«Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Саран қалалық басқармасы»


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕСТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КӘСІБИ (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТӘЖІРИБИЕНІ ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

«Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Саран қалалық басқармасы»

Сыртқы бөлімнің 3 курс білімгері,

мамандығы 5В050900 - «Қаржы»

АЭСА - жетекші

Қазақстан Республикасының қаржы

министрлігінің Қазынашылық комитетінің

Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық

Департаментінің Саран қалалық басқармасынан

тәжірибе жетекшісі Мухамедкаримов Д. Б.

Алматы, 2015

Кіріспе 2

  1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мінездемесі,

міндеттері және оның қызметінің негізгі бағыттары.

  1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы бюджеттің атқарылуы және оған қассалық басқару қызметін көрсету тәртібіне талдау жасау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына талдау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу.
  2. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының даму бағыттары мен қызметін жетілдіру.
  3. Іс тәжірибеде жүргізілген жұмыстардың қысқаша мазмұны

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибені өтудің салыстырмалы жоспар - графигі

Рет №: Рет №
Жұмыс орнының аталуы: Жұмыс орнының аталуы
Күндер саны (күнтізбелік): Күндер саны (күнтізбелік)
Рет №: 1
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мінездемесі, міндеттері және оның қызметінің негізгі бағыттары.
Күндер саны (күнтізбелік):
Рет №: 1. 1
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мінездемесі
Күндер саны (күнтізбелік): 12. 01. 2015
Рет №: 1. 2
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының міндеттері
Күндер саны (күнтізбелік): 14. 01. 2015
Рет №: 1. 3
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының атқарылатын жұмыстары
Күндер саны (күнтізбелік): 15. 01. 2015
Рет №: 1. 4
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының қызметтерінің негізгі бағыттары
Күндер саны (күнтізбелік): 16. 01. 2015
Рет №: 2
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасы бюджеттің атқарылуы және оған қассалық басқару қызметін көрсету тәртібіне талдау жасау
Күндер саны (күнтізбелік):
Рет №: 2. 1
Жұмыс орнының аталуы: Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі
Күндер саны (күнтізбелік): 19. 01. 2015
Рет №: 2. 2
Жұмыс орнының аталуы: Қаржыландыру жоспарларының түрлері
Күндер саны (күнтізбелік): 21. 01. 2015
Рет №: 2. 3
Жұмыс орнының аталуы: Бюджеттің атқарылуы
Күндер саны (күнтізбелік): 22. 01. 2015
Рет №: 2. 4
Жұмыс орнының аталуы: Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
Күндер саны (күнтізбелік): 26. 01. 2015
Рет №: 2. 5.
Жұмыс орнының аталуы: Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарна шоттар ашуы
Күндер саны (күнтізбелік): 27. 01. 2015
Рет №: 2. 6.
Жұмыс орнының аталуы: Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
Күндер саны (күнтізбелік): 28. 01. 2015
Рет №: 2. 7.
Жұмыс орнының аталуы:

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін

қабылдау

Күндер саны (күнтізбелік): 30. 01. 2015
Рет №: 2. 8.
Жұмыс орнының аталуы: Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін қабылдауға қойылатын талаптар
Күндер саны (күнтізбелік): 02. 02. 2015
Рет №: 2. 9.
Жұмыс орнының аталуы: Мемлекеттік мекемелердің шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінімдерді тексеру
Күндер саны (күнтізбелік): 03. 02. 2015
Рет №: 2. 10.
Жұмыс орнының аталуы: Шартты тіркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
Күндер саны (күнтізбелік): 04. 02. 2015
Рет №: 2. 11.
Жұмыс орнының аталуы: Төлеуге берілетін шотты ресімдеу
Күндер саны (күнтізбелік): 05. 02. 2015
Рет №: 2. 12.
Жұмыс орнының аталуы: Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізу
Күндер саны (күнтізбелік): 09. 02. 2015
Рет №: 2. 13.
Жұмыс орнының аталуы: Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсынудың және орындаудың тәртібі
Күндер саны (күнтізбелік): 10. 02. 2015
Рет №: 2. 14.
Жұмыс орнының аталуы: Шарт жасамай-ақ төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі
Күндер саны (күнтізбелік): 11. 02. 2015
Рет №: 2. 15.
Жұмыс орнының аталуы: Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер сомасын және ақша аударымдарын қайтару
Күндер саны (күнтізбелік): 12. 02. 2015
Рет №: 3
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының даму бағыттары мен қызметін жетілдіру.
Күндер саны (күнтізбелік):
Рет №: 3. 1.
Жұмыс орнының аталуы: Саран қалалық Қазынашылық басқармасының даму бағыттары мен қызметін жетілдіру
Күндер саны (күнтізбелік): 13. 02. 2015
Рет №:
Жұмыс орнының аталуы: Барлығы
Күндер саны (күнтізбелік): 25

Бекітемін:

Тәжірибе жетекшісі Мухамедкаримов Д. Б.

« ___» 2015ж

  1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мінездемесі, міндеттері және оның қызметінің негізгі бағыттары. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мінездемесі

1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы (бұдан әрі « Басқарма » ) Қарағанды облысының Қазынашылық департаментінің (бұдан әрі « Департамент » ) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

2. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдарына, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, Департамент нұсқауларына, өзге нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес атқарады.

3. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы заңды тұлға болып табылмайды.

4. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген бланкісі, сондай - ақ мемлекеттік тілде атауы көрсетілген мөрі бар.

5. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түсе алмайды.

6. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуына құқығы жоқ.

7. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы туралы ереже, оның құрылымы мен жалпы штаттық санын департамент бастығы анықтайды және бекітеді.

8. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының мекенжайы: Саран қаласы, Жамбыл көшесі 71 «А»

9. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының толық атауы: «Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Саран қалалық басқармасы»

Саран қаласының статистика басқармасының қызметі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

10. Саран қалалық Қазынашылық басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциясы болып табылатын, міндеттерді орындауға шарт жасасуға тыйым салынады.

1. 2. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының міндеттері Басқарманың негізгі міндеттері:

1. Республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету;

2. Мемлекеттік бюджетке есеп айырысу кассалық, оның ішінде ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік ұйымдар алатын қаражаттар бойынша ағымды шоттарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

3. Республикалық және өз құзіреті шегінде жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы мәселелерінде алдын-ала және ағымды бақылауды қамтамасыз ету;

4. Республикалық бюджет, жергілікті бюджет бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүзеге асыру;

5. Төлемдерді тексеріп, шоттарға өткізеді;

6. Шарттарды қазынашылыққа кіргізеді, дұрыстығын тексеріп, төлем оөкізуге жібереді;

7. Қарағанды облысы Қазынашылық Департаментіне жұмыскерлерінің мәліметтер беріп отырады (жалақы туралы, шығыстарды жасау құжаттарын, кірістер туралы құжаттарды, негізгі ғимарат заттары туралы т. б. )

  1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының атқарылатын жұмыстары

1. Республикалық бюджеттің атқарылуына кассалық және жергілікті бюджеттерге есеп айырысу - кассалық қызметтерді көрсетеді;

2. Есеп айырысу - кассалық қызметтерді көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік мекемелерді бюджеттік ақша лимиттерінің және кассалық шығыстарының есебімен, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек т­рінде мемлекет және мемлекеттік ұйымдар алатын қаражаттар бойынша ағымды шоттарға қызмет көрсету;

3. Мемлекеттік мекемелерді ЕДБ арқылы қолма - қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4. Бюджеттік бағдарламалардың мекеме - әкімшілеріне бюджеттік сыныптама аясында бөлінген лимиттер және жасалған кассалық шығыстар туралы ай сайынғы ақпараттарды ұсынады;

5. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары шоттарының жағдайы туралы күн сайынғы ақпаратты жасайды;

6. Жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы оперативті, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық ақпаратты жергілікті атқару органдарына және қазынашылықтың жоғары тұрған органдарына ұсынады;

7. Бюджеттік ақша есебінен мемлекеттік мекемелерден жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілерлерді тіркеуді жүзеге асырады;

8. Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілерлерді тіркеуді жүзеге асырады;

9. Кіріс және шығыстардың белгіленген жылдық бөлінуі негізінде жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

10. Бөлімнің субкорреспонденттік шоты арқылы төлемдердің уақтылы өтуіне бақылауды жүзеге асырады;

11. Қазынашылық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

1. 4. Саран қалалық Қазынашылық басқармасының қызметтерінің негізгі бағыттары

1. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету;

2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау;

3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау;

4. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жұмыс жүргізу;

5. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;

6. Бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат беру;

7. Төлемдерді Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке алу;

  1. Саран қалалық Қазынашылық басқармасы бюджеттің атқарылуы және оған қассалық басқару қызметін көрсету тәртібіне талдау жасау.

2. 1. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі.

Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша жасалатын түсімдердің жиынтық жоспарынан және бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының функционалдық топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімдігі жергілікті бюджет туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін 8 жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға бекітеді, оларды әзірлеуге жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және олардың мөрімен куәландырылады. Жергілікті бюджеттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға бекітеді, оларды әзірлеуге жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және олардың мөрімен куәландырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлға және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы болмаған жағдайда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын тиісті бұйрықпен олардың міндеттерін атқару жүктелген тұлғалар бекітеді.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженiң 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда бередi. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде - осы Ереженің 15, 17, 19 -қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен 23-қосымшасына сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ереженің 3, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркеліп беріледі.

2. 2. Қаржыландыру жоспарларының түрлері.

Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар) ;

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары) ;

бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады. Бюджеттің атқарылу процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады ол: осы Ереженің 1-46 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.

Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.

Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін анықтайды.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:

Бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер, басқа да нормативтік құқықтық актілер;

Міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;

Өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.

Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу операциялық жоспарда көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.

  1. Бюджеттің атқарылуы.

Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық және уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрі - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.

Түсiмдер мен шығыстар бойынша есептердi беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.

Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Қазынашылық-клиент» АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.

  1. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру.

Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші 3 белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.

74 Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Ереженің 98-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Ереженің
4-тармағының 5-параграфында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік - және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.

Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары
Мемлекеттік бюджет туралы мәлімет
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Есеп берудің құрылмы
Жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылау
Қазақстан Республикасының Министрлері
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz