Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ..3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... .5
1.1 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы ұғымы және оның түсінігі ... ... ... ... ... .5
1.2 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлері ... ... ... ... ... ..12
2 АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Құқыққа қарсы мінез және себепті байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Кінә және зиян азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық- құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
1. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995. – 85 б.
2. ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001. – 36 б.
3. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992. – 187 б.
4. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997ж., 17 сәуір
5. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 49 б.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: / Оқу құралы (Жалпы бөлім) // Жауапты.ред. Г.И.Тулеугалиев, К.С.Мауленов. – Алматы: Данекер, 1999. – 270 б.
7. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық, практикум (жалпы және ерекше бөлім). – Алматы, 2006. – 39 б.
8. Е.А.Ахтышхан. Қазақстан Республикасында тұрғын үйге меншік құқығын қорғаудың кейбір мәселелері. // «Наука и ее роль в современном мире» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Қарағанды.: Болашақ-Баспа, 2009. – 53 б.
9. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992. – 74 б.
10. Досжанов Ж.Б. Азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік: теориялық аспектісі: заң ғылымдарының кандидаты дəрежесін алу үшін ұсынылған диссертациясы. - А., 2008. – 99 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы ұғымы және оның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлері ... ... ... ... ... ..12
2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Құқыққа қарсы мінез және себепті байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Кінә және зиян азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін жауапкершілік түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық- құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі ерекше бөлімінде жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Балин,М.К.Сүлейменов, А.Г. Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А. новтардың пікірінше азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің ескерту- тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Жұмыстың өзектілігі. Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда - саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау болып табылады
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы ұғымы және оның түсінігіне тоқталу;
азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлеріне баға беру;
құқыққа қарсы мінез және себепті байланысты анықтау
кінә және зиян азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты ретінде қарастыру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері, өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. Бұл мінездің қоғамымыздың құқықтық жүйесінің қалыпты орнығуында үлкен маңызға ие заңдық жауапкершіліктің аспектілері болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - азаматтық-құқықтық жауапкершілік болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы ұғымы және оның түсінігі

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы - ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те - міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік. [1]
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21 проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады. Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды. Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық - құқықтық қатынас нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық - құқық мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттердіорындауда басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, - деп жазады В.Ф. Яковлев, - құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады. [2]
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр.Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың адамдардың жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен көрінеді деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса, жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей заңда қарастырылады.(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап),кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық- өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.
О.Э. Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен келіспейтіндігін білдіреді.Ол міндеттілігі арқылы жауап беру, есептеу мүліктік жауапкершіліктің мазмұнын аша алмайды, себебі келісім-шарт міндеттемелерін бұзушы немесе мүлікті ұғым зиян келтіруші жәбірлеуші алдында жасаған зиянды әрекеттері үщін есеп беріп қана қоймай шығынның орнын толтыруға, айып төлеуге заң алдында жауапты.Істің шын мәнінде келгенде негізделген айып тағылып отырғанда келісім-шарт бұзушының немесе зиян келтірушінің жәбірленушіге жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері, қиыншылықтары, кемшіліктері жіберілгендігі, құқық бұзушылықтың жай күйі жөнінде құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды қайтарып алу үшін сотқа немесе арбитражға берудің орнына қарсы жақты есебін оқып, отырумен шектеліп қалуы дұрыс па?-дейді.
О.Э. Лейст жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл жөнінде не деуге болады.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады.Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.
Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады.
Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте кімге есеп беру керек деген мәселе төңірегінде ойланып көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі.
Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте. [3]
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет.Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.
Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз міндеттілек белгісі - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік - бұл бірдей емес. Жауапкершілік - бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып жатады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты жою шарасы ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де міндеттеме орындалмаса, немесе тиісінше орындалмаса, онда міндеттеме бұзылады деп келтіріп қоймай, сонымен ақша-тауар қатынасына әсер етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды нәтиже болмау үшін азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін санкция ретінде азаматтық құқықтық жауапкершілік қолданаылады.
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық жауапкершілік туындай бермейді. Егер де міндеттеменің орындалмауы салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге қайтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін мәжбүрлеу жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша міндет жүктеумен байланысқан санкцияларды түсіну керек. Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме жүктеуі мүмкін немесе оған тиісті азаматтық субъективті құқығынан айырылады. Егер де тараптар мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен жасалған болса, онда алданған тарап мәміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле азаматтық заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар қолданылмас еді. Құқық бұзушыға қосымша міндет жүктейтін санкция түрі азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Сонымен, азаматтық құқықтың жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесес оған тиесілі азаматтық құқығынан айыратын санкция түрлерін түсіну қажет. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен сәйкес келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі, алайда жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің туынды міндеттемені орындаудан босатады.
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау: міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін. [4]

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлері

Жауапкершілік түрлері - Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы - тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.
Заңдылық мағынасына қарай шартты және шарттан тыс жауапкершіліктің заңмен және шарттың жағдайларына қарай белгіленеді.Тараптар шартқа отыру кезінде заңда қарастырылмаған жауапкершілікті құқық бұзушылык үшін белгілей алады немесе заңмен салыстырылғанда жауапкершілік мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға құқылы.
Шартта және шарттан тыс жауапкершілікті ажыратудың қажеттілігі олардың әртүрлі ережеге бағынуына байланысты туындап отырады. Сонымен, егер зиян талапкерге шарт жасамай-ақ келтірілсе, онда ол өтелутиіс. Тараптық шартқа отыру кезінде зиян келтіргені үшін жауапкершілік көзделіп, бірақ ол міндеттемені орындаудан бас тартса, осы шарттың құқықтық қатынасты реттейтін заң бойынша жауап береді. Жауапкершіліктің сипатына байланысты бірнеше түрге: үлесті, солидарлы және субсидиарлы жауапкершілік деп ажыратуға болады.
Үлесті жауапкершілік егер несие берушіге борышқорлардың әрқайсысы заңға және шартқа сәйкес үлесті түрде жауапкершілікте болса орын алады. Үлесті жауапкершілік жалпы ережедегі мағынаға ие заңмен мөлшері белгіленген болса, онда тараптардың әрқайсысына теңдей үлес мөлшері пайда болады.Мысалы, тұрғын үйдің меншік иелері сатып алушының алдында үйдің кемшілігі үшін жалпы үлесті меншікте болады.
Солидарлы жауапкершілік егер заңмен немесе шартпен бекітілген кезде қолданылады. Залалды бірігіп келтірген тараптар солидарлы жауапкершілікте болады. Солидарлыжауапкершілікте несие беруші кез-келген жауапкерден бөлшектей немесе толық көлемде өндіріп алуға құқылы.
Солидарлы жауапкершілік несие берушіге тиімді болып табылады. Өйткені, ол кез- келген жауапкерден толық көлемде өндіре алады. Мысалы, егер азаматқа бірнеше тараптар бірлесіп зиян келтірсе, онда ол зиянды зиян келтірушінің ішінен залалды қалпына келтіруі мүмкін немесе ақшалай қаражаты бар тарапынан толық көлемде өндіре алады.
Азаматтық кодекстің -77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестің салымды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.Субсидиарлы жауапкершілік егер міндеттемеде екі борышқор болып, оны біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша (субсидиарлы)болғанкезде орын алады. Бұл кезде несие берушінің алдына субсидиарлы борышқор негізгі борышқорға қоса қосымша жауапкершілікте болады. Осындай субсидиарлы жауапкершілік заңмен, басқа нормативті актімен немесе міндеттеменің шартымен белгіленуі мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.
Азамматтық кодекстің 257-бабы субсидиарлы жауапкершілікке арналған;
1.Заңдарға немесе міндеттеменің шарттарына сәйкес негізгі борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершілік) басқа адамның жауапкершілігіне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейін кепіл беруші талапты негізгі борышқорға қоюға тиіс.
2. Егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлігі субсудиялық жауапкершілігі бар адамға қойылуы мүмкін.
3. Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (осы кодекстің 370-бабы) не негізгі борышқордың есебінен өндіріп алу арқылы қанағаттандырылуы мүмкін болса, несие беруші өзінің негізгі борышқорға қоятын талабын субсудиялық жауапкершілігі бар адам оған несие беруші қойған талапты қанағаттандыруға дейін бұл туралы негізгі борышқордың несие берушіге қарсы айтайындеген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершулуктері барадамның регрестік талабына қарсы қоюға құқығы бар. Міндетте бұзылған жағдайда алғашқы талапнегізгі борышқа қойылады және одан талап толық қанағаттандырылған жағдайда талаптың өтелмеген бөлігі субсидиялы борышқа өтеді.
Субсидиялы борышқорға талап қою үшін алдын-ала негізгі борышқорды банкрот деп тану немесе оны мүлкіне мәжбүрлеп өндіру қолдану міндетті емес. Ол үшін міндеттемені толық көлемде орындау талабына бастарту (айып төлеу және зиянды өтеуді қосқанда) немесе осындай талапты нақты орындамау жеткілікті.
Талапты қанағаттандырған субсидиялары борышқор міндеттеменің негізгі борышқордың бұзылуымен болған, бірақ өзі өтеген барлық шығындарды регресті талап қоюы арқылы негізгі борышқордан өндіріп алуға құқылы. Несие берушінің субсидиялары борышқорға осындай талап қоюға құқылы төмендегі шарттардың болуымен байланысты:
А) негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса;
Б) несие беруші қойылған талаптан ақылға қонымды мерзім ішінде жауап ала алмас.
Алайда несие беруші өзінің талабын субсидияларын борышқордың қанағаттандыруын көрсетілген жағдайлардың бар болғаны өзінде де қоя алады. Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы талап қою арқылы негізгі борышқордан даусыз өндіруге мүмкіндік туса осылай деуге себеп, ұқсас жағдайлардан несие берушіден ешқандай қиындықсыз субсидиялары борышқорға талап қоймай-ақ өзінің талабын негізгі борышқордан қанағаттандыра алады. Несие беруші негізгі борышқорға ақшалай қарызды өндіруге талап қойып, өндіре алмаған жағдайда бұл туралы талапты субсидия арлы борышқорға қоюға құқылы емес. Азаматтық Кодекстің 368-ьаьы мен 370-бабы осының дәлелі:
1. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.
2. Міндеттеме борышқор несие берушінің келісімімен оны орындауды өзгерткенде тоқтатылуы мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 370-бабы бойынша:
1. Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету негізінен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлек-бөлегімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті:
2. Мына талаптарды: 1) егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімі қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе, 2) азаматтықөмірінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы, 3) алимент өндіріп алу туралы, 4) өмірбойы асырау туралы талаптарға, 5) заңда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берілмейді.
3. Талап борышқор талап етуді беру туралы хабарды алған кездегі негізінен туындаса және талап мерзім оны алғанға дейін туса, не ол мерзім көрсетілмесе немесе талап ету кезімен белгіленсе ол есепке жатқызылады. Субсидияларды жауапкершілігі бар тарап несие берушінің талабы бойынша талапты қанағаттандырғанға дейін, бұл туралы негізгі борышқорды ескертуі қажет. [5]
Негізгі борышқор несие берушінің міндеттеменің орындау туралы талабын қанағаттандырылмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімделуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие берушімен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Ал, егер негізгі борышқорға талап қойылған болса, негізгі борышқорды іске қатыстыруы қажет. Несие берушіге қарсылығын негізгі борышқор субсидияларды борышқорға қарсы талап қою арқылы білдіре алады.
Субсидияларды жауапкершіліктен борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктен ажырата білуімізқажет. Бұл тек қана міндеттемені орындалуы борышқормен үшінші жаққа жүктелген кезде орын алады. (Азаматтық Кодекстің 276-бап)
1. Егер заңдарда немесе шарттарда көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттеме орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.
2. Егер заңдардан міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.
3. Несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы және басқа құқықтарынан айырылу қаупі төнген үшінші жақ несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыра алады. Бұл ретте міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы үшінші жаққа өтеді.
Субсидиялар борышқорға қарағанда үшінші жақ несие берушімен азаматтық құқықтық қатынасқа түспейді. Жалпы ережеге сәйкес несие
беруші өзінің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған міндеттеме үшін талабын орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған үшінші жаққа емес, тек қана өзінің борышқорына қояды. Бұндай жағдайларда талапты міндеттеменің орындалмаған немесе тиісінше орындалмағаны үшін үшінші жаққа емес борышқор жауапкершілікте болады. (Азаматтық Кодекс 363-бап).
1. Үшінші жақтардың борышқор алдындағы өз міндеттеріне қатысты әрекетіне әрекетсіздігі міндеттемені бұзудың себебі болғанда да борышқор несие берушінің алдында жауап береді. Егер заңдарда тікелей орындаушы жауап береді деп белгіленбесе, борышқор несие беруші алдындағыөз міндетін жүктеген үшінші жақтардың әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де жауап береді.
2. Борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігіне міндеттемені жауапкершіліктен олардың кінәсіздігі дәлелденгеннен кейін босатылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Заңды жауапкершілік
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Қылмыстық жауапкершілік
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жауапкершілік
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Пәндер