Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

Жаркенова Гүлнар Абуқалиқызы

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, Қазақстан, Қызылорда қаласы

Муйденова Алия Калжановна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекетік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан, Қызылорда қаласы

Сыбайлас жемқорлық тарихы адамзат өркениетінің тарихымен қатар келеді. Тіптен Таурат кітабында былай делінген: «княздерің сенің заң бұзады, олар ұлылармен сыбайлас; олар сыйлықты жақсы көреді, пара іздейді», «Айыптыны сыйлық үшін ақтап, заңдыны құқықтан айырғандар оңбайды». .

Қазақ даласындағы рулық қауымдарда қабылданған әдеттік құқық нормаларын көшпенділер мәдениетіндегі дәстүрлер анықтады. Дегенмен Монғол хандығының да ықпалы елеулі болды.

Ж. А. Тұяқбайдың пікірінше, құқықтық жүйе негіздерінің Қазақстанда қалыптаса бастауының алғашқы кезеңін орта және кейінгі орта ғасырға - XIV-ғасыр мен XIX-ғасырдың бірінші жартысы аралығына жатқызу керек [1, 13б. ] . Бұл кезеңде құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесі мен монғолдардың көшпенді өркениетінің құқықтық институттарының өзара үйлесу процесі жүрді.

Бұл кезеңде қазақ қоғамында Сыбайлас жемқорлық ұғымы болмаған. Бірақ Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін ақсүйектерге сый-сияпат жасау болған. Мысалы, қарапайым дихан, хан, сұлтан, билерге «ұшыр» салығын - алған өнімінің оннан бірін төлеп тұрған. Мал өсіруші «зекет» салығын - біршама малын беріп тұрған. Сонымен қатар шонжарлар үшін соғым мал немесе сыбаға жинастырылатын. Басқа да сыйлықтар болды.

Ордада заң күші бар қырғыз әдеттерінің баяндауында былай делінген: «Хан немесе сұлтан қыс бойы халық есебінен тамақтануы үшін күзде соғым беріледі, сол мақсатта сыбағаны көктемде береді. Ордада отырған адам қандай да бір қызмет атқарғанымен қарапайым қырғыздың сыйынан бас тарта алмайды».

XVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда «Қасымның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы күшіне кірді, оның негізіне әдет құқығының нормалары алынды. Бұл әдет құқығының нормаларын XVII-ғасырдың аяғында Тәуке хан өзінің «Жеті жарғысында» толықтырып бір жүйеге келтірді.

Сот функциясын ол кезде әдет құқығына сүйеніп хандар, сұлтандар және билер ауызша атқарды. Олардың айтқаны ақтық шешім болып саналды. Ел ішіндегі дау-дамайды сол жерге барып шешетін, ол үшін «ханлық» деп аталатын сыйақы алып тұрды. Мұндай шешімдердің нәтижесінде құқықтың жаңа нормалары пайда болды. Дауласқан жақтардың төрелік айтқан билерге тарту жасауына рұқсат етілді. Сонымен қазақтардың сыйлық беру дәстүрі бұрыннан келе жатқан әдет болатын.

«Жеті жарғыда» қоғамдық қатынастардың барлық жағы қамтылған. Онда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары, дін, салық жайында ережелер бар. Бірақ бір орталықтан жүргізілетін мемлекеттік басқару жүйесі болмағандықтан парақорлық, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, яғни Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкерлік қарастырылған нормалар болмады.

Ал, Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруі Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының жүзеге асырылуымен байланысты болды. Қазақстан Ресейге қосылған кезде екі сот жүйесі қатар жүрді: жергілікті ұлттық соттар - қазақтар арасындағы кішігірім дау-дамайды қарастыратын жергілікті билер мен қазылар соты; қазақтардың аса маңызды істерін, ұлтаралық дауларды қарайтын жалпы империялық сот мекемесі.

Парақорлық кең етек алғанмен Екатерина ІІ-нің санкциясы аса қатал болған жоқ.

Романовтар әулеті патшалық етіп тұрған кезде парақорлық мемлекеттік қызметкерлердің табыс көзіне айналды. Мысалы, канцлер Бестужев-Рюмин Ресей империясына қызметі үшін жылына 7 мың сом алса, Британ тәжіне көрсеткен қызметі үшін сол валютада 12 мың алып тұрды.

Бұл қылмысты ешқандай жазалау шарасымен тоқтату мүмкін болмады, сондықтан онымен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді.

1845 жылы Заңдар жинағына толықтырулар енгізіліп, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, парақорлық үшін қосымша жауапкершілік қарастырылды. Оның 401-бабында алған парадан екі есе көп мөлшерде айыппұл төлеу түрінде санкция белгіленді. Пара алғыс білдіру және сатып алу деп екіге бөлінді. Егер лауазымды адамға оны сатып алу үшін пара берілсе, ол жұмысынан да босатылатын еді. Айыпты адам шын жүректен өкінген жағдайда жаза жеңілдетілетін.

Лауазымды адам өзінің қызметтік міндетін бұзып, заңда көзделмеген сыйақы алса, онда ол бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 70-80 рет таяқпен ұруға және екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге арестанттық ротаға жіберуге жазаланды. Егер жеңілдететін мән-жай болса және шын өкінсе, қатаң сөгіс беру немесе қызметінен босату түріндегі жеңілдеу жаза қолданылды.

1903 жылы Ресейдің «Қылмыстық жинағы» жарық көрді, оған 1883 жылғы Жинақтағы лауазымдық қылмыс туралы барлық нормалар кірді. Бұл Жинақта алдыңғыға қарағанда прогрессивтік сипат болды, жаңа қылмыстық заңнама жасау жүйесі жеңілденді, баптар саны азайды, лауазымды тұлғаға анықтама берілді. Бірақ лауазымдық қылмыстарды саралауға қатысты проблема туындады. Мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер жасаған қылмыстардан коммерциялық немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдары жасаған сондай іс-әрекеттің арасын ашу керек болды. Ол үшін лауазымды адам ұғымына анықтама беру қажет еді. 1903 жылғы Жинақ заңды күшіне енген жоқ. Патша үкіметінің барлық заңдары 1917 жылы күшін жойды. Ал Сыбайлас жемқорлық сол бетімен қалды, бірақ оған көзқарас екі түрлі сипат алды.

Сот ұсталған төртеудің үшеуін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Ленин Д. И. Курскийге хат жазып, парақорларды қатаң жазалау туралы заң жобасын тез енгізудің қажет екендігін айтады, парақорларға жеңіл жаза берген судьяларды партиядан шығару туралы мәселені Орталық Комитеттің күн тәртібіне қою жөнінде ұсыныс жасайды.

ХКК-нің 16. 08. 1921 жылғы Декретімен баптың пара алушының іс-әрекетін саралауға қатысты бөлігінің формулировкасы біршама өзгертілді. «Пара берушінің мүддесіне өз міндетіне жататын қандай да бір әрекетті жасағаны үшін өзі немесе басқа біреу арқылы қандай түрде болса да пара алған немесе алуға талпынған мемлекеттік, одақтық немесе қоғамдық қызметтегі адамның жауапкершілігі» жаңа редакцияда көрсетілді.

1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 105-бабының түсініктемесінде «қандай да бір мемлекеттік (кеңестік) мекемеде немесе кәсіпорында, сондай-ақ шаруашылық, әкімшілік, ағартушылық және басқадай қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруға заң бойынша құқығы, міндеті және өкілеттігі бар ұйымдарда немесе бірлестіктерде тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын адамдар» лауазым иелері деп танылған. Нәтижесінде қылмыстық заңның юрисдикциясы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің және қызметтегі, жұмыстағы лауазымдық теріс қылықтардың көпшілігіне тарады.

1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 107-бабында да лауазымдық қылмыс субъектісі ұғымына да осындай түсініктеме берілді.

1959-1962 жылдар аралығында қабылданған республикалық кәсіпорында, мекемеде, ұйымда ұйымдастырушылық-билікті немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындаумен байланысты қызмет атқарушы адам лауазымды адам деп танылды, ал «жалпы мемлекеттік міндеттер» атқарушы адам алынып тасталды.

Кеңес үкіметінің Сыбайлас жемқорлықпен күресі табысты болмады. Оның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, 80-жылдардың аяғына дейін «Сыбайлас жемқорлық» сөзі қолданылмады. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» сияқты терминдер пайдаланылды.

1980 жылы парақорлықтың 6000 фактісі айқындалған, ол 1975 жылмен салыстырғанда 50%-ға көп. Ұйымдасқан топтар пайда бола бастады (КСРО Балық шаруашылығы министрлігіндегі ондай топта министрдің орынбасары басқарған 100-ден аса адам болған) . Республи-каларда министрлер мен министрлердің орынбасарларының сотталғандығы, бақылаушы органдардың қылмыстық элементтермен жең ұшынан жалғасатындығы, прокуратура мен соттарда парақорлық-тың етек алғандығы туралы айтыла бастады.

Мұның себебі ретінде мыналар көрсетілді:

- кадр жұмысындағы елеулі қателік;

- азаматтардың заңды өтініштерін қараудағы бюрократизм;

- азаматтардың шағымдарымен жұмыстың нашарлығы;

- мемлекеттік, жоспарлық және қаржылық тәртіптің өрескел бұзылуы;

- парақорларға жұмсақ жаза беру.

Үшіншіден, жоғары тұрған кеңес және партия қызметкерлеріне заңның қолы жетпейтін. Тек үш-ақ істі: Г. О. Георгадзеге (КСРО Жоғарғы Кеңес Президиуымының төрағасы), С. В. Медуновқа (Краснодар өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы), С. Т. Щелоковқа (КСРО Ішкі істер министрі) қатысты істерді айтуға болады. Ал Сыртқы сауда министрінің орынбасары А. Р. Сушковқа қатысты іс қозғалып, министр А. П. Патоличевтің шетел фирмаларынан қымбат сыйлықтар алып тұрғандығы айқындалғаннан кейін Орталық Комитет істі жаптырды.

Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жайы, негізінен, бағыт алған үрдісіне және көшпелі кезеңге байланысты.

1997 жылғы Қылмыстық кодексте лауазымды адамдар жасаған қылмыстар «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы Сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» деп аталатын 13-тарауда қарастырылған.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 1997 жылғы 21 қазандағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу шараларына алғаш баса назар аударылды. Кеңес құрамына белгілі және беделді адамдар, жұртшылық, баспасөз өкілдері кірді [2, 17б. ] .

Өз жұмысы барысында Кеңес Сыбайлас жемқорлықтың қазақстандықтардың күнделікті өміріне қатысы бар салаларда - денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында, мемлекеттік басқарудың төменгі орындарында кең етек алғандығын анықтады.

Сонымен бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлықпен күрес көзделген заңнама бар және ол дамуда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі қалануда.

1998 жылғы желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бұл құбылыстың өзімен емес, оны тудыратын себептермен күресу керектігі баса айтылды.

Бұл Бағдарлама қабылданар алдында Жоғарғы тәртіптік кеңес Мемлекеттік комиссия болып қайта құрылды, оның міндеті - құқық қорғау және басқа органдардың осы саладағы қызметін үйлестіру, тиісті ұсыныстар даярлау, мемлекеттік аппаратта орын алған Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тергеуін бақылау, идеологиялық-насихат жұмыстарын жүргізу.

2000 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал 2001 жылдың қаңтарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

2002 жылғы сәуірде Президент Жарлығымен Президент жанынан Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасын сақтауы жөнінде Комиссия құрылды. Ол жергілікті тәртіптік кеңестердің қызметін үйлестіруге тиіс еді, бірақ олармен ара байланыстың нақты тетіктері болмады, оның тәртіптік кеңестері атқарушы органдарға тәуелді еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық туралы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлық теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Сыбайлас жемқорлық түсінігі
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz