Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ИСЛАМИ АҒЫМДАР
Қазақстан Республикасының 70 пайыз халқы өзін мұсылман деп таныған қоғам үшін Ислам дінінің бүгінгі келбеті көкейкесті мәселе болып табылады. Осы мақалада бүгінгі таңда Ислам діні ішінде орын алған дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәселе қозғасам деп отырмын. Ең әуелі Ислам дінінің Қазақ жеріне келіп қалыптасуы мен одан әрі дамуы туралы қысқаша тоқталған жөн.
Ислам дінінің қазақ жеріне келуінің бір, екі жүз жыл емес мыңжылдық тарихы бар. Ислам діні ата-бабаларымыздың мәдениетіне, салт-дәстүріне тіпті қанына сіңіп, атадан балаға жеткен дін екенін ұмытпауымыз қажет.
Тарихымызға үңіліп қарайтын болсақ, Ислам дінінің қазақ жеріне келгеннен бері, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тек ислам дінін ұстанған.
Ислам дінінің Қазақстан мен Орта Азия жеріне келуі атақты Кутейба ибн Муслимнің Мауереннахр жеріне енуімен байланысты. 751 жылы мұсылман әскері Талас маңында Таң империясының әскерін жеңгеннен кейін Ислам діні біржола қазіргі Қазақстан жерінде нық орныға бастайды.
Ислам дінінің келуімен қала мәдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер салалары өркендеді. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде медреселер мен мешіттер бой көтерді. Қарахан мемлекеті Ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған алғашқы мемлекет болды.
Ислам дінінің кеңінен таралып, қалыптасуы бейбіт түрде жүзеге асты. Ислам дінінің келуімен бірге Ислам әлемінің жарық жұлдыздары Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби, Ғаламаддин әл-Жауһари, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ислам мәдениеті мен ғылымын әлемге паш еткен ғұламалар пайда болды.
Қазақ жері патшалық Ресейдің боданына айналған тұста патша үкіметі ислам дінінің толыққанды дамуына кедергілер жасады. Отаршыл шенеуніктер ислам дінінің ықпалын барынша шектеуге тырысты. Мұның шектен шыққан мысалының бірі ретінде жергілікті халықты шоқындыру бағытындағы ашық іс-әрекетін айтуға болады. Алайда, халқымыз отар жағдайында ата-баба дініне адалдығы мен беріктігін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізе білді. Бізге жеткен құжаттар бойынша ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан қаласында 20-ға жуық мешіт, 2 медресе болған. 1917 қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе аймағында 200-дей, Жетісу өлкесінде 269, Бөкей хандығында 78, Әулие ата қаласында 15 мешіт болған.
1921 жылы құрылған Кеңес үкіметінің тұсында Ислам ғана емес, жалпы айтқанда діннің өзі надандық пен қараңғылықтың қайнар көзі деп есептелді. Атеизм мемлекеттік тұрғыда насихаттала бастады. Дін қызметкерлері мен қожа-молдалар қуғынға ұшырады. Діни ғимараттар мен медреселер жаппай жабыла бастады. Осыған қарамастан Кеңес билігі тұсында шамамен 38 мешіт бой көтерді. Тәуелсіздік қарсаңы алдында 60-тан аса мешіт болған.
1990 жылы Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан бөлініп, Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы құрылады.
Бұл Ислам дінінің елімізде қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыздың, дәстүрлеріміздің, ділдеріміздің ерекшеліктерін сіңіре отырып, тереңінен орныққандығын қөрсетеді. Қазақ елі ислам діні қазақ жеріне келгеннен бастап, құлшылықтары мен ғибадаттарын Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және имам Матуриди діни сенімі мектебі негізінде атқарды.
Өкінішке орай, Кеңес үкіметі тұсында Ислам дінін тереңінен оқып жастарға ақиқатты жеткізетін сауатты қожа-молдалар саны төмендеді. Кеңес дәуірі тұсында дүниеге келген балалар атеизм рухын сіңіріп өсті. Осының барлығы қазақ халқының рухани мәдениетінің төмендеуіне және салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ұмытылуына дейінгі кейпіне алып келді.
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, Қазақстан нарықтық экономикаға негізделген, қоғамдық өмірдің барлық салаларын демократияландыру жолымен жүретін әлеуметтік, азаматтық қоғам құрушы зайырлы мемлекет болып қалыптасты.
Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің барлық салаларында дерлік терең, түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл өз кезегінде дін мен діни құбылыстардың өзінде де терең өзгерістерге алып келді.
Жетпіс жыл бойы Кеңес үкіметінің жүргізген идеологиялық саясатынан арылып, діни бостандыққа қол жеткізгеннен кейін қазақ халқы ұстанған Ислам дініне бет бұра бастады.
Сол уақыттағы қазақ жастары Ислам дінін тереңінен оқу мақсатында Сауд Арабия, Египет, Ливия, Сирия, Пакистан секілді араб елдеріне аттанды. Діни сауаттарын ашып келген жастар Ислам дінін тарату жолында ауқымды жұмыс жүргізіп, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қоса бастады. Өкінішке орай, Қазақстан мұсылмандар қауымдастығы үшін дәстүрлі емес болып саналатын ислами бағытта білім алған жастар да болды. Олар қазіргі Қазақстанда кең өріс алған «Уахабилер» (сәләфилер), «Хизб-ут-Тахрир», «Таблиғи Жамағат», «Құраншылар» басқа сол сияқты өзге де дәстүрлі емес ағымдардың негізін салушылар.
Дәстүрлі Ислам діні - мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған, нақты қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие, сондай-ақ тарихи және этно-мәдени негізі бар болатын болса, дәстүрлі емес ислами ағымдар біздің мемлекетіміздің аумағында ұзаққа созылған тарихи дерегі жоқ.
Соның бірі - сәләфилер. Сәләфилікислам ағымы «әс-Сәләф әс-Сәлих», яғни, «біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген ізгі бабалар» түсінігімен, олар амалға асырған іс-әрекеттерді сол қалпында қабылдауды мақсат тұтқан діни-саяси бағыт. Мұхаммед (с. ғ. с) өз сахих хадисінде: «Ең қайырлы буын - менің замандастарым. Одан кейін олардың соңынан ергендер. Сосын бұлардан кейін келгендер» деген. Хадистегі «ең хайырлы буын» деген атқа ие болған алғашқы үш буын өкілдерін «сәләф-ус-салихин» атауымен атаған.
Елімізде соңғы 10-12 жылдың ішінде өздерін біз «сәләфпыз» деп бөлетін дәстүрлі емес ағым пайда болды. Олар Алланың бірлігіне шақыру, ислам дінін бидғат (Ислам дініне жаңадан енгізілген жаңалықтар) амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) заманындағыдай қалпына қайтару, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды көздейді.
Бұл ағымды ХVІІІ ғасырда Сауд Арабиясының Нәжд өлкесінде Рияз қаласы маңындағы Ұяайна елді мекенінде дүниеге келген Мұхаммед ибн Әбдәл-Уаһһаб ибн Сүлеймен құрған. Ағым осы кісінің атымен уаһһабилік деп те аталады.
Бұл ағым белсенділері шашы мен сақалын өсіріп, балағы тобықтан жоғары шалбармен жүреді. Өздерінің дағуаты үшін өздері мәзһаб ұстанбағанмен жетекшісі имам Ибн Таймияның, Мұхаммед әл-Қайим әл-Жаузидің кітаптарын қолданады.
Аллаһ разылығы үшін Құран оқып, бақилық болғандарға бағыштауға, мазарға баруға, тәспі қолдануға болмайды, сондай-ақ дұғаларда періштелердің, әулиелердің есімдерін айту - көптәңірліктің белгісі. Мешіттерге садақа беруге тиым салады. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) туылған күні, мәуліт күнін атап өтуге болмайды деп санайды.
«Хизб-утТахрир» (Азаттық партиясы) - бейресми діни-саяси партия. Оның толық атауы «Хизб-ут Тахрир әл-ислами». Негізін қалаушы Мысырда дүниеге келген палестиналық шейх Тахуддин Наббахани.
Оның тұжырымдарының мәні - мемлекеттік шекара деген ұғымды мұсылмандар мойындамауы керек, яғни мұсылмандардың барлығы бір Ислам мемлекетінде, бір халифтің басқаруында өмір сүрулері керек деген идеяға келіп тіреледі. Аталмыш идея келе-келе араб елдері аумағынан шығып, Батыс Еуропаға тарады. Партияның бөлімшелері кейін Мысыр, Үрдін, Тунис, Кувейт жәнеТүркияда ашылып, ықпал ету аумағы біршама кеңейді.
Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы Орталық Азия елдері мен Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Хизб-ут Тахрир өз белсенділіктерін сол аймақта да жүргізе бастады.
Бұл партияның көздеген басты мақсаты - мұсылмандар арасында идеологиялық жұмысты жан-жақты жандандыру арқылы мұсылман үмметінің, қажет десе өзге діннің жақтастарының сана-сезімдеріне төңкеріс жасау және сол арқылы саяси билікке қол жеткізу.
«Таблиғ жамағаты» - Қазіргі кезде еліміздің барлық аумақтарына тарап, танымал болған «Таблиғ жамағаты» деп аталатын топ пайда болды.
«Таблиғ» сөзінің мағынасы «жеткізу, хабарландыру, ескерту» деген мағыналарды аңғартады. Таблиғ жамағаты өздерінің осылайша аталуының себебін «Сахих Әл-Бұхари» кітабындағы Абдулла ибн Омар (р. а. ) келтірген хадистегі Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) :
«Менен бір аят болса да (адамдарға) жеткізіңдер»!- деген сөзіме байланыстырады. Сөйтіп: «Хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «жеткізіңдер», яғни «таблиғ жасаңдар»- деп әмір еткен. Ендеше, Аллаға шақырушы әрбір адам «мүбәллиғ» - «жеткізуші» болып табылады. Міне осыдан біздің жамағатымыз «таблиғ жамағаты», яғни «аяттарды жеткізушілердің жамағаты» деп аталады.
«Таблиғ жамағаты» елді мекендерді аралап жүріп дағуат жасайды, олар мұндай дағуаттарын «баян» немесе «хұтба» деп атайды. «Баян» кезінде адамдарды дағуат тыңдауға жинап, оларды бірнеше топқа бөліп, оның әрбіріне жетекші тағайындап, оларға Фатиха мен бірнеше қысқа сүрелер үйретіледі. Осылайша, бірнеше күн өткеннен кейін, сол адамдарды өздерімен бірге «дағуатқа» шығуға міндеттейді. Содан әрбір адам өзінің шамасына қарай олармен бірге 1 күн, яки 3 күн, жылына қырық күн, өмірінде төрт ай дағуатқа шығуы қажет болады. Таблиғшылар мұндай дағуатқа шығуды «хуруж» дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz