Инфляция типтері



1.Инфляция және оның типтері
2. Антиинфляциялық саясат.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі .
1. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» Ақиқат -1996ж
2. «Экономикалық саясат», Экономика Алматы - 2002
3. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы,2005ж.
4. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
5. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
6. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
7. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. Егемен Қазақстан 2005ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1.Инфляция және оның типтері
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты емес нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1.Бірқалыпты - жылына 10% - ға дейін
2.Шоқырақтау - жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3.Гиперифляция - жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден - бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция - экономика үшін едәуір қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция - инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.
Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Экономикалық цикл және оның фазаларының сипаттамасы
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Халықаралық қаржылық статистика
Экономикалық теория пәні бойынша қысқаша анықтамалық
Ақша туралы дәріс
Ақшаның мәні және қызметтері
Пәндер