аспектілері

1. 1 Шағын кәсіпорынның түсінігі, маңызы және шағын кәсіпорындардағы жеңілдетілген есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ. ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген.

Туржанов С. А. «кәсіпкерліктің айқындалуы ерекше сақтықпен, яғни, адамға айналада болып жатқанның барлығын ұғынып, тез меңгеруге мүмкіндік беретін үнемі қырағылықпен байланысты» - деп болжайды[8] Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Кусаинов В. Т. пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады[10] :

  • кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
  • кәсіпорынның көз жетерлік болуы: оның масштабының шектеулілігі кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынастың ерекше, жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
  • ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен еместігі;
  • кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын басшысының ролі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.

Шағын кәсіпорынды дамыту қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің негізгісі болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және оны дамыту арқылы экономикамызда түйіні шешілмеген көптеген мәселелерді шешу, экономиканы тұрақтандыру және экономикалық дағдарыстан шығу мүмкіндігі туындайды.

Шағын кәсіпорын капитал жинақтау қызметін атқарады, сонымен қатар қазақстан экономикасындағы әлеуметтік - экономикалық жағдайларды реттейтін механизм ретінде қарастырылады. Бірақ көптеген шағын кәсіпорындар дамуында бағыттар анықталмаған. Осыған байланысты табыс табу және өз іс - әрекетін жүзеге асыру мақсатында тіркеуден өткен шағын кәсіпорындар төлем қабілеттілігінің төмендігіне, қаржылық тұрақсыздығына байланысты тез арада жұмыстарын тоқтатып жабылуда. Сонымен қатар қазіргі кезеңде өндіріспен айналысатын, инновациялық аяда жұмыс істейтін Шағын кәсіпорындар деңгейінің көрсеткіші төмен болып отыр. Кейбір аймақтарда Шағын кәсіпорындардың дамуына көп көңіл бөлінбейді және де қолдау көрсетілмейді.

Шағын кәсіпорынның тиісті деңгейде дамуы және іс - әрекетін жүзеге асыру үшін кәсіпорынның есебін дұрыс ұйымдастыру қажет. Яғни Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жеке бөлімшелер бойынша жүргізілмей, бекітілген бір немесе екі бухгалтер есептілікті жүзеге асырады. Осыған байланысты бухгалтер жоғары мамандандырылған, бөлімшелер бойынша есепті жүргізе алатын, алынған мәліметтерге талдау жүргізе алатын және қаржылық есептілікті құрастыра алатын маман болуы қажет.

Шағын кәсіпорындарда салық салу, бухгалтерлік есепті жүргізу және ұйымдастыру бойынша берілетін жеңілдіктерге беайланысты бухгалтерлер есепті жүргізуде қателіктер жібереді.

Яғни көптеген кәсіпорындар негізгі қызметтерінен (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, өткізілетін өнімдер) алынатын табыстарына әртүрлі мөлшерде салынатын салықтар бойынша. Сонымен қатар шағын кәсіпорындарда аналитикалық есеп жүргізілмей, барлық шығындар негізсіз есептен шығарылады. Өзіндік құнға байланысты шығындар мөлшері жоғарғы сомада көрсетіледі.

Шағын кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады:

- бірыңғайланған есеп жүйесін қолдану;

- жеңілдетілген есепті қолдану.

Осыған байланысты кәсіпорын өздерінің арнайы жұмыстарында келесідей жағдайларда бухгалтерлік есеп регистрлерін өздігінен қолданулары мүмкін:

- екі жақты жазу және есептеу қағидалары негізінде бухгалтерлік есептің методологиялық негіздерін сақтау;

- синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің өзара байланыстылығын;

- алғашқы құжаттар есебі негізінде барлық шарушылық операцияларды регистрлерде көрсету;

- шағын кәсіпорындардың бүхгалтерлік есептілігін құру үшін бастапқы құжаттардың мәліметтерін жинақтау және жүйелендіру.

Орта және шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін тиімді ұйымдастыру және нақтылы ақпараттар алу үшін есеп саясатын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кәсіпорынның басшылығымен дұрыс құрастырылуы керек. Кәсіпорынның басшылығымен бекітілген есеп саясаты негізінде келесідей қажетті ақпараттар алынады:

  1. Тиімді шешім қабылдау үшін пайдаланушылар қажеттілігне орынды ақпарат;
  2. Жасалынған қаржылық есептілік сенімді ақпарат;
  3. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы және қаржылық нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы анық ақпараттар;
  4. Жағдайлар мен іс әрекеттер операцияларының экономикалық мазмұнын көрсетеді.

Өкінішке орай елімізде көптеген орта және шағын кәсіпорындарда есеп саясаты қарастырылмаған. Немесе есеп саясаты өңделмей, бейтарап, ойлаусыз, жан - жақты талдалмай жасалады, яғни салық инспекциялары үшін құрастырылады.

Орта және шағын кәсіпорындарды тиімді басқару үшін келесідей іс әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

  1. Кәсіпорынның есебін дұрыс ұйымдастыра білу;
  2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және басқару жүйесін жетілдіру;
  3. Тұтынушылармен үнемі тығыз қарым қатынаста болу;

Кәсіпорынның қаражаттары мен ресурстарына бақылау жасау және тиімді бөлу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызметтiң орталығы
Есептілік кезең қағидасы
Қоймадағы материалдың бухгалтериядағы есебі
Кәсіпорында кадрлық саясаттың негізгі теориялары
«Қаржылық жағдайы» категориясын талдау объектісі ретінде теориялық зерттеу; қаржылық жағдайын талдау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар. «Kazakhstan Trading Company» ЖШС мысалында
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
Шағын кәсіпорындағы қаржылық жағдайына талдау жасау
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz