Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ...5
1.1 Әлеуметтік нормалардың мәні ... ... ... .5
1.2 Моральдық норма ... ... ... ...7
1.3 Корпоративті норма ... ... 9
1.4 Әдет.ғұрыптық норма ... ... ... ... ... ... ...10
1.5 Құқықтық норма ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ФУНКЦИЯЛАРЫ...15
2.1 Әлеуметтік норма функцияларының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Әлеуметтік норма функцияларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, «құқық» деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері » болып табылады.Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,әкімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, «құқық » термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
1. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы 2004 жыл, 52 б.
2. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2003 жыл, 78 б.
3. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы 2003 жыл, 144 б.
4. Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы, 2003 жыл, 36 б.
5. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы,2003 жыл, 253 б.
6. Жоламанов К.Д. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы: Эверо 2004 жыл, 33 б.
7. Н.И.Матузов.А.В.Малько Теория государства и право .-Москва. Юристь 2005 жыл, 422 б.
8. Т.Н.Радько.Теория государства и право.-Москва.Академический Проект 2005 жыл, 96 б.
9. Баймаханов М.Т. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы, 2000 жыл, 200 б.
10. Жоламан Қ.Д. Мұхтарова А.Қ. Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –Адматы: Эверо, 2004 жыл, 363 б.
11. Табанов С.А Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы: Жеті Жарғы, 2003 жыл, 25 б.
12. Ағдарбеков, Т. «Мемлекет және құқық теориясы» оқулық.- Алматы 2003 жыл 160 б.
13. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003 жыл, 78 б.
14. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001 жыл, 96 б.
15. Нұсқабаев О., Әлиев Д. Құқық социологиясы: мәні, құрылымы және қызметі// Заң. 1999 жыл, 360 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Әлеуметтік нормалардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Моральдық норма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Корпоративті норма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Әдет-ғұрыптық норма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Құқықтық норма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ФУНКЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Әлеуметтік норма функцияларының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..15
2.2 Әлеуметтік норма функцияларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, құқық деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,ә кімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, құқық термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Жұмыстың өзектілігі. Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма - адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - - құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
- қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастыру.
-құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде тақырыбын тереңдете игеру барысында, теориялық білімін нығайту..
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
әлеуметтік нормалардын құқық жүйесіндегі құрылымын зерттеу;
әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бірінші тарауы әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі. деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған. Екінші тарауы әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық әлеуметтік нормалар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен функциялары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік нормалардың мәні

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін -- ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау -- экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты -- экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін. [1]
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык -- жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау). [2]
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
-- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
-- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
-- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
-- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия -- ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында генерал шеберлігін береді.
Стратегиялык жоспарлау -- Үкіметтің, аумақ құқықтарынің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау -- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау -- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты -- ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
-- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
-- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
-- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
-- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды. [3]

Моральдық норма

Моральдық норма - бір әрекеттердің орындалуы мен екіншілерінің шектелуін талап ететін идеялар мен жақсылық пен жамандық жөніндегі түсініктердің жүйесі.
Мораль (латын moralіs - әдет-ғұрып) - адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
Мораль -- тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп -- белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль -- ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол -- бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі. [4]
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады. [5]

Корпоративті норма

Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.
Құқық пен корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, одақтардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің арақатынастарын реттеп, басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық қоғамның, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлес қосады. Олар мемлекеттік органдармен көпшілігінде бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Қазақстандық құқық ғылымы үшін корпоративтік құқық ұғымы жаңа ұғым болып табылады. Корпоративтік құқық түсінігінен оның реттеу пәні болып корпорациялары құру және олардың қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар табылатындығын айтуға болады. Корпоративтік құқық отандық құқық үшін жаңа болғандықтан оның құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі мәнін анықтау өте маңызды.
Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында бекітлген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.
Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы - олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету шаралары қолданылады.
Қазақстандық құқықта корпорация заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі ретінде көрсетілмеген. Отандық құқықта корпорация акционерлік қоғамдармен теңдестіріледі. Сондықтан, Қазақстандағы корпоративтік құқық ұғымын қарастырған кезде бұл құқық саласын акционерлік қоғамдардың қызметімен байланыстыру қажет. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Жалпы корпоративтік құқықты екі мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз - шаруашылық субьектілерін құру және қызмет ету тәртібін реттейтін, олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Тар мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз - коммерциялық ұйымның әкімшілігі немесе меншік иесі бекіткен, сол ұйымның ішкі құқықтық қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер жүйесін білдіреді. Бұдан корпоративтік құқыққа келесідей анықтама беруге болады: корпоративтік құқық дегеніміз - шаруашылық субьектілерін құру және олардың қызмет етуімен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды жеке-басқарушылық әдістер негізінде құқықтық реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Корпоративтік құқық ғылым саласы ретінде корпоративтік нормаларды, корпоративтік қатынастарды, сондай-ақ кор-поративтік қатынастарды құқықтық реттейтін теориялық және қолданбалы аспектілер, тұжырымдар және қағидаларды зерттеуге бағытталған ғылыми білімдер жиынтығы. Корпоративтік құқық ғылымы қазіргі таңда корпорацияларды құру және қызметін құқықтық реттеуге байланысты доктриналды зерттеулер жиынтығы. Бұл ғылым корпорациялардың құрылу және қызметімен байланысты объективті заңдылықтарды зерттеумен және корпоративтік қатынастар мәнін ашуға байланысты. [6]

Әдет-ғұрыптық норма

Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі .
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі - адамның ар-ұяты мен намысы.
Құқықтық нормалар әдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып келеді.Әдет-ғұрып дегеніміз - қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының барысында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған, соның нәтижесінде дағдыға айналған адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын жүріс-тұрыс (мінез-құлық) нормалары мен ережелері.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 3-і бабы бойынша іскерлік қызмет өрісіндегі құқықтық әдеттегі азаматтық зандардың қайнар көздері болып саналады.
Әдет-ғұрыптар мораль нормаларына қарағанда құқықпен азырақ байланысқан, бірақ солай болғанның өзінде де әдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізеді.
Құқық пен әдет-ғұрыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
құқық және әдет-ғұрыптар нормалары адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеушілер болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы) қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпы, жалпыға бірдей міңдетті ережелер түрінде білдіріледі. [7]
Ұқсастықтары:
Айырмашылықтары:
Егер әдет-ғұрыптар адам қауымының пайда болуымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда құқық нормалары мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер әдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды етілмесе (бекітілмеген болса), оның орнына адамдар санасында ғана болып және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі; егер әдет-ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса, онда құқық нормалары мемлекеттің еріксіз көндіру күштерінің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Құқық пен әдет-ғұрып - әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен, қоғамға пайдалы нормалар, олардың біразы құқықтың негізіне айналды. Азаматтық, отбасы құқықтарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын әдетғұрып нормалармен реттеп - басқарады. Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады. Біраз нормаларды қабылдап, мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.
Құқық пен салт-дәстүр - әр халықтың, әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері болады. Мемлекет пен құқық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет пен құқық барлық жағдай жасайды. [8]

Құқықтық норма

Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma -- улгі) -- Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.
Құқықтық норма -- қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор.
Қоғамдық қатынастардың маңызды реттеушісі болып табылатын құқық нормалары да мемлекет бекітетін талаптарға сай болуы қажет. Уақыт пен қоғамның өзгеруіне байланысты, олар да объективтік өзгерістерге ұшырап отыратыны объективтік заңдылық. Бұл мақала тақырыбына қатысты бірінші мәселе. Заңнаманы жүйелеудің екінші мәселесі көптеген нормативтік актілерді, нормаларды пайдаланушыларға, тіпті кейбір жағдайларда құқық қолданушылардың өзіне де, ыңғайлы етуге байланысты. Сондықтан құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мәселелері де терең зерттеледі. Олардың нәтижелері қолданбалы сипатта, мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық қатынастарды реттеуге аса қажет, схоластикадан арылған, күнделікті қарапайым өмірге қажетті еңбектер мен ережелер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде мыңдаған заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылданды. Ал ведомстволардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың қабылданған құқықтық актілерінің жалпы санын шығару мүмкін емес. Міне, осындай массивті құқықтық актілерді реттеу қажеттігі олардың бір-біріне қарама-қайшылықтарынан, деңгейлік орынсыздығынан, сапасыз дайындалғанынан, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының қостілдік тәжірибесінен туып отыр. Сондықтан ұлттық құқықтық жүйеде тұжырымдық қателер, тілдік сәйкессіздіктер, аударма қателері, заңдар (нормалар) шайқасы сияқты кемшіліктер орын алып келеді. Осыған орай, ұлттық заңнаманы жүйелеу мәселелерін ғылыми ортада талқылау орынды және қажет іс.
Жалпы құқық теориясы бойынша жүйелеудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде, негізгілері ретінде кодификациялауды, инкорпорациялауды және консолидациялауды атауға болады. Олардың бәрі құқық теориясында сипатталған, мойындалады және тәжірибеде кең қолданылады. Аталған түрлерді жеке жұмыстар ретінде қарастыруға болады. Оларды жүргізу тек топтастыру, жіктеу, кемшіліктерін түзету ғана болып табылмайды. Сондықтан оларды жүргізген кезде құқықтық нормалар, міндетті түрде, кешенді сараптамадан өткізілуі тиіс. Жүргізілетін ғылыми сараптамалардың мақсаты -- нормалардың сапасын өңдеу арқылы арттыру. Бұл жұмыс кешенді болғандықтан, сараптаманың бірнеше түрін бірге жүргізуді қажет етеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасында қолданылатын ғылыми сараптамалардың құқықтық, экономикалық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық сияқты түрлерімен бірге, жақында ғана институциялана бастаған лингвистикалық сараптаманың да алатын орны ерекше. Ғылыми лингвистикалық сараптама Қазақстан Республикасының тілдік саясатына орай, қазақ және орыс тілдеріндегі заңнамасының сапасын арттыру үшін қажетті құрал. Ұлттық заңнама сапасының төмен екендігін онымен айналысып жүрген мамандардың бәрі мойындайды. Оған қоса заңдардың қазақ тіліндегі кемшіліктерін жеке мүддесіне заңсыз оң пайдаланып жүрген жеке және заңды тұлғалар аз емес көрінеді. Сондықтан ұлттық заңнаманы жүйелеу -- нормаларды реттеу деп түсінетін болсақ, ғылыми лингвистикалық сараптама құқық нормаларын тілдік қателіктерден тазарту деп түсінуге болады.
Құқық нормасы - мемлекетпен бекілілген және қамтамасыз етілетін және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған мінез құлық ережесі.
Заңдық норма - құқықтың бірінші ретті торкөзі, оның жүйесінің бастапқы элементі. Сондықтан әрине, берілген нормаға негізгі әлеуметтік көрініс ретіндегі құқықтың негізгі белгілері тән.
Бұдан, құқық және құқық нормасы түсініктері бірдей деген көзқарас туындамайды. Олар өзара тұтастай және бөліктей сәйкестіндеріледі. Құқық нормасының белгілеріне мыналар жатады:
Жалпыға міндеттілік (адамдардың мүмкін және міндетті мінезқұлқына қатысты мемлекеттің биліктік нұсқауы ретінде көрініс табады);
Формальді анықталғандық (субъектілердің әрекеттерінің шегі анықталатын ресми құжаттарда жазбаша нысанда сипатталады);
Мемлекетпен байланысы (ол мемлекетпен бекітіледі және мемлекеттік әсер ету шаралары - мәжбүрлеу және көтермелеумен қамтамасыз етіледі);
өкілді - міндеттеуші сипатта (ол бір субъектіге құқық беріп қана қоймай, басқа субъектілерге міндет жүктейді, демек құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыруға болмайды).
Өкілді - міндеттеуші сипат барлық заңдық нормаларда бірдей көріністе емес:
ол ең алдымен реттеуші нормаларда айқын көрінеді (азаматтық, еңбек, неке және отбасы және т.с.с.) онда субъектілердің құқықтарымен қатар міндеттері де бекітілген;
қорғаушы нормаларда (қылмыстық, әкімшілік және т.б.) тыйымдар мен міндеттерді жүзеге асыруға үлкен назар аударылған;
декларативті және дефинитивті нормаларда өкілді - міндеттеуші сипат әлсіз сипатталған не олар нақты мінез құлық ережелері болып табылмайды.
Заңдық нормалардың өкілді - міндеттеуші сипатын қарастырғанда нормативтік актінің бір бабында әрқашанда құқықтар да міндеттерде болуы мүмкін емес екенін ескереген жөн.
Құқық бір бапта, ал міндет осы нормативтік актінің басқа бабында немесе басқа нормативтік актінің бабында бекілілуі сирек емес. Сондай - ақ, заңның бабында нақты тек құқықтар көрсетіліп, ал міндеттер заң мазмұнынан шығып, туындауы мүмкін. Керісінше де болуы мүмкін, онда тек міндеттер көрсетіліп, ал құқық содан туындайды.
Көрсетілген белгі құқықтың құқық және міндет бірлігі қағидасын сипаттау үшін көрініс тауып отыр. Міне неліктен сәйкесінше тұлғалардың шынайы міндеттерімен қамтамасыз етілмеген құқықтарды мақсаттық тілектер деп атауға болады.
Құқық нормасының түсінігін (құқықтық норма) заң шығарушы ҚР Нормативтік құқықтық актілер туралы заңының 1 бабының 3 тармағында бекітеді - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез - құлық ережесі. [9]

2 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Әлеуметтік норма функцияларының ұғымы

Өркенитте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Пәндер