Экономикалық циклдың кейнсиандық модельдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық циклдар

Экономикалық өсумен қоса экономикалық цикл (және инфляция) экономикалық динамиканың бөліміне жатады. Егер экономикалық өсу теориясы ұзақмерзімдік тенденциялардын факторлары мен өсу шарттарын зерттейтін болса, ал циклдік теория уақыт бойынша эконмикалық ауытқу себептерін зерттейді.

Экономикалық циклдың кейнсиандық модельдері

  1. Самуэльсон - Хикс моделі

П. Самуэльсонның мультипликатор және акселератордың өзара байланысына негізделген ойы әлемдік деңгейде танымал болды. Онда ең бірінші рет кейнсиандық теориядағы жиынтық сұраныс пен іскерлік циклдің арасындағы байланыс туралы айтылды. Самуэльсонның жай моделі келесі түрде көрініс тапты:

Арада 11жыл өткен соң Дж. Хикс осы модельдің өзіндік түрін шығарды:

Бұл модельдің мағынасы негізгі макроэкономикалық статистикалық сәйкестік жабық экономикада мемлекеттің қатысуымен орын алады.

Авторлар осыған статистикалық теңдік пен уақыт факторын қосып, циклдің динамикалық моделін шығарды:

Алынған формула табыстың уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Және де 16. 1 теңдігін қолдана отырып, А - тұрақты сома деп алсақ, ұзақмерзімдік табыс тұрақтылық теңдігі шығады:

Мұны графикалық түрде көрсететін болсақ:

Қарастырып отырған жүйенің ауытқулары сыртқы қысым әсрінен болады. Бұл қысым автономды сұраныстың (А) экзогенді сомасы, дәлірек айтқанда, соның құрамдас бөліктерінің бірінің (С, I, G) себебінен орын алады.

Автономды сұраныс балансы өзгерген кезде экономикалық жүйе құртылып, ауытқулар байқалады:

у = у + у болғандықтан, у сомасының өзгерісі у тәуелді болып келеді. Өз кезегінде у ауытқуы біздің экономикалық жүйенің сапалық белгілеріне, дәлірек айтқанда, акселератор (b) көрсеткіштері мен тұтынуға деген шекті бейімділік (С) немесе мультипликаторға [1/(1 - C) ] тәуелді болады. Дәл осы себепті бұл модельді мультипликатор мен акселератор арасындағы өзара әрекеттесу моделі деп атайды.

Теориялық түрде автономдық сұраныстың (А) сомасының өзгеруінен пайда болатын экзогендік шоктан кейін ұлттық табыстың тепе-теңдік құндылығы келесі 5нұсқаның біреуіне әсер етеді (16. 3)

  1. Калдор моделі

Калдор моделі ескі кейнсиандық теорияның эндогенді түріне жатады. Осы теорияның ерекшелігінің бірі тұтыну және инвестиция функцияларының қисық мінезді болуы. Бұл Калдор моделін қазіргі кездегі жаңа концепцияларға жақындатады. Калдордың ойынша инвестиция мен жинақ қисық мінезді, сондықтан табыстың теп-теңдгі бірде тұрақты, бірде тұрақты емес.

Инвестиция функцияларының табыстан өзгерісі (16. 5, а)

Экономикада табыс деңгейі төмен болғанда жұмыссыздық деңгейі жоғары және өндіріс қуаттарының бір бөлігі жүктелмейді. Сондықтан табыс деңгейін көтеру үшін инвестиция іс жүзінде қажет емес. Инвестиция сызығы көлбеу.

Қайта өрлеу фазасында толық жұмысбастылық көрініс табады және өндіріс қуаттары толықтай іске қосылады. Сондықтан өндірісті одан әрі кеңейту мен табысты жоғарылату үшін елеулі инвестициялар қажет етеді. Бұл фазада инвестицияның табыс бойынша икемділігі нақты капиталдың өсуімен байланысты. Инвестиция сызығы абсцисспен тік сызықты.

Шекті жұмысбастылық пен жоғары деңгейлі табыс кезеңінде инвестиция табыс бойынша икемділігін қайта жоғалтады. Жалақы мөлшерлемесі мен проценттік ставка бұл этапта максималды, сондықтан әрі қарай инвестицияландыру негізсіз жоғары шығындармен байланысты.

Жинақ функциясының табыстан өзгерісі (16. 5, b) .

Табыстың төмен деңгейінде жинаққа деген шекті бейімділік өте жоғары: адамдар ертеңгі күніне сенімді емес, өздерінің жеке жинақтарын көбейтуге ұмтылады.

Орташа табыс деңгейінде адамдар бірте-бірте жинақтарының үлесін азайтады, жеке тұтынуларын көбейтеді.

Жоғары табыс деңгейінде жинаққа деген шекті бейімділік артады. Адамдар өздеріне жоғары тұтыну шығындарымен қоса, үлкен соммада ақша жинауға мүмкіндіктері болады.

Калдор моделіндегі тепе-теңдік жағдайы

Жұмыссыздық

Жұмыссыздық - жұмыс істеуге дайын жастан асқан, қазіргі кезде жұмысқа қабілетті және жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз контингент.

Жұмыссыздық түрлерінің анықтамасы

Фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықтың ерекшеліктерін теориялық түрде анық түсінуге болады. Ал практикалық түрде түсіну оңай емес.

Жұмыссыздық түрлерінің қисық Беверидж әдісімен анықтамасы

Толық жұмысбастылықтан (J ) өрлеу фазасына жылжи отырып, жұмыс нарығындағы жағдай L-ге жетеді. Керісінше, дағдарыс фазасындағы жағдай M нүктесінде жұмысқа деген ұсыныстың сұраныстан жоғары болуымен сипатталды. Жұмыссыздық U нүктесіне жеткенде, U - U циклдік жұмыссыздық көлемін көрсетеді.

Р. Солоу жұмыссыздық пен ваканцияларды уақыт бойынша бағалаудың өте қарапайым әдісін көрсетті. Ваканциялар мен жұмыссыздық сызықтарының қиылысу нүктесі жұмыссыздық сұранысының жағдайын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Экономикалық өсу, әсер етуші факторлар
Экономиканың циклдық концепциялары
Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы
Аралас экономикалық жүйелер
Макроэкономикалық тепе-теңдік экономикалық дамудың циклдылығы
Экономикалық өсудің негізгі модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz