Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік қызметтің мәні және құқықтық негіздері мен принциптері ... .5
1.2 Мемлекеттік қызметшінің түсінігі, санаттары және жауапкершілігі ... ... ..11
2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... .13
2.1 Мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың экономикалық негізде ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, адамдар өз шенеуніктеріне қанағаттанатын ел табу қиын, бірақ әр ел өз проблемаларын өз дамуының нақты бір кезеңіне сай шешеді. Барлық демократиялық елдерде қоғам мемлекеттік қызметте пайда болып жатқан процестерді өз заң берушілері, мемлекеттің жоғары қызметтік тұлғасы арқылы мемлекеттік аппарат тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен басқа да функцияларын аз шығынмен орындау мақсатымен тәртіпке салады. Мұндай қызығушылық мемлекеттік аппараттың тек азаматтардың проблемаларын шешуге емес сонымен қатар мемлекеттік қызмет орындары салық төлеушілердің ақшасына пайда болып жатқаны үшін. Біздің мемлекеттік қызметтің реформалануның негізгі бағыттары Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Қазақстан - 2030" жолдауында айқындалған.
1. Бердалиев К.Б.- Қазақстандағы аймақтық басқару мәселелері "Экономика и бизнес" 1996 жыл.
2. Бердалиев К.Б. "Қазақстан экономикасын басқару негіздері". Алматы. Экономика, 2001жыл.
3. «Басқару негіздері» Қ.Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов
4. Газеттер «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы сандары
5. Дос К.Қ. Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз не? Алматы 1998ж
6. ЕрғалиевҚ.Р.. Басқару негіздері. Алматы 1997ж.
7. Жиенбаев Ғ.А. Әлейбеков М.И. Нарыктық экономика дегеніміз не? Алматы 1998ж.
8. Ихданов Ж.О., Ә.О. Орманбеков "Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері" оқу құралы Алматы. Экономика, 2002 жыл.
9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін -өзі басқару туралы" заң жобасы Егемен Қазақстан, 12 қыркүйек 2000 жыл
10. «Қазақстан Республикасында еңбек туралы ережелері» Қазақстан Республикасының Заңы № 493-1 10.12.1999 ж.
11. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы № 148 -II 23.01.2001 ж. 12.Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң жобасы. Егемен Қазақстан, 12 қыркүйек 2000 ж.
13. Менеджмент негіздері. К.С. Сыздыков, А.Т. Мергенбаев, Г.Мауленкулова. Шымкент 2000ж.
14. "Муниципиальный менеджмент". С.К. Куманбаев, Г.Н.Гомарник, А.О.Орманбеков ж.б. Учебное пособие.
15. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы № 453 23.07.1999 ж.
16. Өзіндік басқару мен өзіндік қаржыландыру тұжырымдамасы. Алматы, 1990жыл.
17.Региональная политика Республики Казахстан. Отв. Ред. М.Б.Кенжегузин. Алматы Институт экономики АН РК 1998.
18. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы № 267 02.07.1998 ж.
19. Современный Казахстан. Цифры и факты. Алматы. 2004 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекеттік қызмет
Пәні: ҚР әкімшілік құқығы

Тексерген:

Орындаған:

Петропавл, 2017
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .5
Мемлекеттік қызметтің мәні және құқықтық негіздері мен принциптері ... .5
Мемлекеттік қызметшінің түсінігі, санаттары және жауапкершілігі ... ... ..11
2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың экономикалық негізде ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, адамдар өз шенеуніктеріне қанағаттанатын ел табу қиын, бірақ әр ел өз проблемаларын өз дамуының нақты бір кезеңіне сай шешеді. Барлық демократиялық елдерде қоғам мемлекеттік қызметте пайда болып жатқан процестерді өз заң берушілері, мемлекеттің жоғары қызметтік тұлғасы арқылы мемлекеттік аппарат тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен басқа да функцияларын аз шығынмен орындау мақсатымен тәртіпке салады. Мұндай қызығушылық мемлекеттік аппараттың тек азаматтардың проблемаларын шешуге емес сонымен қатар мемлекеттік қызмет орындары салық төлеушілердің ақшасына пайда болып жатқаны үшін. Біздің мемлекеттік қызметтің реформалануның негізгі бағыттары Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Қазақстан - 2030" жолдауында айқындалған.
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік қызметтің жоғары профессионалдығы - тағы бір лозунгы емес. Қайта реформалаудың ағымдағы этаптың ерекшеліктерінің бірі -- бұл мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің сапалық деңгейін көтерудегі негізгі құрал. Жаңа заңда шенеуніктердің профессионализмін қадағалау мақсатында аттестация жүргізіледі. Әр 3 жыл сайын аттестация мемлекеттік қызметкерлердің дайындық деңгейін олардың құқықтық мәдениетін және адамдармен жұмыс істеу сипатын тексеріп отырады. Аттастациялық комиссия нәтижелері бойынша әр мемлекеттік органда қызметкердің қызметтік сәйкестілігі немесе оны жұмыстан шығарып тастауы жөнінде вердикт шығарылып отырады. Сонымен қатар комиссия қызметкерге квалификациялық деңгейін жоғарлату мақсатында белгілі бір курсты оқып үйренуте ықпал жасай алады.
Мемлекеттік қызметтің қарқындылығын жоғарылату туралы айтқанда "мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың шегінен шығып кететін шаралар туралы айтып кету міндет. Бәрінен бұрын "Әкімшілік процедура туралы" заңды қабылдау керек. Бұл заң мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процедураларының регламентті болуын, оларды азаматтарға жеткізіп шенеуніктердің берілген процедураларды сақтауы туралы міндеттеме жасауды қамту керек. Процедураларды жасап оларды қатаң сақтау коррупция деңгейін төмендетіп, заңның сақталуына демократия принціпі ретінде үлес қосады. Демократия бұл -- процедуралар деп бекер айтпаған.
Мемлекеттік қызметтің профессионалдылығын жоғарлататын келесі фактор -- меңеджменттің жаңа әдістерін енгізу, әсіресе персоналды басқару бөлімінен. Персоналды қарқынды басқару тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталуы негізгі кезеңдердің бірі болуы керек. Бұл жағдай мемлекеттің нарық субьектілеріне қарағанда бәсекенің болмауы жағдайында жұмыс істейтін болғандықтан әсіресе маңызды. Олардың жұмыс істейтінің қарқындылығы заң, мемлекет аппаратының кадр профессионалдылығымен, басқару әдістерінің эффективтілігімен қамтылу керек.
Персоналды тиімді басқару әдістеріне мемлекеттік қызмет кадрларына мониторингті енгізу әдісін жатқызуға болады. Осымен байланысты кадрларды бақылауға: тәжірибе, проблематар, мақсаттарды қарауға глобалді ақпараттық жүйе енгізіліп отыр.
Қазақстандық модель біздің ерекшеліктеріміз бен дәстүрлерімізді ескере отырып карьералық және позициялық жүйелерді қамтып отыр.
Осыған байланысты аталмыш тақырыпты қарастыру өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі уақыттағы Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайын қарастыру және талдау жасау болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
мемлекеттік қызметтің мәні және құқықтық негіздері мен принциптерін қарастыру;
мемлекеттік қызметшінің түсінігі, санаттары және жауапкершілігіне тоқталу
мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы менмемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың экономикалық негіздегі жолдарына талдама жұмыстарын жасау.
Курстық жұмыстың объектісі - мемлекеттік қызмет пен қызметкерлер болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік қызметтің мәні және құқықтық негіздері мен принциптері

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар". Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: "Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі" делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы.
Қағида талаптардың бірі бойынша, мемлекеттік қызметті мемлекеттік шенеунікке өз қызметтік парызын адал атқаруға кедергі болатын қандай да бір жеке немесе өзге де қаржылық мүдделерден тыс қарастырылатын қызмет саласы.
Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек.
Қызметкерлерге олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады.
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi -- мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
мемлекеттiк лауазым -- мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
мемлекеттiк қызмет -- мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
мемлекеттiк қызметшi -- мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
лауазымды адам -- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;
лауазымдық өкiлеттiк -- заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты -- мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
бiлiктiлiк талаптары -- мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттiк саяси қызметшi -- тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi;
ротация -- мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.
Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың -- қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар". Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі" делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған Азаматтық құқық" тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті - қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.

Мемлекеттік қызметшінің түсінігі, санаттары және жауапкершілігі

. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызыметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынандай міндеттерді шешуге арналған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың өз құзіретіне сәйкес тиімді қызмет атқару үшін жағдай тудыру болытптабылады;
- басқарушылық қызметтің ұйымдастрылуын жетілдіру;
- азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптерге - заңнамада бекітімін тапқан басты идеяларға негізделеді. Принциптер көп, себебі олар Қазақстан Респуликасының бірыңғай мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын біріктіре отырып жүйе құрушы міндеттерді атқарады. Мемлекетті биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен бөлінгенімен, мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі принципі. Бұл принцип мемлекеттік билік көзінің ортақ екендігін негіздеген.
2. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлердің екі санатқа бөлінеді:
- Саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
- Әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында Мемлекеттік қызмет туралы Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебесі болады.
3. Мемлекеттік қызметкерлердің білімінің, біліктілігінің деңгейі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты қызметтің талаптарын қанағаттандыруға тиіс. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын жалпы, тыйым салынатын және шектейтін талаптар біршама анық баяндалған. Жалпы талаптармен қатар заңнама тыйым салынатын, яғни мемлекеттік қызметкерлер мәртебесімен сыйыспайтын жағдайлар белгілеуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметке мына адамдар алынбайды:
- әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
- белгілі бір мерзім аралығында мемлекеттік қызмет атқару құқығынан сот айырған;
- Лауазымды өкілеттіліктерді атқаруға медициналық қайшылықтары бар және біліктілік талаптарына сай келмейтін;
- заңда белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тарту;
- ұйымдасқан жемқорлық қылмысы үшін мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
- мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде сот тәртібінде әкімшілік жазаға тартылған;
- заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жойылмаған адам;
4. Арнайы құқықтары мен міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- басқару мәселесін даярлау және шешу;
- заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және басқа да нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қадағалау;
- заңдардың, жарлықтардың, қаулылардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру;
- арнайы мәртебенің және белгіленген тәртіпке іске асырылатын өктем биліктің болуы;
- биліктің тиісті ресурстарын иемденіп мемлекет мүддесін білдіре алу.
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет -- мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер -- мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер -- тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер -- мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:

заңдылык;
патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз -- саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
мемлекеттік органның жабылуы;
заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;
аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
қызметтен шығару.
Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.

2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттік қызметкер:
өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:

Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
мемлекеттік құпияларды сақтауға;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.
Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы -- тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;
тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік - мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Жәрдемақылардың әмбебап жүйелері
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Пәндер