Игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктер


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктер »
Орындаған: Садыкова Эльнура
Тексерген: Табеев Талғат
Алматы, 2017 жыл
Қарастырылатын сұрақтар:
- Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-тедіктер;
- «Кейнс кресі» моделі;
- IS қисығы;
- Бюджет -салық саясатының IS қисығын жылжытуы.
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-тедіктер
Тауарлар мен қыызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру керек. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді.
Жоспарланған шығындар - үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарланған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы - фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Яғни, фирмалардың төменгі немесе жоғарғы сату деңгейіне байланысты өздерінің тауарлық-материалдық қорлар деңгейін көтеруі мен төмендетуі болып табылады.
Экономика жабық және таза экспорт нолге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады:
E=C+I+G
C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған (I= ), мемлекеттік шығындар көлемі мен салықтар да тұрақты : G= , T= . Сонда:
E=C(Y-
Осы теңдеуден E- жоспарланған шығыстар Y-табыстар функциясы болып табылады:
E=Y
Y= C(Y- ) + +
- сурет. Табыс функциясы ретінде жоспарланған шығыстар
Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарылауына алып келеді. 1-суреттегі сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті көрсетеді. Ол табыстың 1 долларға ұлғайған кездегі жоспарланған шығындар қаншаға ұлғайғанын көрсетеді.
Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар
Y=E
Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.
Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар I тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y- жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPS тең.
E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G ) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.
«Кейнс кресі» моделі
Қандай жағдайда экономика тепе-теңдікке қол жеткізеді? Көптеген фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады.
2-сурет. Жоспарланатын шығыстар сызығы
Егер фирма тауарлы тұтынушылар сұранысынан артық өндірсе, онда олар өздерінің тауарлық-материалдық қорын өсіреді. Яғни 4-сурет бойынша - артықшылық, A- жоспарланбаған қорды көбейту. Егер керісінше, фирмалар тұтынушылар сұранысынан кем өндірсе, онда олар қордағы тауарларды сатып, қорды қысқартып отырады. Яғни, 4-сурет бойынша - тапшылық, B- жоспарланбаған қорды азайту процесі.
3-сурет. Кейнс кресі
4-сурет. Кейнс кресіндегі тепе-теңдік жағдайына жылжу.
Жалпы Кейнс кресі Y табыстың бюджет-салық саясаты мен жоспарланған шығындардың E белгілі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетеді. Біз бұл модельді экзогенді элементтердің біреуінің өзгеруінде табыстың қалай өзгеретінін байқау үшін қолдана аламыз.
I инвестициялар немесе G мемлекеттік шығыстардың артуы (азаюы), сонымен қатар T салықтардың азаюы(артуы) жоспарланатын -шығыстар сызығын жоғары (төмен) параллель түрінде жылжытады.
Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы . Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Y e тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
Салықтық мультипликатор , T салықтарды бір бірлікке арттырғанда Y e тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.
5-сурет. Кейнс кресі моделінде мемлекеттік шығыстардың өсуі
6-сурет. Кейнс кресі моделінде салықтардың азаюы
IS қисығы
Пайыз мөлшерлемесі өскенде табыстың қалай өзгеретінін анықтау үшін біз инвестиция функциясы мен «Кейнс кресі» графигін қолдана аламыз. Пайыз мөлшерлемесі өзгермелі деп алайық.
7А-сурет.
дейін пайыз мөлшерлемесінің өсуі жоспарланған инвеситицияларды дейін азайтады.
7B-сурет.
Кейнс кресі бейнеленген. дейін жоспарланған инвестицияның азаюы табысты дейін қысқартады.
7C- сурет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz