Әкімшілік құқықтық басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... .5
1.1 Әкімшілік құқықтың негізгі түсінігі және қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Әкімшілік құқықтың белгілері мен түрлері ...
2 ӘКІМШІЛІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... .16
2.1 Әкімшілік.құқықтық қатынастар . мемлекеттік басқару үрдісі ретінде ... ... .16
2.2 Әкімшілік.құқықтық реттеу механизмі ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік –мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
1. Башов .Е. “Әкімшілік құқық”. Оқулық Алматы 2007 ж 80-89 беттер аралығы.
2. “Административное право”.учебник Алматы. “Жеті жарғы”.1996 ж.
3. Юсупов В.А. “Теория административного права”. Москва 1985ж.
4. Ибрагимов Х.Ю. “Административное право”. Алматы 1999 ж.
5. Бахрах Д.Н. “Административное право”. Москва 1996 ж.
6. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы. 06.09.2002ж./ Егемен Қазақстан 07.09.2002ж.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тәуелсiздiгi: тарих тағылымдары және қазiргi заман. Егемен Қазақстан, 17.12.1996.
8. Таранов А.А. Административное право. Академиялық курс. Жалпы бөлім. А.,2002 ж.
9. Таранов А.А. Админситративное право, академиялық курс, Ерекше бөлімі. А.,2002 ж.
10. Бахрах Д.Н. Админситративное право. М., 1996 ж.
11. Тихиморов Ю.А. Курс административного права и процесса. Юринформцентр. 1998 ж.
12. Административное право. Оқулық. Агапова А.Б. Городец ред-мен. 1999 ж.
13. Правовые поблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Сапаргалиев Г.с. Ред. Астана 2003 ж.
14. Алехин А.П., А.А. Кармолицкий, Ю.М. Козлов. Административное право РФ. М., «Зеркало» 1996 ж.
15. Прутников А.С., Андриашин Х.А. Админситративно-правовое обеспечение прав и свобод человека и гражданина. М., «ЮНИТИ» 1998 ж.
16. Таранов А.А. Административная ответственность в Республике Казахстан. А., 2002 ж.
17. Практикум по административному праву. Изд-во БЕК М., 1996 г.
18. Овсянко С.В. Административное право РФ. С., 2002 г.
19. Жатканбаева А.Е. Законодательство РК об административной ответственности. А., 2002 ж.
20. Жетписпаев Б.А. Админситративный процесс. А., 2002 ж.
21. Админситративная ответственность в СССР. Воронеж 1970 ж.
22. Бахрах Д.Н. Административно-правовые санкции. М., 1972 ж.
23. Галаган И.А. Административная ответственность в СССР. Воронеж 1970 ж. Комментарий к КоАП РСФСР. М., 1997 ж.
24. Таранов А.А. комментарий в КоАП РК. 2 кітапта. Алматы. Норма-К, 2002 ж.
25. Дюрягин И.Я. Право и управление. М., 1981 ж.
26. Старилов Ю.Н. Административная юстиция. Теория, история, перспективы. М., норма – ИНФРА, 2001.
27. Советское административное право. Васленков ред-мен., Юрид. Лит-ра.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Әкімшілік құқықтық басқару
Пәні: ҚР әкімшілік құқығы

Тексерген:
Жакаева Г.К.
Орындаған:
Шегенова Д.

Петропавл, 2017
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Әкімшілік құқықтың негізгі түсінігі және қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Әкімшілік құқықтың белгілері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Әкімшілік-құқықтық қатынастар - мемлекеттік басқару үрдісі ретінде ... ... .16
2.2 Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік - мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен ҚР-да құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп комплексі, көлік пен байаныс, қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, халыққа қызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер)саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың проблемаларының бірі - өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы болып отыр.
Бұл проблемалардың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақты жолдары ҚР Призиденті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан - 2O3O жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.
Құқық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатын бақылау қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде.
Прогессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, мемлекеттің к аппаратқа терең тамыжайған құқықтық мойынұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде. Осыған байланысты аталмыш тақырыпты қарастыру өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі кездегі еліміздегі әкімшілік-құқықтық басқарудың өзіндік рөлін қарастыру және талдау жасау болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Әкімшілік құқықтың негізгі түсінігі және қайнар көздеріне талдама жасау;
Әкімшілік құқықтың белгілері мен түрлеріне тоқталу;
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - мемлекеттік басқару үрдісі ретінде және әкімшілік-құқықтық реттеу механизмін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - әкімшілік құқықтық басқару түрлері мен қатынастары болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Әкімшілік құқықтың негізгі түсінігі және қайнар көзі

Қазіргі кезде Әкімшілік құқық терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы: оқулық, әдебиеттерде әкімшілік құқық - тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген. ″Әкімшілік құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп аталған. Әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері:
- Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы;
- Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
- Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдардың және азаматтардың басқару қызметі болып табылады.
2. Белгілі құқықтанушы С.С.Алексеегвтің пікірінше, құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның ішкі талаптарынан туындаған, атап айтқанда: таптық, саяси күрестен, этникалық, топтық және басқа қатынастардан, жеке жанжалдардан туындаған аса күрделі әлеуметтік жағдайға азаматтық бейбіт өмір, келісім, татулық, тыныштық, әр түрлі мүделлерді ескерту, өзара, үйлесімді түсіністік принциптеріне тұрғызылған тұрақты және берік нормативтік басқаруды енгізу. [1]
3. Кей мамандардың бұл саланың маңызын төмендетуге құлшынған әрекеттеріне қарамастан әкімшілік құқық құқықтар жүйесіндегі алдыңғы позициялардың бірін алады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару формасындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекіткен жағдайда әкімшілік құқық нормаларына мұқтаждықтың өсуі мұның айғағы бола алады. Айта кететін бір жағдай - әкімшілік құқық дегеніміз - ол тек басқару құқығына ғана емес, жеке қатынастарды жария бастамалар деңгейіне дейін өзгертетін арнайы ұйым.
4. Әкімшілік құқық көздері терминін басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс - әрекет ережелерін баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді. Құық көзі болып саналу үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:
- субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қаракет ережелері болуға;
- практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданылады;
- әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасауы үшін негіздемелері болуға;
- елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге, ғылыми құқықтық диктринаға сәйкес келуге. [2]
Әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері:
- Конституция.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.
- Мемлекетттік қызмет туралы заң.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заң.
- Мемлекет басшыларының жарлықтары, Үкімет және Конституциялық кеңестің қаулылары, Министірлердің бұйрықтары, әкімдердің шешімдері.
5. Әкімшілік құқықтың 3 әдісі бар:
- тапсырма беру.
- рұқсат ету.
- тиым салу.
Тапсырма беру - бұл субъектіге қандай да бір нақты әрекет жасау міндеті.
Рұқсат ету - бұл субъектіге қандай да бір әрекет жасауға не өзі қалауы бойынша, оны жасауға рұқсат беру.
Тиым салу - бұл заңмен тиым салынған әрекеттерге тиым салу.
6. Әкімшілік кодексі 2001 жылы 15 шілдеде қабылданды. Бұл кодексте әкімшілік жазалар қарастырылған. Жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдық әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Бұл әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері болып табылады. Әкімшілік құқықта Жалпы және Ерекше бөлімдері бар. Жалпы бөлімде мыналар көрсетілген: әкімшілік құқықтың негізгі институттары (әкімшілік құқыққа кіріспе, әкімшілік құқықтық ноормалар мен қатынастар, әкімшілік құқық субъектілері, атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың формалары мен әдістері). Ерекше бөлімде: әкімшілік құқық институттарын біріктіретін және мемлекеттік биліктің кейбір өрістеріне (мемлекеттік меншікті, білім беруді, әділет органдарын басқару) әрекет ететін нормалар қамтылған. [3]
7. Заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық ғылымы ретінде және құқық саласы ретінде қарастыру мәселесі ол уақытқа дейін талас тудыруда. Француз ғалымы Р.Драго мемлекеттік басқару ғылымын басқа ғылымдардың, политологияның, құқық теориясының, құқық социологиясының амалдары мен әдістерінің өзіндік ғылыми қиылысы деп санайды. Негізінен әкімшілік құқық ғылымы заң ретінде жүргізіледі.
1. Әкімшілік құқық, құқықтың басқа салалары сияқты, заң нормаларынан тұрады. Әкімшілік норма ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
- заңдастырылған ережелер негізінде басқару.
- ережеде белгіленген жария мүделлер үшін басқару.
Әкімшілік құқық нормалары дегеніміз - орынды, заңмен рұқсат етілетін іс - қарекеттің мемлекеттік билік органдары белгілеген және атқару билігін өндірістегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер. Әкімшілік құқық нормаларының өздерінің заңдық салмағына қарай заңнамалық және заң күшіндегі болып бөлінеді. Нормалардың жалпы және арнайы деп бөлінудің практикалық маңызы да зор.
2. Әкімшілік құқық қатынастардың өзіндік нақты айқын құрылымы болады. Бұл мәселе осы кезге дейін дау туғызып келгенімен, құқықтық қатынастар құрамы мына элементтерден тұратындығына ешкімнің таласы жоқ, олар: құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны. Әкімшілік құқық нормаларын әртүрлі өлшемдер бойынша топтастырып, солар арқылы олардың түр - түрге бөлінуге болады. Мазмұнына қарай әкімшілік құқық нормалары материалдық және іс жүргізу болып бөлінеді. Әкімшілік құқық қатынастар, әдетте мемлекеттік басқару өрісінде, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар деп қарастырылады. Өз қызметінің барысында атқарушы билік органдары әртүрлі және көптеген субъектілермен өзара байланыста болады. Кейде олардың мүдделері сәйкес келмейді, ал мұндай жағдай іс - әрекет жасаудың ортақ ережесін, оның пайдаланудың тәртібін ретке келтірілген қатынастар жүйесін табуға екі жақты да итермелейді. [4]
3. Әкімшілік құқық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандайда бомасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқық нормаларының біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі. Әкімшілік құқық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
- Тараптадың теңсіздігі.
- Тараптардың ынтасы.
- даулардың әкімшілік тәртіппен шешілуі.
Әкімшілік құқық қатынастардың әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады:
1. Тікелей
2. Көлбеу
Тікелей әкімшілік құқық қатынастар әкімшілік құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіруі.
Көлбеу әкімшілік құқық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық - биліктің өкімі болмайды. [5]
4. Құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны болады. Нормаға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелген адам құқықтық қатынастар субъектісі бола алады. Әкімшілік құқықтың түрлік нормалармен анықталынатын субъектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар субъектісі әрқашанда нақты. Әкімшілік құқық қатынастардың объектісі - әрқашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу. Іс жүзіндегі мазмұн дегеніміз - тараптардың құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалардың нақты әрекеттері, ал субъективтік құқықтары мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.
Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз -- бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) ұйымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;
атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үшін басқару саласында жағдайлар туғызу;
азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.
Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі -- Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне -- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі -- мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;
2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдары;
Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер).
Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады. Әкімшілік құқықтың пәні:
Біріншіден, Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріңде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл жерде, ең алдымен эконо­миканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси жұмыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құ-рылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырмыз. [6]
Екіншіден, ақпараттық-талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-техникалық жабдықтау т.с.с, қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс-әрекеттер, көмекшілік, қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.
Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік кұзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлык мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындауы мен іс-әрекеттерінің зандылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігін де қамтиды. Жалпымемлекеттік бақ-лау осынысымен прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді. Жалпымемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары тәртіп бұзушыларды қызметтен, жұмыстан шығару (босату), ақшалай айыппұл салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Кеңес мемлекеті кезінде Жұмысшы-Шаруа инспекциясы, Бақылау министрлігі, партиялық-мемлекеттік бақылау, халықтық бакылау деген сияқты бақылаудың бірнеше түрлері өмір сүрген.
Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі қараған кезде Әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.
Бесіншіден, әкімшілік құкық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институтарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салыса отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құкық беріледі. [7]
Әкімшілік құқықтьң әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың (жақтардың) еркінің тендігі болса, әкімшілік құкықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені шешудің құқықтық сипаттағы міндетгі шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді. Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп, бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар. [8]
Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады. Сонымен, көп жағдайда әкімшілік құқықтың әдістері билік және бағыну, бұйрықтарды, талаптарды орындау сипатында болады. Дегенмен, әкімшілік құқықта горизонталды қарым-қатынастарды реттейтін тараптардың (жақтардың) тепе-тендігі сақталатын жағдайлар да аз емес. Мысалы екі министрліктің арасындағы қатынас ешқандай бағыныштылыққа құрал-майды. Әр министірлік өзінің жұмысымен айналысып үкімет басшысына ғана бағынады. Әкімшілік кұқықтың бағынушылық (командалық, бұйрықтық) әдісінен басқа өзара біріккен әрекет, келісіп істеу, келісім, үйлесімділік, әкімшілік шарт сиякты әдістері бар.
Әкімшілік құқықтың дерек көздері дегеніміз мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға міндетті бір не бірнеше мінез-құлық ережелері (құқық нормалары) болуы керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек; әкімшілік құкықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық маңызды іс-әрекеттер жасауы үшін негізі болуы ке­рек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық жүйе мен ғылыми-құқықтық доктринаға сәйкес келуі керек.
Әкімшілік құқықтың төмендегідей дерек көздері бар: Қазақстан Республикасы Конституциясы; халықаралық, мемлекетаралык шарттар; Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары; Қазақстан Республикасы зандары; Қазақстан Республи­касы Президентінің, Парламентінің; Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік баскару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері; әкімшілік соттык прецеденттер; әкімшілік шарт; ғылыми құқықтық доктрина. [9]

Әкімшілік құқықтың белгілері мен түрлері

1. Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды адамдардың заңдылық сипаты бар, яғни заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне байланысты қарастырылады. Басқарудың құқықтық актілеріне мынадай сипаты болады:
- заңдық күш болады;
- ресми белгіленген қаражаттарда көріністабады.
- органның немесе лауазымды адамның заңдық өктемділігін білдіру;
Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:
- Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау;
- Шарттар жасау;
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және бақылау - жария мүддені тек заңдардың көмегімен қамтамасыз ету мүмкін болғандықтан атқарушы билік органдарының әкімшілік норма шығаруға мұқтаждығымен байланысты қызметінің негізгі түрі. [10]
2. Басқарудың әдістері дегеніміз:
- әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру;
- басқару процесінде туындайтын нақты мәселелерді шешу;
- басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері;
Басқару процесінде нақты мәселелер жеке ақылдасып немесе бірлесіп шешілуі мүмкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқаулық түрінде рәсімделді. Мемлекеттік басқару дегеніміз - билікті - ұйымдық қызмет. Бұл қызмет билікке және бағынуға негізделген, ол мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлердің екі санатқа бөлінеді:
- Саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
- Әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында Мемлекеттік қызмет туралы Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебесі болады.
3. Мемлекеттік басқару дегеніміз - билікті- ұйымдық қызмет. Бұл қызмен билікке және бағынуға негізделген. Ол мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді. Мұндай басқарудың мәні заңдары, жарлықтары және басқа нормативтік құқықтық актілерді қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан ол азаматтарға, бағынышты және басқа ұйымдарға бағытталған.
Құқықтың дәстүрлі іс жүргізу салаларында, оның ішінде әкімшілік - іс жүргізу саласында құқық қолдану қызметі неғұрлым майда бөліктердің - өндірістердің - жиындығынан тұрады, яғни процес дегеніміз өндірістер жиындығы. Принципіне келетін блсақ:
- басқару заңдылықтарын сипаттайтын жалпы басқарушылық;
- басқарудың құқық шығару және құқық қолдану өрісіне жалпы іс жүргізу заңдылықтарының өзіндік әрекетін сипаттайтын іс жүргізушілік;
- жария мүдде мен тараптар мүдделеріне есеп жүргізу;
- әкімшілік процеске қоғамдық бақылау жасау;
- ұлттық тең құқылық;
- заңдылық; [11]
2.Әкімшілік процестегі субъектілері жеке (азаматтар, шетел азамттары, азаматтығы жоқ адамдар) және заңды (меншіктің сипатына, ұйымдастырудың құқықтық формасына қарамастан) тұлғалар бола алады. Қазақстан Республикасының азаматтық әкімшілік процестің толық құқылы субъектілері тараптары бола алады. Көптеген өндірістің субъектілері, республика заң актілерінде көрсетілген шектеулерді қоспасақ, Қазақстан аумағында жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да болады.
3. Азаматтар құқықтары кепілдігінің бірінші тобы - сол құқықтардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін процедуралар негізделген принциптер. Әкімшілік процесс жүргізу жағдайына жасалған талдау, мұндай принциптерді уәкілетті органдардың тиісті шешімдер қабылдау барысында басшылыққа алатын негізгі идеяларының кескіні деп сануға болады. [12]
4. Барлық процестер сатыларға бөлінеді - процесс субъектілерінің қисынды байланыстағы, бірінен кейін бірі кезектесіп келетін әрекеттері. Әкімшілік процеске келетін өндірістердің кез - келгені үшін де ортақ болып келетін мынадай сатылары бар:
- шешімін күткен проблемаларды анықтау;
- бұл проблеманы талдау және шешім жобасын даярлау;
- жобаны қарау;
- жобаны бекіту, шешім қабылдау;
- оны орындаушыға жеткізу;
- шешімнің орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау;
- қажет болған жағдайда бұрын қабылдаған шешімді қайта қарау, оны түзету, әрекеттерді бұзу не тоқтату;
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің мынадай міндеттерін заң анықтап берген:
- әр істің мән - жайын уақытылы, жан - жақты, толық және әділ айқындау;
- оны заңнамаға дәл сәйкестендіріп шешу;
- шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды айқындау;
құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің 2 түрін бөліп алуға болады:
- әдеттегідей
- оңайлатылған
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау, істі қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару, қабылданған шешімді орындау, шешімге шағым және наразылық келтіру.
Құқықтың қайнар көздері қай орган немесе лауазымды тұлға шығарғанына және заңды күшінің деңгейіне қарай мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады. Олар мынадай тәртіпте көрініс табады:
1) Референдумда және заң шығарушы органда қабылданған актілер (Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар); [13]
2) ҚР-ның Президенті қабылдаған актілер (жарлықтар,өкім);
3) ҚР-ның Үкіметі кабылдаған актілер (қаулы, өкім);
4) Орталық атқарушы органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы);
5) Жергілікті атқарушы және өкілді органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы).
Әкімшілік құқықтың арнайы өзінің қайнар көзі болып 2001 жылғы 30-қаңтарда қабылданған "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі" табылады. Осы Кодекске көрсетілгендей, халықаралық шарттар мемлекетпен ратификацияланған болса, қайнар көз ретінде заңды күшке ие болады және де ол ҚР-ның заңдарынан жоғары тұрады.
Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың осы әкімшілік қатыфнастарға қатысты қабылдаған қаулылары да әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Теорияда әкімшілік құқықтың пәнін шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:

1) ішкі аппараттық қатынастар - мұнда сәйкес құқықтық нормалар атқарушы билік органдарының жүйесін, оларға бағынысты мекемелерді, олардағы қызметті ұйымдастыруды және жұмыстардың нысандары мен әдістерін бекітеді;
2) әкімшілік биліктің кәсіпорындармен, мекемелермен, кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынастары.
Әкімшілік құқық тек әкімшілік әсер ету құралдарының жүйесін құрайды: әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, тіркеу. Әкімшілік мәжбүрлеу - әкімшілік құқық пәнінің маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, әкімшілік құқықтың пәніне азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарауға байланысты қатынастар да жатады.
Жоғарыды аталғандарды қорытындылай келе, әкімшілік құқықтың пәніне мынадай анықтама беруге болады.
ҚР-ның әкімшілік құқығының пәні болып мемлекеттік әкімшіліктің қалыптасу және қызмет ету процесінде және әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын, басқа да әкімшілік әсер ету шараларын қолдану, азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарау барысында пайда болатын билік қатынастары табылады.
Әкімшілік құқық пәнін басты құрамдас бөлігі, оның негізі болып мемлекеттік әкімшіліктің азаматтар және ұйымдармен қатынастарының жүйесі табылады. Әкімшілік құқықтың басты міндеті болып азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету табылады. [14]
Әкімшілік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу әдісі құқықтық әсер етудің негізгі тәсілдерімен қатар бірқатар ерекшеліктерге ие:
а) міндеттеу - құқытық нормада қарастырылған жағдайға сәйкес белсенді түрде белгілі бір әрекетті орындауға тікелей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Әкімшілік құқықтық қатынастары
Әкімшілік құқықтық қатынастың ұғымы
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Әкімшілік құқықтың әдісі
Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы
Әкімшілік құқықтық норма және әкімшілік құқықтық қатынастар
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Әкімшілік құқықтық нормалар және қатынастар
Пәндер