Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары



Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.
Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].
1. Кузнецова Н.Ф. Коррупция в системе уголовных преступлений //Вестник МГУ, право. - №1. - 1993. 40 б.
2. Криминология: Учебник /под общей пер. А.И.Долговой. - М., 1997. - 640 б.
3. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ, право №1, 1993 г. 30-15 б.Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность, №4, 1989 г. 34-16 б.Мишин Г.К. Коррупция: Понятие, сущность меры ограничения, лекция. – М., 1991. - 28 б.
4. Волженкин Б.В. Коррупция. – СПб. - 1998. 180 б.
5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, - 540 б.
6. Комиссаров В.С. Уголовно-правовые аспекты борьбы с коррупцией //Вестник МГУ, право. - №1. - 1993. - 42 б.
7. Королева М.В. Уголовный закон и уголовная политика на фоне современных криминологических реалий
//Преступность и законодательство. - М., 1997. - 180 б.
8. Волженкин Б.В. К вопросу о субъекте коррупционных правонарушений //Актуальные проблемы борьбы с коррупцией и организованная преступность в сфере экономики (Материалы научно-практической 18-19 апреля 1995 г.). – М., 1995. - 65 б.
9. Панченко П.Н. Уголовно-правовая характирестика коррупций /(Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.). - М., 1995. - 120 б.
10. Жуков Л.А. К вопросу о коррупции. //Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.//Выпуск - М., 1995. - 180 б.
11. Заң газеті, 9 қаңтар 2002 ж.
12. Американо-Российская конференция по вопросам экономики и преступности (Москва, март 1996 г.//Вестник МГУ, серия право. - №4. - 1996. - 112 б.
13. Ромашенко Л.С. Социологический анализ коррупции как основного признака организованной преступности//Вестник Саратовской государственной академии права. №2, 1995 г. 164 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары
Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы - ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.
Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].
Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтамыз.
Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).
Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады.
1. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін - өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді [1, 11-27 бб]. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін- өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.
Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды [7. 237-238, бб.]. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратуы және басқа да ауыр жағдайға ұщыратуы мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Жергілікті Мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ,оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады. Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 8 бөлігіне сәйкес аталған органдар мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейді, ал конститутциялық құрылымның негізін анықтайтын осы баптарды бөлім етіп алу кездейсоқ емес. Баптардың мазмұны мен орны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды осындай негіздің бірі ретінде қараудың куәсі болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексертілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады. В.С.Коммисаров сыбайлас жемқорлық субъектісін мемлекеттікқызметкерлер ретінде қарау қағидасы дұрыс емес деп есептеп,оны төмендегі ойларға байланыстырады. Біріншіден, бұл дегеніміз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін едәуір ұлғайтады деген ұғымды білдіреді, ал бұл болса қылмыстық саясатты дамыту пәрменділігімен толық дәрежеде сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл түбірімен дұрыс еме, себебі сыбайлас жемқорлықтың мәні билік өкіллеттілігі болмағандықтан олар сыбайлас жемқорлық әрекет жасай алмайды, ал бірақосындай қыллмыстарға қатысушы болуы мүмкін [7, 42 б.].
Н.Ф. Кузнецова лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлерді коррупциялық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту криминологиялық негізсіз деп есептейді. Оның пікірінше, бұл адамдардың қоғамдық қауіптілігі антиәлеуметтік криминалдық дәрежеге жетпейді [1, 29 б.]. Басқа да авторлар осындай пікірді ұстанады [8, 33 б.].
Біздің пікірімізше лауазым иесі болып табылмайтын Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі қатыстарына қосу төмендегі жағдайларға байланысты:
а) Сыбайлас жемқорлықтың соңғы кездегі ұлғаю көлемі биліктің барлық тармақтарының сыбайлас жемқорлықпен байланыса, оларға қарсы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ең тиімді жолдарын іздеуге, соның ішінде коррупциялық қылмыс субъектілерінің шеңберін кеңейту жолымен де негіз болды. Егер ''қылмыстық саясатты дамыту тенденциясы'' деген сөздерден қылмыстық заңдарды ізгілендіруді түсінсек, онда мұндай ізгілендіру жемқорлық қылмыстың белең алып тұрған қазіргі кезінде де, онымен табысты күресте де өзін-өзі ақтамайды [9, 153-160 бб.].
б) В.С. Комиссаровтың лауазым иелері болып табылмайтын қызметкерлердің билік өкілеттілігі болмайды деген пікірмен келісе отырып, келесі мәселені атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлықтың мәні адамның жеке басының мүддесі үшін өз қызмет бабын, билік өкілеттілігін пайдалануда. Қызмет бабын пайдалану деген тек билік өкілеттілігін пайдалану ғана емес, сонымен бірге оның белгілі бір лауазымдық орынға ие болуына байланысты берілген мүмкіндіктерімен беделін пайдалану деген сөз. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер лауазым иесі болмаса да және олардың билік өкілеттілігі болмаса да олар өздерінің қызмет бабына байланысты берілген мүмкіндіктері мен беделін пайдакүнемдікке немесе басқа жеке мақсатта пайдалану мүмкіндіктері бар.
в) Мемлекеттік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қарсы кез келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) жоғары дәрежеде қауіп төндіре алады. Б.В. Волженкин дұрыс атап көрсеткендей, іске осылай қарау ұсақ қызметкерлерді жауапқа тарту керек деген ойды білдірмесе керек, себебі, қызмет бабындағы қылмыстың көпшілігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндетті шарты заң қорғайтын мүддеге - елеулі түрде бұзу, зиян келтіру болып табылады, ал мұндай әрекетті олар өздерінің қызмет бабының шектелуіне байланысты әдетте жасай алмайды [10. 55 б.]. Егер қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.
3. Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне қарсы келіп және ол пайдакүнемдік басқа да жеке мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана байланысты емес сонымен қатар ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық жасау, рулық қатынасты қоздыру және т. б.)
Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік тәртіптік, азаматық-құқықтық жауапкершілікке тартып коррупцияның болмашы түрін айырып алуға болады.
Заң әдебиеттерінде сыбайлас жемқорлықты қоғамға қауіпті iс-әрекеттердi үнемі жасау деп түсіндіру көзқарасы қалыптасқан [11, 13 б.]. Бірақ бұл біздің көзқарасымызға сай емес, өйткені мұндай түсінік коррупциямен күресті өте қиындатып жібереді, себебі үнемі жасау ұғымын сипатын дәлелдеу қажеттілігі туады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың қауіптілікті оның қылмыстық- құқықтық қорғау объектісін елеулі түрде бұзады. Осы келтірілген зиянды қол сұғушылықтың санына қатысты қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет өкілеттілігін бір рет теріс пайдаланудың өзі жеке адам, қоғам, мемлекет мүддесіне онша қауіпті емес бірнеше сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаудан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Сонымен біз сыбайлас жемқорлыққа тән негізгі белгілерді анықтадық. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықта төмендегідей қылмыстық-құқықтық анықтама беруге болады. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтама құбылыстың нақты көріністерінің кең шеңберін қамтып отыр.
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтың көрініс нысандары: Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дәлдігі мен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырып, біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін атап өтіп, оның белгілі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы екенін айттық. Бірақ, осы жиынтықты құрайтын нақты іс-әрекет турасында әдебиеттегі пікірлер әр түрлі.
В.С.Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады [7, 28 б.].
Г.Н. Борзенков қылмыстың: талан-тараж, парақорлық және қызмет өкілеттілігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді [3, 30 б.].
П.Н. Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып талан-таражға салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады [11. 13 б.].
Л.А. Жуков коррупциялық құқық бұзуды шартты түрде пара-сыйлық, параға сатып алу және коррупциялық сыбайластық деп бөледі [12, 13 б.].
Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы бірыңғай келісілген пікірдің болмауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық
Саяси себептер
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Сыбайлас жемкорлык турлері
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Пәндер