Құқық және жеке тұлға туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА . . . 4

  1. Қоғам және тұлға жалпы түсінігі . . . 4
  2. Жеке тұлғаның мәртебесі . . . 8

2 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ . . . 13

2. 1 Тұлғаның негізгі құқықтары мен заңды міндеттері . . . 13

2. 2 Құқық тұлғаның бостандықтары мен жауапкершілігінің міндеттері мен мақсаттары . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.

Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.

Жұмыстың өзектілігі. Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Кәзіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту шарты.

Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.

Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төрікіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.

Курстық жұмысының тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра, байланыстар мен қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді, өйткені жалпы жүйе мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз белгілеріне нақты ықпал жасайды.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - 1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;

2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес) ;

3) жеке адамға тумысынан тән болады;

4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т. б. сияқтылар ретінде) танылады;

5) тікелей күші бар болып келеді;

6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;

7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;

8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің елкі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ірдей көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады [1] .

Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белсісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы, есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгіллеріне) сай әрекет етеді.

Курстық жұмыстың объектісі - құқық жеке тұлға түсінігі болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҚоғам және тұлға жалпы түсінігі

Қоғам» деген сөздің мағынасы кең, алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл-әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардын өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.

Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т. б. ) . Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық катынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық, т. б. ) -адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі.

Мұндай аграрлық қоғамдар қазір де бар 3) өндірістік, өркениетті немесе дәстүрлік қоғам. Қоғамның бұл типі байлық пен билік теңсіздігін анық

Адамтану ғылымындағы ең күрделі мағыналардың бірі “тұлға” сөзі. Орыс тілінде “лик” сөзі иконадағы бейнені білдіреді. Еуропа елдерінде “тұлға” сөзі латынша “персона” сөзімен мәндес, ол театрдағы актердің бейнесін білдіреді, толық мағыналы бір тіршілік иесіндей және әлеуметтік қызметі бар тұлға ретінде қарастырылады. Қытай және жапон тілдері сияқты, шығыс тілдерінде “тұлға” сөзін тек қана адамның бейнесімен ғана емес оның тәнімен де салыстырады. Еуропа салтында адамның тәні мен беті қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады, адамның беті оның жанын айқындайды, ал қытай түсінігінде “адамның өмірінің қалыптасуына оның тәнінің де, жанының да қасиеттері әсер етеді”.

Шығыс ойшылы жерлесіміз әл-Фарабидің ойынша, айналаңдағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: « . . . бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді».

Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстылығында, бір-біріне тәуеділігінде

Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасу прцессінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелденуі және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез құрықында көрініп, осыдан балалық, жас өспірімдік, ересектік және қариялық табиғи бітістерінен ажыратылады, яғни адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді /өмірге келу және өмірден озу/.

Тек - әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы беріледі генетикалық ерекшелік.

Әлеуметтік фактордың рөлі жоғары себебі: Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға тән, бір бірімен қарым қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты - адамның жайы. Оның мәні - материалдық мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылыуына әлеуметтік-экономикалық жағыдайлар жасау, басқаша айтқанда адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті.

Қажеттілікті мойындау - бұл әуесқойлық.

Қызығушылық - мақсатқа жету.

Мақсат - әдіс-тәсіл - нәтиже .

Жеке тұлғаның заттық-тәжірибелік іскерлігі әлеуметтік субъектінің белсенділігі ретінде.

Адам қажеттіліктері төмен жоғары қарай көтерілетін құрылым:

1. физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т. с. с. ) қажеттіліктер. 2. экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т. с. с) . 3. әлеуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу) . 4. престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т. с. с. 5. рухани қажеттіліктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру.

Жеке тұлға - әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т. б. ) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға - ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) - құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. [1]

Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр. [1]

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т. б. ) . Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

  1. Жеке тұлғаның мәртебесі

Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір оынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т. б. қамтиды. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектіден тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қолжеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың. Ұйымдардың, т. б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т. б. бір адам әр түрлі адамдарға қатынасына сйәкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көьіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.

Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат қоғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, өзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен қатар кәсіптік, экономикалық, саяси демографиялық, діни және қандас-туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т. б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте қиын, айталық жаяу жүрушінің мәртебесі. Бәірақ мұндай мәртебелер бар, ол адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау мен сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәретебесі осы адамның өмірінде көп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншщісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.

Индивидтің қоғамдағы немес топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид көптеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе әр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Жеке мүліктік емес игіліктер
Жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының және дербес деректерді қорғауды құқықтық реттеудің ерекшеліктері мен мәселелері
Мүліктік емес жеке құқықтар
Мүліктік құқықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz