Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... 2.4
Негізгі бөлім
1.1. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау...5.8
1.2. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру ... ... ... 9.11
1.3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары ... ... ...12.13
Қорытынды ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған әдебиет көздері
Туризм — демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
1. Худакормов А.Г. — М.: Экономика, 1993. — 572 бет.
2. Багиев Г.Л., Тарасев В.М. Маркетинг, 1996. — 74 б.
3. Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
маркетингтің дамуы.— 2004. — № 4
4. Голубков Е.П. Маркетинпстратегии, планы, структуры. — М.: Дело, 1995. —
192с.
5. Жих Е.М., Панкрухин А.П., Соловьев В.А. Маркетинг: как завоевать
рынок? — Л.: Лениздат, 1991.- 250 с.
6. Шеденов У.К., Ильясов Д.Қ. Теория маркетинга и менеджмента в сфере
услуг. Алматы: Қазақ университеті, 2002. — 150 с.
7. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы. Алматы: Қазақ
университеті, 2002. — 222 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-4
Негізгі бөлім
0.1. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау...5-8
0.2. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру ... ... ... 9-11
0.3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиет көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15


Туризм -- демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын - бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) -- қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.
Тур -- белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама -- туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристiк өнiм -- саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туризмнің ұйымдық нысаны -- халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:
Келу туризмi -- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;
Шығу туризмі -- Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкi туризм -- Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді.
Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді.
Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.
Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

3.1. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б.э.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан КСРО-ның құрамында болған уақытта туризм де басқа экономика салалары сияқты орталықтан келетін қатаң ережелерге бағынып, тек сол ережелер аясында ғана өз қызметін жүзеге асыратын. Шетелдіктер үшін Қазақстан мешеу елдердің санатында еді. Себебі, кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан қалдықтық қағидатпен қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм индустриясының дамымай қалуының негізгі себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбады. Туризмді аймақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті болашағы бар сала ретінде мойындамаулары болып табылды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:
КСРО кезеңіндегі туристік қызмет - саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.
1992-1996 жылдар аралығы - 1992 ж. үшінші шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш Туризм туралы №1508-ХІІ заңы қабылданды; 1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға толық мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.
1997-2000 жылдар 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары жасалына бастады. Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтар қалпына келтіріле бастады.
2000 жылдан қазіргі кезге дейін - 2000 жылдың 30 қазанында Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы курорттар, санаторийлер, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта құрастырудан өткізілді.
Қазақстан Республикасындағы туристік нарықты дамытудың алғашқы кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:
-- бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар).
-- Визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания, Италияға бару оңайлығы;
-- кейбір елдерде қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді турлар (Фарнция, Қытай).
Үлкен сұранысқа сол кездері көп турлар, танымдық сипаттағы турлар: Туркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз круиздері ие болды.
Шығу туризмнің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі:
-- қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген асқан жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан);
-- шығу ережелерінің жеңілдетілуі;
-- сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі;
-- төлем құралдары артықшылықты жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі;
-- шығу туризмінің қол жетімді бағалары;
-- шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсеке қабілеттілігі (қонақ үй сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер).
Ішкі туризмнің артықшылықты бағыттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарына шоғырланды: курортты - санаторийлі аймақтар,и мәдени-тарихи орталықтарға танымдық мақсаттағы туризм (Отырар қаласы, Түркістан қаласы, Есік қорғаны, шырын шатқалы және тағы басқа); экологиялық туризм, сафари турлар (аң аулау, балық аулау), емделу:
Бастапқы кезде кіру және шығу туризмдерінің дамуын тежеуші факторлар мыналар еді:
-- ішкі саясаттың тұрақсыздығы;
-- көлік инфрақұрылымының халықаралық стандартарға сай келмеуі;
-- қонақ үй және тағы басқа орналастыру құралдарындағы сервистік қызметтің әлемдік стандарттармен деңгейлеспеуі;
-- мемлекеттік және жергілікті органдар тарапынан кіру және шығу туризмдерін құқықтық және экономикалық жағынан ынталандырудың жетілмегендігі;
-- нақты туристік орталықтың, сонымен қатар бүтіндей мемлекеттің кері немесе оң әсерлі имиджін қалыптастыратын қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жеткілікті маманданбауы;
-- туристік ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік және жергілікті біліктің арасында ортақ саясаттың болмауы.
Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары артта қалып, Қазақстан Республикасы дамудың накты бағыттарын айқындап, тура жолға түсе бастағаннан бері (1990 жылдардың аяғына қарай) туризм де экономиканың басқа салалары секілді аяғына нық тұра бастады.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы дерегі бойынша елде 655 туристік ұйым болды, қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан, төрт алматылық және он үш облыстық туристік фирмалар сегіз мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырды.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурманттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді.
Туристік ұйымдармен 2002 жыл барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмалардың қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды. Саяхаттарын туристік фирмалар арқылы ресімдеген 146 000 Қазақстан азаматтары шетелдерге шықты.
Кейінгі жылдары туристік фирмалардың саны көбеюде.

3.2. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Қазақстандағы іскерлік туризм
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Қазақстандағы туризм туралы
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Қазақстандағы туризм түрлері
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Пәндер