Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ . . . 5Мемлекет нысанының негізгі түсінігі және мазмұны . . . 5Мемлекеттің саяси нысанының түрлері . . . 6

2. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 15

2. 1 Мемлекеттің басқарудың мәні және ерекшеліктері . . . 15

2. 2 Монархиялық басқару . . . 21

2. 3 Республикалық басқару . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттiң басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.

Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етедi. Адамзат қоғамы дамып мемлекеттiк құрылым күрделенген сайын мемлекеттi басқарудың нысандары да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары сан алуан болып келедi. Егер мемлекеттi басқарудың нысаны ұтымды болатын болса мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды. Жалпы мемлекеттi басқарудың нысанына осы күнге дейiн көп көңiл бөлiнiп келгенi рас және бұл мәселе бойынша ғалымдар арасында әртүрлi көзқарас әлi де болса орын алуда. Мемлекеттi басқарудың нысаны демек осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн яғни, актуалдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады.

Биліктің тармақтарға бөлінуінен біз ол органдардың өз құзыреттерін жүзеге асыру үшін тиісті биліктік механизмі болатынын көреміз.

Мемлекеттік билік әр түрлі қоғамдық қатынастарда өзінің қызметін тиісті жағдайда жүзеге асыруы керек. Билікті жүзеге асыруды бір қалыпқа келтіру үшін билік тармақтарының жузеге асыратын қажетті тетігі болады

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б. бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Мемлекеттік басқару нысаны туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен, саяси режиммен танысу;
  • Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
  • Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
  • Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
  • Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.
  • Мемлекет нысаны бағытындағы негізгі мәселелеріне талдама жасау.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың тақырыбына арқау болған осы мәселелер туралы әдебиеттерде аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан мен аталған мәселелер бойынша өз бетiмше құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiміз келедi. Сондай-ақ мен осы курстық жұмыс барысында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерiде қарастырылып кеттi.

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының деңгейін талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Мемлекет нысанының негізгі түсінігі және мазмұны

Мемлекет нысаны- бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.

Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. [1]

Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер -министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.

Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.

Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.

Империялар -бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.

Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады. [2]

Федерация -бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.

Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.

Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде­мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. [3]

  1. Мемлекеттің саяси нысанының түрлері

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады. 1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері. 2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т. б. саяси жүйелер. 3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т. б. 4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т. б. саяси жүйелер. Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады: - Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және оның мазмұны - Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары - Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі - Қазақстан Республикасындағы саяси күштердің кемелдену үрдісі - Қазақстандағы саяси жүйені реформалау Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. [4]

Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік. Саяси жүйенің пайда болуы Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды. Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді [5] .

Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады. «Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д. Истон мен Г. Алмонд. Д. Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы. Г. Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген. Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты. «Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі. Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді. Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д. Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі. Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады. [6]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
Мемлекет құрылымының нысаны
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz