Дәнді дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы



І. Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы.
ІІ.Негізгі бөлім.
А)Дақылдың биологиялық ерекшеліктері.
Ә) Дақылды өсіру технологиясы.
Б) Алғы дақыл
В)Топырақтың өңдеу жұмысы
Г)Себу жұмыстары.
Ғ)Күтіп.баптау жұмысы.
Д).Жинау.
Е)Ғылыми еңбектер.
ІІІ.Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зығыр үш мақсатта, яғни тек талшық (талшықты зығыр), тек дән (майлы зығыр), бір мезгілде талшықты және дән алу үшін өсіріледі. Талшықты зығыр егісі негізінен Ресейде шоғырланған. Ол тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикізат, өйткені оның сабағында 20-28 талшық, ал дәнінде 33-37 май болады.
Зығыр – бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі және оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады.
Техникалық маңызы – сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың тұқымы мен майы фармацевтикада да қолданыс тапқан.
Май өндірісінің қалдықтары – бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 30 - ға таяу белок болады. 1 кг күнжарасы 1,15 а.ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдығы – кострадан – жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз және т.б. дайындау шикізаты болып табылады.
Зығыр – азиялық және жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр 1,0 млн га. астам өсіріледі.
Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10 таяу (90 мың га.).
1. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев «Өсімдік шаруашылығы» Алматы 2011(491-494б)
2. Т.А.Атақұлов, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы практикумы» Алматы 2008 (149-150б)
3. Қ.Жаңабаев, Т.Сауданбаев, Л.Сейітов «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы 1994 (312-314б)
4. «Ізденістер, нәтижелер» ғылыми журналы Алматы 2014 (59-62б)
5. «Жаршы» ғылыми журналы Алматы 2011(1) (18-23б)
6. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың ресми сайты http://kazatu.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І. Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы.
ІІ.Негізгі бөлім.
А)Дақылдың биологиялық ерекшеліктері.
Ә) Дақылды өсіру технологиясы.
Б) Алғы дақыл
В)Топырақтың өңдеу жұмысы
Г)Себу жұмыстары.
Ғ)Күтіп-баптау жұмысы.
Д).Жинау.
Е)Ғылыми еңбектер.
ІІІ.Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Халық шаруашылығындағы маңызы
Зығыр үш мақсатта, яғни тек талшық (талшықты зығыр), тек дән (майлы зығыр), бір мезгілде талшықты және дән алу үшін өсіріледі. Талшықты зығыр егісі негізінен Ресейде шоғырланған. Ол тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикізат, өйткені оның сабағында 20-28 талшық, ал дәнінде 33-37 май болады.
Зығыр - бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі және оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады.
Техникалық маңызы - сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың тұқымы мен майы фармацевтикада да қолданыс тапқан.
Май өндірісінің қалдықтары - бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 30 - ға таяу белок болады. 1 кг күнжарасы 1,15 а.ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдығы - кострадан - жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз және т.б. дайындау шикізаты болып табылады.
Зығыр - азиялық және жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр 1,0 млн га. астам өсіріледі.
Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10 таяу (90 мың га.).
Қазақстанда тек майлы зығыр өсіріледі. Құрғақшылыққа төзімділігі мен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды - дала және далалық аудандарда өсіріледі.
Қазақстанда 2010-2011 жж. майлы зығырдың жалпы егіс көлемі 225,3 мың га, оның ішінде барынша үлкен алқаптары Қостанай облысының үлесінде болды. Тұқым өнімі жоғары емес - 1,2-3,1 цга аралығында.

Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
Көптеген түрлерінің ішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі - мәдени немесе кәдімгі зығыр. Майлы зығыр - біржылдық аласа өсетін (40-50см) өсімдік. Сабағы тік өседі, бұтақты және түксіз. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, ұштары үшкірленген, сабақта кзектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - борпас шатыр тәрізді шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрде, күлтеше жапырақтары ақ және күлгін түсті, жемісі - бес ұялы домалақ келген қорапша. Тұқымдары сопақ, жылтыр, тегіс бетті, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 4-6г.
Майлы зығырдың басты ерекшелігінің бірі - оның жартылай қуаңшылықты далалық және орманды-дала аудандарының жағдайларына бейімділігі. Ол жылуға жоғары талап қояды, әсіресе пісу кезеңінде, тұқымдары 3-4 С өне бастайды, көктеуіне оңтайлы температура жиынтығы 1600-1800С. Майлы зығыр көктеуден гүлденуге дейінгі кезеңде қуаңшылыққа барынша төзімді. Бұл уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен топыраққа тереңдей бойлауы жүреді.
Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспирациялық коэффициенті 370-430. Ылғалға барынша жоғары талабы гүлдену - тұқымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ең жақсысы механикалық құрамы орташа қара және күңгірт-қоңыр топырақтар. Сортаң кешенді топырақтар оған жарамсыз.
Майлы зығыр өздегінен тозаңданатын өсімдік, алайда төменгі температура мен ауаның төмен салыстырмалы ылғалдылығында гүлдердін бір бөлігі айқас тозаңдануы мүмкін. Зығыр таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер 3-5 сағат бойы гүлдейді, алайда танаптың гүлдеуі 30-40 тәулікке дейін созылады.

Дақылды өсіру технологиясы
Майлы зығырда мынадай фенологиялық кезеңдер ажыратылады: көктеу - 6-7 тәулік (тұқым жарнақтары жапырақтарының пайда болу кезеңі), қосқұлақ - 28-29 тәулік себуден бастап.
Майлы зығырдың Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары: Кустанайский янтарь (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО); Исулькульский (СҚО); Карабалыкский 7 (Ақмола, СҚО); Опал (Ақтөбе обл.).

Алғы дақыл
Майлы зығыр алғы дақылға талапты және міндетті түрде жеміс алмастыруды қажетсінеді. Тамыр жүйесі нашар және алғашқы кезде өсімдік баяу өсетіндіктен ауыспалы егісте зығырды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырғанда ғана одан тәуір өнім алуға болады. Аймақ жағдайында ол үшін сүріден кейінгі жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ дақылдары , бұршақ-астық тұқымдастар қоспасы, көпжылдық шөптер қыртысы жақсы алғы дақыл болып табылады. Бұл Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір ғалымдарының зерттеулерімен дәлелденген.

Топырақтың өңдеу жұмысы
Топырақ өңдеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Ол топырақты алғы дақылды жинағаннан кейінгі негізгі өңдеуді, қысқы екі рет қар тоқтату шараларын қарастырады. Көктемде - топырақтың беткі қабатын қопсыту және себу алдындағы топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне (4-6см) жүргізеді. Қажет болған жағдайда себу алдындағы өңдеу қайталануы мүмкін, әсіресе жеңіл топырақтарда қосымша себу алдындағы тығыздау. Бұл шаралар егіннің жаппай көктеуін қамтамасыз етеді. Аймақта сүдігер дайындағанда немесе себумен қатар фосфор тыңайтқышын енгізу жақсы нәтиже береді. Себу алдында тұқым құрғақ ауада қыздырылады және дәндендіріледі.

Себу жұмыстары
Майлы зығырды топырақта тұқымның сіңіру қабатында температура 12-14С - ға жеткенде - күнтізбелі 15-20 мамыр - сепкен дұрыс. Себу тәсілі - жаппай қатардағы немесе таспалы, себу мөлшері - 6-7 млнга өнгіш тұқым (45-50кгга). Қазақстанның өте қуаңшылықты жағдайларында кейде кең қатарлы тәсілмен әр гектарға 20-30 кг тұқым себуге болады.Екі бағытта пайдаланатын аралық зығырды өсіргенде тұқымның себу мөлшерін 10-15 кгга арттыру ұсынылады. Тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6 см.

Күтіп-баптау жұмысы
Егінді күтіп - баптау жұмысы арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданудан басталады.Қажеттігіне байланысты майлы зығыр егістігінде арамшөптерге қарсы дақылдың қосқұлақ кезеңінде 2М-4Х гербицидімен бүркеді, біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы себуге дейін немесе майлы зығыр көктегенге дейін 1,0-1,2 кгга ә.е.з мөлшерінде топыраққа триаллат гербицидін енгізеді.

Егінді жинау
Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75 қоңырланғанда дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13 - ға жеткенде дәстелер бастырылады. Майлы зығырды оның өсімдік қауашығының 50 пайызы піскен кезде 10-15 см биіктікке астық комбайндарымен бөлектеп орады. Дестені жинап, бастыру бөлектеп орғаннан соң 7-10 күннен кейін, яғни дәнді ылғалдылығы 13 пайызға жеткенде жүргізеді. Комбайнның астық бастыру барабанының бір минуттағы жылдамдығы 800-900 айналыс шамасында болуы керек.
Ғылыми еңбектер
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Суармалы ауыспалы егіншіліктегі майлы зығыр дақылына минералды тыңайтқыш қолданудың тиімділігі
Р.Е.Елешев, РАШҒА, ҚР ҰҒА академигі
Ж.Б.Бакенова РҺ.D докторанты
Осы уақытқа дейін Қазақстанның әртүрлі аймақтарында майлы дақылдарды өсіру әдістерін зерттеу тәсілдері бірен-саран қысқа мерзімдік далалық жағдайда ауыспалы егіс шеңберінен тыс, агроэко жүйесі құрамдас бөліктерінің қарым-қатынасынан бөлек топырақ-тыңайтқыш-өсімдік-сапа жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, майлы зығырдың минералдық қоректену сұрағы Қазақстанның суармалы оңтүстік-шығыс аймағында әсіресе, ауыспалы егістікте тыңайтқыш қолдану жүйесінде зерттелмеген.
Майлы зығыр кейде шашақты зығыр деп те аталады. Оның шикізат ретінде маңызы зор. Майлы зығырдың дәнінде 47% май бар. Ол кепкіш. Сондықтан, оны бояу, тері өңдеу және сабын қайнату өндірістерінде және линолеум мен қабыршақ жасауда пайдаланады. Зығыр майы - өте құнды тағамдық өнім. Былайша айтқанда: оның 1 салмақ бірлігі - қанттың 2,25 бірлігіне, нанның-4, картоптың - 8 бірлігіне тең. Міне, сондықтан, адамдар оның таза майын тамаққа пайдаланады. Зығырдың майы қарапайым тағамдардың дәмін кіргізеді.
Зығыр күнжарасында 25%-ға дейін ақуыз және 32%-ға дейін азотсыз экстрабелсенді заттар кездеседі. Зығыр күнжарасы 1,14 азық өлшемдік бірлікке тең. Мөлшерлеп есептеулер бойынша 1га-дағы зығыр егістігі экономикалық көрсеткіш жағынан өнімділігі гектарына 42 ц келетін күздік бидайға пара-пар.
Майлы зығырдың жоғары өнімділігі, егіншіліктің жоғары мәденилігінде қалыптасады. Сол үшін егілген дақылдың өсу әдісін қатаң сақтап, онымен бірге тыңайтқыш қолдану керек.
Ауыспалы егістіктегі майлы зығыр дақылын өсіру әдісіне байланысты тәжірибе ҚазҰАУ агрохимия және топырақтану кафедрасының Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай бөлімшесінде жасалды. Бұл тау егістігіндегі аймақтың ауа-райы күрт континентті әрі құрғақ, салыстырмалы ылғалдылығы төмен, күн сәулесі жеткілікті, қысы біршама суық болып келеді. Тәжірибе суармалы шалғынды қара қоңыр топырақта жасалды. Жыртылған қабатта қарашірік мөлшері 4,38%, жалпы азот пен фосфор жоғары 0,258 және 0,219 тәжірибе участкесініңқоректік заттармен қамтамасыз ету жағына азот пен калий жоғары (137мгкг,азот-25мгкг, N-NO3) болады.
Зығыр дақылына тыңайтқыш қолданудың тиімді жүйесін 4-танаптың қысқа ратациялық ауымпалы егістікте, фосформен қамтамасыз ету жағынан екі фонда қойылды.
№1 танап 1-арпа, 2-майкене, 3-қыша, 4-зығыр;
№2 танап 1-майкене, 2-қыша, 3-зығыр, 4-арпа;
№3 танап 1-қыша, 2-зығыр, 3-арпа, 4-майкене;
№4 танап 1-зығыр, 2-арпа, 3-майкене, 4-қыша.
Тәжірибе фосформен қамтамасыз етілуі жағынан екі фонда қойылды: табиғи жылжымалы фосфордың мөлшері 18-20млкг және жасанды жылжымалы фосфор мөлшері алдын ала 150 кгга Р О беру арқылы оның жылжымалы деңгейі 35-40мгкг жеткізілді.
Осы екі фонда әрбір дақыл үшін (оның ішінде зығырда) тыңайтқыштар мына төменгі жоба бойынша берілді:
1. Бақылау (тыңайтқышсыз)
2. NPK есептелген мөлшері
3. NPK (12) есептелген мөлшері
4. 30 тга көң
5. NPK (12) есептелген мөлшері +15тга көң
6. 3 тга биогумус
7. 5 тга сабан +N
Тәжірибе мөлтегінің көлемі 54 м (3,6х15), қайтарылымы 3 мәрте болады. Тәжірибеде зығырдың - Қарабалық-7 сорты егілді. Тәжірибе кезінде топырақ ылғалдылығы төменгі ылғалдылықтың 60-70 деңгейінде ұсталып, 2-3 рет суарылды. Суару мөлшері 800-850 мга құрайды. Өсімдіктің өсуі кезінде зығыр дақылының егістігінде қоректік элементтер мөлшері динамика бойынша анықталды. Өсімділік әрбір мөлтек бойынша есептелінеді.
Тыңайтқыш ретінде азот-аммиак селитрасы - 34, азот, фосфор-қарапайым суперфосфат Р2О5 - 19 және калий сульфаты - К2О -50 қолданылады.
Барлық нұсқаларда агротехникалық шаралар Алматы облысында қалыптасқан әдістер бойынша бірдей жүргізілді. Көп жылдық мағлұматтар бойынша (Есік метиобекеті) жауын-шашын -414,6 мм, ауаның температурасы 7,7С салыстырмалы ылғалдылық - 50,5 көрсетеді.

1-кесте. Майлы зығыр дақылындағы азот пен фосфор мөлшеріне тыңайтқыштардың әсері.

Тыңайтқыш нұсқалары
І мерзім
ІІ мерзім

Азот
Фосфор
Азот
Фосфор

тұқым
сабақ
Тұқым
сабақ

Табиғи фон (18-20 мгкг Р2О5)
1
Бақылау
3,4
0,88
2,01
0,28
0,78
0,28
2
Есептелген мөлшері N75P70K25
3,7
0,94
2,65
0,30
1,00
0,33
3
(12) есептелген мөлшері
3,5
0,87
2,45
0,28
0,87
0,27
4
Көң 30 тга
3,5
1,06
2,65
0,32
0,90
0,32
5
12көң+12есептелген мөлшері
3,6
0,96
2,40
0,31
0,81
0,30
6
Биогумус
3,3
0,93
2,50
0,34
0,86
0,29
7
Сабан 5тга
3,2
0,87
2,30
0,29
0,69
0,26

Жоғары фон жылжымалы фосфор мөлшері (35-38мгкг Р2О5 )
1
Бақылау
3,2
0,98
2,00
0,23
0,86
0,31
2
Есептелген мөлшері N75P70K25
3,6
0,79
2,45
0,32
1,03
0,34
3
(12) есептелген мөлшері
3,4
0,98
2,35
0,41
0,85
0,33
4
Көң 30 тга
3,7
1,06
2,55
0,63
0,90
0,33
5
12көң+12есептелген мөлшері
3,5
1,01
2,45
0,40
0,93
0,35
6
Биогумус
3,1
1,18
2,35
0,47
0,98
0,37
7
Сабан 5тга
3,3
1,04
2,25
0,30
0,88
0,31

Зығыр мен тағы басқа да ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі көбінесе минералдық қоректенудің жағдайына байланысты. Табиғи фондағы тыңайтқыш берілген нұсқалардағы өнімділік бақылау нұсқасымен салыстырғанда жоғары, ал жасанды фондағы өнімділік одан да жоғары 2,04 тен 2,36 тга жеткен, ал ол бақылау нұсқасына қарағанда 0,39 тга көп. Минералдың және органикалық тыңайтқыштарды жеке және бірге берген кезде өнімділік бақылау нұсқасымен салыстырғанда көбейген. Зығыр дақылының өнімділігін есептеген кезде, оның деңгейі берілген тыңайтқыштардың түріне, мөлшеріне байланысты ауқымды түрде өзгеретінін көреміз.
2-кесте. Минералды тыңайтқыштар мен органикалық тыңайтқыштардың соңғы әсерлерінің зығыр дақылының өнімділігі мен тұқымдағы май мөлшеріне әсері.

Тыңайтқыш нұсқалары
Өнімділігі
тга
Тыңайтқыштардан
қосымша өнім,тга
Майдың
мөлшері
1 га жиналым тга

Табиғи фон (18-20 мгкг Р2О5)
1
Бақылау
1,56
-
40
0,60
2
Есептелген мөлшері N75P70K25
2,17
0,61
38
0,96
3
(12) есептелген мөлшері
1,90
0,34
38
0,63
4
Көң 30 тга
2,19
0,63
38
0,73
5
12көң+12есептелген мөлшері
2,05
0,49
37
0,82
6
Биогумус
1,98
0,42
39
0,73
7
Сабан 5тга
1,72
0,16
38
0,65

ЕТА 0,95

0,57

Жоғары фон жылжымалы фосфор мөлшері (35-38мгкг Р2О5 )
1
Бақылау
1,92
-
41
0,79
2
Есептелген мөлшері N75P70K25
2,36
0,45
40
0,94
3
(12) есептелген мөлшері
2,04
0,12
40
0,79
4
Көң 30 тга
2,32
0,41
42
0,99
5
12көң+12есептелген мөлшері
2,19
0,28
39
0,85
6
Биогумус
2,22
0,30
42
0,95
7
Сабан 5тга
1,97
0,05
40
0,73

ЕТА 0,95

0,12

Екінші кестедегі мағлұмат бойынша, суармалы жағдайда зығыр дақылының өнімділігі жоғары фонда табиғи фонға қарағанда әлде қайда көп. Осы фонда минералды тыңайтқыштар мен органикалық тыңайтқыштардың соңғы әсерлері табиғи фонға қарағанда қосымша өнімнің мөлшері өте көп емес. Дақылдардағы май мөлшері минералды тыңайтқышының көбейгенін, әсіресе, ол фосфор тыңайтқышының шоғырлануына әсерлі екенін көреміз. Тыңайтқыштар дақыл өсімдігіне әсер етіп қана қоймай, тұқымның майлылығын да көбейтеді. Соның нәтижесінде бір - бірлік көлемінде алынатын майдың мөлшерін арттырған.
Қорыта келгенде, минералды тыңайтқыштардың қоректену әсерін талдасақ, өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты минерал мен органикалық тыңайтқыштар топырақтың құбылуына оңтайлы әсер етеді. Ол сайып келгенде өнімділік мөлшері мен тұқымның сапасына өз әсерін тигізеді.
Қорыта келгенде, майлы зығыр тұқымының сапа көрсеткішін талдасақ, қор үнемдеудің технологиялық жүйесі мен тыңайтқыштарды тиімді пайдалану дақылдардың өнімділігін арттырып қана қоймай, бірлік көлемінде шығатын тұқымның майлық мөлшерін арттырғанын байқауға болады.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Алматы облысының тау бөктері аймағында перспективалы майлы дақылдар сорттарын тұқымша өнімділігі бойынша салыстырмалы зерттеу
Тәжібаева П.К.
Далалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Дақылдың өсіру технологиясы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Арпа аурулары
Күздік арпа жапырақтарының түрлері
Өсіру технологиясы
Дақылдың биологиялық ерекшелігі
Пәндер