Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер



1. Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой.пікірлер.
2. Ежелгі Индиядағы саяси ой.пікірлер.
3. Ежелгі Қытайдың саяси ой.пікірлері.
4. Ежелгі Грекияның саяси ой.пікірлері.
5. Ежелгі Римнің саяси ой.пікірлері.
Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.
Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.
Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:
- Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар
мен елдердіңі саяси тәжірибесін көрсетеді.
- Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси
білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді.
- Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті,
саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды
1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.
2. История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.
3. История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.
4. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.
5. История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.
6. Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный мир и Восточные цивилизации.
7. История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).
8. Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер.
Ежелгі Индиядағы саяси ой-пікірлер.
Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері.
Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері.
Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері.

Кіріспе.
Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.
Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.
Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:
- Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар
мен елдердіңі саяси тәжірибесін көрсетеді.
- Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси
білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді.
- Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті,
саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер.
Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел-дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 ж. ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. VIII ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады.
Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілері болып келеді.
Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құдай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-мыс. Бұл түсінік басқа елдерге де тән. Осы аталған идеялар ежелгі египеттің деректік негізі Птахотеп оқуларында (б.з.д. XXVIII ғасыр), Өлілер кітабында (б.з.д. ХХV-ХХIV ғғ.) бар. Аталған оқуларда басқарушы адамдар кейпінде суреттеледі. Билеушілерді қастерлеу идеясы басым жатады. Дегенмен қара халықтың бас көтерулері болып тұрған. Мысалы, Ипусердің сөзінде (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның төменгі топтары мен құлдардың қозғалысы айты-лады.
Шумер, вавилон билеушілерінің өз жағдайларын құдіретті етіп көрсетуі байқалады. Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи заңдары (б.з.д. ХVII ғ.) қоғамның әлеуметтік теңсіздігін көрсе-теді.
Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көз-қарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. VII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратуштра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратуштра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған.

Ежелгі Индиядағы саяси ой-пікірлер.
Ежелгі Индияда саяси ой-пікірлер алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар - брахмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2-мыңыншы жылдар-дың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды Веды деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген (оларды құдай жасаған):
- брахмандар;
- кшатрий-жауынгерлер;
- вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер);
- құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.
Брахманизм идеологиясы көптеген заң жинақтары: дхар-масутр мен дхармашастарлардан тұрады. Мысалы, б.з.д. II ға-сырда Ману заңдары жазылған. Онда варнаның талаптары тұ-жырымдалған. Варнаның бастапқы екеуі билеуші болады. Ману заңы бойынша патша брахмандарды мойындауы керек. Ману заңында жазалауға ерекше мән берілген. Таяқтауға дейін жаза қолдану бар.
Брахманизм идеологиясын сынаушы буддының негізін қалаушы Сиддхартха болды. (б.з.д. VI ғ.). Ол құдай - барлық билікті жүргізуші, заң шығарушы деген ұғымды теріске шығарады. Будда теңдікті жақтады. Буддизм идеологиясы гуманизмге, адамгершілікке, өзге адамды сыйлауға, зұлымдыққа зұлым-дықпен жауап бермеуге уағыздайды. Буддизмде жазалаудың ролі мен көлеміне шек қою, азайту көзделген. Заңдылықты бағалау көзделген. Буддизмнің кемшілігі - жоғарғы дәрежеге жетуді - жеке адамдардың алдында тұрған міндет деп қоюында (нирвана). Нақты саяси-құқықтық құбылыстарға жеткілікті мән бермеуінде жатыр. Соған қарамастан, буддизм - актуальды ағым. Ашоканың билік құрған кезінен бастап (б.з.д. 268-232 жж.) Индия бірікті де буддизм мемлекеттік дінге айналды. Буддизм Оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдеріне тарады.
Брахманизм идеологиясынан ауытқу Артхашастра (б.з.д. IV-III ғғ.) трактатында байқалады. Артхашастрада саяси-құқықтық және әкімшілік-билік нұсқауларға көбірек назар аударылып, оның пайдалы жақтары көрсетіледі.

Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері.
Конфуций (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-479 жж.) - Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
Конфуцианшылдық доктринасы - бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті - қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс. Заманында идеологиялық және моральдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшыл-дықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес.

Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері.
Грекияда мемлекет (полистер) - жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1 мыңыншы жыл-дары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-VI ғғ.) - бұл Гомердің, Гесиод-тың және атақты 7 данышпанның шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифагор мен пифагор-лықтар, Гераклит енеді; 2-дәуір б.з.д. V-IV ғасырдың бірінші жартысы - Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы; 3-дәуір IV ғасырдың екінші жартысы - II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.
Бірінші дәуір мифтердің идеяларына сәйкес құдайлардың билік үшін таласы болып, олимпиялық Зевстің билігінің орнығуымен суреттеледі. Гомердің Илиада мен Одиссея поэмаларында Зевс жалпыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Билер институты
XX-шы ғасырдың басындағы Қазақ зиялылары
Алаш партиясы программасының жобасы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Қазақ әдет құқығындағы хан институты
Пәндер