Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Мамандық: 6М050800 «Есеп және аудит»
«Есеп және аудит» мамандығы бойынша Экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші
«___» 2017 ж.
Астана, 2017
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер :
- Қаржылық есеп беру туралы № 2 стандарт, Қазақстан Республикасы каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы №217 бұйрығымен бекітілген.
- ХҚЕС № 7 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
- № 9 «Шетел валютасындағы операциялар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына методикалық нұсқаулар, (Қазақстан Республикасының қаржы Министірлігі бекіткен, 1997 жылдың 21 мамырында), (05. 02. 03 жылы Қазақстан Республткасының қаржы Министірдігінің енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен № 44)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2006 жылдың 2 маусымындағы № 266 банктік шоттарды ашу, жүргізу, жабу ережелерін бекіту туралы қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 08. 10. 03 жылы енгізген өзгертулер мен толықтыруларымен)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының 2000 жылдың 25 сәуіріндегі № 179 ҚР территориясында төлем құжаттрын қолдану туралы және қолма - қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру туралы ережелерді бекіту туралы қаулысы ( ҚР ҰБ Басқармасының 24. 01. 04 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелері», 20. 04. 2006 жылдан. №115
- «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде жəне банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын жəне банкноталарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы.
- Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 1998 ж. 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері (өзгерістермен және толықтырулармен) ».
- Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау»;
- 2003 жылдың 13 мамырынан № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (10. 02. 2011ж. жағдайына өзгертулер және толықтырулармен)
АНЫҚТАМАЛАР
Осы диссертацияда келесідей терминдер тиісті анықтамалармен пайдаланылған:
Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар.
Ақша қаражатының эквиваленті (баламалары) - ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдары
Актив - ұйымның иелігіндегі құндылық бағасы бар құқығындағы жеке қаражаттар және мүліктері. Активтер немесе шаруашылық қаражаттары болашақта экономикалық пайда алып келетін олжа ретінде қарастырылады.
Ағымдағы міндеттемелер - қысқа мерзімдегі несие мен берешектер; ұзақ мерзімдегі несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық берешек (төленуге тиісті қаражаттар мен вексельдер, алынылған аваныстар, салық бойынша міндетті берешектер, төленетін дивиденттер, өзге де кредиторлық берешектер), төленуге тиісті есептелінген шығыстар, алдағы кезеңнің шығыны және басқалары.
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары- бұл - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі.
Бухгалтерлік есеп - білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Бухгалтерлік шоттар - шаруашылық қаражаттары мен оның қорлану көздерімен жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды ақшалай негізде көрсету, ағымдағы бақылау және топтастырудың тәсілдері.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы - кәсіпорынның шаруашылық қаражаттарды жинақтап топтастыру тәсілі. Ұйымның қаражаттары бухгалтерлік балансында ақшалай үлгіде екі топта көрініс табады. Алғашқысы мекеме қандай қаражатпен иеленеді, екіншісі қандай қорлану көздерден құралғанын қарастырады. Кәсіпорын бухгалтерлік балансының екі бөлігі тең болуы тиіс.
Есеп берушілік - анықталған мерзімде (ай, квартал, жыл) кәсіпорындардың, өндірістік - шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер жүйесі.
Еңбек ақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.
Есеп беру деп - бұл шаруашылық субектісінің өткен кезеңіндеі қаржылық - шаруашылық іс әрекетін кешенді түрде қарастыратын барлық мәліметтер жүйесі болып табылады. Есеп беру үрдісін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Табыстар - кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижелері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
CVP-талдау (Cost - Volume - Profit analysis)
ҰҚЕС - Ұлттық қаржылық есеп стандарттары
ҰК - Ұлттық компания
ҰБ - Ұлттық банк
ҚМ - Қаржы министрлігі
ҚР - Қазақстан Республикасы
ХҚЕС- Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
ҚР АК -Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ЖК - Жеке кәсіпкер
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
ЗТ - заңды тұлға
КҚСМ - кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
КТС - корпоративті табыс салығы
ӘКК - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар
ЖТС - Жеке табыс салығы
ҚРҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚР СК- Қазақстан Республикасы Салық кодексі
ҚҚС - Қосылған құн салығы
АХС- Аудиттің халықаралық стандарттары
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Дт - Дебет
Кт - Кредит
Тг - Теңге
% - пайыз
Мың тг. - мың теңге
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі және мәселелердің зерттелу дәрежесі.
Ел экономикасының тұрақты өсімі кәсіпорындардың қаржы тұрақтылықтарына қол жеткізулеріне көмегін тигізеді. Және де шетелдің инвесторларын экономикамыздың өте маңызды, керекті салаларына белсенділікпен тартуларына бағыттап отырады. Сонымен қатар экономикадағы базнестердің негізгі саласындағы іскерлік белсенділігін арттыру үшін, қажетті индустриалдық саясатына кірісу үшін, шаруашылықты тану және басқару бойынша макроденгейден микродеңгейге қызметтерін атқаруға көмегін тигізеді. [1]
Экономиканы басқарушылықтың дамуы, нарықтағы қарым - қатынастардың аяқтарынан тұрулары, меншіктегі әртүрлі нысандарды пайдалану есептің маңызды екенін көрсетеді. Сонымен қатар шетелдің кәсіпорындарының қатысуы арқылы кәсіпорындарды құру, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына бағыттану есеп және аудиттің маңыздылығы мен ролінің артуын болжайды. Қарстырылып отырылған ақпаратты кәсіпорынды тиімді басқарудың мақсатында үлкен әсерлілікпенен қолдану үшін керек. Атап айтсақ есептіліктің тиімді әрі озық тәсілдерін, шетелдік жақсы тәжірибені, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдануға, кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылу жүйесі қажет болады. Халық шаруашылығының салаларының барлығында және меншік иелерінің бүкіл түрлерінде ұйымдастырылатын бухгалтерлік есепті және аудитті қайтадан құрастыру қажет. Сонымен бірге олардың маңызы ме әдіс-тәсілдерін кәсіпорындардың ерекшеліктеріне байланысты халықаралық қаржылық есептілігінің стандарттарының талабына сйкес ұйымдастыру қажет.
Зерттелініп отырылған тақырыптық жоба есепте маңызды әрі керекті бөлімдерінің бірі шығындардың есебі мен өнімнің өзіндік құнының калкуляциясы болып табылады. Шығындар есебінің негізінде ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттіктерінің мүмкіешіліктері мен негізділіктерін анықтай аламыз. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калкуляциясы субектінің пайда алу мақсатында қызметтерін ұйымдастыру үшін, тиісті қаржыларын және ресурстық қорларын жұмсау болып табылады.
Кәсіпорын шығындары - жоспар негізінде ұйымның ресурстық қаражаттарын жұмсау мақсатындағы табыс алу болып табылады.
Қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын растау үшін бір сөзі немес қарыз бойынша қолхаты жеткілікті болатын уақыт әлдеқашан өтіп кеткен. Қазіргі кезеңде ұйымның шаруашылық қызметі бойынша есептерін нақтылы ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің жүйелігін қалыптастыру керек. Мердігер кәсіпорындармен, салық ұйымдарымен, жұмыскерлермен, өзге де берешектермен есептесуге байланысты міндеттемелерін уақытында орындаудан байланысушылары арасындағы одан арғы қарым қатынас байланысты болғандықтан, есеп айырысу операциаларын дұрыс жүзеге асыру, есеп айырысудың тәртібін жақсартуға алып келеді. Міндетті қарыздармен есеп айырысуларды күнделікті бақылап отыру шығындардың төмендеуіне, айналым қаражаттарының айналымдылығына байланысты жылдамдығының жоғарылауына алып келеді, бұл ұйымның қаржы тұрақтылығының жақсаруына әсер етеді. Кез келген мекеме үшін өздерінің қаржылық есептілігін аудиторлардың нәтижелерімен бекіткен маңызды. Сонымен бірге есептіліктің мәліметтерін қолданушылары - құрылтайшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың, банктердің, және де мердігерлердің тарапынан өздеріне байланысті сенімділіктерін арттырады. Аталған сенімділіктің болуы мекеме үшін үлкен маңызға ие, себебі оны жетілдіру мен келісім бойынша қарым қатынастарының беріктігі соларға байланысты. Айтып кеткеніміздей қазіргі кезеңде өзекті және негізгісі кәсіпорынның шығындары мен өнімнің өзіндік құнының калкуляциясының есебі болып табылады. Яғни дұрыс есепке алмау мен кәсіпорынның шығындарын уақытында есепке алмау шаруашылық қызметінің ырғақтылығына кері әсерін тигізеді.
Қарастырып отырғанымыздай диссертациялық жұмысымның зерттеудің маңызды мақсаты кәсіпорындағы шығындардың есебін және өнімнің өзіндік құнының калкуляциясын зерттеу болып табылады.
Аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттерді шешу қажет:
- есептелінетін шығындарды және оларды есепке алу бойынша дұрыстығын тексеру;
- шығындардың құжаттамалар бойынша есептегі нақтылығын тексеру;
- өнімдердің өзіндік құнына байланысты калкуляциялық әдістерін қарастыру;
- өнімнің өзіндік құнының дұрыс есептелгенін тексеру;
- есептің кемшіліктерін анықтау және оларды жою іс шараларынпайдалану.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу обектісі «ПОЛИСМУНАЙКУРЫЛЫС» ЖШС болып табылады. Оның атқаратын қызметінің түрлері - заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің, Статистикалық агенттіктің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті құқықтық қажаттамалары, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерң, кәсіпорынның нақтылы мәліметтері және өзге де көздер қолданылды.
Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Кәсіпорынның шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калкуляциялаудың есебін ұйымдастыру тәртібінің әдістемелік мәселелері отандық авторларының еңбектерінде көрініс тапқан: К. Ш. Дүйсембаев, К. К. Кеулімжаев, В. К. Радостовец, С. С. Сатыбалдин, М. Қ. Әлиев, М. С. Ержанов, Ф. С. Сейдахметова, Ә. Ә. Әбдіманапов, К. Т. Тайғашинова және тағы басқалары.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы.
Ұйымның шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының есебі жөніндегі ұсынылған ұсыныстарды кәсіпорынның басқарушылық шарушылығында пайдалануға ұсыну табылады.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы. Шетелдің, ТМД және отандық ғалымдарының жұмыстарын зерттеудің нәтижесінде шығындардың және өзіндік құнның түсінігінің анықтамаларын толықтыру, шығындар мен өзіндік құнның қозғалысының есебін қарастыру бойынша есептің регистрлеріне ұсыныстар беру; шығындар мен өзіндік құнның бағалануын және қйтадан бағалануын зерттеу негізінде кәсіпорындаға бағалаудың тиімді әдістерін ұсыну болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері - өзіндік құнның калкуляциясы мен шығындар есебін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдастыруды талдау саласында пікірлерін жазған шетелдік және отандық ғалымдардың монограффиалары, ғылыми еңбегі, ал нормативті құқықтық негізі Қазақстан Республикасының заңнамалары мен құқықтық актілері, Ұлттық банктің ережелері және нұсқамалары болып табылады.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіздер болған:
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының нормативті құқықты актілер;
- Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңы;
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
- Типтік шоттар жоспары.
Жұмысты орындау барысында қаржылық талдаудық мынандай әдіс тәсілдері пайдаланылды:
- Алдындағы кезеңдермен салыстырмалы түрде қарастырғанда бухгалтерлік есептің әртүрлі баптары бойынша абсолюттік және дұрыстап қарауға мүмкіншілік беретін көлденең талдау;
- Баланстың тұтастығы және оның бөлімдері бойынша қорытынды деректемеге жеке баптар бойынша салаытырмалылық салмақты анықтау мүмкіндігін беретін тігінен талдау;
- Қарастырылатын жылдың денгйінен деректемелердің салаыстырмалы ауытқуларын есепке алуға сүйенетін трендтік талдау.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің пайдаланылуы. Зерттеу бойынша жұмыстыңнегізгі қорытындылары және ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеудің тақырыбы негізінде 2 мақала жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 12 кесте және 2 сурет келтірілген.
1 Шығындар есебінің мәні мен маңыздылығы және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының әдістемелік негіздері
1. 1 Шығындар есебі мен калькуляцияның түсінігі және кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастырудың мәні және маңыздылығы
Кәсіпорын шығындары мен өнімнің өзіндік құнды калкуляциялау есебін анықтаудың осы немесе өзге жүйелерін қарастыруда, біріншіден „шығын" және «өзіндік құн» деп аталатын ұғымын жете түсіну қажет. Атап айтқанда оның терминологиялық мәні мен түсінігін, шығындарды топтастырудың қағидаттары мен есептерін түсіндіру қажет.
«Шығындар, деп жазып көрсетті М. Қ. Әлиев - қолма - қол сатып алуға жұмсалынғандығын және-ол ұйым балансындағы активі ретінде көрсетілетін, болашақта табыс алып келуге қабілеті бар қаражаттар». Ал өзіндік құн калкуляциясын-өнімге немесе қызметке жұмсалынған шығындардың жиынтығы ретінде көрсетті. [2; 79 б] .
Бірақта, өзге әдебиеттерде осы түсініктеменің өзге де трактовкалары (немесе түсіндірулері) кездеседі. Атап айтсақ, профессор Хорнгрен Ч. Т., Фостер Д. оған былай тұжырымдама жасайды: «Әдеттегідей, шығындар - бұл алынатын тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне төленуге тиіс болатын, тұтынатын ресурстық қаражаттар (ақшалай қаржылар) дептүсіндіреді»[3; 79 б] .
Осыған сәйкес түсініктегі анықтаманы сәл кейінірек профессор К. Т. Тайғашинова және өзге де авторлар берді"[4; 79 б] .
Қарастырылған ұғымдар бойынша «шығындар» тұжырымдамаларының абстрактілі деңгейде екенін көреміз. Осыған байланысты, осы уақытқа дейін экономикалық оқулықтарда аталған мәселе бойынша көзқарастардың біркелкілігі болмаған. Біздің тәжірибемізде, «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражаттар» түсініктері бірдей деп тендестіріледі немесе ұқсас болып табылады және «өндірістік шығындары», не «өндіріске жұмсалынған шығындары» терминдері пайдаланылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, «шығын» деген түсініктің табиғаты, әр түрлі іс әрекеттерге сәйкес сан алуан мәндерінде қарастырылады. Басқарушылық есепте кәсіпорын шығындары бірнеше мақсаттарға сан алуан тәсілдермен жіктелеінеді, атап айтсақ ол бірдей мағынада емес.
Шығын факторлары-субект шығындарының туындауына алып келетін оқиғалар мен жағдайлар. Яғни, осындағы шығындардың түпкілікті түсінігі, «бірнеше мақсаттағы шығындар сан алуан топтастырылып жинақталуы» мүмкүн.
«Өзіндік құн» түсінігіне өндірістік шығындардың туындауымен сәйкес активтерінің кемуі (құндылықтар, ақша қаражаттары) және міндеттемелердің артуы (кредиторлық берешек) енгізіледі. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес «актив» болашақта оған сәйкес пайда түсетіні күтіліп және болған оқиғалардың нәтижесінде, субектпен бақыланатын ресурстық қаражаттар ретінде қарастырылады. «Шығындар мен шығыстар» ұғымдарын жалпылама ұқсастықпен қарастыруға болмайды.
«Шығыстар»-кәсіпорынның ағымындағы есептілік кезеңінде қарастырылатын шығындарының баптары болып табылады. Субект шығыстары ағымдағы кезеңінде пайда алу мақсатында қолданылған ресурстық қаражаттарын көрсетеді.
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары негізінде «Шығыстар» есеп беру кезеңінде активтерін қолдану немесе есебінен шығарылу жағдайында табысының кемуі. Сонымен бірге капиталының кемуіне алып келетін және осыған сәйкес міндеттемелерінің туындауы мүмкін. Зерттеу барысында «шығындарының» мәнділігін ұғыну мақсатында оны үш жақты қарастырамыз. Біріншіден, кәсіпорын шығындары ресурс қаражаттарын қолдануымен анықталады. Екіншіден, ұйым шығындары ақша өлшемімен көрсетіліп, қолданылған ресурстардың сандық мөлшерін көрсетеді. Үшіншіден шығындар кез келген бөлімшелерінің қызметтерін, өнімдерін өндірудің, яғни олардың жүзеге асырылуын салыстырады. Қорытындылай келе, кәсіпорынның шығындары өзіндік құнына қарағанда едәуір кең және белгілі бір уақытта тиісті мақсаттарға ақша түрінде ресурстық қаражаттарын өолдану денгейін көрсететінін анықтадық.
Осыған байланысты, шығындар есебінің мақсаты, көрсетілетін қызметімен және мазмұндарын згертеді. Осыдан «шығындарды» өздігінше есептілікте көрсетуі, оның соңғы өнімі болып табылады, ал ол мақсатқа жетудің негігіқұралы ретінде көрініс табады. Икемді шығындар сан алуан өндіріс көлемдерінде әр түрлі «өздерін алып жүреді», ал жекелеген тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол: «Шығынның» осындай әрекеттерін көре тұра, шетелдік оқулықтарда, әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша теориялық жұмыстрында «шығындардың әрекетті» деген терминді өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибие мен оқулықтарда шығындар түсінгі туралы айту қабылданғанмен, бірақта «шығындардың әрекетті» термині, біздің ойымызша, тек қарқынды ғана емес. Яғни осы немесе бақса шығыстардың мүмкін болатын статистикалық жағдайын көрсететін, өте ауқымды ұғым болып көрініс табады. Тиімді шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлерінен тәуелді «шығындардың әрекетті» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан осыдан келесідей мәселелер туындайды:
- келер жылға өндіріс бойынша қызметтің қандай мөлшерін жоспарлау крек?
- өткізілетін тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты өткізу бағасын азайту қажет па?
- өнімдерді артумен айналысатн жұмысшылардың еңбекақысымен есеп айырысу қандай нысанда болу қажет: тек комиссиондық сыйақы, тек еңбекақы немесе олардың комбинациялары?
- өнімдерді өндірудің мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу қажет па?
Осындай құбылыстарды түсіну үшін осы немесе басқа белгілері бойнша шығындарды топтау жүзеге асырылады. Обектілердің жіктелу белгілері көп болған сайын, оның зерттелетін денгейі де жоғары болады. Бұл, өз кезегінде обектінің басқарушылық деңгейін жоғарылатады.
Осыдан басқа, бақылау және реттеу қызметтерін жүргізу үшін басқарушылық есепте реттелінетін және реттелінбейтін шығындар тобы да ашылып көрсетіледі.
Демек, біздің пікірімізше, шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешу құалы ретінде қолданылады. Яғни шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын үрдісіне қатысады. Тиімді шешімді қабылдау үшін онын қандай шығындар мен пайдаға жетелейтінін білуі қажет. Релевантты шығындар деп тек шешімдерді қабылдауы барысында ғана өзгеріске ұшырайтын, болашақ шығындарды есепке алуға болады.
Бухгалтерлік есептің мәліметтерін сыртқы қолданушылар мен ұйымдарды басқарушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есептің жүйесі дұрыс болуы қажет.
Ұйымдастырудеп - есепті жүргізудің жағдайын, оның біртектес элементтерін, есептік кезендерді (бастапқы құжаттамадан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды мұрағатқа дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сәйкес қатаң сақтауын. Сондай ақ бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін, жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сондай-ақ, бухгалтерлік есебіне тән ережелерді, нұсқауларды және нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есептің жүйесінің ұйымдастырылуының негізгісі, біздің елімізде қабылданған 2007 жылы 28 ақпанда № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңда қаралған. Бұл заңнаманың мазмұны бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібін, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану. Сонымен қатар қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді. [5; 79 б]
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі жылпылама бағыт, кәсіпорындар ішінде ұстанған жекелеген есеп обектілерін ұйымдастыру туралы бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағынан орнықты болады.
Кәсіпорындардың технологиялық айырмашылықтары мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп әрбір ұйымдардың өз іштерінде ұйымдастырылады. Өнімдерді өндірудің өндірістік маңызды ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыттары болып табылады. Өндірістік ерекшеліктер, негізінен еңбекақыны есептеу мен оны төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімді өткізу, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу, т. б. есеп объектілері бойынша қалыптасады. [6; 79 б]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz