Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi



КІРІСПЕ ... ... ... ..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... .5
1.1 Мемлекет нысаны ұғымы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК.ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... .11
2.1 Жәй мемлекеттік құрылым ... ... ... ... .11
2.2 Күрделі мемлекеттік құрылым ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекет – бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Аталмыш жұмыста мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысапндарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.
Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2010. – 18 б.
2. Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2002. – 92 б.
3. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 2009. – 120 б.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы – 2001. – 47 б.
5. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996. – 36 б.
6. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2003. – 205 б.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі, 2001. – 83 б.
8.Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциясылық құқығы, Астана – 2007. – 73 б.
9. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998. – 155 б.
10. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқы - Алматы, 2009. – 244 б.
11. Мемлекет және құқық тарихынан, 2 – кітап, Алматы, 2001. – 99 б.
12. Марченко М.Н. Теория государства и права. — М., 2008. — 99 б.
13. Общая теория права и государства/ Под. ред. В.В. Лазарева. 2-е изд. - М., 2001. Тема 5., 2009. – 14 с.
14. Теория гос.права / Под. ред. М.Н. Марченко. 2-е изд. — М., 2006. – 65 б.
15. Теория права и государства / Под.ред. Н. А. Катаева и В. В. Лазарева. - Уфа, 2004. – 185 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Мемлекет нысаны ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
2. МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК-ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Жәй мемлекеттік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Күрделі мемлекеттік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мемлекет - бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері - басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Аталмыш жұмыста мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысапндарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.
Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Курстық жұмыста алға қойылған мәселелерді тек теориялық және құқықтық тұрғыларда ғана қарстырылып қана қоймайды, сондай-ақ қандай да бір тарихи жақтары мен ұқсастықтары қарастырылады, мемлекеттік құрылым нысандарына қатысты кейбір мысалдар келтіріледі және өзімнің жауаптарым баяндалады. Курстық жұмыстағы қарастырылатын мәселелердің біршама жалпы түсініктеріне тоқталамын, өйткені әрбір сұрақ үлкен ғылыми зерттеудің объектісі болуы мүмкін және сондай болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Мемлекеттік басқару нысаны туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен, саяси режиммен танысу;
Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.
Мемлекет нысаны бағытындағы негізгі мәселелеріне талдама жасау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың тақырыбына арқау болған осы мәселелер туралы әдебиеттерде аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан мен аталған мәселелер бойынша өз бетiмше құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiміз келедi. Сондай-ақ мен осы курстық жұмыс барысында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерiде қарастырылып кеттi.
Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының деңгейін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Мемлекет нысаны ұғымы

Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. [1]
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер - министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар - бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады. [2]
Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде­мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. [3]

Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі және дамуы

Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [4]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган -- әкiм.
Федерация "федус" деген сөз - одақ деп латын тiлiнен аударылады. Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет -- күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация -- белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан iстелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi -- Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр. [5]
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында, Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында -- Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары -- федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия -- федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия -- олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -- түрiктер, бергi атасы -- қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi. [6]
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі халықтардың консолидация құралы болады.
Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары - жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.
Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды. [7]

2. МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК-ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жәй мемлекеттік құрылым

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Унитарлық мемлекет-бұл мемлекеттің орталық органдарына бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ, әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы, Қазақстан, Италия және т.б.
Унитарлық мемлекет белгілері:
-барлық мемлекетке ортақ заң шығарушы, атқарушы, сот органдарының болуы;
-бір конституция, бір азаматтық, бірыңғай заң жүйесінің болуы;
-мемлекеттік егемендігі жоқ, құрамдас бөліктерден тұруы;
-шағын саны бар ұлттар тұратын біртұтас мемлекетте ұлттық және заңнамалық автономияға жол берілуі;
-сыртқы мемлекет аралық қарым-қатынастарды орталық органдардың жүзеге асыруы;
-бірыңғай қарулы күштердің болуы.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында "Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет" делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. [7]
Республика (лат. Respublіka - халық игілігі, қоғамдық іс) - мемлекеттік басқару нысаны.
Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі -- саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік.
Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған "халық жиналысында" болды. 17 -- 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.
Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қажеттіліктеріне орай президент қолында күшті билік шоғырланғандықтан, Қазақстан да супер президенттік Республикаға жатады. Парламенттік Республикада жоғары билік иесі парламент болып табылады. Мұндай Республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс пен бітім мәселесін шешеді, әскерді қамтамасыз етеді, халықар. шарттарды бекітеді. Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы. [8]
Жартылай президенттік республика - немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бүл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен министрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді. Парламенттің де елдің жыл сайынгы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру құзыры бар. Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әртүрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі эр елде әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген.
Мемлекеттік басқарудың нысандары -- мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен -- жалғыз билеуші) -- басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады -- монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
-- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
-- басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;
-- сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы -- Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен -- мемлекеттік, қоғамдық іс) -- басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
-- өкіметтің сайлануы;
-- белгілі уақытқа ғана сайлау;
-- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді. [9]
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) -- парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) -- Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент -- Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен -- тыйым салу).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада -- үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды - оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні - пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекет құрылымының нысаны
Мемлекет нысандарының қалыптасуының теориялық аспектілері
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Пәндер