Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция туралы ақпарат


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция. »
Орындаған: Садыкова Эльнура
Тексерген: Табеев Талғат
Алматы, 2017 жыл
Қарастырылатын сұрақтар:
- Экономикалық циклдер және әлеуетті жалпы ұлттық өнім;
- Жұмыссыздық және оның түрлері;
- Оукен заңы және толық жұмысбастылық
- Инфляция .
Экономикалық циклдер және әлеуетті жалпы ұлттық өнім
Экономикалық цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамту деңгейінйің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т. б.
Макроэкономика ғылымында эконмиканың циклдігі туралы тұрақты теория жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі жиынтық шығындарды анықтайды деп есептейді.
Жалпы айтқанда, экономикалық цикл бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсуі мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығы мен бір- бірінен ерекшеленеді. Осы экономикалық циклдер түріне тоқталсам. Негізінен өз ұзақтығы бойынша циклдер 3-бөлінеді: қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, орташа мерзімдік.
- Қысқа мерзімді Китчин циклі. Оны американдық статистик-экономист Дж. Китчин атап көрсеткен, мұндай шеңбердің ұзақтығы 2-4 жыл шамасын құрайды да, әрі тауарды-материалдық қордың көлем тербелісімен түсіндіріледі. Сондықтан Китчин шеңберінің тағы бір атауы - қорлар шеңбері.
- Орташа мерзімді Жугляр циклұзақтығы 8-10 жыл. Француз экономисті Клемент Жуглярдың атымен аталған. К. Жугляр алғаш рет бағаның уақытша жүйесін пайыздық төлемдері мен айқын мақсаттарға арналған орталық банктің резервтерін жүйелі қолданды, яғни шеңберді талдау үшін алғашқылардың бірі болып шеңбер фазасын бөліп көрсетті.
- Кондратьевтің ұзақ мерзімді ұзақтығы 48-55 жыл, орыстың экономист ғалымы Николай Дмитриевич Кондратьевтің атымен байланысты.
1-сурет. Экономикалық цикл
T -сызығы тренд деп аталады. Ол потенциалды деңгейінде нақты ЖІӨ динамикасын көрсетеді. Тренд сызығы ұзақ мерзімді уақыт кесіндісінде нақты ЖІӨ тербелуі жатық болатындай құрылады. F толқын тәрізді сызығы тренд циклі маңында іскерлік тербелісті көрсетеді.
Сынатын нүктелерге айрықша көңіл бөлейік - «шыңдар» (b, f) және «түбі» (d, h) . Екі көршілес «шыңдық» немесе «түптік» нүктелер арасындағы қашықтық шеңбер ұзақтығын білдіреді, мысалы, bf немесе dh қашықтығы. Сынатын нүктеден вертикалы бойынша тренд сызығына дейін қашықтық мысалы, bb’ және dd’ бұл шеңберлі тербелістер амплитудасы.
Дәстүрлі отандық әдебиетте циклдің төрт фазасын бөліп көрсетеді:
- Құлдырау - bc кесіндісі;
- Дағдарыс - cd кесіндісі;
- Жандану - de кесіндісі;
- Өрлеу - ef кесіндісі.
Дегенмен, батыс әдебиеттерінде бизнес цикл екі фазадан тұрады деп суреттеледі:
- Рецессия (constraction6 recession) - bd кесіндісі
- Өрлеу (expansion) - df кесіндісі
Экономикалық циклде негізгі үш айнымалылар қолданылады:
- Проциклдік айнамалыларкөтерілу фазасында өседі және түсу фазасында төмендейді: ЖІӨ, жұмысқа тартылу деңгейі, экономиканың әртүрлі секторындағы өндіріс көлеміғ баға деңгейі, бизнес кірісі, қаржы агрегаты, яңни қаржы массасының көлемі кіреді.
- Контрциклдік жоғарылаумен және көтерілгенде төмендеумен сипатталады: жұмыссыздық деңгейі, шығынға ұшырау деңгейі.
- Ациклдік айнымалыларцикл фазасына «катыспайтын» деп айтуға болады: мемлекеттік шығындардың бірқатар түрлері( ұлттық қорғанысқа, фундаменталды зерттеулерге қолдау) .
Әлеуетті жалпы ұлттық өнім
Нақты ЖҰӨ атаулы ЖҰӨ-нен ауытқиды, мұндай ауытқудың ЖҰӨ дефляторы сипаттайды. Нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ- нен ауытқуын, тербелісін төменгі көрсеткіш бейнелейді:
GNP = Y-Y x / Y x
Мұндағы, Y- нақты өнім көлемі
Y x - әлеуетті өнім көлемі.
Жұмыссыздық және оның түрлері
Жұмыссыздық - іскерлік белсенділіктің өзгеруімен бірге жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Толық емес жұмысқа тартылу әлеуметтік ыза тудырады әрі үкімет өзінің макроэкономикалық саясатында толық жұмысқа тартылуға ұмтылады.
Жұмыс күші, немесе экономикалық белсенді тұрғындарға жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс жасаушылар - 16 жастан жоғары, жалданып немесе өзіне жұмыс жасайтындар жатады, сонымен бірге уақытша жұмыс засамаушылар мен еңбек демалысындағылар да жатады.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар санаты да бар. Көптеген батыс елдерінде оған мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындары студенттері де, әскердегі, үй шаруасындағылар мен жұмыс жасағысы келмейтіндер де жатады.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша (ХЕҰ), жұмыссыз деген жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс жасамайтын адам және соңғы төрт аптада белсенді жұмыс іздеуші.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық - бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеумен байланысты болып жататын жұмыссыздықтың түрлері.
Құрылымдық жұмыссыздық - бұл еңбекке деген сұраныс құрылмының еңбек ұснысына сәйкес келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық - бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Жұмысқа тартылғандар (E) мен жұмыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін (L) көрсетеді:
L = E+U
Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздар мөлшерінің (U) жұмысшы күшін (L) көрсетуші адамдар қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сиапатталады:
u= (U\L) × 100
Толық жұмысбастылық ұғымы және Оукен заңы
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100 -нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезеңіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нолге тең болған жағдайда ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп те атайды. Оны келесі формуламен көрсетуге болады:
u*= F* \ R = q\ μ + q
мұнда: u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F* - оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R - экономикалық белсенді халық;
q - жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
μ - жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
- Демографиялық фактор;
- Еңбекақының төменгі деңгейі;
- Кәсіподақтардың әрекеттері.
Жұмыссыздық, әсіресе шеңберлі, қоғамдағы әлеуметтік кернеулікпен бірге жүреді. Одан басқа қоғам ЖІӨ нақты төмендеу нәтижесінде шығынға ұшырайды. Табиғи деңгейден нақты жұмыссыздық деңгейін шегеру (u-u*) жұмыссыздықтың ыдырауы деп аталады. Осыған байланысты Оукен заңын қарастырсақ. Американдық экономист Артур Оукен өз жұмыстарында 1960- шы жылдары, жұмыссыздық ыдырауы 1% ЖІӨ ыдырауына сәйкес келеді деп санады, 3%. Біршама берідегі бағалаулар осы екі ыдыраудың қатынасын береді 1/3 ке, 1/2, 5 немесе тіпті 1/2, 5 ½.
Оукен заңы нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлеуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ -нің 2%- ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарылатады. Оукен заңы былай жазылады:
= y( u-u*)
Мұнда: Y*- толық жұмыстылық жағдайында әлеуетті өндіріс көлемі;
Y- Ұлттық өндірістің нақты көлемі;
u- Жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
u*- Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
y- Оукен коэффициенті
Инфляция
Инфляция - елдегі жалпы бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақтыөсуі. Осыдан тауар мен қызметтің барлық түріне баға міндетті өспейді: бірқатар тауар түрлері өзгермейді тіпті төмендеуі де мүмкін. Бастысы инфляцияда жалпы немесе табиғи баға деңгейі өседі. Маңыздысы инфляцияда баға өсуі тауар топтары бойынша біркелкі емес, яғни салыстырмалы бағалар секіріп, әртүрлі өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz