Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Заңды тұлғаның түсінігі және жіктемесі ... ..5
1.2 Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі және тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... .10
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН ДАМУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ..13
2.1 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ..27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары – заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп – есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет» деп атап өтті.
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі – жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.2007ж)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы,Юрист,2003ж
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне еңгізу туралы.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы.1994 ж.27 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Алматы, 1999ж
5. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Оқулық Алматы,1999 ж.
6. Жайлин Ғ.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім.1-2 томдар,Алматы, 2003 ж.
7. Гражданское право Республики Казахстан / Под. ред. ТулеугалиеваГ.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А. Учебное пособие (Часть общая. Издание второе, дополненное и измененное ). – Алматы , 1999 г.
8. Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть / отв. ред.)Сулейменова М.К.,Басин Ю.Г.- Кн 1 и 2. –Алматы, 1998 г.
9. Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. – Вып.1 – 10. – Алматы, - 1996 – 2000 гг.
10. Гражданское право России / Отв. ред. Садиков О.Н. – Ч. 2. Обязательное право. – М.,1997 г.
11. Тілеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. І-том. -Алматы: «Жеті Жарғы», 2001 ж.
12. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП «Әділет», 2000 г.
13. Г.И. Тулегалиев, К.С. Мауленов. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть общая). 2-е изд., доп. и изм. -Алматы: «Данекер», 1999 г.
14. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс). - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000 г.
15. С.И. Климкин. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша. Жалпы ережелер. - Алматы, 2004 ж.
16. Е.А. Суханов. Гражданское право: В 2-х т. Т 2: Учебник - М.: «Бек», 1994 г.
17. Вещные права в Республике Казахстан / Отв. ред. М.К. Сулейменов. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1999 г.
18. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс) / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000г.
19. Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица. Правовой режим коммерческих и некоммерческих организаций / В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (сборник статей, комментариев). -Алматы: КазГЮИ, 1996 г.
20. Мукашева К.В. Юридические лица / В кн. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения. Материалы семинаров. Том I. -Алматы: «Әділет Пресс», 1996 г.
21. Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореф. дис. ... к.ю.н. - Алматы, 1997 г.
22. Диденко А.Г. Действие принципа равной защиты государственной и частой собственности в отношении государственных и частных учреждений / В кн.: Гражданское законодательство Республики Казахстан: статьи, комментарии, практика. Выпуск 9 / Под. общ. ред. А.Г. Диденко. - Алматы: «Баспа», 2000 г.
23. Климкин С.И. Развитие законодательства Казахстана о предпринемательстве (сборник статей). - Алматы: «Баспа», 1998 г.
24. Климкин С.И. Банкротство: кому оно выгодно//Деловая неделя, 1996 г.
25. Комментарий к Гражданскому кодексу Казахской ССР /Под. ред. Ю.Г. БасинаР.С. Тазутдинова. - Алма-Ата: «Казахстан», 1990 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Заңды тұлғаның түсінігі және жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі және тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... .10
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН ДАМУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13
2.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу ... ... ... ... ... ... ... . ... 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп - есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет деп атап өтті.
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез - келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар ілімі, А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі, Е.А.Суховтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.
Менім осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған ең негізгі міндетім: ол заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік күрделенуінен, экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды. Қоғамның белгілі даму сатысында тек ғана жеке адамдардың жалғыз құқық субъектісі ретінде әрекет етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз экономиканың дамуы кешеуілдеп қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге келді. Заңды тұлғалардың ұғымын, олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын және олардың ұйымдастырылуын осы курстық жұмысқа арқау етіп алдық.
Курстық жұмыстың объектісі - заңды тұлғалардың теориялық аспектісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы құқық теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Заңды тұлға теориясы тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Заңды тұлғаның түсінігі және жіктемесі

Заңды тұлға - заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.[1]
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.[2]
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез - келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:
1. ұйымдасқандық бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке затық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. [3]
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз. [4]
Заңды тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық -- құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Азаматтық құқық қабілеттілігі - азаматтық құқықтағы дәстүрлі ұғым. Ол бойынша тұлғаның азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер орындау қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Бірақ жеке тұлғаларға қарағанда, ұйымдар жөнінде айтқанда заң қандай да бір іс әрекетке қабілеттілікті сөз етпейді. Бұл іс әрекетке қабілетті, яғни өздерінің іс әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, жүзеге асыруға, өздері үшін азаматтық міндеттер тудырып, оларды мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап орындауға қабілетті болып заңды тұлғалардың өздерінің мәнісімен туындаған. Сондықтан АК-тің 35 бабы тұрғысынан құқық қабілеттілігіне кеңейтілген түрде түсінік берілуге тиіс, өйткені оның мазмұнына іс әрекетке қабілеттіліктің барлық элементтері де кіреді.
АК-тің 35 бабының 1 тармағы жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдануға шектеу мүмкіндігіне заңнамалық актілермен, сол сияқты құрылтай құжаттарымен жол берілетініне назар аударған жөн. Соңғысы заңды тұлғаның қатысушыларының өзі осы жоғарғы органмен тиісті шешім қабылдау арқылы (сонымен бірге құру кезінде, сол сияқты қызмет барысында - құрылтай құжаттарына өзгертуле енгізумен) әмбебап құқық қабілеттілігін арнау етіп өзгіртуі мүмкін. К.В. Мукашева атап өткендей, мұндай шектеулер не аталмыш заңды тұлға үшін рұқсат етілетін қызмет түрлерінің жеткілікті тізімін белгілеу жолымен, не оның қаңдай да бір түрімен жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жолымен белгіленуі мүмкін. [5]
Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субьектісі болғандықтан, оның құқық субьектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субьектіліктің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1 бабы), ол құқық қабілеттігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42 бабының 3 тармағы) және таратылған сәтте (заңды тұлғалар мемлекеттік тркеуден заңды тұлғаның таратылуы туралы жазба енгізілген соң) тоқтатылады, заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35 бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады. [6]
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы шектеледі.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық қабілеттілігі жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен дараланады.
Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілік көздеген Осы заңды тұлғалар тек жарғыда немесе құрылтай құжаттарында көзделген қызмет мақсаттарына сәйкес құқықтарға ие болып, мінндеттер атқара алады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңының 32 бабында көрсетілгендей, коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетін, оның құрылтай құжаттарында көзделген бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра алады. Яғни, коммерциялық емес ұйымның жарғысында осы ұйым атқаратын қызметтің мақсаты мен пәні көрсетілуі мүмкін.
Коммерциялық ұйымдар, керісінше, арнайы емес, жалпы құқық қабілеттілікке ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы ұйымдар заң актілерімен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Кейбір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін заң шектеуі мүмкін. Шектеу заңды тұлғаға тек белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру, не керісінше кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу арқылы білдіреді.
Мысалы, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті; тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайданылатын арнаулы бағдарламалық қамтамассыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы. Яғни, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоғарыда аталған қызметтерге жатпайтын өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес. [7]
Қызмет ету үшін міндетті түрде лицензия қажет болған жағдайда, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алғаннан бастап пайда болады. Соңғы жағдайда, мәселе құқық субъектісінің мәртебесіне ие болғандығында емес, лицензиялауға жататын қызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігінде болып тұр. Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамассыз ету, айналадығы ортаны азаматтардың меншігін, өмірі мен деңсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10 бабы, 4 тармағы). Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.
Азаматтық Кодекс 35 баптың 2 тармағында ұйымның лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдылық мерзімі өткен деп танылған сәтте тоқтатылады.
1963 жылғы Кодекске сәйкес заңды тұлға оның қызметінің белгіленген мақсаттарға сәйкес азаматтық құқық қабілеттілігіне ие болған фактіге назар аудару қажет деп есептейміз. Бұл ұйымдардың жарғыда (ережеде) белгіленген өздерінің қызмет мақсаттарына жауап беретін құқықтар мен міндеттерге ие бола алатынын білдірді. Заңды тұлғалардың арнаулы құқық қабілеттілігі қағидасының бұзылуымен жасаған мәмілелер ҚазКСР АК-тің 48 бабы бойынша жарамсыз болып танылады.
Қазақстандық азаматтық құқық жөніндегі әдебиетте коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кеңеюін көбінесе 1994 жылғы АК-тің қабылдануымен байланыстырады. Бірақ бұл теріс кетушілік болар. 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР-ның Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңының өзі ұйымының құқық қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ережені бекітті: жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрлерін, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаса, олардың құрылтай немесе тіркеу құжаттарымен көзделген бе, жоқ па, соған қарамастан жүзеге асыра алады (аталған Заңның 13бабы, 1 тармағы).
Қазақстандық ғылыми әдебиетте осы орайда әртүрлі тұжырымдар айтылды. Мәселен, А.Т. Жүсіпов АК-тің 44 бабының 1 тармағына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің аталған Қаулысын талдай отырып, бұл актілер мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігін елеулі шектейді деп атап өтеді. Бұл азаматтық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттік мекеменің оның құрылтайшысы - мемлекеттен жеткіліксіз жекеленуінен көрініс беріп, азаматтық айналымда дербес әрекет жасауға іс жүзінде мүмкіндік бермейді, өйткені тауар-ақша айналымында қатысу мәмілелерді олардың тіркеуінен кейін жарамсыз деп танитын мемлекеттің қатаң бақылауында жүреді, ең соңында мәміленің қазынашылық органдарында тіркелмегені жағдайында азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің алынып тасталуынан көрініс береді. [8]
Өзінің талдауының нәтижесінде ол азаматтық - құқықтық қатынастарындағы мемлекеттік мекемелердің құқық субъектілігін анықтау қажеттілігі жөнінде қорытындыға келеді. Мемлекеттік мекемелердің артынан белгіленген құқықтардың кеңінен шектелгендігі, қатаң және дерлік тегіс қамтитын бақылауы кезінде мемлекеттік мекемелерді дербес құқық субъектілігімен үлестірмеген дұрыс болар, ал азаматтық-құқықтық қатынастарды ол өкілетті мемлекеттік орган беретін сенімхат негізінде жүзеге асыратын еді. Бұл азаматтық құқықтың өзге субъектілерінің мемлекеттік мекеменің шын мәніндегі құқық субьектілігі турасында теріс бағытқа кетпеуге мүмкіндік берер еді.
Мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің құқық қабілеттілігін елеулі шектейтіндігін атап көрсеткен И.С. Михалкин тілектес пікір айтуда. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің қатысуымен азаматтық - құқықтық кесім-шарттарды мемлекеттік тіркеу онсыз да тіркеу оңай емес, көп жағдайда, мемлекеттің экономикалық айналымының қатысушыларымен қарым - қатынастарын қиындататынын атап кетуге болады.
ҚР Азаматтық кодексінің 37 бабына сәйкес заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Яғни, заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асады. Бұдан біз заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысу үшін құқық қабілеттілік пен қатар, әрекет қабілеттіліктің болуы қажет екендігін байқаймыз. Заңды тұлғада әрекет қабілеттіліктің болуы оның өз әректтері арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болуын, оны құрып жүзеге асырып және атқаруға мүмкіндіктерінің болуын көздейді.
Заңды тұлға органы - арнайы уәкілеттіліксіз басқа құқық субъектілерімен қатынасқа түсуде заңды тұлға мүддесіе білдіретін тұлғаны немесе тұлғалар тобын көрсететін құқықтық термин.
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз), өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы), не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін, заңды тұлғалардың жекеленген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға, үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК - ның 44 бабынының 4 тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, оның қызметімен байланысты міндеттер атқара алады "Заңды тұлғаның органы " ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский "орган оның еркін сыртта қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады" деп есептейді. Нақ өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне азаматтық міндеттемелер алады. [9]
В.В.Даличскаяның пікірінше, "заңды тұлғаның органдары өзінде бар өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін, оның қызметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңды тұлғаның органдары - заңды тұлғаның заңнамаларына немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері" - бұл В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен, өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша, сондай-ақ қызметінің мерзімдері бойынша жіктейді Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті
серіктестіктеріне қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі шаруашылық скріктестігнің кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады. [10]
Академик А.В.Венедиктов ұжым ілімін алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары қызметкерлерінің ұжымы. Ал ғалым Д.М.Генкин әулеметтік ақиқат теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілік түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.Профессор Ю.К.Толстой директор ілімін алға тартты,оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,заңды тұлғаға адамдардың қатынасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асырудағы, мәмілелерді жасауда еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл авторларды бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де өртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі.Мәселен К.Ф.Савиньи Фикция теориясының негізін қалады.К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша,шын мәнінде құқық субьектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамның тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойданшығарылған субьектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы Гирке болса органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаның адам тұлғасымен салыстырылады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлердің кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі. [11]

1.2 Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі және түрлері

Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық қабілеттілігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарына сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілетілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын.
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі рұқсат етілгеннен басқаның беріне тыйым салынған деген принципте бейнеленді.
АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:
- заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтары;
- заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;
- заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары міңдеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады. [12]
Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығыңдағы мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.
Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.
Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялык ұйымға жатады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысты мердігердің қарамағында орындау
Мердігерлік шарты
Заңды тұлға және оның ұғымы
Заңды тұлғалар
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Заңды тұлғаны тарату тәртібі
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Банк қызметіне байланысты шарттар
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін сипаттау
Банктік қызмет көрсету
Пәндер