Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 5Қылмыстық заңның түсінігі және анық мәні . . . 5Қылмыстық заңның құрылымы және кеңістіктегі күйі . . . 12
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР . . . 16
2. 1 Қылмыстық заңның уақыттағы күйі және заңды түсіндіру . . . 16
2. 2 Қылмыс жасаған адамды ұстап беру . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі - қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Курстық жұмыстың пәні: Қылмыстық құқық болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі: қылмыстық құқықтың заңы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
- Қылмыстық заңның түсінігі және анық мәні
Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар. 1
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі.
Қылмыстық заң мәселесі қылмыстық құқық теориясы мен сот-тергеу тәжірибесіндегі өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі институттарының бірі. Қылмыстық заң болмаса қылмысты саралау, қылмыстық жауаптылық туралы, кінәліні әшкерлеп әділеттілікті қалпына келтіру т. б. мәселелердің ретін шешу мүмкін болмас еді. Заңның өзі, оның ішінде қылмыстық заңның орын алуы ол берік тәртіп пен дұрыс жүріс-тұрыс ережесінің орнығуын білдіреді. Қылмыстық заң дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс - қимылдарды қылмыс деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын, мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз [1] .
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құкылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялык құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстык, заңдар қылмыстык жауаптылыктың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамғакауіпті іс-әрекеттердің кандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң - қылмыстық кұқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, үйғаруы немесе қаулысы құқыктың незі болып табылмайды. Олардың нақты кылмыстык істер бойынша ғана зандылык күші бар.
Сондай-ак Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да қүкык, нормасы болып табылады. Мұндай каулылар белгілі бір қылмыстык-қүқылык норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс. Яғни, бір нормативтік бастаудың болуы қылмыстық - құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара қылмыстық құқықтық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық - құқықтық актілер қолданылады. Немесе АҚШ-ң кейбір штаттарында өзінің тәуелсіз қылмыстық заңдары, я болмаса қылмыстық заңмен параллелді жүретін өзге де заңдар бар. Біздің Қазақстан Республикасының ерекшелігі сол, біздің қылмыстық құқықта негізгі формальды қайнар көз болып табылатын ол - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1 бабының 2 бөлігінде қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар) қамтыған [2] .
Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттың қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң атқару және құқық қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қылмыс құрамдарына қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың жұрт таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық жүйесінің құрамдас белгісі болыа табылады. Егер де, ҚР халықаралық шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген. Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіде.
Атап айта кететін жағдай, Қылмыстық кодекске бірқатар баптар халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген. Мысалы: 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы жүйкеге әсер ететін заттар туралы Вена конвенциясы, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен күрес туралы БҰҰ 1988 жылы қабылдаған конвенциясы.
Қылмыстық заңның жоғары заңдық күші бар, бұл дегеніміз - қылмыстық заңның тұрақты түрде қолданылатындығын және заңи нәтижелерді тудыратындығын білдіреді. Қылмыстық заңның жойылуы немесе өзгерістерге ұшырауы тек қана Қазақстан Республикасының Парламентімен жүзеге асырылады. Қылмыстық заң бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында күші жүретін құқықтық акт болып табылады. Қылмыстық заңға бірде - бір нормативтік акт қайшы келмеуі қажет. Егер де қайшы келетін болса, қылмыстық заң қолдануға жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты қолдануды, қылмыстық жауаптылықтан босатуды және материалдық қылмыстық құқықтың басқа да ережелерін белгілейтін бірден - бір бастау болып табылады.
Қылмыстық заңға нормативтілік сипат тән, себебі ол өзінің қолдану уақыты барысында адамдардың жалпыға міндетті мінез - құлқын реттейді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабы қылмыстық заңның міндеттерін анықтаған. Ол міндеттерге: адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншікті, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардан сақтандыру болып табылады.
Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстық заң өзінің алдына екі негізгі міндетті қояды. Олар:
- Біріншіден адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатындағы қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргізу.
- Екінші міндет, қылмыстардан сақтандыру. Сақтандыру жалпы және арнайы сақтандыруды қамтып, жазаны орындау процесі барысында сотталған адамға қылмыстық емес мінез - құлықтың негіздерін қалыптастыруды білдіреді. Бұл міндеттің орындалуына мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған тиісті шаралар куә бола алады. Мысалы: бас бостандығына айыру мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген адамдардың саны жағынан біз өткен жылы үшінші орында болсақ, биыл он сегізінші орынға түстік. Бұл мемлекеттің қылмыстық саясатының ізгілендіруінің белгісі ретінде қарастырылады [3] .
Аталған міндеттерді шешу үшін қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын, адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы қандай іс - қимылдардың қылмыс деп танылатындығын, қылмыс жасағандығы үшін белгіленетін жазаның түрлері мен қылмыстық сипаттағы басқа да шаралардың түрлерін анықтайды.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен қылмыстық іс - қимылдарды жасауға тиым салады. Сонымен қатар, қылмыстық заң жасалған іс - қимылда қылмыс құрамының бар немесе жоқтығы туралы, заңды негіздерде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сәйкес органдар мен лауазымды тұлғаларға нұсқаулар береді. Яғни, нақты іс - қимыл үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық - құқықтық нормалар тиым салатын нормалар ретінде қарастырылады. Олар тәрбиелік немесе сақтандыру мазмұнында болады.
Қылмыстық құқықтық нормалардың сақтандырушы функциясы оларда белгіленген санкцияға негізделеді. Санкция арқылы қылмыс жасауға бейім адамдарға сақтандыру - тәрбиелік әсер жасалады. Қылмыстық - құқықтық нормалар азаматтарда заңды мүлтіксіз сақтау, қылмыс жасаған адамдарға шыдамдылық көрсетуді қалыптастыруға бағдарланған.
Қылмыстық құқықтың нормалары қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, сондай - ақ оларды реттеуді жүзеге асырады. Құқық белгілі бір мінез - құлық ережелерін белгілей отырып, оларды реттейді.
Ойлап қарасақ, бізді қылмыс жасаудан ұстайтын бірден - бер тежегіш құрал қылмыстық жауаптылыққа тартылу қаупі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, анкеталық сауалнама жүргізіп сұралған 80 адамның 75-і қылмысқа, қылмыстық жауаптылықтан қорыққандықтарынан ғана бармайтындықтарын көрсетті. Ыңғайлы жағдай туындаған кезде, қылмыстық жолмен баюға қарсы еместіктерін жасырмады.
Қылмыстық заң қылмыстық - құқықтық нормалардың көрініс нысаны болып табылады, да олардың жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Сондықтан да бұл ұғымдар бір-бірімен байланысты. Заң мен құқық нормасы, заңдар жиынтығы мен құқықтық норма жиынтықтары, нысан және мазмұн сияқты арақатынасқа түседi. Құқықтық мемлекет құру барысында заң, соның iшiнде қылмыстық заң да үлкен маңызға ие. Елде жүргiзiлiп отырған құқықтық реформа мемлекет пен қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге, құқықтық тәртiптi нығайтуға кең жол ашады.
Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. Олар тек қана нақты оқиғаға байланысты құқықтық нормалардың негізгі мазмұнын ашып, түсіндіреді. Соттың шешімі, қаулысы, үкімі тек нақты істерге байланысты ғана міндетті сипатта болады. Осы сияқты ҚР Жоғарғы Сотының басшылыққа алатын қаулылары да құқық нормасын шығармайды. Олар тек қана, құқықтық норманың мазмұнын ашып түсіндіреді, талқылайды.
Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы, Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: «қылмыстық істерге байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарға міндетті сипатта болады. Себебі, қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары, сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызға болады». Яғни, берілген оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма шығармашылық қызметіне жатқызылады [4] .
Бірақ та, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына кереғар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс - қимылдың қылмыстылығы мен жазаланушылығы тек Қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.
Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті - нақты іске байланысты сот шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлабританияда, Канадада және т. б. елдерде. Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот заң ережелерін және жасалынған іс - қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы, ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін басшылыққа ала отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот iстелген қылмыстың сипаты мен коғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыпкердiң жеке басының ерекшелiктерiн, мiнез-құлқын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс iстеген адамға оның түзелуiне немесе жаңа қылмыс iстеуден сақтандыруына қажеттi және жеткiлiктi әдiл жаза тағайындауы керек. Мұның өзi соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзiнiң құқықтық сана-сезiмiн басшылыққа алатынын көрсетедi. Алайда, құқықтық сана-сезiм құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсiнуге жөн сiлтейдi. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды тұлғалар үшiн мiндеттi күшi бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бiр болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берiлмейдi. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы бiлдiрудiң нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрiнiсi болып табылады.
Қылмыстық заңды түсіндіруге қатысты заң әдебиеттерінде көптеген ғалымдардың тұжырымдары бар. Мысалы, профессор А. Н. Ағыбаевтың пікірінше: "Қылмыстық заң - ҚР-ң конституциясына сәйкес Республика Парламентi қабылдаған құқықтық акт болып табылады".
Г. Ф. Поляновтың пікірінше: "Қылмыстық заң - қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық белгiлейтiн, заң шығару функциясын жасай алатын ҚР-ң жоғарғы өкілді органының нормативтiк құқықтық актiсi болып табылады".
Қылмыстық заң -халықтың еркiн орындау үшiн, мемлекеттiң ең жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған өзара тығыз байланысты заңдық нормалардан құралған, нормативтiк-құқықтық акт болып табылады. Өзара тығыз байланысты нормалардың бiрi, қылмыстық-жауаптылық негiзi мен қағидаларын және қылмыстық заңның жалпы ережелерiн белгiлесе, екiншiсi, қоғамға қауiпсiздiк iс-әрекеттiң қайсысы қылмыс болып табылатынын анықтайды және қылмыс жасаған адамға қолданылатын жазаны немесе тиiстi жағдайларда қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттарын белгiлейдi.
Қылмыстық заңның бұл анықтамасы оның кең мағынадағы ұғымын бередi. Ол ең алдымен, Қылмыстық Кодкске қатысты.
Заң ол құқықтық мемлекеттiң iрге тасы болып табылады, азаматтық бостандықтары мен теңдiгiн қорғаудағы, қоғамдағы тәртiп және ұйымшылдықтың сақталуындағы кепiл, әлеуметтiк әдiлеттiк қағидасының кепiлi болып табылады. Жалпы заңдардың, соның iшiнде қылмыстық заңның мазмұны қоғам өмiрiнiң материалдық шарттарымен, оның мүддесiмен және тұтынушылық қажеттiлiгiмен анықталады. Қылмыстық заң, заңдылық, азаматтық заң алдындағы теңдiгi т. б. қағидаларға негiзделедi.
Қылмыстық заң ол тарихи өзгермелi санат болып табылады. Қоғамдық өндiрiстiң дамуы өндiрiстiк және өзге қоғамдық қатынастың жетiлуi, қоғамдық өмiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саяси және иделогиялық шарттарының өзгеруi қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулардың енгiзiлуiн қажет етедi [5] .
Қылмыстық заңның басты белгiлерi мен маңызын төмендегідей көрсетуге болады:
1. Қылмыстық заңның негiзгi белгiсi, ол жеке тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын, табиғатты, қоршаған ортаны, меншiктi, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi және қажеттiлiктердi бүтiндей алғанда, барлық құқықтық тәртiптi қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Бұл міндеттердің тізбегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2 бабында айқындалған. Әрине бұл баптағы тізбектелген қылмыстық заңның міндеттері үлгілі ғана тізбек, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын негізгі, басты құндылықтар Осы 2 бабқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімі құрылған
2. Қылмыстық заң, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негiзделедi. Конституция Қазақстан Республикасындағы әрекет ететін барлық нормативтік құқықтық актілердің негізгі ірге тасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында бастау алған негізгі қағидалар мен нормалар өз жалғасын және норма жүзінде белгіленуін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тапқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz