Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ ... ... ..5
1.1 Орталық атқарушы органдардың түсінігі және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... 14
2.1 Атқарушы билік субъектілері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының Үкіметінің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
1. Конституция РК. 30 августа 1995г.
2. Казахстан – 2030. Послания Президента страны народу Казахстана.-Алматы:Білім,1998г.
3. Закон РК о местном государственном управлении,2000г.
4. Закон об административно-территориальной структуре Казахстана.
5. Проект закона «О местном самоуправлении».
6. Қазақстан Республикасы аудандарының облыстық маңызы бар қалалары әкімдері сайлауын өткізу ережесі, 2006ж.
7. Алматы қаласының 2002-2010 ж даму бағдарламасы
8. Анимица Е.Г., Тертышный А.Т. Основы месного самоуправления, Москва, 2000
9. Кубаев К.Е., Местное самоуправление, Алматы университеті, 2003
10. М.Б.Кенжегузин, С.А.Абдуллаев, «Децентрализация государственного управления», Алматы-2003
11. Нургалиев К.Р. Экономика Казахстана, Алматы, 1997г.
12. Региональная экономика, под ред Морозовой, Москва 1998г,
13. Пикулькин А.В. Система государственного управления,2000,399
14. Швецов А. Потребности муниципальных образований в финансовых средствах и бюджетно-налоговые возможности их удовлетворения//РЭЖ 2001,№7.
15. Децентрализация власти – глобальный шаг в развитий страны//Юридическая газета, №8,2000г.
16. Исмагамбетов Т. Выборы акимов и месное самооуправление//Континент.№11,2000г.
17. Иманқұлов М.Заң-тәртіп-АПК.//Алматы Ақшамы, 30 наурыз, 2006ж.
18. Кемел М.Жергілікті өзін-өзі басқару, бүгін және ертең.//Егемен Қазақстан,16 наурыз,2005ж.
19. Мырзатаев Н. ҚР ауыл, округ әкімдерін тағайындау мен сайлаудың өзекті мәселелері//Заң, №3,2005ж.
20. Танкиева А. Жергілікті басқару//Қаржы-Қаражат,№3,2004ж.
21. А.Төлеуханқызы. Басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру - өмір талабы.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
22. Е.Смаил. Саяси реформалар: нақты істер уақыты.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
23. Ж.Самратов. Халықтың билікке тәуелділігін азайту – демократияның басты қағидаты.//Егемен Қазақстан, 16 маусым, 2006ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Пәні: ҚР әкімшілік құқығы

Тексерген:

Орындаған:

Петропавл, 2017
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ ... ... ... ... .5
1.1 Орталық атқарушы органдардың түсінігі және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Атқарушы билік субъектілері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының Үкіметінің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау - толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан-2030 жолдауында: Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру қажеттігі жайында атап өткен.
Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.
Осыған орай Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқарудың конституциялық құқықтық мәртебесін қарастыру өзектілікті айқындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;
Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;
әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыс орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, интернет желісінен пайдаландық. Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко, Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв, М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.
Курстық жұмыстың объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы қарастырылады, екінші тарауда Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметі қарастырылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
1.1 Орталық атқарушы органдардың түсінігі және жүйесі

Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.
Қазіргі кездегі атқарушы билік органының құқықтық мәртебесінің негізі толығымен жалпы көзқараспен мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік органдары өздеріне жүктеген қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктік өкілеттіктермен бөлінген. Атқарушы билік органның атқарушылық билікті жүзеге асыруға арналған мұндай өкілеттілігі басқа да мұндай өкілеттілік берілген органдардан ерекшеленеді.
Атқарушы билік органдарын мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен , субъектілерінің жарғыларымен және мәртебесін бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалған.
Осы тұрғыдан Баяновтың пікірі бойынша: Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік -- құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік - құқықтық мәртебесін жан - жақты қарауды қажет етеді.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада ұйым деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым - тар мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы - кең мағынадағы ұйым. Сонымен ұйым дегеніміз - белгілі бір қызметті атқаратын адамдардың ұжымы. Бұл - ұйымды белгілі бір құрылым ретінде түсіну.
Ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес сипаты бар түрлері ажыратылады. Біріншілерін мемлекет ресми түрде құрады. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен құрылады. (мысалы, партия)
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік органдар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық жөнінен бірлесіп қызмет атқару үшін бірлестірілген адамдар ұжымы (өндіріс, қызмет көрсету, т.с.с. ). Бұлар, мысалы, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (зауыттар, фабриктер).
Мемлекеттік мекеме - әлеуметтік - мәдениет немесе өзге өндірістік емес сипаты бар қызметті жүзеге асыру мақсатында бірлестірілген адамдар ұжымы. Бұл, мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орны. Мұндай кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынадай. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өздерінен тысқары қандай да болмасын басқарушылық функцияларды жүзеге асырумен айналыспайды. Кәсіпорын мен мекеменің ішіндегі басқарушылық сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес оның басшылары, яғни әкімшілік жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді де шамамен осылай сипаттауға болады, тек мына бір міндетті жағдайды ескере отырып, оларды мемлекет құрмайды және олар мемлекеттің атынан бола алмайды.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады, ол мына төмендегілерден көрініс табады.
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Бұл, біріншіден, мынаны білдіреді, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекекеттің атынан қызмет атқарады , шаруашылық, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және, екіншіден, мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктер ауқымын береді, кәсіпорындар мен мекемелерде ондайлар болмайды.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік -- биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады:
а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан. Олар не тікелей ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не төменгі тұрған атқарушы органдар үшін, не ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не қоғамдық (мемлекеттік емес) ұйымдар үшін, не ең соңында, тұлғалардың үлкен тобы, оның ішінде азаматтар үшін де міндетті (мысалы, жалпы міндетті болатын жол жүру ережелері, санитарлық - гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және өзге де ережелер);
ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау (қадағалау) жасауды жүзеге асыру құқығынан;
б) заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу, т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайда - мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады.
3. Мемлекеттік - биліктік өкілеттіктер барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандыұтан, атқарушы билік органдарының оларды пайдалануының шегін белгілеудің үлкен маңызы бар. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік - биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік - басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланады.
Бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси құрылысқа басшылық жасау процесінде заңдардың жіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің ( оның ішінде осы органдардың өздерінің актілерін де) орындауды қамтамасыз ету үшін құрылады. Сондықтан, олардың биліктік өкілеттіктері атқарушы - өкім етушілік немесе мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық өмірдің аясымен шектеледі. Бұл мемлекеттік басқару аясы. Нақ осында шаруашылық кәсіпорындар мен әлеуметтік - мәдениет мекемелерінің жұмыстарын тікелей ұйымдастыру, меншіктің әр түрлі нысандары объектілерінің арасындағы байланыстарды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету іске асырылады.
Заң шығарушы орган аталған аяда заңмен реттеу арқылы жалпы басшылықты жүзеге асырады. Сот билігі органдары бұл аяда басшылық жасау қызметімен жалпы айналыспайды.
Сонымен, атқарушы билік органдарының функционалдық міндеті - атқарушылық - олардың мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктерді пайдалануының шегін айқындайды.
4 . Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада, заң - мемлекеттік - басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Олардың ерекшеліктерінің қатарына сондай - ақ мынаны да жатқызған жөн, өзінің қызметін заңның негізінде және оны орындау үшін жүзеге асыра отырып, олар тек заңның нақты талаптарын тікелей орындауды ғана ұйымдастырып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқару аясында заңға тәуелді мінез - құлық ережелерін дербес белгілейді.
5. Республикалық та, сондай - ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі және тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасы, оның құзыретінен табады ( міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі). Бұл органдардың құзыретінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі.
6. Кәсіпорындар мен мекемелер сияқты, атқарушы билік органдары адамдардың әкімшілік - басқарушылық қызметкерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір ұжымы болып табылады. Бірақ, біріншіден, бұл сияқты ұжымның мақсаты кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарының мақсаттарынан елеулі түрде өзгешеленеді, ол атқарушы билік органдарының ерекше мақсат міндетімен алдын - ала айқындалады. Нақты атқарушы билік органын құрайтын ұжымның шегінде белгілі бір ұйымдық - құқықтық байланыстар құрылады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай - ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік - қызметтік қатынастар, өйткені атқарушы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
7. Атқарушы билік органдарының біріне - бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын (мысалы, министрліктердің департаменттері) ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Олардың қызметі нақты атқарушы билік органының өзінің қызметін өзінен тысқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында тиімділікпен орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін -- өзі ұйымдастырудың ) көрінісі болып табылады.
Атқарушы билік органдарының ұйымдық құрылымының бастапқы ячейкасы(ұясы) Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша осы органның өкілеттіктерін нақты орындау және қамтамасыз ету үшін құрылатын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылады.
8. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік - басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не республиканың бүкіл аумағында, не белгілі бір әкімшілік аумақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі жалпы басқарушылық функцияларды не арнайы сипаты бар белгілі бір басқарушылық функцияларды белгіленген қызметтің аясында жүзеге асыруды болжайды. Олардың ішінде реттеушілік, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақ көлемінде жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілеттілігі болады. [1. 115 б.]
Қызыловтың пікірі бойынша: Қазақстан Республикасының Үкіметін Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер - Министрі Республика Президентіне енгізеді.
Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері - Республиканың Премьер - Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
ҚР Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне мынадай мазмұнда ант береді:
ҚР халқы мен Президенті алдында өз Отаным - ҚР экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш - жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс - әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін. Ант етемін.
Республика Үкіметі мүшелерінің:
-- Өкілді органның депутаттары болуға, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.
Үкіметтің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіліп отырады.
Үкіметтің отырыстарын Премьер - Министр не Республика Президенті шақырады.
Үкіметтің отырыстарында Премьер - Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер - Министрдің орынбасары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен - екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығысыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық болады. Президенттің не Премьер - Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет регламентімен белгіленеді.
Үкіметті Республика Премьер - Министрі басқарады. Ол:
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі;
2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокурормен, басқа мемлекеттік органдармен қарым - қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
3) Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкімі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; Үкімет аппаратының басшысын, министрді оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;
5) Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің біріңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
6) Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап отырады;
7) Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады;
8) Республиканың заңдарымен өзіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді атқарады.
Премьер - Министр болмаған жағдайда оның міндеттерін Премьер - Министр белгіленген тәртіппен Премьер - Министрдің орынбасарларының бірі атқарады.
Премьер - Министрдің орынбасарлары өз қызметін Республиканың Премьер - Министрі белгілейтін міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырады. [2. 36 б.]
Б.Б. Сейдештің пікірі бойынша: Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органдары ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге Үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады.
Министрлік -- мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік - саяси, экономикалық, әлеуметтік - мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетке - салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік - құқықтық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың қызметтері бірінші жетекші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды. Ал ведомстволарға тек орталық органдар ғана емес, сондай - ақ департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады. Ал орталық мемлекеттік органдағы ведомство ол белгілі бір министрлік немесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады. Ведомстволар ішінде 2 топты бөліп көрсетуге болады: 1) Үкіметте құрылатын ведомства; мұнда ведомства Президенттің қатысуымен құрылып, ұйымдастырылады. 2) министрлік құрамында құрылып, қызмет ететін ведомства. Екінші топтағы ведомствалар өз тарапынан актілер шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды және жеке билік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Сонымен бірге тағы да бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі бойынша орталық мемлекеттік органға жатқызылады. Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады.
Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Агенттік -- Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Ведомство -- өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны -- министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар -- әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар -- жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны

Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін -- өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару -- ... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады.
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі -- әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.
Жергілікті өзін -- өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция) шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін -- өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін -- өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік - экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық - географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.
Жергілікті өзін -- өзі басқарудың құрылымдарына - азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.
Жергілікті өзін -- өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай - ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін -- өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін -- өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін -- өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.
Жергілікті өзін -- өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік - мәдени, коммуналды - тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін -- өзі басқару органдары өздерінің жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.
Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:
-- жергілікті өзін -- өзі басқару органының аты, құрамы, территориясының шекарасы, таңбасы;
-- жергілікті өзін -- өзі басқаруорганына қатысты мәселелер;
-- халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу формалары, тәртібі және кепілдігі;
-- жергілікті өзін -- өзі басқару құрылымы, оны құру тәртібі, жергілікті өзін -- өзі басқару органының және лауазымды тұлғалардың өкілеттігі, олардың өкілеттігінің мерзімі;
-- жергілікті өзін -- өзі басқару органының нормативтік құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау тәртібі және күшіне енуі;
-- муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібі;
-- жергілікті өзін -- өзі басқару өзін -- өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және қаржылық негізі;
-- жергілікті өзін -- өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері. [1. 15б]

2 ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Атқарушы билік субъектілері және функциялары

Атқарушы билік субъектілері әкімшілік құқықтың басты субъектілері болып саналады, өйткені олар мемлекеттік басқаруды, басқарушылық әрекеттерді жүзеге асырады, әкімшілік актілерді қабылдайды, заңдардың орындалуын, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында атқарушы билік субъектілерінің мына түрлерін бөлуге болады, олар: жоғарғы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары. Олар бір-бірімен қарым-қатынаста тең құқықты.
Қазақстан Республикасында атқарушы билік субъектілері мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушылар:
-- ҚР Үкіметі;
орталық атқарушы органдар (министрліктер, агенттіктер, комитеттер);
-- жергілікті атқарушы билік органдары (әкімдіктер) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Басқару органы басқару персоналынсыз қызмет істей алмайды, яғни мемлекеттік-басқарушылық қатынастың субъектісі болып саналатын мемлекеттік қызметшілер болу міндетті. Атқарушы билік субъектілерін ұйымдастыру мен қызмет атқаруының келесі ерекшеліктерін атауға болады:
-- атқарушы билік қызметі аясындағы мемлекеттік қызметшілер, басқа мемлекеттік қызметпен айналысатындарға қарағанда өте көп, өйткені жеке және заңды тұлғалар олармен жиі әкімшілік-құқықтық қатынасқа түседі;
-- атқарушы-өкімді қызмет субъектілері заңдарды орындаумен қатар басқа да құқық қолданушылық функцияларды іске асырады, яғни әкімшілік норма шығармашылықпен айналысады, басқарудың нормативтік және жеке құқықтық актілерін қабылдайды, жекелеген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды тағайындайды;
-- лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілер әр түрлі сипаттағы биліктік өкілеттіктерге ие; кадрлардың қалыптасуы мен жетілуіне әсер етеді, қаржылық, материалды-техникалық, ұйымдастырушылық, кадрлық қорларға басшылық жасайды;
-- атқарушы билік органдары мен мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын іске асыру өкілеттіктеріне қарай юрисдикциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтық басқару
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасынының қарулы күштері. әскери қызмет
Құқық нормаларын іске асыру
Құқық нормаларын жүзеге асыру
“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша дәрістер
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы
Пәндер