Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
1 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ ... .5
1.1 Мемлекет функциясының түсінігі ... ... ...5
2 Мемлекет функцияларының маңызы ... ... 7
2 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Мемлекеттің ішкі функциялары ... ... ... ... 13
2.2 Мемлекеттің сыртқы функциялары ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Адамзат қоғамының қалыптасуының ,ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық.Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үдірстерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кенеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түр-пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келсім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Общая теория права и государство /Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
2. Общая теория права. Курс лекций /Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
3. Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991.
4. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 1989.
5. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
6. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
7. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
8. Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
9. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
10. Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007
11. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
12. Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
13. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
14. Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
15. Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
16. Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
17. Мухамедов М.Б. «Қазақстан әлемдік қауымдастықта». Алматы, 2000жыл
18. Поляков А.В. Общая теория права. Санк – Петербургского государственного университета. 2005
19. С.Өзбекұлы Мемлекет және құқық теориясы. Алматы Жеті жарғы 2006 жыл
20. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
21. Тоқаев Қ. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы». Алматы 2002 жыл
22. Абдулпаттаев С. «Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру бастамасының маңызы». Ақиқат, 2005, № 5
23. Абдулпаттаев С. «Интеграциялық саясат». Ақиқат, 2003, № 6
24. Арыстанбекова А. Әлемге әйгілі. Егемен Қазақстан 2001 жыл 2 наурыз
25. Арыстанбекова А. Қазақстаннның БҰҰ – на кіруі: оқиғалар қалай өрбіді. Дипломатия жаршысы. 2002ж №1-2
26. Биржанова А. Функции демократического государства. Жалпы тарих және құқықтану мектепте, 2003, №1
27. Иманбекова Б. «Қазақстандағы ғылыми – техникалық саясат». Саясат, 2005, № 9
28. Қарасаев Ғ. «Еуразиялық бірлестік және қауымдастық». Қазақ тарихы, 2003, № 4
29. Мұхамеджанов М. «Мәдениет саласын аймақтық басқарудың кейбір мәселелері». Саясат, 2006, № 5
30. Нұрақым Р. «Қазақстан мен Ресей қарым – қатынастарының жаңа буыны». Ақиқат, 2004, № 1

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекет функциясының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Мемлекет функцияларының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Мемлекеттің ішкі функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мемлекеттің сыртқы функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат қоғамының қалыптасуының ,ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық.Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үдірстерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кенеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түр-пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келсім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
Жұмыстың өзектілігі. Құқық функциясы, Құқықтану, Мемлекет пен құқық функциясы т.б. сияқты құқықтық пәндердің ең басты санаттары мен ұғымдарының бірі - мемлекет пен құқық. Сондықтан Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе атты бірінші бөлімде мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, түрі - пішіндері, белгілері, жүйесі, механизмі, атқаратын қызметтері қарастырылады.
Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конститутция болып табылады. Конститутцияда қоғам мен мемлекеттің, құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік билік органдарының мәртебесі бекітіледі. Конститутцияның негізгі Заң ретіндегі басты ерекшеліктері мен қасиеттері оқу құралының Конститутциялық құқық функциясы
Мемлекетті басқарудың ұғымы, қағидаттары, түрпішіндер, органдарды, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не, оның белгілері қандай, әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жас, әкімшілік жауаптылықтың түрлері жайында Әкімшілік құқық негіздері деген үшінші бөлімде айтылады.
Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық тарапынан нарықтық экономика лы ел деп мойындалып, үлкен бағаға ие болды. Нарықтық қатынастар жыл өткен сайын қоғамдық қатынастардың салаларының барлық жақтарын барынша қамти түсуде. Сондықтан, халықтың әлеуметтік жағдайының, мемлекеттің, жеке, заңды тұлғалардың қаржы қорының өсуіне сауатты заңға, құқыққа негізделгіп басқарлатын, ұйымдастырылған нарық тікелей ықпал жасайды. Азаматтық кодекс нарықтық қатынастардың конститутция делінетін құқық теориясында пікір бар. Сонымен нарықтық қатынастар мен азаматтық құқықтың негіздері ұсынылып отырылған. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау, мемлекет функциясының түрлеріне тоқталу, соның ішінде Қазақстан Республикасының функцияларына ішкі (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқалар) және сыртқы (Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым - қатынас функциялары) функцияларына жан - жақты талдау жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті - мемлекеттің қоғамда атқаратын қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, мемлекет функциясының (әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуына байланысты) атқаратын қызметтеріне байланысты топтастыру, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері атқаратын негізгі қызмет аясының бағыттарын айқындау (ішкі және сыртқы функциялар бойынша).
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік функциялары туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар -- Баянов Е, Табанов С., Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Курстық жұмыстың объектісі - мемлекет функциялары мен мемлекеттік органдар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде.
Курстық жұмыстың құрылымы. Мемлекет функцияларының түсінігі, түрлері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ
Мемлекет функциясының түсінігі

Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2.Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3.Салық жүйесі.
4. Егемендік..
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. [1]
Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекет түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas -- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[2]
Федерация (лат. foederatio -- одақ, бірлестік) -- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. [3]
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді. [4]
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон " Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі" деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель " Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі" деп түсіндірді. [5]

1.2 Мемлекет функциясының маңызы

Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық - регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық. [6]
Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай - ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады. [7]
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы. [8]
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)
6.Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады. [9]
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды. [10]
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы -- келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс. [11]
Келісімдік функция -- мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы -- ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт [12].
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында -- бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды. [13]
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді. [14]
Мемлекеттің төртінші функциясы -- қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді. [15]
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті -- қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады. Сондықган тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып саналады.
Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік өкілеттіктерін анықтайды. [16]

2 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мемлекеттің ішкі функциялары

Кез келген қоғамдағы мемлекеттің экономикалық рөлі нақты функциялардың жиынтығы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің рөлі, сол сияқты ол орындайтын функциялар мемлекет пен экономиканың өзара қарым-қатынастарының әртүрлі моделдерінде ғана әртүрлі болмайды, сонымен бірге бір үлгі шеңберінде, бірақ та әртүрлі елдердің әртүрлі нақты-тарихи жағдайларымен байланысты да әртүрлі болады.
Аралас экономика көбірек немесе азырақ табысты жұмыс жасайтын әртүрлі елдердің экономикалық, мәдени, ұлттық-тарихи дамуының өзіндік ерекшеліктеріне қатыссыз, ондағы мемлекеттің экономикалық рөлі келесі маңызды функциялар арқылы берілуі мүмкін:
- шаруашылық заңдарын әзірлеу, құқықтық базаны және әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз ету;
- халықтың оны қажетсінетін топтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында кірістерді және байлықты қайта бөлу;
- өзгермелі сыртқы және ішкі жағдайларға сәйкес ұлттық экономиканың құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды бөлуге түзетулер жасау;
- экономикалық коньюнктураның өзгеруі жағдайларында экономиканы тұрақтандыру;
- жеке капиталға тиімсіз аяларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
- кеден жүйесін ұйымдастыруды қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметті бақылау; [17]
- қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу.
екіншіден, оның жағымсыз жақтарын бейтараптандыруды қоса алғанда, нарықтық жүйенің жұмыс істеуіне түзету жасауға және жетілдіруге (түрлендіруге) бағытталған.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жетілмегендігі.
Қоғамның экономикалық өмірін ұйымдастырудағы мемлекеттің орны мен рөлін түсіндірудің пікірталас туғызушылығы мен біржақты еместігі көп жағдайда, ресей экономистері анықтаған мемлекеттік реттеу процесінің өзіне, белгілі бір кемшіліктермен байланысты, бұл:
- реттеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша белгілі бір әкімшілік шығындардың болуы;
- өндірістік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға әкелетін нарықтық қатынастардың іс-қимыл аясының тарылуы;
- шаруашылық субьектілері арасындағы нарықтық байланыстар орнату принциптерінің бұзылуы.
Батыс экономистері мемлекеттік реттеудің кемшіліктерін одан анағұрлым үлкен ауқымдарда (масштабтарда) көреді. Олар мемлекеттің қауқарсыздық танытуының төмендегідей 3 себебін атап көрсетеді:
Өз қызметінің салдарлары туралы мемлекеттің жеткіліксіз хабардар болушылығы (ішімдікпен күрес қорытындысында жүзімдіктердің ең бағалы сорттарын отауға әкелді және соның салдарынан, аса сирек шарап жасау өндірісінің рецептерін жоғалтып алды).
Төрешілдікке бақылаудың шектеулілігі. Кез келген заңдардың пәрменділігі, кез келген экономикалық құбылысты реттеу жөніндегі қадамдарды іс жүзінде жүзеге асыру шенеуніктердің кәсіби сауаттылықтарына қатысты болады. [18]
Саяси процестермен байланысты шектеулер.
Мемлекеттік қызмет көптеген мәселелерді қозғайды, бірақ та шешімді шектеулі тұлғалар ғана қабылдайды.
Мемлекетті әлеуметтік мәні оның функциялары арқылы нақтыланып көрініс табды. Мемлекеттің функциялары -- қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары болып табылады. Оның белгілері мынадай:
1)қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің қызметі;
-мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей байланыстығы;
-қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы;
-билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.
Мемлекеттің функциялары стихиялы түрде емес, белгілі бір мақсатқа бағытталып негізделеді. Айталық, өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекет алдында тұрған міндеттерді (таптық немесе жалпыәлеуметтік) орындау үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын мүмкіншілігіне ие болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік функция-таптық немесе жалпы-әлеуметтік бағыттағы болып келеді. Бірақ, әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің функцияларының ара - қатынасы әр қилы болуы да мүмкін. Мемлекет алғашқы кезінен бастап, қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (жол, стихиялық апатқа қарсы қорғаныстар салу), почта ісін, суда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да қызметтерді орындап келеді. Мемлекеттің басты қам - қарекеті әрдайым өзі орнатқан тәртіпті қалай да болса қорғау болып келеді.
Қанаушы мемлекеттердің функциясы өркениетті мемлекеттерге қарағанда өзгешелеу болып келеді. Оны мынадан көруге болады:
-- қарамағындағы бағынышты халықты қанауын ұйымдастыру (құлдар, еркі жоқ шаруалар, жұмысшылар); [19]
-өзіне бағынышты халықты жалындырып ұстау, қолданыстағы режимге олардың ашық қарсылықтарын басып тастап, одан әрі өрбуіне жол бермеу;
-салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді жинау;
-қанаушы, үстемдік етуші таптардың саяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету;
-шаруашылық - шаруашылық функциялар (ішкі функциялар).
Оның сыртқы функциясы мынадай көріністе болады: жаулап алу соғысын ашу; өзіне бағынышты мемлекеттер мен аумақтардағы халықты және табиғи байлықтарды тонап қанау; мемлекеттік шекараны қорғау, кедендік қызметті ұйымдастыру және басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қарулы агрессиясына қарсы тойтарыс беру; өзге елдермен дипломатиялық және сауда - экономикалық қатыстарда болу; басқа мемлекеттермен мәдени және ақпарат құралдармен алмасу, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттер жалпы әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады, олар әр түрлі негізде түрлерге бөлінеді. Іс -- әрекеттерінің уақытына байланысты функциялар тұрақты (мемлекеттің дамуының барлық кезеңдерінде) және уақытша оның пайда болуы белгілі бір жағдайларға байланысты, ол жойылған соң бұл функция қажет болмайды (мысалы, табиғи аппаттардың зардаптарын жою, Чернобель АЭС-індегі уақиға куә). Қызмет сферасына қарай - ішкі және сыртқы функцияларға бөлінеді. Мәні жағына келетін болсақ функция негізгі және негізгі емес (қосалқы) болып келеді. Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, бақарушы, және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындғы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жітелінді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қоданылатын функциялары: ішкі және сыртқы функциялар. [20]
Ішкі функция - қоғам өмірінің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің негізгі бағыттары. Ішкі функцияны жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанына, не болмаса мемлекеттік құрылымына қарай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, күзет және бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. Соымен бірге қазірге кезде, барлық мемлекеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қаржылық бақылау туралы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Пәндер