Классикалық политэкономистердің құн теориясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І-тарау. Классикалық политэкономистердің құн теориясы2

1. 1 У. Петтидің құн теориясы2

1. 2 А. Тюргоның экономикалық ілімі3

ІІ - тарау. Классикалық политэкономия эволюциясының кезеңдері4

2. 1 Классикалық политэкономия эволюциясының екінші кезеңі4

2. 1. 1 А. Смиттің құн теориясы4

2. 2 Классикалық политэономия эвалюциясының үшінші кезеңі5

2. 2. 1 Рикардоның құн теориясы5

2. 2. 2 Ж. Б. Сэйдің құн теориясы6

2. 2. 3 Т. Мальтустың құн және табыс теориясы7

2. 3 Классикалық политэкономия эволюциясының төртінші кезеңі8

2. 3. 1 Дж. Милльдің құн теориясы8

2. 3. 2 К. Маркстың құн теориясы9

ІІІ - тарау. Экономикалық ойдың неоклассикалық бағыты10

3. 1 Маржиналистік төңкерістің бірінші кезеңі10

3. 1. 1 К. Менгердің құн теориясы11

3. 1. 2 О. Бем-Баверктің құн теориясы12

І-тарау. Классикалық политэкономистердің құн теориясы

1. 1 У. Петтидің құн теориясы

Ульиям Петти (1623-1687) - Англиядағы классикалық политэкономияның негізін қалаушы. Ол өзінің экономикалық көзқарастарын ХVІІ ғ. 60-80 - жылдарында шыққан шығармаларында білдірді. К. Маркстің сөзімен айтқанда, «У. Петти - политэкономияның әкесі, данышпан және оргинальды зерттеуші экономист. »

У. Петтидің «Салықтар мен алымдар трактаттары» (1662) ; «Ирландияның саяси анатомиясы» (1662) ; «Ақша туралы түрлі ойлар» (1682) және т. б еңбектерінің өне бойында меркантелистердің протекционистік идеяларын қабылдамау ойлары анық байқалады.

У. Петтидің еңбектеріне қарағанда экономика ғылымының (политэкономияның) предметі, оның ойынша, өндіріс проблемаларын талдау. Бұл ғалымның байлықтың жасалуы мен ұлғаюы тек материалдық өндіріс саласында болды деген сенімінен және бұл процеске сауданың, сауда капиталының еш қатысы жоқ деген көзқарасынан туындайды.

У. Петтидің методологиялық позициясында меркантелизмге тән эмпиризм (жер бағасын түсіндіруде) элементтері мен шаруашылық өмірге мемлекеттің араласуы (елдегі купецтердің санын азайту) болғанымен, негізінен ол «Laissez faire» принципін басшылыққа алады, меркантелистерден өзгеше ақша айналысы мен сауданың либерализациялауын қалайды.

У. Петтидің шығармашылығына тән экономикалық либерализм мынадай методологиялық қарапайымдылыққа жол берді:

- айналыс саласының өндіріске кері әсерін жоққа шығару;

- ақша мен товар рыногының өзара тәуелді белгілерін жоққа шығаратын ортодоксальды ақшаның сандық теориясына бас иеді;

- товар мен қызмет көрсету құнының (құндылық) табиғатын шығын (каузальдық негізінде) тұрғысынан сипаттау;

- жалақыны жұмысшы еңбегінің бағасы ретінде түсіндіру.

Оның көлемі еркін бәсеке жағдайында әр кезеңде аз, және т. б.

Меркантилистер идеясын қабылдамауы У. Петтидің тек байлықтың мәні мен жасау көзі туралы көзқарасында емес, сонымен қатар оның товар құны мен табиғаты және олардың рыноктағы құндылығына әсер ететін себептер жөнінде де байқалды. Осылар жөніндегі оның пайымдаулары соңынан У. Петтиді құнның еңбектік теориясының бірінші авторы ретінде мойындауға әкелді және бұл жалпы классикалық политэкономияның басты белгісі болды.

Товар құны күмісті өндіруге жұмсалған еңбекпен анықталады, бұл оның «табиғи бағасы», күмістің құнына теңестірілген товарлардың құны - оардың шын рыноктық бағасы. Тағы бір трактатында товардың құны оған қатысқан еңбек пен жерге байланысты делінген, немесе, У. Петтидің өзі айтқанындай, біздер корбільдің құны немесе сюртуктың құны мынадай жердің, мынадай еңбектің санына тең деп айтуымыз керек еді, өйткені екеуіде - корабль мен сюртук - адам еңбегімен және жермен жасалады. Сөйтіп, У. Петти трактовкаларында товар бағасының негізіне, мәніне шығындар жатады, ал тығырыққа апаратын жол.

1. 2 А. Тюргоның экономикалық ілімі

Анн Робер Жак Тюрго (1727-1781) - тегі дворян. Оның атталары Париждегі мемлекеттік қызметте болған. Отбасы дәстүрі бойынша үшінші бала ретінде ол діни білім алуы керек еді. Семинария мен Сорбонның теология факутетін тәмамдағаннан кейін 23 жастағы А. Тюрго кенеттен шіркеуден бас тартады: «өмір бойы маскамен» жүргісі келмей, мемлекеттік қызметке ауысады. Сол кезде жас шенеуінік алты тілді біліп, философия, филология, юриспруденция, жаратылыстану ғылымдарымен, математика, көркем әдебиетпен, поэзиямен айналысады.

А. Тюргоның басты экономикалық еңбектері: «Байлықты жасау мен бөлу туралы ойлар» (1776), аяқталмаған «Құндылық және ақша» (1779) және де басқада еңбектері бар.

А. Тюрго құнның пайда болуында шығын концепциясын ұстады, оның мәнін заттанған (бұрынғы) еңбек шығындарынан көрді. Сонымен қатар, рыноктағы бағаның қалыптасу механизмін негіздей отрып, А. Тюрго бағаларды ағымдағы және негізгі деп бөлді. Біріншілері сұраныс пен ұсыныстың ар қатынасымен байланысты болса, екіншілері «товарға қолданғанда жұмысшыға ол заттың қаншаға тұратыны сондай минимум, баға одан төмен түссе алмайды». А. Тюргоның ойынша, товарларды сатып алғанда оның сиректігі - «бағалаудың бір элементі болады».

ІІ - тарау. Классикалық политэкономия эволюциясының кезеңдері

2. 1 Классикалық политэкономия эволюциясының екінші кезеңі

Тарихи жағынан қалыптасқан пікір бойынша, әлемдік деңгейде экономикалық ғылымның пайда болуын ХVІІІ ғасырдың аяғындағы ағылшанның атақты ғалым-экономисі Адам Смиттің есімімен байланыстырады. Тіпті А. С. Пушкиннің Евгений Онегині Адам Смитті оқып, соның арқасында мемлекетінің қалай бай болатынын білген. Оны бұл күндері де алғашқы экономикалық еңбек жазған, ғылымның жалпы негізін қалаған деп есептейді және оның бүкіл еңбегі, А. Смиттің өзі байқағанындай, «табиғи еркіндік жүйесі идеясына толы еді».

Адам Смит 1723 жылы 5 маусымда Шотландиядағы Киркол қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі кеден шенеуігі болып істейді. А. Смиттің бала кезінен оқуға ынтасы зор болды: 14 жасында Глазго университетіне түсіп, оны үш жылда, 1740 жылы бітіреді. Оксфорд университетінде 1746 жылға дейін оқиды. 1751 жылы А. Смит Гарвард университетінде логика пәнінің професоры болып тағайындалады. 1759 жылы жазған «Моралдық сезім теориясы»атты ірі еңбегі оның есімін қалың жұртқа танытты.

1764-1766 жылы Тулуз қаласында «Халықтар байлығының табиғаты мен пайда болу себептерін зерттеуі» атты еңбегін бастайды. 1767 жылы Шотландияға келіп «Халықтар байлығы . . . » еңбегін аяқтайды. Сол жылы жарық көрген автордың шығармасы оның есімін әлемге жаяды.

2. 1. 1 А. Смиттің құн теориясы

А. Смит товардың тұтыну құны және құны болатынын айта отырып, біріншісін назардан тыс қалдырды. Мұның себебі А. Смит тұтыну құны түсінігіне шекті пайдалықты емес, толық , яғни жетілген заттың, игіліктің адам қажеттін қанағаттандыру мұмкіндігі және нақты емес, жалпы. Сондықтан оған тұтыну құны товардың айырбас құнының шарты бола алмады.

А. Смит тұтыну құнын қараудан бас тартып, айырбастың себебі мен механизмін, айырбас құнының мәнін білуге ұмтылып, нәтижесінде мынадай қорытынды жасайды: жұмысшылардың сандары бірдей еңбектерінің құны «барлық кезеңде, барлық жерде бірдей, сондықтан тек еңбек олардың (товардың) шын бағасын, ал ақша олардың номиналды бағасын құрайды».

Смиттің еңбек құнының тұрақтылығы және тұрақты шығындар жағдайында әр товар санының өндіріс шарттары болды деген стенциясы ешқандай сын көтермейді, өйткені өндіріс көлеміне қарай шығындар да өзгеріп отырады.

Өзінің басқа бір тезисінде - еңбек товарлардың шын бағасын құрайды дегенде - А. Смит екі жақты позициясымен дамытады. Соңғы смитиндықтар бұдан товар құнының еңбектік жаратылысын көрсе, екіншілері - шығындар арқылы болады деп есептейді. Тезистің шын дамуы төмендегідей: «Халықтар байлығының . . . » авторы «еңбек жалғыз жалпы бұкіл және бірден - бір дәл құнының өлшемі болады . . . , сол арқылы барлық кезде, барлық жерде әр түрлі товарлардың құндарын өзара салыстыруға болады».

Бірақ, екі жолдан кейін толықтыру жасайды. Біріншісі бойынша «жерді жеке меншікке айналдыру мен капиталдың қорлануына дейінгі алғашқы қауымдық және дамуы төмен қоғамда ғана еңбек санының ара қатынасы бірімен бірін алмастыруға болатын бірден - бір негіз».

Екінші толықтыру бойынша - құн табыстардың қосындысы арқылы анықталады (жалақы, пайда және рента), өйткені «әрбір дамыған қоғамда құнның аталған үш бөлігі көптеген товарлардың аз, көп мөлшерде бағасына кіреді».

Сонымен, келтірілген толықтырулар құн (құндылық) теориясымен байланысы А. смитті құнның еңбектік теориясынан алшақ, шығындар теориясына жақын деуге болар еді. Алайда, оның позициясының екі жақтылығына күмәндану 1- кітабының 8 - тарауындағы бағаны құрайтын барлық табыстардың еңбекпен жасалатындығын айтқанда су сепкендей басылады. Өйткені табыстармен байланысты шығындар бағаны құрайтыны назардан тыс қалады. «Халықтар байлығының . . . » авторы рента - жерді өңдеуге кеткен еңбек өнімінен алғашқы алым, жалақы - еңбек өнімі «еңбек үшін табиғи сыйлық».

2. 2 Классикалық политэономия эвалюциясының үшінші кезеңі

2. 2. 1 Рикардоның құн теориясы

Постманфактуралық кезеңінде, яғни ХІХ ғасырдың бірінші жартысында экономикалық ғылым тарихында А. Смитті жақтаушылар деп алдымен Д. Рикардо, Ж. Б. Сэй, Т. Мальтус, Н. Сениора, Ф. Бастия және т. б. экономистерді айтады. Олардың шығармаларында «жаңа» кезеңнің таңбалары бар, олар экономикалық ғылым тағыда «Халықтар байлығындағы . . . » экономикалық категориялар мен теорияларды зерделеу қажет деп санайды.

Давид Рикардо (1772-1823) - Англияның классикалық политэкономиясының жарық жұлдызы, А. Смиттің теориялық мұраларын әрі жақтаушысы, әрі оппоненті.

Ол - Англияға келген испан-голланд еврей жанұясының ұрпағы. Лондонда дүниеге келді. Биржа маклерінің 17 баласының үшіншісі еді. Д. Рикардо колледж, университетте оқи алмады: әкесінің ықпалымен бала кезінен коммерцияның негіздерін білді, әкесіне сауда және биржа операцияларында көмектескен. Д. Рикардо, өзі айтқанындай, экономикалық ғылыммен айналысуы 1799 ж. А. Смиттің «Халықтар байлығын . . . » оқығаннан кейін басталды.

Ғалым ретінде - «Политэкономия және салық салудың бастамасы» (1817) еңбегіне сүйене отырып, оның тамаша таласкер және жоғары ғылыми этикасы - бүгінгі үлгі алар қасиеттер.

Өзінің әйгілі «Политэкономияның бастамасы . . . » еңбегінің кіріспесінде Д. Рикардо Смиттің қоғамды үш топқа (жер иелері, капиталистер, жұмыскерлер), ал табысты рента, пайда және жалақыға бөлуін басшылыққа алып, политэкономияның басты міндетін түзейді. Оның ойынша, бұл міндет - «осы бөлуді басқаратын заңдарды анықтау».

Сөйтіп, оны А. Смит сияқты қызықтыратыны - болмай қоймайтын экономикалық «заңдар», оларды білу материалдық өндірісте жасалған табыстарды бөлуді басқаруды мүмкін етеді.

«Бастамасының . . . » жетінші тарауын Д. Рикардо құн теориясына арнады. Ол Смиттің бұл категориясындағы екі жақтылық қасиетін жоққа шығарды. Ол үзілді - кесілді бір фактор - «құнның негізіне еңбек жатады» деп көрсетті. Бұл тұжырым бойынша: «басқа товарларға айырбасталатын товар құны немесе басқа товарлар саны оны өндіруге қажетті еңбек санына қарай еңбекке төленетін көп, аз сыйлыққа байланысты емес».

2. 2. 2 Ж. Б. Сэйдің құн теориясы

Жан Батист Сэй (1767-1832) Францияның Лион деген қаласында купец жанұясында дүниеге келді. Сол кезге сай білім алған ол отбасының кәсіпкерлік дәстүрін жалғастырады. Ж. Б. Сэй өз бетімен білімін тереңдетеді, әсіресе саяси экономияны зерделейді. Ол үшін, соңынан белгілі болғанындай, А. Смиттің «Халықтар байлығына . . . » ерекше мән береді, мұндағы идеялар Францияға, тіпті бүкіл адамзат үшін игілік әкеледі деп ойлайды. Оның бастапқы кездегі еңбегі - «Политэкономия трактаты немесе байлықты жасау, бөлу және тұтыну тәсілін қарапайым түсіндіру» деп аталатын кітабы (1803) - бір қарағанда А. Смиттің идеясын ашып, қайталағандай болды. Осыны жариялағаннан кейін Ж. Б. Сэй және оның ағылшын әріптестері өздерінің еңбектерін терең жетілдіріп, толықтырып, жаңартып тірі кезінде бес рет бастырады. 1817 жылы өзінің «Политэкономияның катехизі» атты кітабын шығарды. Өлерінен бірнеше жыл бұрын (1828-1829) Ж. Б. Сэй жиынтық жұмысын - «Қолданбалы политэкономияның толық курсы еңбегін шығарды».

Ж. Б. Сэйдің өндірістің үш басты фактор теориясының пайда болуы Смитті жақтаушулардың қарама-қарсы пікірлерінің нәтижесінен шығады. Айталық, ХІХ ғасырда Мальтустің өндіріс шығындары теориясы Сэйдің еңбек, капитал және жер өндірістің басты факторлары деген тұжырымына түгелдей негізделген. Сондықтан, егер Д. Рикардо, социолист-утопистер, С. Сисмонди, К. Маркс және басқалары А. Смиттің «өсиетіне» сәйкес, товарлардың (қызметтің) құнының бірден-бір көзі - еңбек десе, басқа түрлі ағымдар мен мектептердің экономистері басты нүктені - Сэй - Мальтус тұжырымдарынан бастады: товарбың құны өндіріс процесіндегі кәсіпкерлер меншігі өндіріс құрал-жабдықтарының (капитал факторы), жалақы (еңбек факторы) және рента (жер факторы) шығындарынан тұрады.

Нәтижесінде Смит - Рикардоны жақтаушылар пайда мен рентаны жұмысшының құнынан алынғанын көрді, капиталдың еңбекті қанауын, таптар антагонизмін байқады.

Сэй мен Мальтус жақтаушылар өздерін смитиандықтар деп атап, товар құнын, таптардың табысын бірлескен еңбектен және таптардың бейбіт ынтымағынан көрді.

Тек ХІХ ғасырдың аяғында марженалистердің екінші толқыны, әсіресе Марщалл және басқалары құнның еңбектік теориясы мен өндіріс шығындар теориясының тұйыққа тірелгенін, өйткені бұлардың негізінде шығындар принципі жатқанын дәлелдеді.

Ж. Б. Сэйдің құн теориясында жоғарыда айтылғандармен бірге бұл жөнінде оның ұстазы А. Смиттегі сияқты бірнеше анықтамалары бар. Мұнда Сэй өзінің ұстазын қайталап қана қоймай, «жаңалықтар» ашу ниетінде импроизацияға барады. Мысалы, Смиттің товардың екі қасиеті - айырбас құны мен тұтыну құны бар деген тұжжырымын келтіріп, Сэй заттардың (товар) пайдалылығы мен құндылылығының өзара байланысына баса назар аударады.

Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «заттың бағалылығы оның пайдалылығының өлшемі». Сөйтіп, Сэй құнды тек жұмсалған еңбекпен өлшеумен қатар, еңбек өнімінің құндылық дәрежесін көрсетеді.

2. 2. 3 Т. Мальтустың құн және табыс теориясы

Томас Роберт Мальтус (1766-1834) - Англияның классикалық политэкономиясының көрнекті өкілі. Бұл ғалымның шығармашылдығы негізінен ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде қалыптасты, бірақ оның ғылыми ізденістері бүгінгі экономикалық теория үшін де маңызды.

Т. Мальтус, басқа да классиктер сияқты, политэкономияның міндетін өндіріс саласын дамыту арқылы қоғамдық материалдық байлықты молайтудан көрді. Сонымен қатар, бұл салада оның өзіне тән ерекшелігі - экономикалық өсуді халық өсуімен байланыстыруы. өйткені оған дейінгі экономикалық либерализм жағдайында халықтың өсуіне ұлттық шаруашылықтың игі әсері бар деп есептелді.

1798 жылы «Халық өсуі заңының тәжірибесі» деген еңбегі жасырын атпен шықты. Ғылыми жұмысын жалғастыра отырып, 1815 жылы Т. Мальтус тағы бір шығармасын жариялайды. Бастапқы сөздері А. Смит еңбегін қайталады. Т. Малтустің «Жер рентасының табиғаты мен өсуінің заңдылықтары» шығармасында ол рентаның жаратылысын табиғаттан бастайды, оның түзілуі мен өсуінің механизмін ашқысы келді. 1820 жылы Т. Мальтус өз шығармашылығының басты еңбегі - «Политэкономия принциптерін» шығарады.

Жоғарыда Ж. Б. Сэйдің үш фактор теориясы ХІХ ғасырдың экономист - классиктердің теориялық көзқарастарында маңызды орын алғанын айттық. Бұл әсіресе Т. Мальтустың құн теориясынан анық көрінеді.

Айталық, Мальтус бойынша құнның негізіне өндіріс процесіндегі шығындар - еңбек, капитал және жер жатады. Сөйтіп, Смит-Рикардо теориясын жақтаушылардан оның құнның шынғындық теориясының айырмашылығы - құнның көзі ретінде еңбекпен қатар жер мен капиталды мойындайды.

Т. Мальтустің табыстар теориясы Ж. Б. Сэйдің, тіпті, Рикардоның тұжырымдарымен үндеседі. Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, постмануфактуралық кезеңдегі экономист-классиктер Т. Малтустың «жалақының темірдей теориясын жақтады. Ол халық өсуі теориясынан бастау алады, осыған байланысты жалақы өспейді, ол төменгі деңгейде қалады».

Жоғарыда айтылғандарға қосарымыз, Т. Мальтус табыстар теориясында Рикардоны қайталады. Екі автор да табысты бағаның құрамды бөлігі деп қарады. Мальтус оны құннан (бағадан) бөлу үшін өндіріс процестеріндегі еңбек пен капитал шығындарын есептеу керек деді.

2. 3 Классикалық политэкономия эволюциясының төртінші кезеңі

2. 3. 1 Дж. Милльдің құн теориясы

Джон Стюарт Милль (1806-1873) - классикалық политэкономияны аяқтаушылардың бірі. Оның әкесі Дж. Милль экономист, Д. Рикардоның жақын досы - баласының тәрбиесін қадағалап отырды. Сондықтан кіші Милль он жасқа толғанда әлемнің грек, латын тарихына, әдебиетіне шолу жасады. Римнің тарихын жазды, философия, политэкономия тағы басқа ғылымдарды зерделеді. Өзінің бірінші еңбегі политэкономия бойынша «Тәжірибесін» Дж. С. Милль жиырма үш жасында жариялады. 1843 жылы оның философиялық жұмысы «Логика жүйесі» шығып, оның беделін өсірді. Басты еңбегі (А. Смит сияқты ьес кітабы) «Политэкономия негіздері» деген атпен 1808 жылы басылып шықты.

Дж. С. Милль құн теориясын бес кітаптық еңбегінің үшіншісінде жзады. Бірінші тарауында айырбас құны, тұтыну құны, құн және т. Б. ұғымдарды қарап, ол құнның (құндылық) барлық товарларда бір мезгілде мүмкін еместігіне, өйткені құн деген түсінік салыстырмалы екендігіне назар аударады. Ал төртінші тарауында (3 - кітап) «Негіздердің . . . » авторы Д. Рикардоның тезисін қайталады: құн еңбекпен жасалады, ол товар игіліктері өндірісі үшін қажет. Еңбек санының құн өзгерісінде басты маңызы бар. Құн теориясында Дж. С. Милль позициясының ортодоксальды сипатын ескере отырып, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты М. Фридмен қазіргі экономист - ғалымдарға мынандай үлгі боларлық ой айтты: «Экономикалық құбылыстар күрделі және түрліше болады деп айтылған әрбір тұжырымдар білімнің шығармашылыққа мағына беретін өтпелі сипатын жоққа шығарады. Бұл Дж. С. Милльдің әділ мысқылымен қатар тұр: «Бақытымызға орай, құн заңында қазіргі (1848) немесе болашақ авторларға ештеңе қалған жоқ, бұл пәннің теориясы аяқталған».

2. 3. 2 К. Маркстың құн теориясы

К. Маркс (1818-1883) - классикалық политэкономияны аяқтаушы ретінде экономика ілімін тарихында айтарлықтай із қалдырды. 1849 жылы өзінің газеті арқылы «Жалдамалы еңбек және капитал» деген еңбегін жариялаған. К. Маркс қалған өмірін (1850-1883) Лондонда өткізіп, көптеген шығармалар, соның ішінде «Капиталды» жазды. «Капиталды» ол өзінің ең басты еңбегі деп жариялады.

Құнның еңбектік теориясы туралы әңгіме «Капиталдың» бірінші томының бірінші тарауында болады. Мұнда товарлар айырбасының принципі туралы тезис түзеледі: оның құндылығы өндіруге кеткен еңбектің санына сәйкес келуі керек. Еңбектің сапасындағы айырмашылықты, яғни еңбектің түрлі қарқынын, мамандығын есепке ала отырып, одан әрі орташақоғамдық еңбек, дәлірегі - қоғамдық қажетті жұмыс күні немесе сол кездегі еңбектің қарқындылығы мен біріктілігі орта деңгейі деген факторлар енгізілді. Сөйтіп, еңбек шығындарын өлшеуге негізделген трактовканы К. Маркс бірден бір дұрыс трактовка деп есептейді. Алайда, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес товар бағасы оның құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Капиталдың үшінші томының бірінші - үшінші тарауларында каузальды амалдарын қолданудың үлгісін көрсетеді: К. Маркс өндіріс бағасы концепциясын негіздейді: оның бірінші құн категориясына қарағанда екінші қатардағы екенін дәлелдейді. Өніріс бағасын сатып алу бағасымен байланыстырады. Негізгі дәлел үшінші томның тоғызыншы - оныншы тарауларында келтіріледі. Мұнда тек жай товар өндірісінде, яғни рынок экономикасына дейін және капитализм тұсында капиталдың орташа органикалық құрылымы деңгейіне сәйкес бағалар тек товар құнымен реттеледі. Дамыған капиталистік экономика тұсында, К. Маркстің ойынша, құндылықтың (құнның) өндіріс бағасына ауысуы астарында құндылықтың негізі бүркеленді, бақылаудан тыс қалады.

Сонымен К. Маркс құнның еңбектік теориясынан қол үзбейді. Тек дамыған экономикада құнның бағаға ауысуы мен оның негізгі - еңбек бақылаудан тыс қалады, сондықтан өндіріс бағасы - А. Смит айтқандай, табиғи баға; мұны Д. Рикардо - өндіріс бағасы немесе өндіріс құны; физиократтар - қажетті баға, яғни ұсыныстың қажетті шарты деп атайды.

Ең соңында екі резюме - марксистік (Кондратьев бойынша) және марксистік емес (Блауг) . Біріншісі - егер құндылық ілімінің жеке бөліктерін ескермесе, онда Маркс теориясы - еңбек теориясының жоғарғы түрі. Екіншісі бойынша - марксистердің айтқандарының бәрі мынаған саяды: егер бағалылықты еңбек теориясынан бастамаса, онда капиталистер еңбек процесіне қатыспай тұрып, өнімнің бір бөлегін алады дегенді түсіндіре алмаймыз.

ІІІ - тарау. Экономикалық ойдың неоклассикалық бағыты

3. 1 Маржиналистік төңкерістің бірінші кезеңі

ХХ ғасырдың соңғы отыз жыл бойында классикалық политэкономияны марженалистік экономика теориясы ауыстырды. Мұндай ауысудың мүмкін болуы - ғылымдағы, әсіресе, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы прогрестің нәтижесі және экономикада шаруашылық жүргізудің монополистік белгілері күшейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классикалық экономикалық теорияның негіздері, қосымша құн және пайда теориясы
Экономика ілімдерінің тарихы
Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар
А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең
Экономикалық ойлардың пайда болуы және теорияның даму кезеңдері
Құн және қосымша құн теориясы
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz