Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары



Тақырып 1. Кіріспе
Тақырып 2. Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Тақырып 3. Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері
Тақырып 4. «Қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы шиеленістерді шешу
Тақырып 5. Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация
Бөлім 2. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары
Тақырып 6. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары
Тақырып7: Аудандық шеленістерді реттеуде Халықаралық ұйымдардың қызметі
Тақырып 8. Келіссөздер шиеленістерді реттеу құралы ретінде
Тақырып 9. Таяу шығыс шиеленісі:шығу және шешу жолдары
Тақырып 10. Абхазия және Грузияға шиеленістаердің шығуы және реттеу жолдары
Тақырып 11. Посткеңестік кеңістіктегі шиеленістер
Тақырып 12. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістердің алғышарттары.
Тақырып 13. Орталық Азиядағы қарулы шиеленістер оларды реттеу жолдары
Тақырып 14. Аудандардағы шиеленіс туғызуы мүмкін ошақтардың шығуы.
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші. Қақтығыс, келіспеушілік, қайшылық, шиеленіс туындағаннан бастап, оның әрі қарай дамуына жол берілмеу, бейбіт жолмен шешу, қақтығыстардың алдын алу арқылы шешіледі.
Қақтығысты тереңірек зерттеген сайын, ол адамға басын иіп, бағынады деген сөз емес, ол адамның қулығының көрсеткіші.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Бөлім 1. Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Глоссарий (сөздік, анықтама):
Қырғи қабақ соғыс - бұл жаһандық геосаяси, экономикалық, және
идеологиялық тұрғыдағы АҚШ пен Кеңес Одағының қарама-қайшылықтары. Ол 1940
жылдардың ортасынан 1990 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.

Тақырып 1. Кіріспе
Дәріс мақсаты: Халықаралық және аймақтық шиеленістердің
класификациясы сипаттама беру болып табылады.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Халықаралық және аймақтық шиеленістердің класификациясы.
2 Курс мақсат, міндеті
3 Тарихнамасы мен түпдеректерін сипаттама
4 Негізгі ұғымдарына сипаттама
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен,
қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына
қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға
және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте
әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық
шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған
конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары
бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді,
бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес,
тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші. Қақтығыс,
келіспеушілік, қайшылық, шиеленіс туындағаннан бастап, оның әрі қарай
дамуына жол берілмеу, бейбіт жолмен шешу, қақтығыстардың алдын алу арқылы
шешіледі.
Қақтығысты тереңірек зерттеген сайын, ол адамға басын иіп, бағынады
деген сөз емес, ол адамның қулығының көрсеткіші.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1 Халықаралық және аймақтық шиеленістердің класификациясы.
2 Курс мақсат, міндеті
3 Тарихнамасы мен түпдеректерін сипаттама
4 Негізгі ұғымдарына сипаттама
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.

Тақырып 2. Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Дәріс мақсаты: Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесімен
таныстыра отырып жаөандастыру процесінің тиімді және тиімсіз
жақтарын анықтап баға беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Соңғы жылдары қақтығыстардың түрлерін – халықаралық, этнос аралық,
діни және еңбек қақтығыстарын зерттеуге аса назар аударылып жатыр. Ғылыми
көз-қарас бойынша, қақтығыстар шешілу жолын оңайлықпен таба алмаудың бір
себебі – қақтығыс проблематикасының нашар дамығандығы және қақтығысты
қадағалап, ол үшін жауап берушілердің нашар дайындығы. Қақтығысты өз қол
астына алып үйренген елдер мен қауымдастықтар тәжірибесі бойынша, олар
қоғамдық өмірді бұзып, қатерлі нәтижелер туралы эскалация тудырмайды, бұл
проблематиканы шешуге арналған жеке ғылыми ұйым болады. Олардың міндеті
қабылданған қадамдардың нәтижесін сұрыптау, қоғамдық және мемлекеттік
туындап келе жатқан қайшылықтарды табатын механизмдер құру, олардың
эскалациясының алдын алып, шешу жолдарын ұсыну.
Қақтығыс табиғаты бойынша, қай жерде туындаса да, кімдерді қатысушы
ретінде итермелесе де, ол аса жауапкершілік пен салмақтылықты талап етеді,
және де сенімсіз жеңіс үшін қаруын шығарып, кімді болсын құртып жіберуге
дайын болу бұл жерде артық. Жеңіс болып мұндай жағдайда тек жақтардың
қызығушылықтары мен мүдделерін есепке ала отырып қабылданған шешім және
тіптен керек емес зардабы мен зияны көп конфронтацияны жою саналады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1 Халықаралық шиеленістерді шешудің тарихи мәселесі
Әдебиеттер: 1,2, 4, 6, 12,20,22,23.

Тақырып 3. Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері
Дәріс мақсаты: Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Шиеленісті реттеу жолдары мен әдістері
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып
немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға,
нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот,
арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол
көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады.
Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық
келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ
жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал
көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси
қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады.
Делдал жақтардың келісімімен ешнәрсеге мүдделі емес, барлық жақтарға
да бірдей көз-қарасты болуы керек. Ол қандай да мемлекет, ұйым немесе тұлға
болуы мүмкін. Мәнісінде делдал шешім қабылдау барысында жақтардың
қызығушылықтары мен мүдделерін есепке алуы керек, өйткені бұл келісім
қақтығысушы жақтардың “саудасы”, және ол барлық жақтарға тиімді келісім
болуы керек. Келісімге қақтығысушы жақтар қол қоя салысымен қақтығыс
сөнеді.
Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне
қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер
Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге
асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай
отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды
жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық
ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы
бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл
әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.
Қақтығыс қатысушылары. Әрине, қатысушыларсыз қақтығыстар болмайды.
Құрамындағы қатысушылар бойынша қарапайым халықаралық қақтығыс – мемлекет
құрылымының, яғни дипломатия, әскери күш, саяси партиялар, парламент толық
қатысуымен екі мемлекет арасындағы болған қақтығыс. Құрамындағы қатысушылар
бойынша күрделі қақтығыс болып құрамы, біріншіден, мемлекеттер топтарынан,
олардың коалициялары немесе ресми емес құрылымдардан; екіншіден,
халықаралық ұйымдар мен блоктардан; үшіншіден, қақтығыс жақтары ретінде тек
ресми құрылымдардан ғана емес, сонымен қатар, ресми емес құрылымдардан –
құпия ұйымдардан, қылмыстық ұйымдардан тұратын қақтығыс түрі. Қазіргі
заманда қақтығыс қатысушылары біркелкі емес, бірақ ең қиыны олардың артында
келесі жақ тұр ма, жоқ па, генезисі бойынша жеке мекен, әлде қандай да аса
державаның мақсатын орындап отыр мекен деген сұрақтарға жауап беру керек.
Сонымен қатар, қатысушылар қаншалықты заңды анықталғаны, олармен құқық
базасы негізінде жұмыс істеуге бола ма екенін анықтау да маңызды. Келісім
кезінде олардың мүдделерін, келісімге отыруға қаншалықты даярлығын білу
қажет.
Қақтығыс құрылымы. Бұл мәселеде маңызды сұрақтар:
• Қақтығыс себебі, оның бастапқы нүктесі, масштабы, сипаты. Бастапқы
себебіне байланысты бұл: шекара, этнос, діни, идеологиялық және
сауда қақтығысы болуы мүмкін. Ал масштабына байланысты бұл:
локалды, аймақтық, халықаралық және ішкі қақтығыс болуы мүмкін.
• Қақтығыста қолданған құралдары мен жүргізу жолына байланысты
зорлықты қолданған қақтығыс болуы мүмкін.
• Мемлекеттер позицияларын бөліп қарастыру, мүдделері және қайшылық
ащылығы.
Қақтығыс құрылымының келесі түрі:
• Қақтығыстың антогонистік дәрежесі, яғни жақтар қарулы немесе
бейбіт күреске қаншалықты, біржақты жеңіс немесе мүдделерін есепке
ала отырып шешім қабылдауға қаншалықты дайын екендері;
• Жақтар қалайша өздерінің бөлінбес бөлігі деп санаған нәрселерін
қалай қорғады, және қандай мәселе бойынша қақтығыс туындады:
территориялық, этностық, экономикалық, саяси;
• Тыс мемлекеттердің қатысу дәрежесі қандай, әсері қаншалықты;
Қақтығыс даму үрдісі. Ол:
• Қақтығыс туындау кезеңі;
• Даму кезеңі;
• Өршу кезеңі;
• Шегіне әкелу кезеңі:
1. шешім қабылдау стадиясына дейін әкелу;
2. созылу стадиясына дейін әкелу;
Бұл жерде екі тарау ерекше мағынаға ие болады: біріншіден, өршу кезеңі
және асып өршу кезеңі, яғни төңкеріс, екіншіден, қақтығысушы жақтардың
сырттан біреумен бірлесе отырып, немесе онсыз жасаған шешім қабылдау
кезеңі. Қақтығыстың асып өршу кезеңі, ең алдымен, өзінің күрделігі үшін
және шешу барысында халықаралық аренада әртүрлі ұлыдержавалар мен ұйымдарды
өзіне қарата бастағандықтан ерекше қызықты кезең болып табылады.
Келесі жақ, ол қақтығыс үрдісінің дамуы қоршаған дүние үшін қарқынды
дипломатия саласын көздеді. Өйткені, қақтығыс тудыра алатын қандай-да
мәселе, әлеуметтік немесе этникалық топтар мүдделеріне нұқсан келтіру
жылдар бойы өмір сүріп, дамып, өрши алды.
Қатысушы жақтар стратегиясы. Қақтығыстың ең қызық материалы. Өйткені,
осы бір стратегия ішінде: мақсаттары, мүдделері, ойлау типі, мақсаттарына
жету жолдары, саяси үрдіс ұйымдасуы, күш қолдануға жүгінуі, келіссөздерге
қатынастары және басқа да аспектілер көрініс табады. Бірақ кейбір
жағдайларда бұл стратегия түбінде, тіптен, үшінші мемлекеттер тұрып,
өздеріне тиімді жақпен мәселені шешіп алады. Қандай-да стратегия
қабылдағанда, ең маңыздысы, қарсыласушы жақтың жауапты стратегиясы, оған
басқа үшінші жақ мемлекеттерінің көз-қарасы мен жауапты реакциялары.
Нәтижесі. Ерекше анализді талап етеді. Қақтығыс нәтижесі тек, әскери
күш арақатынасымен, экономикалық потенциалмен, әскери күшті қолдануға
даярлығымен, басшылардың саяси еркімен ғана анықталмайды. Мемлекеттің
әскери күші қанша мықты болғанымен немесе неше есе қарсы жақтан әскер күші
көп болғанымен, ол осы қақтығысты жеңеді деп нақты айта алмаймыз.Сондықтан
күшке де сене беруге болмайды. Өйткені ертең қай мемлекет саясаты үшін
қарсыласыңа көмек көрсететіні белгісіз. Болжап қана қоймай, барлық жоғарыда
айтылған мәселелерге назер аударып, жүйелестіру керек.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Әдебиеттер: 1,2,7,8,10, 12,20,22,23.

Тақырып 4. Қырғи қабақ соғыс жылдарындағы шиеленістерді шешу
Дәріс мақсаты: Қырғи қабақ соғыс жылдарындағы шиеленістерді шешу туралы
түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Қырғи қабақ соғыс жылдарындағы шиеленістерді шешу
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қырғи қабақ соғыс - бұл жаһандық геосаяси, экономикалық, және
идеологиялық тұрғыдағы АҚШ пен Кеңес Одағының қарама-қайшылықтары. Ол 1940
жылдардың ортасынан 1990 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.
АҚШ пен КСРО еш уақытта бетпе-бет күреске шықпағанымен, олардың
арасындағы бәсекелестік салдарынан дүниежүзінде көптеген қарулы қақтығыс
ошақтары пайда болды. АҚШ пен Кеңес Одағы өздерінің ықпал ету аймақтарын
құрып, оларды әскери-саяси блоктармен бекітті. Олар АҚШ қарамағындағы НАТО
мен КСРО қарамағындағы Варшава шарты ұйымы.
Қарапайым қарудан бастап үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудыруы
мүмкін ядролық қаруларының көлемін ұлғайту жарысы – салқын соғысқа тән
үрдістің негізгісі болып табылады. Аса танымал оқиғалардың бірі ретінде
1962 жылғы Кариб дағдарысын атауға болады. Бұл шиеленіс кезіндегі жаппай
қарулану жарысы екі державаны экономикалық опатқа әкеле жаздаған. Соның
салдарынан екі мемлекет 1970 жылдары халықаралық жағдайды реттеу мен
қарулануды шектеу бойынша жұмыстар атқаруға көшті.
80-ші жылдардың соңына қарай КСРО-да аса ауыр экономикалық және
әлеуметтік дағдарыстарға әкелген радикалды саяси реформалар басталып,
осыған байланысты мемлекет одақтастары, кейіннен дүниежүзі бойынша өз
ықпалынан айырылды. Нәтижесі: социалистік лагерь мен Варшава келісімінің
ыдырауы, кейіннен Кеңес Одағының тіршілігін тоқтауы.
Корея соғысы. Бұл Солтүстік Корея, КСРО мен Қытайдың Оңтүстік Корея,
АҚШ және оның бірқатар американдық одақтастарымен арасындағы Корей жарты
аралында бақылау орнату мақсатымен болған соғыс. Ол 1950 жылы 25 маусымда
Солтүстік Кореяның (Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының) аяқ
астынан Оңтүстік Кореяға шабуылдауынан басталған еді. Бұл шабуыл Кеңес
Одағының келісімі мен тікелей қолдауы негізінде жүзеге асты. Солтүстік
Кореялық әскер екі мемлекетті бөліп тұрған 38-ші параллельға қарай жылдам
жылжып, үш күннен соң Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулға дейін жетті. БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянды агрессор ретінде мойындап, БҰҰ-ның барлық мүше-
мемлекеттерін Оңтүстік Кореяға көмек көрсетуге шақырды. АҚШ-тан басқа
Кореяға өз әскерлерін жіберген мемлекеттер арасында Англия, Турция,
Бельгия, Греция, Колумбия, Индия, Филиппина және Таиланд болды. Кеңестік
өкіл бұл кезеңде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қарсылық білдіріп, өзінің
вето құқығын пайдалана алмады. Солтүстіккорейліктер өз әскерін
демаркациондық сызықтан әкетуден бас тартқан соң, бірінші шілдеден бастап
Кореяға американдық дивизияларды орналастыра бастады. Олардың біреуі
талқандалып, ал әскербасы тұтқынға түскен болатын. Өзгелері болса,
оңтүстіккорейлік әскермен бірлесіп, Пусан кеметұрағында құрылған плацдармға
қарай шегінді. Шілде айының соңына қарай бұл Корей жартыаралындағы БҰҰ-ның
әскерінің арқасында сақталып тұрған жалғыз аймақ болған болатын. Олардың
Жоғарғы әскербасы ретінде Тынық мұхиттағы Жапонияға қарсы соғыс батыры
генерал Дуглас Макартур тағайындалды. Ол Инчхон кеметұрағында жүргізуге
арналған ірі десанттық операция жоспарын құрды. Пусан плацдармында тұрақтап
тұрған оңтүстіккорейлік әскер коммуникациясының табыстылығы жағдайында
жойылу қаупі туындар еді. 15 қыркүйекте американдық және оңтүстіккорейлік
теңіз әскері Инчхонда орналасты. Американдық флот теңізде билік құрса,
авиация – әуені иемденді. Сондықтан солтүстіккорейліктер десанттарға еш
кедергі көрсете алмады. 28 қыркүйекте Сеул басылып алынды. Пусанда шайқасты
жүзеге асырып отырған солтүстіккорейлік әскердің бір бөлігі тұтқындалып,
бір бөлігі таудағы партизандық соғысқа көшті. 1 қазанда БҰҰ-ның әскері 38-
ші параллельден өтіп, 19 қазанда солтүстіккорейлік астана Пхеньянды қолға
алды. 27-сі күні американдықтар корей - қытайлық шекарадағы Ялуцзян өзеніне
дейін жетті. Американдық және оңтүстіккорейлік әскер табыстары Қытайды
үрейлендірді. Қазан айы бойына майданға 180 мың қытай ұлттық еріктілері
аталған адамдар аттандырылды. Шындығында олар басшылардың бұйрығы негізінде
әрекет етуші тұрақты әскер солдаттары болған еді. Бір айдан соң олардың
саны жарты миллионға жеткен болатын. 27 қарашада қытайлық әскер
американдықтарға қатысты күрт шабуылға көшіп, олардың 38-ші параллелін
ығыстырды. Осы кезден бастап Солтүстік Корея тұсынан соғыс қытайлық әскер
басымдылығымен жүргізілді. 1951 жылдың қаңтарынан бастап қытайлық және
солтүстіккорейлік күш Сеулды қайта қолға түсірді, бірақ айдың аяғында
американдық 8-ші әскер контршабуылдауға кірісті. Наурыздың соңында қытайлық
әскер демаркациондық сызықтың арғы жағына қайта ығыстырылды. Дәл осы
уақытта американдық әскери-саяси басшылықта қарама-қайшылықтар көріне
бастаған еді. Макартур Ялуцзян өзенінен солтүстікке қарай орналасқан
қытайлық аймаққа ядролық қаруды пайдаланудан бас тартусыз соққы жасауды
ұсынды. Генерал сол арқылы Кореядағы қытайлық әскерді қамтамасыз ету
базасын жоюға ұмтылыс танытты. Президент Трумэн бұл жоспарды мақұлдамады,
себебі ол арқылы АҚШ Қытай мен Кеңес Одағына қарсы үшінші дүниежүзілік
соғысқа тап болуы мүмкін деген болжамнан қауіптенді. 1951 жылдың сәуірінде
әскери басшы Макартурдың орнын 8-ші әскердің басқарушысы болған генерал
Мэтью Риджуэй басты. Сәуірдің соңында қытайлық және солтүстіккорейлік
әскерлер жаңа шабуылды басшылыққа алды, бірақ 38-ші параллельден
солтүстікке қарай 30-40 шақырымға алшақтатылып кетті. Бұдан кейін, яғни
1951 жылдың 8-ші шілдесінде соғысушы жақтардың өкілдері арасындағы алғашқы
келіссөздер жүргізіле бастады. Соғыс болса миналы алқаптарды және сым
қоршауларды кең көлемде пайданумен сипатталған позициялық түрге ие болды.
Басқыншылық операциялар енді тек тактикалық мақсаттарға негізделді.
Қытайлардың сандық басымдылығының орны американдық қарулық басымдылықпен
жабылды. Кеңестік ұшқыштар тұсынан жақсы қарсылық көрсетілгенімен
американдық авиация әуедегі басымдықты бұрынғыша сақтап тұрды. Сталин Ким
Ир Сен мен Мао Цзэдунға Солүстік Корея және Маньчжурия әуе кеңістігін
қорғау мақсатымен бірнеше авияциялық дивизия жіберген болатын. Кеңестік
ұшқыштарға олардың тұтқынға түсу қаупін алдын алу үшін майдан сызығынан
асуға қатаң тыйым салынды. 1953 жылдың басында Ақ үйде Гарри Труменды Дуайт
Эйзенхауэр алмастырды. Ол Пекин Кореядағы бейбітшілік орнатуға қарсылық
танытса, Қытайға қарсы ядролық қару пайдалануы мүмкіндігін жария етеді.
1953 жылдың 27-ші шілдесінде 38-ші параллельге таяу маңайдағы Пханьмыньчжон
аймағында соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізіледі. Корея 38-ші
параллель бойынша Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және Корея
Республикасы болып екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстік пен Солтүстік арасында
қазіргі күнге дейін Бейбіт келісім жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша корей
соғысындағы жалпы адам шығыны 2,5 миллионға тең. Бұның бір миллионға жуығы
қытай әскеріне тиісті болып табылады. Американдық әскердің 33 мыңы қаза
тауып, осыдан 2-3 есеге көбірек жараланғандармен, ал БҰҰ-ның жалауымен
соғысқан өзге мемлекеттер шығындары бірнеше мың қаза тапқандармен
шектеледі. Корея соғысы салқын соғысты тереңдеткен шиеленістердің бірі
болып саналады. Бұл соғыс өзге мемлекеттердің мүдделеріне де теріс әсерін
тигізді. Солардың бірі ретінде КСРО-ны атап айтуға болады. Оның салдарынан
Мәскеу Вашингтонмен қарым-қатынасын мүлдемге нашарлатты, Сеулмен қатынасын
реттеу мәселесінің қақпасын жауып тастады. Ал ҚХР болса халықаралық аренада
шектеулерге тап болды, оны ондаған мемлекеттер мойындаудан бас тартты, БҰҰ-
на мүшелік етуне кедергі жасады. Қытайды американдық әскери базалар
қоршауға алды, ал Тайвань аралын батпайтын ҚХР-на қарсы қаруға айналдырды.
АҚШ керісінше бұл шиеленісті Азия Тынық Мұхит Аймағында өзінің әскери-саяси
гегемониясын орнатуға пайдаланды. Бұл шиеленіс, негізінен, қазіргі таңда да
өз өзектілігін жоғалтпаған мәселе және ірі шиеленіс ошақтарының бірі болып
танымал екендігін атап өту керек.
Ауған соғысы. Бұл Ауғанстанның коммунистік өкіметі мен ислам
көтерілісшілеріне байланысты мемлекетке енген кеңес әсері арасындағы соғыс.
Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан соң, бейтарап мемлекет статусын
иемдене отырып, іс жүзінде кеңестік ықпалда тіршілік етті. КСРО-мен
әріптестік өте тығыз болды. Елде әрқашан көптеген көлемде кеңестік мамандар
қызмет атқарды, ал ауғандықтар кеңестік жоғарғы оқу орындарында білім алды.
1973 жылы Ауғанстанда монархия құлатылды. Төңкеріс салдарынан өкімет басына
соңғы ханзада Закир Шахтың інісі Мұхаммед Дауд келіп, президенттік
диктатураны орнатады. КСРО-мен арадағы қарым-қатынасқа жүйенің өзгерісі
ешқандай көрініс таппады. Ал Даудтың тақтан құлатылуы мен 1978 жылдың 27-28
сәуіріндегі төңкеріс барысында әскери бөлімшелері қолынан, яғни Ауғанстан
прокоммунистік Халықтық-Демократиялық Партиясының (АХДП) жақтаушыларының
қатысуымен қазаға ұшыратылуы көпжылдық қантөгісті соғыстың алғышарты
тәрізденді. Кеңестік жақ төңкеріске тікелей қатыспады, бірақ мемлекетте
орналасқан әскери кеңесшілер бұған дайындық жайлы білді. Десек те, Даудқа
хабарлау туралы бұйрық алынбағандықтан, алдын-алуға ешбір әрекет жасалмады.
Керісінше , Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) өкілдері төңкеріс
басшыларына табысқа қол жеткен жағдайда өздері тұсынан қолдау мен мойындау
күтетіндігіне сендіру үшін жағдай жасады. АХДП аз мөлшерлі интеллигенциялық
партия болды. Сонымен қатар ол екі өштескен фракцияларға бөлініп кетті:
Хальк (Халық) және Парчам (Жалау). Президенттік орынға отырған
Хальк лидері Нұр Мұхаммед Тараки елде интенсивті жаңартуларды бастады.
Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдауды алып тастады, әйел адамдардың
құқықтары мен міндеттерінің өрістері біраз кеңейтілді (мысалы:білім
алуға,чадраны шешуге рұқсат берілді). Сауатсыздықты жою кампаниясы
жарияланды, агралық реформа, ұжымдастыру бастамасы көрініс алды. Бұның
барлығы мұсылмандар арасында наразылық тудырды. Ауған қоғамы, қалалықтардың
сирек қатарын қоспағанда, сипаты жағынан феодалдық және радикалды
жаңартуларға дайын емес еді. Негізгі тұрғындар – пуштундар арасында әлі
күнге дейін туыстық-тайпалық құрылым сақталып, аса ықпалдылары ретінде
тайпа көсемдері танылды. Исламды қанаушы топтардың мүдделерін ғана
қорғайтын дін ретінде жария етті, ал рухтылыққа қатысты террор
ұйымдастырылды. Пуштундардың тайпаларының жоғарғы жағын биліктен айыру,
тіпті мүлдем жойып жіберуге қатысты әрекеттер жүргізілді. Шаруалар ұсынылып
отырған жер телімдерінен бас тартып отырды, өйткені оларды өңдеуге
жағдайлары келмеді. 1978 жылдың жазынан бастап жаңа өкіметке қарсылықты
Даудқа қарсы күрескен ислам фундаменталистерінің жақтастары таныта бастады.
Оларға пуштун тайпаларының біршама топтары бірікті. Осы кезеңге қарай
Таракидің парчамисттермен арасындағы қарым-қатынасы шиеленісті.
Парчамисттердің көп бөлігі жазаланды. 1978 жылдың 5 желтоқсанында кеңес-
ауғандық достық, тату көршілік және сыртқы қауіптен қорғану мақсатымен
өзара көмекке келуді көздеп отырған қызметтестік жайлы келісім құрылады.
Біртіндеп Тараки әкімшілігі мемлекетке бақылаудан жоғалта бастады. Көрші
Пәкістанда 2 миллионға жуық ауғандық босқындар орналасты. Сәтсіздіктермен
байланысты президент пен Хальк фракциясындағы екінші адам, әскерге
тікелей ықпал етуші – премьер-министр Хазифулла Аминмен арадағы қатынас
алшақтады. Амин әлсіреп келе жатқа билікті түрлі әлеуметтік және этникалық
топтар арасынан жақтастар табу арқылы нығайтуға ұмтылды. Бірақ Мәскеу
негізгі қадамды Таракимен байланыстыруды шешіп, оған қарсыласының көзін
жоюды ұсынды. Кремльде Ауғанстанды Үнді мұхитына өту плацдармы ртінде
пайдалануды көздеді. 1978 жылы 8 қыркүйекте президент сарайында Тараки
күзетшілері Аминге қастандық жасады. Бірақ Амин аман қалып, Кабул
гарнизонының адал бөлшектерін көтеріп, Таракиді ығыстырды. Амин террорды
үдетіп жібереді. Бірақ ол да алынып тасталады. Тараки де, Амин де бірнеше
рет КСРО-дан Ауғанстанға әскер жіберуді өтінеді. Олардың бұл өтініші ауған
басшылырының қауіпсіздігін сақтап, көтерілісші-моджахедтерге қарсы күрес
жүргізуді жүзеге асыруға қажет ұсақ бөлімшелерге қатысты болатын. 1979
жылдың 12 желтоқсанында Политбюро кеңес әскерлерінің Ауғанстанға
енгізілуіне және Аминнің көзін жоюға келісім береді. Арнайы КГБ Альфа
тобы 1979 жылдың 27-ші желтоқсанында Ауған астанасына келіп, Аминді
отбасымен және жақын орналасқан қорғаушыларымен тұтастай жойып жібереді.
Кейінірек Аминді ауған революциясының күштері өлтірді деп жарияланады.
Ертеңінде Кадулға кеңестік әскер келе бастайды. Ол Пәкістан, Иран, Қытай
және АҚШ-тың ауған көтерілісшілерін қолдаудан көрінген Ауғанстанға қарсы
сыртқы агрессиямен және заңды ауған өкіметінің өтініш білдіруімен
түсіндіріледі. Ауған өкіметтік әскері кеңес әскері қолдауымен астана мен
провинциялық орталықтарды ғана бақылады. Көтерілісшілердің бақылауына
ауылды, таулы және алшақтағы аймақтар өтті. Моджахеттер Пәкістандағы
пуштундық тайпалардан көмек алды, ал ауған-пәкістандық шекараны жабу,
оқшаулау мүмкін емес еді. Соғыстан қашып Пәкістан мен Иранға 4 миллионнан
астам босқындар кетті. Көтерілісшілер кеңестік көлік, ұсақ гарнизон,
отрядтарға қарулы шабуылдар ашты. Кейбір топтар, әсіресе Панджшерлық
аймақта орналасқан тәжік далалық әскербасы Ахмад Шах Массудтың әскері тұтас
кеңестік дивизиялармен нәтижелі шайқастарға шықты. 80-ші жылдардың орта
шеніне қарай Ауғаныстандағы кеңестік әскери қатысудың еш тиімсіздігі анық
байқалды. 1985 жылдары Горбачев билікке келген соң, Кармаль ертеректе
қауіпсіздік қызметі басшысы болған Наджибуллаға алмастырылады. Ол жүйеге
тіректі пуштундық тайпалар мен солтүстіктегі ұлыстардан табуға тырысады.
Дегенмен ол мұнда тек генерал Рашид Дустумның өзбек дивизиясына ғана арқа
сүйей алады. Кабул өкіметі толығымен кеңестік әскери және сауда көмегіне
тәуелді болады. АҚШ көтерілісшілерге көмекті оларды Стингер зинитті
зымыранымен қамтамасыз ету арқылы белсендендіреді. Бірнеше ұшақ пен тікұшақ
құлатылып, әуедегі кеңестік басымдылық толықтай жойылады. 1988 жылы 14
сәуірде Женевада Ауғанстан, Пәкістан, КСРО, АҚШ арасында саяси реттеу
туралы келісім құрылады. Кеңес әскерінің елден шығарылатындығы мәлімделді.
1989 жылдың 15 ақпанында шектеулі контингентті басқарушы генерал Борис
Громов соңғы болып шекарадағы өзен Пяндждан өтеді. Ресми деректерде
кеңестік шығын бойынша 14 433 әскери қызметкерді және 20 азаматтық
тұлғаларды қаза болды, 298 жоғалып кетті, 54 мыңы жараланды және 416 мыңы
сырқаттанды. Ауған шығынының нақты мәліметтері жоқ. Әскерді шығарған соң
кеңестер жағы Наджибуллаға көлемді әскери көмек көрсетуді жалғастырып
отырды. 1992 жылдың наурызында кеңестік қолдаудан айрылған Наджибуллаға
Дустум қарсы шығып, Кабулды басып алды. Бұрынғы диктатор БҰҰ-ның миссиясына
тығылды. Ауғанстанда әртүрлі этникалық және саяси топтардың арасындағы
соғыс өріс алды. Ол қазіргі кезеңге дейін тоқтаған емес. 1996 жылы
медреседе оқушылармен басқарылатын және пуштун халықтарынан қолдау тауып
отырған Талибан қозғалыс топтары Кабулды басып алды. Наджибулла миссияға
арналған ғимаратта қолға түсіп дарға асылады. 2000 жылдың басында бұл
қозғалыс Ауғанстанның 90 пайыз территориясын бақылауда ұстап отырды.
Кариб дағдарысы. 1959 жылдың бірінші қаңтарында Кубадағы ұзақ
азаматтық соғыстан кейін коммунистік патизандар басшылығындағы Фидель
Кастромен президент Батистаның өкіметін құлатады. АҚШ өзінің маңайында
коммунистік мемлекеттің пайда болуынан қауіптенеді. 1961жылға қарай
американдық президент Джон Кеннеди өз отанын Кастроның қолынан азат етуге
ұмтылған кубалық эмигранттарға көмек беруге келісім береді. Бұның нәтижесі
кубалық күрескерлер отрядтарының кочинос бұғазына орналастырулыныың сәтсіз
аяқталуы болды. Бұл оқиға Кастроны Мәскеуден тірек іздеуге итермелеп, 1962
жылдың күзінде Кубада 42 ядролық ракета және ядролық қарударды тасымалдауға
көмектесетін құрылғылар орналастырылады. Ракеталарды орналастыру құпия
жүргізіледі, бірақ қыркүйектің өзінде-ақ АҚШ өкіметі сезіктене бастайды. 4
қыркүйекте президент Джон Кеннеди 150 км қашықтықтағы кеңестік ядролық
ракеталарға АҚШ көзін жауып қарап тұра алмайтындығын баяндайды. Жауап
ретінде Хрущев Кеннедиді ешқандай кеңестік ракеталар немесе ядролық
зарядтар Куба территорисында жоқ және болмайтындығына сендіруге тырысады.
Кубада американдықтармен табылған құрылғыларды ол кеңестік зерттеу
құрылғылары деп атайды. Бірақ 14 қазанда американдық барлау ұшағы
ракеталарға арналған алаңдарды суретке түсіріп алады. Аса құпия жағдайда
АҚШ жауапты шараларды талқылай бастайды.Генералдар тез арада кеңес
ракеталарын әуеден жарып жіберіп, аралға теңіз әскерімен басып кіруді
бастауды ұсынды. Бірақ бұл Кеңес Одағымен соғысқа әкелуі мүмкін еді. Бұл
соғыстың аяқталу салдарының қандай болатындығына қатысты нақты ой
болмағандықтан американдықтарға бұл шешім ұнамады. Сондықтан Джон Кеннеди
жұмсартылған әрекеттерге кірісуді жөн көрді. 22 қазанда ұлтына жолдауында
ол Кубада кеңестік ракеталардың табылғандығын жариялады және КСРО-дан
оларды қысқа мерзімде әкетуді талап етті. Кеннеди АҚШ-тың Кубаның әскери-
теңіз блокадасын құруды бастағандығын айтты. 24 қазанда КСРО өтініші
бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жиналды. Кеңес Өкіметі бұрынғыша
ракеталардың жоқтығын атап өтті. Бірнеше күннен соң АҚШ-тың қалайда болса
ракеталарды жоюдан бет бұрмайтындығы мәлім болды. 26 қазанда Хрущев
Кеннедиге Кубада мықты кеңестік қару бар екендігін мойындап хат жібереді.
Сонымен қатар президентті КСРО АҚШ-қа шабуылдауды мақсат етпейтіндігін
айтады. Никита Хрущев Джон Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамау міндеттемесін
өз мойынына алуды ұсынады. Бұл КСРО-ның қаруды алып кетуінің алғышарты
ретінде анықталады. Сөйтіп бейбітшілікке алғашқы қадам жасалады. Бірақ 27
қазан Кубаның қараңғы сенбісіне айналады. Бұл күндері Кубаның әуесінен
қорқыту мақсатымен тәулігіне екі рет американдық ұшақ эскадрильялары
ұшырылып отырды. Дәл сол күні кеңестік әскер зенитті ракетамен барлаушы
ұшақтардық бірін құлатады. Ұшақ пилоты Андерсон қайтыс болады. Жағдай
шарықтау шегіне жетіп, АҚШ президенті екі тәуліктен соң кеңестік ракеталық
базалардың бомбалануы мен аралға әскери шабуылды бастауды шешеді. Көптеген
американдықтар ірі қалаларды жақын арадағы кеңестік соққыдан қауіптеніп
тастап кетті. Әлем ядролық соғыс қарсаңында тұрды. Бірақ жексенбіде
кеңестік өкімет американдық талаптарды қабылдауды ұйғарды. АҚШ президентіне
ашық жолдау жіберіледі. Кубадағы ракеталарды әкету кубалық өкіметпен
ақылдасусыз қабылданады. Бұл әдейі істелуі мүмкін, себебі Фидель Кастро
ракеталардың әкетілуіне қарсылық білдірген. Халықаралық жағдай 28 қарашадан
бастап қалпына келе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын әкетеді.
20 қарашада АҚШ аралдың теңіз блокадасын алып тастайды. Кариб дағдарысы
бейбіт түрде шешімін тапты, бірақ ол әлемнің болашақ тағдыры жайлы ойға
себеп болды. Жалпы алғанда, Кубадағы дағдарыс әлемге АҚШ пен КСРО-ны сыртқы
саясаттарында өзара жол берулерге баруға итермелеп тек оң әсерін тигізді
деуге болады.
Үндіқытайдағы соғыс (1945-1975 жылдар).Үндіқытайдағы француз
отарларының ұлттың азаттығы үшін басталып, кейіннен осы мемлекеттердің
коммунистік және коммунистік емес өкіметтері арасында болған күреске
ұласқан соғыс. Бұл күресте антикоммунистік жүйе жағында Оңтүстік Вьетнамға
жарты миллиондық әскер аттандырған АҚШ және оның жақтастары. Ал Солтүстік
Вьетнамдағы коммунистік жүйені КСРО мен Қытай қолдады. 1945 жылдың
қыркүйегіндегі Жапон капитуляциясынан кейін басшылығындағы Хо Ши Минмен
вьетнам коммунистік партизандары Вьетнамның солтүстігіндегі жапондық
әскерді қарусыздандырып Ханоеда өз өкіметін құрды. Вьетнамның оңтүстігінде
британдық әскер өз жақтарына қосып алған жапондық әскери тұтқындармен
партизандардың шабуылдарына қарсы тұрып, Сайгон және өзге қалаларды өз
бақылауында сақтап қалды. 1945 жылдың қазанында Үндіқытайға француздық
әскер тұрақтанды. Жылдың аяғына қарай олар Лаос, Камбоджа және Вьетнамның
оңтүстік аудандарын жаулап алды. Француз өкіметі олардың қолшоқпары –
император Бао Дайдың билігін мойындаған жағдайда, Хо Ши Минді Солтүстіктің
губернаторы етіп тағайындауға келісім беруге дайындығын айтып, онымен
келісімге келуге тырысты. Коммунистік көсем бұл ұсыныстан бас тартты.
Сондықтан 1946 жылдың қарашасында француздар солтүстік Вьетнамда
тұрақтанып, Хайфон, Ханой және тағы басқа ірі қалаларды жаулап алды.
Коммунистік әскердің негізгі күші таулы аймақтарға шегінді. Вьетнам
коммунисттері елеулі көмекті басшылығында Мао Цзэдун отырған Қытайдың
коммунистік ұлт-азаттық армиясынан алып отырды. 1949 жылы Қытайдағы
коммунисттердің жеңісінен соң бұл көмек біршама өсе түскен болатын. Вьетмин
кеңестік қарумен де үлкен көлемде қамтамасыз етіліп отырған болатын. 1950
жылдың қаңтарында Хо Ши мин өкіметі КСРО және Қытаймен Вьетнамдағы жалғыз
заңды өкімет ретінде танылды. Жауап ретінде АҚШ пен НАТО-ның құрамындағы
басқа мемлекеттер Бао Дайдың номиналды тәуелсіздігін мойындап, француз
әскерлері мен олардың үндіқытайлық қолдаушыларын қарумен қамтамасыз етуді
бастады. 1950жылдың соңына дейін Вьетмин француздарды шекарадан қытайлық
әскер көмегімен ығыстырып отырды. 1951 жылдың басында Үндіқытайдағы француз
әскерін басқаруға маршал Жан Мари де Латр де Тассиньи келді. Ол Ханой мен
Қызыл өзен дельтасын қорғау үшін арнайы сызық құрылысын бастауды шешті.
Партизандармен күрес үшін Ларт кең көлемде әуе десанттарын және ұшақ пен
тікұшақ тірегін пайдалануы тиіс мобильді отрядттарды дүниеге әкелді. 1951
жылдың бірінші жартысында бұл тактика француздарға біршама табыс әкелген
болатын. Генерал Во Нгуен Зиап өз қарамағындағы коммунистік күштермен қайта
топтасып, шабуылдарға көшуді көздеді. Бірақ олар 1951 жылдың қазанында
қайта жеңіліске ұшырады. Ендігіде Латр де Тассиньи Қытайдан қару-жарақпен
қамтамасыз етілуге кедергі болу мақсатымен шекара аумағын басып алуға
ұмтылды. Дегенмен бұл операцияның пайдасынан зияны көп болды. Себебі алыс
орналасқан аймақтарды қамтамасыз етуге көп күш пен қаражат жұмсау керек
болды, ал мақсат етілген тиімді шекара блокадасына қол жеткізілмеді.
Қарашада сырқаттанған Латр де Тассиньи Үндіқытайдан қайтып, бір-екі айдан
соң қайтыс болды. Оның орнына келген Рауль Салан Вьетминмен күресті жаңа
ірі әскери күшсіз жүргізу мүмкін емес деп, оларды тез арада жеткізуді талап
етеді. Француз өкіметі бұл талапты орындауды қажет деп танымады.1952 жылдың
аяғы 1953 жылдың басында француздар көбінде қорғанып отырды. 1953 жылы Хо
Ши Мин әскерлері Лаосқа дейін жетіп, француздықтарды майдан шебін одан әрі
кеңейтуге мәжбүрледі. Бірақ француздықтар АҚШ тарапынан жаңа қарулармен
жабдықталып, Вьетмин өкіметін негізгі шайқаста талқандауды мақсат тұтты.
Бұл шайқасты жүзеге асыратын орын ретінде Дьенбьенфу деген ауылды аймақ
таңдалып алынды. Ол вьтнамдық коммунисттерді қамтамасыз етудің негізгі
аймағы және Қытайды Лаос, солтүстік және орталық Вьетнамға дейінгі
аймақтармен біріктіретін жер болды. 1953 жылы 20-шы қарашада француз
десанттары Дьембьенфуды басып алып, онда әуеден жабдықталатын мықты,
қамсыздандырылған пункт құрды. Саланның жорамалдауы бойынша қалың орманды
аумақ қарсыласқа ауыр артиллерияны орналастыруға мүмкіндік бермеуі керек
болды. Бұл жағдайда гарнизон қарсыласуды оңай жүзеге асыруы мүмкін еді.
Бірақ солтүстіквьетнамдық армияны басқарып отырған генерал Зиап мемлекеттің
бірнеше аймағында бірнеше сәтті шабуылды жүзеге асырып, француздықтардың
әрекеттерін шектеді. Сонымен қатар Дьенбьенфуда 50 мыңға жуық армияны
Қытайдан алынған қарумен жасақтады.1954 жылдың 13-ші наурызында Вьетмин
әскерлері Дьенбьенфуға шабуылды жүзеге асырды. Бірінші мамырда
вьетнамдықтар шешуші қадамға көшуді ұйғарып, бір аптадан соң қарсыласты
әлсіретті. 13 мыңдық гарнизоннан 6 мыңы қайтыс болды, ал 7 мыңы
басшылығындағы Кристиан де Кастриспен тұтқындалды. Дьенбьенфудағы
вьетнамдық шығын 23 мың қайтыс болған және жараланған адаммен есептелді.
Бұл жеңілістен кейін Франция өзінің Үндіқытайдағы әскери тұрақтануынан бас
тартты. 1954 жыл жиырма бірінші шілде күні Женевада Лаос пен Камбожда
тәуелсіз мемлекет атанып, ал Вьетнам 17-ші параллель бойынша коммунистік
Солтүстік және батысшыл Оңтүстікке бөлінген келісімдерге қол қойылды. Десек
те Хо Ши Мин өкіметі Оңтүстік Вьетамдағы партизандар мен Лаостағы
коммунистік көтерілісші топтарға қолдау көрсетуді тоқтатпады. Камбоджада
билікке оңтүстіквьетнамдық партизандарды өз мемлекетінің территориясы
арқылы қамсыздандыруға келісім берген ханзада Нолродом Сианук келді. 1956
жылы Вьетнамның екі бөлігінде де болашақтағы мемлекеттердің бірігуіне
бағытталған бастама болатын еркін сайлау өткізілмек еді. Бірақ Оңтүстік
Вьетнамның президенті Нго Динь Дьем американдықтардан қолдау тауып,
Солтүстіктегі сайлау демократиялы түрде өтпеді деген сылтаумен Хо Ши Мин
өкіметін мойындауға келісім бермеді. 1957 жылы коммунистік партизандар
ендігіде Вьет-Конг деген атауды иемденіп Оңтүстік Вьетнамда кең ауқымды
операцияларды қайта жандандырды. 1962 жылдың соңына қарай америкадық әскери
кеңесшілер саны 9 мыңға жетті, бірақ антипартизандық операциялардың
тиімділігіне ешқандай әсерін тигізбеді. 1963 жылдың қарашасында Нго Динь
Дьем оңтүстіквьетнамдық армия басшыларымен биліктен құлатылды. Бірақ
Оңтүстік Вьетнам территориясында бақылау орнату олардың да қодарынан
келмеді. Кейінен Вашингтонда кең көлемді американдық әскери интервенция
жайлы шешім қабылданды. 1964 жылы 2 тамызда Тонкин шығанағында
американдықтарға вьетамдықтар тұсынан шабуыл жасалады. Бірнеше күннен соң
АҚШ Конгрессі Оңтүстік Вьетнамға американдық әскерді жіберуді санкциялап,
американдық авияциямен Солтүстік Вьетам бомбардировкасын бастап кетті. Тек
1968 жылы АҚШ-та Тонкин оқиғасы алдын-ала жоспарланған провокация, ал
солтүстіквьетнамдық торпедалық катерлер ролінде Оңтүстік Вьетнам катерлері
болғандығын көрсеткен Пентагонның құжаттары басылымға шықты. 1969 жылдың
қаңтарына қарай, жаңадан сайланған АҚШ президенті Р.Никсон Вьетнам соғысына
қатысып отырған американдық әскер санын азайту үрдісін бастады. Бұл кезеңде
Оңтүстік Вьетнамда олардың саны 540 мың адамға жеткен болатын. 1964-1973
жылыдар аралығында өткен Үндіқытайдағы соғысты жүргізуге АҚШ барлығы 352
миллиард доллар жұмсады. Шиеленіске АҚШ-тың жаяу әскерінің 68 пайызы, теңіз
әскерінің 60 пайызы, жарты стратегиялық және үштен бір тактикалық
авияциялық әскер қатысты. 1965 жылы 8-ші ақпанда американдық ұшақтар Вьет-
Конгке көмекке кедергі болу үшін, Солтүстік Вьетнам территориясына бомбалар
тастауды бастады. Кеңес Өкіметі Вьетнам Демократиялық Республикасына АҚШ-ты
үлкен шығынға әкелген земля-воздух ракеталарымен және МиГ
истребительдерін орналастырып отырды. Қытай жағынан да қарумен, әскермен
қамтамасыз ету жүзеге асты. 1965 жылдың орта шенінде Уэстморленд талабы
бойынша президент Линдон Джонсон жердегі операцияларға американдық жаяу
әскерді кең көлемде пайдалануға келісім береді. Алғашқы ірі шабуылды
американдықтар 1965 жылдың қазанында өткізді. Оған қатысушылырды 200 мың
американдық солдат, 500 мың Оңтүстік Вьетнам өкіметтік армиясы солдаттары
мен америка жақтастары – австралиялықтар, филиппиндіктер, таиландтықтар,
оңтүстіккореялықтардан жасақталған 28 мың солдат құрады. Шабуыл екі бағытты
қамтыды: Орталық Вьетнамның кеме тұрақтарынан Лаос, Камбоджа шекарасына
және оңтүстікте Сайгоннан камбоджалық шекараға дейін. Американдықтардың
жеке жеңістеріне қарамастан, олар Вьет-Конгтың негізгі күштерін жоя алмады.
Себебі, біріншіден оңтүстіквьетнамдық өкіметтік әскердің әскери
дайындығының төмендігі, екіншіден, американдықтар мен жақтастарының
тропикалық орман жағдайында соғысқа дайын болмағандығы және соы жағдайға
байланысты қару-жарақпен қамтамасыз етудегі қиындықтар. Келесі Вьет-Конг
позицияларына шабуыл 1966 жылы болды. Жаңа шабуыл Сайгоннан солтүстікке
қарай орналасқан Вьет-Конгтың негізгі топтамасына бағытталды. Онда 410 мың
американдық, 500 мың оңтүстіквьетнамдық және 54 мың одақтас елдер әскерлері
қатысты. Қарсы тұрушылар саны 160 мың вьетконгтіктер және 90 мың
солтүстіквьетнамдықтар болды. Американдықтардық тікелей соғысқа қатысқан
әскері тек 70 мыңға жуық болды. Американдық және оңтүстіквьетнамдық армия
ауыр шайқастардан соң, Камбоджамен шекараға дейін жетті. Бірақ қарсыластың
күшін талқандауға қол жетпеді. Сол тәрізді өзге де 1967 жылғы шабуылдар
ешбір маңызды нәтижелерге әкелмеді. 1968 жылдың 30 қаңтарында Тет
вьетконгтік мен солтүстіквьетнамдық әскерлер Сайгон және тағы сол тәріздес
ірі қалалар, Оңтүстік Вьетнамның әскери базаларына шабуыл жүргізді. Шабуыл
барысында соглтүстіквьетнамдықтар мен партизандардың, американдық санақ
бойынша, 50 мыңы қайтыс болған және жараланған, бірақ бұл олардың әскери
күшін әлсіретпеді. 1968 жылы сәуірде Америка президенті Солтүстік Вьетнамды
бомбалауды тоқтату бұйрығын берді. Мамырда Демократиялық Вьетнам
Респубдикасы мен АҚШ арасындағы келіссөздер басталды. Президент Джонсонның
орнын басқан Ричард Никсон соғыс саясатын вьетнамдандыру бағытына көшті.
1969 жыл Үндіқытайдағы американдық әскер санының біртіндеп кеми бастауымен
сипатталады. Енді солтүстіквьетнамдықтар мен партизандарға қарсы күрестің
ауырлығы оңтүстіквьетнамдықтарға түсті. 1969-1971 жылдар аралығында
Солтүстік Вьетнамнан Вьетконгті жабдықтау жолдарын қиып өту үшін, Лаос пен
Камбоджа территорияларында жүргізілуге бағытталған, американдық әскердің
қатысуымен жүзеге асатын бірнеше операцияларды жүзеге асыру алға қойылады.
Дегенмен Хо Ши Мин жолын оқшаулау орындалмайды. 1970 жылдың
наурызындакамбоджилік ханзада Сианук тақтан құлатылып, орнына америкашыл
көңіл-күйдегі генерал Лон Нол отырады. Камбоджаның орасан зор аумағы
коммунистік партизан қызыл кхмерлерге өтеді. Өкіметтік билік қарамағында
астанасы Пномпень мен өзге де ірі қалаларды сақтау үшін американдық авиация
күшіне жүгінуге тура келді. 1971 жылдың соңына қарай Вьетнамдағы
американдық әскер 160 мың адамға қысқарды. Қарсы жақ бұл жағдайды
пайдаланып, 1972 жылдың 30-шы наурызында солтүстіквьетнамдық әскер
вьетконгтердің қолдауымен кең ауқымды басқыншылық әрекеттерге кірісті. АҚШ
Солтүстік Вьетнам территориясын бомбалауды қайта бастады. Қазанның соңғы
шенінде париж келіссөздеріндегі ілгері жылжуларға байланысты Солтүстік
Вьетнамды бомбалау тоқтап, келіссөз нашарлағанда қайта жанданып он екі
күнге созылған болатын. 1973жылдың 27-ші қаңтарында Парижде Вьетнамдағы
соғысты тоқтату және ондағы бейбітшілікті қалпына келтіру туралы Келісімге
қол қойылады. АҚШ шабуылдарын тоқтатып, наурызда әскерін әкетеді. Елде 20
мың американдық әскери кеңесші ғана қалады. Париж келісімі Вьетнамда екі
армия мен екі бақылау аймағы – Сайгон мен Вьетконгтағы өкіметтерді
мойындайды. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы келіссөздер нәтижесіз
аяқталып, 1974 жылы сәуірде үзіледі. АҚШ Уотергейттегі дауға және
америкалық атқарушы өкіметінің позицияларының күрт әлсіреуіне байланысты
Оңтүстік Вьетнамға көмекті қысқартады. Бұны пайдаланып 1975 жылдың
наурызында Солтүстік Вьетнам армиясы оңтүстікке шабуыл жасайды.
Американдықтар тек Сайгондағы өкіметке жіберілетін қару көлемін ұлғайтты,
бірақ бомбалауға көше алмады. Себебі АҚШ-тың конгресі бұған үлкен наразылық
танытты. 1975 жылы 30 сәуірде солтүстіквьетнамдық және вьетконгтік соққылар
нәтижесінде Сайгон құлайды. Солтүстік пен Оңтүстік Вьетнам Социалистік
Республикасына біріктіріледі. Осы тұста Лаоста билікке коммунистік Патет-
Лао, ал Камбоджада қызыл кхмерлер келеді. 1978 жылдың соңына қарай елде
Пномпенде Хенг Самрин өкіметін орнатқан вьетнамдық әскер енгізіледі. қызыл
кхмерлерге одақтас Қытай жауап ретінде 1979 жылдың ақпанында үш
солтүстіквьетнамдық провинцияға шабуыл жасауды шешіп, бір айдан соң оларды
иемденіп алады. Бұл шабуылдың мақсаты Камбоджадағы вьетнамдық әскерді екі
жаққа бөлу, санын азайту болды. Вьетнамдықтарды әлсірете алмағандықтан
наурыздың аяғында қытайлық әскерлер басылып алынған территорияларды тастап
кетеді. 1989 жылы халықаралық қысым нәтижесінде Вьетнам әскерлері
Камбождадан кетеді, бірақ ондағы вьетнамдық жүйе сақталып қалады.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
Қырғи қабақ соғыс жылдарындағы шиеленістерді шешу?
Әдебиеттер: 1,2, 12,20,22,23.

Тақырып 5. Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация
Дәріс мақсаты: Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау,
сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Шиеленістерді бейбіт жолмен шешу құқығы - бұл, мемлекетаралық
шиеленістерді бейбіт жолмен шешу тәртібін анықтайтын принциптер мен
нормалардың үйлесімділігі.
Халықаралық негізгі мәселелердің бірі - халықаралық жэне аймақтық
шиеленістер болып табылады. Бұл дәлелдеген және соңғы онжылыдқтың алдында
тұрған мақсаттарды тіршілікке талпыну және термо-ядролық апаттарды
болдырмауды жүзеге асыру. Кез келген қарулы қақтығыс ол саяси
шиеленістердің шектетн шыққан көрінісі ретінде ғана. Оның жоғарғы сатысы
шиеленіс себебін реттеу тэсілін зертттеуі, әсіресе, оны оңай шешуге болатын
кезінде тек теориялық қана емес, сондай-ақ алып тәжірибелік мағынасы бар.
Жалпы алғанда аймақтық шиеленіс территория мен ресурстар үшін екі
немесе одан да көп мемлекеттер арасында бэсекелестік іс-әрекет болып
табылады. Бүл іс-әрекет эр түрлі жолмен жүргізіледі. XX ғасыр адамзат
тарихында қантөгіс пен қирату жағынан ең қиыны болды. Аймақтық соғыс
дегеніміз — шектелген шиеленіс. Ол аймақтар территориясында шоғырланған,
алайда, саяси-экономикалық салдары оның шекарасынан элдеқайда шығып кетуі
мүмкін.осындай шиеленістерде ешқандай қатысы доқ мемлекеттер мен ұйымдар
аралысуы мүмкін.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Халықаралық ықпалдастық және дезинтергация?
Әдебиеттер: 1,2, 12,15, 20,22,23.

Бөлім 2. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары

Глоссарий (сөздік, анықтама):
Саяси қақтығыс – саяси үрдіс элементі. Қақтығысты қадағалау – саяси
үрдістің қандай да бөлігін қадағалау деген сөз. Үшінші жақ үшін қақтығыс
саяси үрдісті қадағалау механизмі потенциалын жоғалтпайды, тіптен қақтығыс
түпкі тарихын білмей тұрып, оған тиімі де көп болып келеді.

Келістіруші әдістер-тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шиеленістерді шешуде
мағызды роль атқарады. Бұл әдістің негізі шиеленісуші жақтарды тікелей
қарым-қатынас жасап, келісімге келуінде. Бұндай әдістерге: келісімдер,
кеңестер, қайырымды қызмет көрсету,татуластырушылық, фактті анықтау.келісу
болып табылады.

Келісімдер- шиеленісуші жақтардың келісімге келу мақсатында тікелей қарым-
қатынас жасауы. Іс жүзінде шиеленістер дипломатиялық каналдар арқылы
шешіледі. Келісім жүргізу арнайы дайындықты қажет етпейді. Келісім арқылы
саяси және заңды мәселелер шешіледі. Келісімдер екі жақты.көп жақты болады.

Кеңестер-келісімдердің бір түрі. Кеңестер ресми келіссөзге дейінгі
шиеленісті шешу әдісі болып табылады.
Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің
қатысушылары берілген үсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шешеді.
Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бүл осы жағдайдағы
ең жақсы шешім болып табылады.

Тақырып 6. Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары
Дәріс мақсаты: Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары туралы
түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау
қабілеттерін жетілдіру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1 Шиленістерді реттеудің үшінші жақтары
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Халықаралық шиеленісті бейбіттүрде
шешу

Халықаралық шиеленісті бейбіт түрде шешу ұғымы. Халық аралық
шиеленісті бейбіт түрде шешу принципінің негізі шиеленістерді тек бейбіт
жолмен шешу болып табылады.Екінші принципі ерікті түрде шиеленісті
шешудің жолын таңдау.Халықаралық қақтығыстарды бейбіт түрде шешу туралы
алғаш жалпы Конвенция 1899 жылы әлемдік Гааг конференциясында қабылданған
болатын.Сол кезден бастап осындай актілер бірнеше рет қабылданған.Осыған
сәйкес VI тарау Б¥¥ -ның жарғысында бар.Б¥¥-ң Бас Ассамблеясының
резолюциялары әлденеше рет қабылданған.Бұның ішінен 1982 жылы халықаралық
шиеленісті бейбіт түрде шешу туралы Манил декларациясын айтуға болады.

Халықаралық шиеленіс термині 2 түрде қолданылады

Бірінші жағдайда тек нақты қатысушылары бар.нақты өзара талабы
бар.нақты бір мәселеге байланысты жағдайды айтуға болады.Екінші жағдайда
әрбір мемлекет аралық шиеленіскен жағдай немесе қақтығыс.Кейінгі кездегі
Б¥¥-ның жарғысының ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясатындағы Орталық Азия
Қақтығыстар мен шиеленістер
Шиеленістің табиғаты мен психологиялық ерекшелігі
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Шиеленістің қатысушылары
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Пәндер