Қаржы мамандығы бойынша оқу тәжірибесі бойынша есеп
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.А.Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Нормативтік . құқықтық құжаттамаларға шолу ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі. (Қазкоммерцбанк АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Мен, Мирамова Жұлдыз Әшімқызы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Оқу банкі» негізінде практикасынан өттім.
Практика барысында А.Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама беріп, нормативтік – құқықтық құжаттамаларға шолу жасадым. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріне тоқталып, олардың қызметтерін анықтап, заңдармен таныстым.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді өндіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

1. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің ресми сайты: //www.ksu.edu.kz//
2.А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің ресми порталы: //www.ksu.edu.kz/portal/
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы: //http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1005029
4.2015ж. 23 қараша №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 «Банктер және банк қызметі»Заңы туралы(06.05.2017ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілді):
//http://online.zakon.kz/m/ Document/?doc_id=1003931#sub_id=10000
6. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 415-2 «Акционерлік қоғамы»заңы туралы(27.02.2017ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілді): //www.online.zakon.kz
7.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 мамырдағы № 2255 «Шаруашылық серіктестігі туралы»Заңы(27.02.2017ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
//http://online.zakon.kz/ Document/?doc_id=1003646
8. «Казкоммерцбанк» АҚ стратегиясы //http://kaz.kkb.kz/page/Strategy

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті
Қаржы және банк ісі құжырасы
Оқу тәжірибесі бойынша есеп беру
Мамандығы 5В050900-Қаржы
Орындаған: Мирамова Ж.Ә., 1 курс студенті,
күндізгі оқу формасы, негізгі оқу
бағдарламасы
Жетекші: Қайырбаева Г.К.
аға оқытушы
Есепті тексерген күні
___ ________ 2017 ж
Бағасы ____________
Қостанай, 2017 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.А.Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2. Нормативтік - құқықтық құжаттамаларға шолу ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
3.Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі. (Қазкоммерцбанк АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Кіріспе
Мен, Мирамова Жұлдыз Әшімқызы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу банкі негізінде практикасынан өттім.
Практика барысында А.Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама беріп, нормативтік - құқықтық құжаттамаларға шолу жасадым. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріне тоқталып, олардың қызметтерін анықтап, заңдармен таныстым.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді өндіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің қалауы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер рөлін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Оқу практикасы есебінің басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
-А.Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама беру ;
-Нормативтік - құқықтық құжаттамаларға шолу ;
-Коммерциялық банктердің мәнін ашу;
-Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
-Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 А. Байтұрсынов атындағы университеттің жалпы ұйымдастыру құрылымы мен қызметіне сипаттама
Тың жерлерді игеру Қостанай облысының ауыл шаруашылығына қосымша мамандар даярлауды қажет етті. Осыған байланысты 1964-1966 жылдары Қостанай қаласында ауыл шаруашылығының институтында Целиноград ауылшаруашылық институтының сырттай оқитын студенттерге оқу-кеңестік пункт (ОКП) құрылады(жетекшісі Громов Ю.Н.).
1966 жылдың 20 қыркүйегінде СССР ауылшаруашылық Министрлігінің №309 бұйрығымен Целиноград ауылшаруашылық институтының филиалын Қостанай облысында ұйымдастыру Целиноград ауылшаруашылық институтының филиалы ұйымдастырылды. Институттың филиалы Заречный ауданында ашылады (Конезавод п.),
1978 жылдың 13-ші шілдесінде Министрлер Кеңесінің №469 қаулысымен ЦАШИ Қостанай филиалының базасында Қостанай қаласында (ҚТБК) Қостанай ауылшаруашылық институты ұйымдастарылады. 1978 жылдың 7-ші желтоқсанында институттың салтанатты түрде ашылу жиынында Петр Иософоич Чужинов ректор болып тағайындалды.
1992 жылдың 6-шы тамызында Министрлер Кабинетінің № 662 қаулысымен КСПО-ның 50-жылдығы атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қостанай мемлекеттік университеті болып қайта құрылады.
1996 жылдың 3-ші сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 384 қаулысы негізінде Қостанай мемлекеттік университетінің атауы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті болып өзгертілді[1].
1998 жылы 17 қарашада ҚР Президенеті Н.А. Назарбаевтың қатысуымен Қостанай мемлекеттік университетінде алғашқы Халықаралық интервидео конференция ұйымдастырылып өткізілді. Оған 2000 студент, Қостанай облысы бойынша 5 ЖОО оқытушылыры, АҚШ - тың Оклахомск мемлекеттік университетінің 40 шакты мамандары бір мезгілде қатыса алды. Конференцияда талқылынған мәселелердің бірі- білім беру саласында ақпараттық технологияны жан - жакты қолдану, жекелей алғанда, қашықтан компьютелік оқыту барысын тиімді қолдану негіздері қарастырылды. Елбасы осы кездесу барысында университеттің қызметін республикадағы үздік санаттағы бірегей оқу орны ретінде өте жоғары баға берді[2].
Қазақстан Рспубликасы 1993 жылғы 9-шы желтоқсанындағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы президенті 1997 жылдың 17 маусымындағы Жарлығымен орыс тіліндегі Кустанай қаласының атауы Қостанай транскрипциясына өзгертілді. Қостанай мемлекеттік университетінің атауы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті болып өзгертілді[3].
Бұл бөлімде мынадай негізін қалаушы құжаттар орналастырылған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Кодекстері мен Заңдары, сондай-ақ университеттің қызметіне және профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге қатысты ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР БжҒМ бұйрықтары.
-Жоғары мектептің білім беру қызметі мен оқу-әдістемелік үрдісін реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне және ҚМУ нормативтік-анықтамалық құжаттамасына (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, Ережелер, Қағидалар, нұсқаулықтар), жеке блок бөлінген.
-Ғылыми қызметіне, халықаралық байланыстарға, тәрбие жұмысына жеке блоктар арналған.
-Іс жүргізу және жұмысқа қабылдау, ПОҚ конкурстық орналастыру, ПОҚ және қызметкерлердің аттестациялары мен рейтингі бойынша нормативтік құжаттама жеке блоктарда орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 14-ші ақпанындағы ҚР-ның білім мен ғылымды біріктіру жөніндегі кейбір шаралар туралы № 236 Қаулысына сәйкес Қостанай ауылшаруашылық институты А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-нің құрамына енді.
2000 жылдың 15-ші қыркүйегіндекөрнекті мемлекет және саясат қайраткер ірі ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткішті А.Байтұрсынұлы Ұлт ұстазы-деп атаған Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев ашты.
2002 жылдың 12-ші қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесті.
2004 жылы 3-ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жекеленген республикалық мемлекеттік қазыналық мекемелерін ұйымдастыру туралы № 128 Қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті құрамынан бөлініп шығады.
2009 жылдың 18-ші қыркүйегінде А.Байтұрснов атындағы ҚМУ-нің халықаралық байланысты дамытудағы жаңа кезеңінің басы университет ректоры А.М.Наметовтың атақты Хартия (Болния, Италия ) қаласының университеттерімен қол қойылды. Бұл қадам - университетті өңірлеріміздегі алдыңғы қатардағы дамыған ЖОО-ның бірі ретінде халықаралық деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Кодекс:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда респбликалық референдумда қабылданды. 2011 жылы 2 ақпанда өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді).
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (2015 жылы 23 қараша №414-V 3РК. 2016 жылы 1қаңтардан іске асты).
-Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)(2013 жылы 3 шілде өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді).
-Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жеке бөлім)(2014 жылы 15 қаңтар өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді).
-Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі (2009 жыл 18 қыркүйек №193-IV, 2013 жылы 8 қаңтарда өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді).
-Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс(2014 жыл 5 шілде №235-V 3РК).
Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығы:
-Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы(2007 жыл 27 шілде №319-ІІІ);
-Қазақстан Республикасының Ғылым туралы Заңы(2011 жыл 18 ақпан №407-IV, өзгертірулер 2015 жыл 13 қараша);
-Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру Заңы(2003 жыл 25 сәуір №405-ІІ, 2013 жылдың 5 желтоқсанында өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді);
-Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы(1997 жыл 11 шілде №151-1, 2014 жылы 30қаңтарда өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді);
-Қазақстан Республикасының Мерекелер туралы Заңы(2001 жыл 13 желтоқсан №267-ІІ, 2012 жылдың 19 қазанында өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді);
-Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және Хабарламалар туралы
Заңы(2014жыл 16 мамыр №202-V);
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңы(2011 жыл 1 наурыз №413-IV,2013 жылдың 4 шілдесінде өзгертірулер мен толықтырулар енгізілді);
-Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы(2015 жыл 18 қараша №410-V 3РК);
-Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңы(2013 жыл 21 маусым №105-V);
-Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы(2014 жыл 3 шілде №228-V 3РК);
-Білімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы(2015 жыл 3 қараша);
-Қазақстан Республикасының Ғылыми және Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы Заңы(2015 жыл 31 қазан №381-V 3РК);
-Қазақстан Республикасының Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы(2007 жыл 12 қаңтар №221);
-Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің бұйрығы(2016 жыл 1 наурыз №205) [3].
ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР БжҒМ бұйрықтары:
-Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2013 жылғы 16 қазандағы №420 Бұйрығы;
-Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық,бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы;
-Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлглік-біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы;
-Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі шарттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдар тізбесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 Қаулысы;
-Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 Бұйрығы;
-Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы;
-Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы№125 Бұйрығы.
Университет әртүрлі бағытта қолданысқа пайдаланатын ғимараттар мен нысандарға ие. Оқу үрдісін ұйымдастыруға 6 оқу корпусы және бірнеше оқу-лабороториялық ғимараттар пайдаланады. Барлық ғимараттар мен нысандарсу, жылу және канализация, желдеткіш жүйелерімен жабдықталған. Жалпы университетте 248 аудитория, 45 компьютерлік, 11 мультимедиялық сынып, 53 лаборотория, 32 арнайы кабинет, 7 оқырмандар залы, 8 музей, 1 сот процесі залы, 1 криминалистік полигон, 2 повильон , т.б. оқу үрдісіне қажетті орынжайларға ие. Бас ғимарат Қостанай қаласының ең бір көрікті жерінде орналасқан: алды қалалық парк, парктің шағын алаңында
А.Байтұрсыновтың ескеткіші бой көтерген. Алаштың ардақты тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын үш тұғырдың-білім ордасының, көшенің, ескерткіштің бір жерге шоғырлануы және ғимараттың ерекше классикалық архитектура үлгісінде салынған сәулеті көз сүйсіндіретін көрікті ансамбль құрайды.
ҚР үкіметі қаулысының негізінде 2004 жылы ҚМУ құрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық иснтитуты бөлініп шықты. Осы заманғы талаптарға жауап беретін кітапхана жасау мүмкіндігі туындай бастады. 2004 жылы университет басшылығы университеттің бір ғимаратына реконструкция жасап кітапханаға айналдыру жұмысын қолға алды.2006 жылдың қыркүйек айында кітапхана ұжымы оқырмандарды жаңа орында қабылдады.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құқығының лицензиясы негізінде екі деңгейлік жүйесі бойынша мамандарды дайындайды.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық оқытуды (жалпы білім беру пәндер циклін, базалық пәндер циклін, профильдік пәндер циклін оқыту), кәсіптік тәжірибелерді өтуді, ал жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауын қарастырады. Әрбір пән циклі міндетті компонент және таңдау компонентті пәндерден тұрады. Таңдау компонентті пәндер таңдалған мамандықтар аясында адамның кәсіптік қызметінің нақты ортасы үшін мамандарды дайындауға бағытталған білім беру бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді.
Таңдау компонентінің барлық пәндері 2 топқа бөлінеді: білім беру бағдарламаларын құрайтын пәндер және жалпы элективті пәндер деп аталатын студенттердің еркін таңдау пәндері. Білім беру бағдарламасының пәндері барлық оқудың барлық кезеңіне құрылып, таңдау компонентінің жалпы кредит санының 70-80 % құрайды. Жалпы элективті пәндер өзгеруі мүмкін, немесе олардың тізіміне жаңа пәндер қосылуы мүмкін. Олар тар бағытталған маман қалыптастыруды болдырмау үшін қажет.
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында 2000 жылы құрылған оқу-телевизиялық студия, соңғы 2 жылда студенттердің сандық технологияны игеру мақсатында заманауи техникамен жабдықталды. Телестудия бейнекамералар мен сандық монтажға арналған компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етілді. ТВ-студияның негізгі функционалдық мақсаты - студенттердің, болашақ тележурналистердің, бейнебаян түсіру, дыбыстық және бейнелік монтаж жасауға машықтану, телережиссураның негізі: микшерлік және режиссерлік пульттің мүмкіндіктерін меңгеру. Оқу бағдарламаларына орай құрастырылған Телевизиялық журналистика , Телебағдарлама дайындаудың технологиясы , Деректі фильм дайындау спецификасы , Телерадиохабарларын жасау технологиясы пәндерінің негізінде студенттер оқу студияда мәтін жазуға, оны мәнерлеп оқуға, мәтінге сай бейнебаян құрастыруға, монтаждауға, нәтижесінде телепублицистикалық туынды жасап шығаруға машықтанады.
Оқыту-телестудиясының қалыптасуынан бері сан алуан бейнематериалдар әзірленді. 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дегі мамандықтар жайлы шағын фильм дайындалды. 10 минуттан тұратын бейнебаянды студенттер облыстық орта мектеп оқушыларымен кездесулерде көрсетеді.
Төртінші курс студенттері Тәуелсіздік тұғырындағы толағай табыстар, Встречая 20-летие Независимости атты фильм, ғылыми-танымдық Ғылым көкжиегі , Горизонты науки хабарларын, Star KZ авторлық бағдарламасын, Интернет және жастар , Ақ келін, История одного здания , Тәуелсіздікпен тел өстік т.б. деректі фильм дайындап эфирге шығарды.
Оқу-телевизиялық студиядағы жұмыс шығармашылық атмосфера тудыруға, оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні оқу-телевизиялық студия қызмет аясын жетілдіріп, жаңа техникалық жабдықтармен жасақталуда. Келешекте А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің барлық оқу кешендерінде тікелей эфирге шығып, студенттік телевидение құру да жоспарда бар.
Студенттердiң жұмыстары YouTube порталының telestudiakgu каналы бойынша көруге болады.
Біздің университет студенттің өз талантын ашуына барша мүмкіндік жасаған: ән салып, би билеп, домбыра тартып, тіпті актерлік шеберлігіңді шыңдап... үлкен сахнада өзіңді көрсет. Көңілің тартса - таңдау кең.
Осының бәрін іске асыруға университеттің Өнер студиясы көмектеседі. Ол вокал, хореография, домбыра кластары, ақындық өнер және көркемсөз шеберлігі сыныптары. Студияның басшысы Қазақстанның халық ақыны Әсия Әйіпқызы Беркенова.
Аспаптық ансамбль құрамында домбырамен қатар қобыз, шертер, дабыл, сылдырмақ, тас тұяқ, аккордеон т.б. аспаптар бар. Репертуарында Адай, Торжорға, Ел айрылған, Балбырауын, Алтынай, Көрғұлы, Әлқисса, Мұрагер, Қөңіл ашар, Арман, Арынғазы т.б. шығармалар бар ансамбль университеттің мереке кештеріне көрік беріп, студенттерді ұлттық музыка өнерін сүюге тәрбиелейді.
Аса шебер студенттер тек ансабль құрамында ғана емес, жеке орындау шеберлігін де жетілдіреді.
ҚМУ Медиа-орталығының құрамында Білім жарысы газеті мен Жас өркен-Қостанай журналы, оқу орнының баспасөз қызметі бар.
Білім жарысы газетінің көпжылдық тәжірибесі бар және студенттер арасында танымал. Газеттің Білім жарысы деп аталуының өзі Ахмет Байтұрсыновтың мақаласымен аттас және А.Байтұрсынов Қазақ газетінің алғашқы редакторы болғандықтан студенттер газеті де А.Байтұрсынов дәстүрлерін берік ұстап, қазақ және орыс тілдерінде материалдар жариялап, білім және тәрбие беру функцияларын қатар атқарып келед.
2013 жылы өзінің 15 жылдығын атап өтетін Білім жарысы газетінің университет өміріндегі маңызы зор. Газеттің алғашқы саны 1998 жылы 22 наурызда жарық көрді. Алғаш жарық көрген күнінен бастап онда журналистика мамандығында оқитын студенттер материалдары жарияланды. Газет студенттердің тәжірибе мектебіне айналды. Газет жарыққа шыққалы талай жұмыс тәсілдерін пайдаланды, дербес газетесебінде де шықты, Костанайские новости газетінің қосымшасы есебінде басылды, 2006-2009 жылдар аралығында республикалық Қазақ апталығының қосымшасы есебінде 5000 дана таралыммен тарады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, біздің университетіміз Ахмет Байтұрсынов атында.
Қазіргі уақытта газет А-3 форматында 1500 таралыммен айына бір рет жарық көреді. Газет редакторы журналистика кафедрасының оқытушысы А.Өстемірова. Ондағы материалдар әралуан: студенттер проблемалары, оқиғалар, шәкірттер мен ұстаздар жетістігі, студенттік өмірге байланысты барлық мәселелер. Кафедралар апталығы, факультеттер жаңалықтары - осылардың барлығы газет бетінде көрініс табады, газет бетінде мақала жазуға оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы да белсене қатысады. Газет журналистика мамандығында оқитын студентер күшімен шығып келеді.
Газет университет қабырғасында өтіп жатқан барлық шаралардың айнасы. Білім жарысы өткізген Біз Күн баласымыз акциясына университеттің барлық студенттері қатысты. Журналистер Таза су және Қазақстан жастар Альянсы есірткіге қарсы акцияларына да белсене қатысты.
Жас өркен-Қостанай журналы екі айда бір рет шығып тұрады. Оның таралымы бір мың данаға жетті. Журналды ҚР басқа облыстарында да жаздыртып алады. Журналда ұлттық идея, кәсіптік бағдар, Ахметтану, жастар шығармашылығын қолдау, университет түлектерін оқырманға таныстыру бағытында көп жұмыс жүргізілді. Журналдың шығарушы редакторы белгілі журналист Нәзира Жәрімбетова.
Жас өркен-Қостанай журналы ғылыми-танымдық, публицистикалық сипатта. Журналдың көркемделуі және безендірілуі өзге басылымдардан кем емес, жылтыр қағазда, түрлі түсті бояумен басылады. Журналда мәдени-ағарту, тарихи тақырыптармен қатар жастар саясатына арналған материалдар жиі жарық көреді. Журнал тек қана қазақ тілінде шығады. Бұл Қазақстанның солтүстік өңірінде ЖОО-да қазақ тілінде жарық көріп отырған жалғыз журнал. Ол жастармен қатар ересектер аудиториясына да арналған. Журнал Қостанай облысымен қатар республиканың басқа аймақтарына да тарайды, мерзімді басылымдардың республикалық каталогына енгізілген. Журнал авторлары тек студенттер ғана емес, сонымен бірге біздің облыстың белгілі көсемсөзшілері мен журналистері.
Баспасөз орталығы облыстың барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста. Жергілікті басылымдар тілшілері біздің университетте жиі болады, университетінің Пиар-компаниясы ұдайы назарда. Жарнамалық роликтер шығарылады, бейне және аудиотаспалар, жарнамалық мәтіндер даярланады, баяндамалар әзірленеді. Теледидар журналистері оқу орнынан тұрақты хабарлар беріп тұрады. ҚМУ-да өткен шаралар туралы материалдар сайтта орналастырылады. Білім жарысы газетінің және Жас өркен-Қостанай журналының редакциялық кеңесі және редакция алқасы құрылған.
Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ Медиа-орталығы тіл саясатын жүргізуде белсенділік танытып отыр.Басылымдар беттерінде оқытушылар мен студенттердің ана тілін дамыту туралы өзекті ойлары жарық көреді.Медиа-орталық пен ҚМУ журналистика және менеджмент кафедрасы бірлесіп өткізген түрлі кездесулерде ана тілі проблемалары тілге тиек болды.Медиа-орталық облыстың барлық БАҚ-мен байланыс орнатты. Жарнамалық роликтер, бейне және аудиотаспалар дайындалды. ҚМУ-де болып өткен барлық жаңалықтар турады хабарлар ҚМУ сайтында орналастырылады. Білім жарысы газеті мен Жас өркен-Қостанай журналының редакциялық кеңесі және алқасы құрылған.
Медиа-орталық қызметкерлері мәдени-бұқаралық шараларға да белсене ат салысады.
Сөз арасында айта кетейік, бұған дейін материалдардың авторлары негізінен студеннтер болса, бүгінде профессор оқутышылар құрамы белсенді қызмет етеді. Кафедра апталығы, факултеттегі оқиғалар, жарнама, т.б. Университет газетінің бетінен табуға болады.
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында 2000 жылы құрылған оқу-телевизиялық студия. 2010 жылы студенттердің сандық технологияны игеру мақсатында заманауи техникамен жабдықталды. Телестудия бейнекамералар мен сандық монтажға арналған компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етілді.
В-студияның негізгі функционалдық мақсаты - студенттердің, болашақ тележурналистердің, бейнебаян түсіру, дыбыстық және бейнелік монтаж жасауға машықтану, телережиссураның негізі: микшерлік және режиссерлік пульттің мүмкіндіктерін меңгеру.
Студенттер оқу студияда мәтін жазуға, оны мәнерлеп оқуға, мәтінге сай бейнебаян құрастыруға, монтаждауға, нәтижесінде телепублицистикалық туынды жасап шығаруға машықтанады.
Оқыту-телестудиясының қалыптасуынан бері сан алуан бейнематериалдар әзірленді. 1-ші курста студенттер Менің досым тақырыбына суреттеме, 2-ші, 3-ші курста жаңалықтарға сюжет әзірлейді, авторлық бағдарламалар мен деректі фильм дайындап эфирге шығарды.
Үшінші курс студенттері Телерадиобағдарламасын жасау технологиясы пәні бойынша Ток-шоу ұйымдастырса, Star.kqu бағдарламасы студенттер журналист, оператор, режиссердің міндеттерін орындаған ұжымдық жұмыстың нәтижесі.
1-ші, 2-ші курс студенттерінің белсенді қатысуымен ақпараттық бағдарламалары айына 2 рет кабельдік арнадан университеттің барлық оқу ғимараттарында Жастар-ТВ эфирге шығып оқытушылар мен студенттердің көзайымына айналды.
Ал,бітіретін жылы төртінші курс студенттері Мысалы, Ақ келін, Профессия в театре, Интернет және жастар, Тәуелсіздікпен тел өстік т.б. шағын деректі фильм дайындады. Төртінші курс студенті Байбосынова Диана Шәкіртінің жұлдызын жаға білген ұстаз атты портреттік очерк жанрында өзін сынап көрді.
2 Нормативтік - құқықтық құжаттамаларына шолу
1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Банктер және банк қызметіЗаңы туралы(06.05.2017ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).
Қазақстан Республикасының әр банкінің құқықтық қызметі Банктер және банк қызметіЗаңына негізделеді.
Осы заң 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады, әр қайсысы Қазақстан Республикасының құқықтары мен міндеттерін ашады.
Бірінші тарауда негізінен банк, оның мәртебесі және тұрған жері; банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салнған немесе шектелген қызмет; уәкілеттік берілмеген қызметке тыйым салу қаралады.
Екінші тараудың құрамында банк құру және банк қызметін жүзеге асыру, оның құрылтай құжаттары; субординарлық борышы; банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері талқыланады.
Үшінші тарау банкті лицензиядан айырудың салдары; банк ашуға берілген рұқсатты қайтарып алудың негіздері мен тәртібі, олардың құпиясы; банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметін тексеру; барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшін негіздер көрсетілген.
Төртінші тарау Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері деп аталады. Онда ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар, қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі; Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар; банктің депозиттері, бағалы қағаздарды шығару ерекшеліктері жайында айтылған.
Бесінші тарау Бухгалтерлік есеп және есептілік туралы айтылса, алтыншы тарауда құжаттамалардың сақталуы мен қолданылуы қаралған.
Жетінші тарау банктерді және банк холдингтерін еркіті түрде қайта құруы туралы айтылған. Онда банктерді ерікті түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz